О проведении конкурса "Лучшие товары Актюбинской области" Қолданыста
Басқа 0
«Ақтөбе облысының жақсы тауарлары» конкурсын өткізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27 сәйкес жақсы кәсіпкерлердің, сондай-ақ шағын және орта бизнестің дамуына септесетін жеке және заңды тұлғалардың қызметін анықтау және көтермелеу мақсатында облыс әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Ақтөбе облысының жақсы тауарлары» жылма – жылдан конкурстары белгіленсін.
Тармақ 2
2. Қоса беріліп отырған:
Тармақша 1
1) «Ақтөбе облысының жақсы тауарлары» конкурсын өткізу жөніндегі Қағида;
Тармақша 2
2) «Ақтөбе облысының жақсы тауарлары» конкурсын өткізу жөніндегі конкурстық комиссия мүшелерінің құрамы бекітілсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс Әкімінің орынбасары С. Қ. Ғилымовқа жүктелсін.
Басқа 6
Облыс әкімиятының
2004 жылғы 21 маусымдағы
№ 152 қаулысымен
БЕКІТІЛДІ
Ақтөбе облысының жақсы тауарлары конкурсын өткізу жөніндегі
Қағида
Бөлім 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Қағида «Ақтөбе облысының жақсы тауарлары» конкурсына
ұсынылатын өнімге сараптамалық бағалау жүргізуді ұйымдастыру және
өткізудің тәртібін реттейді.
Тармақ 2
2. Конкурсқа ұсынылатын өнімге сараптамалық бағалауды ұйымдастыру және өткізу тәртібі «Сапа саласындағы конкурс туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 26 наурыздағы № 384 қаулысына сәйкес жасалды.
Бөлім 2. 2. Конкурстың мақсаты мен міндеттері
2. Конкурстың мақсаты мен міндеттері
Тармақ 3
3. Ақтөбе облысының жақсы тауарлары» конкурсы:
Тармақша 1
1) бәсекеге қабылетті, жоғары сапалы отандық өнімдер өндіруге және
облыстың тұтыну рыногын сапалы отандық тауарлармен молықтыруға
жәрдемдесу;
Тармақша 2
2) Ақтөбе облысының сапалы өнім өндірушілерінің жоғары атағын
қалыптастыру;
Тармақша 3
3) халық арасында сапалы өнім идеясын кеңінен тарату мақсаттары мен
міндеттерін көздейді.
Бөлім 3. 3. Конкурсқа қатысу шарттары
3. Конкурсқа қатысу шарттары
Тармақ 4
4. Меншіктің кез-келген түріндегі:
Тармақша 1
1) өндірістік-техникалық мақсаттағы өнімдерді, халық тұтынатын
тауарларды және тамақ өнімдерін өндіретін;
Тармақша 2
2) өнім сапасының жоғары деңгейінің тұрақтылығын және оны жүйелі
түрде жақсартуды қамтамасыз етуде оң нәтижелері бар;
Тармақша 3
3) «Ақтөбе облысының жақсы тауарлары» конкурсын өткізу жөніндегі
Ұйымдастыру комитетіне өтінім және құжаттар жинақтамасын берген
меншіктің кез-келген нысанындағы заңды және жеке тұлғалар конкурсқа
қатысушы болуы мүмкін.
Тармақ 5
5. Ұйымдастыру комитеті үміткерлерді іріктейді және диплом тапсыру
жөнінде шешім қабылдайды.
Тармақ 6
6. Конкурстық комиссия конкурс, оны өткізу шарттары мен нәтижелері туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жария етеді.
Тармақ 7
7. Жеңімпаздар үміткерлер қатарынан әрбір атау бойынша жергілікті
жерлерде сараптама жүргізу және сараптамалық балдық баға беру арқылы
конкурстық негізде анықталады.
Конкурсқа қатысушыларды 10-балды шкала бойынша жалпы және арнаулы өллшемдер бойынша балдарды сомалаумен анықталады. Әр өлшем
үшін 1 -ден 10 балға дейін беріледі.
Тармақ 8
8. Конкурстық өлшемдер:
Жалпы өлшемдер:
Тармақша 1
1) кәсіпкерлік қызметтің жалпы мерзімі мен түрі;
Тармақша 2
2) кіріс деңгейінің өткен жылғы шығындар деңгейіне қатынасы;
Тармақша 3
3) инновацияларды енгізу;
Тармақша 4
4) өндірілгеін өнімдердің, атқарылған жұмыстардың, көрсетілген
қызметтердің сапасы;
Тармақша 5
5) бюджетке міндетті төлемдерді төлеу жөнінде берешегінің болмауы
және барлық есептілік нысандарының мемлекеттік органдарға дер кезінде
берілуі.
Атаулар бойынша арнаулы өлшемдер:
«Азық-түлік тауарлары» өлшемдері бойынша:
Тармақша 1
1) соңғы 3 жылда көлем өсімінің динамикасы;
Тармақша 2
2) өндірілғен өнімдердің, атқарылған жұмыстардың, көрсетілген
қызметтердің сапасы;
Тармақша 3
3) басқа кәсіпкерлерге оң тәжірибе тарату;
Тармақша 4
4) өндірілген өнімдердің, атқарылған жұмыстардың, көрсетілген
қызметтердің сапасы;
Тармақша 5
5) кәсіпкерлердің қоғамдық ұйымдарына қатысы.
«Азық-түлікке жатпайтын тауарлары» өлшемдері бойынша:
Тармақша 1
1) соңғы 3 жылда көлем өсімінің динамикасы;
Тармақша 2
2) өндірілген өнімдердің, атқарылған жұмыстардың, көрсетілген
қызметтердің сапасы;
Тармақша 3
3) басқа кәсіпкерлерге оң оң тәжірибе тарату;
Тармақша 4
4) кәсіпкерлердің қоғамдық ұйымдарына қатысы;
«Өндірістік-техникалық мақсаттағы өнімдер» өлшемдері бойынша:
Тармақша 1
1) соңғы 3 жылда көлем өсімінің динамикасы;
Тармақша 2
2) өдірілген өнімдердің, атқарылған жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің сапасы;
Тармақша 3
3) басқа кәсіпкерлерге оң тәжірибе тарату;
Тармақша 4
4) өндірілген өнімдердің, атқарылған жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің сапасы;
Тармақша 5
5) кәсіпкерлердің қоғамдық ұйымдарына қатысы.
«Түрғындарға қызмет көрсету» өлшемдері бойынша:
Тармақша 1
1) соңғы 3 жылда көлем өсімінің динамикасы;
Тармақша 2
2) өндірілген өнімдердін, атқарылған жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің сапасы;
Тармақша 3
3) басқа кәсіпкерлерге оң тәжірибе тарату;
Тармақша 4
4) өндірілген өнімдердің, атқарылған жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің сапасы;
Тармақша 5
5) кәсіпкерлердің қоғамдық ұйымдарына қатыс
Тармақ 9
9. Конкурсқа қатысу үшін:
Тармақша 1
1) конкурсқа қатысуға белгіленген үлгідегі өтінім (1 қосымша);
Тармақша 2
2) өтінім берушінің белгіленген үлгідегі құжаттарымен бірге
мазмұндама - өтінім (2 қосымша);
Тармақша 3
3) жұмысының деңгейі және сапа саласындағы нақты нәтижелері
туралы белгіленген үлгідегі қатысушы есебі (3 қосымша);
Тармақша 4
4) заңды тұлғаның салық органдарында есепке қойылғаны туралы
куәліктің көшірмесі қажет.
Бөлім 4. 4. Конкурстың атаулары
4. Конкурстың атаулары
Тармақ 10
10. «Ақтөбе облысының жақсы тауарлары» конкурсы:
Тармақша 1
1) азық-түлік тауарлары;
Тармақша 2
2) өнеркәсіп тауарлары;
Тармақша 3
3) өндірістік-техникалық мақсаттағы өнімдер атаулары бойынша
жүргізіледі.
Тармақша 4
4) тұрғындарға қызмет көрсету атаулары бойынша өтеді.
Тармақ 11
11. Конкурс лауреаттары немесе дипломанттары болған ұйымдар
Ақтөбе облысы экімінің I, II, III дәрежелі дипломдарымен, алғыс хаттарымен
және бағалы сыйлықтарымен марапатталады.
«Ақтөбе облысының жақсы тауарлары» конкурсының лауреаттары
сапа саласындағы жетістіктері үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің
сыйлығына іздену үшін республикалық конкурсқа жіберіледі.
Басқа 60
Облыс әкімиятының 2004 жылғы 21
маусымдағы № 152 қаулысына
1 Қосымша
«Ақтөбе облысының жақсы тауарлары» конкурсына қатысуға
ӨТІНІМ
1. Өтініш беруші
Кәсіпорын атауы
_________________________________________________________________________
Мекенжайы
_________________________________________________________________________
Жұмыс жасау кезеңі
_________________________________________________________________________
2. Kәсіпорын басшысы
Тегі, аты-жөні
_________________________________________________________________________
Лауазымы
_________________________________________________________________________
Мекенжайы
_________________________________________________________________________
Қызмет телефоны, телефаксы
_________________________________________________________________________
3. Өтініш беруші кәсіпорынның сипаттамасы
Қызметшілерінің жалпы саны ____________________
Филиалдарының саны_____________________________
Қосымша:
1. Сауалнама-декларация - 1 дана.
2. Есеп - 5 дана
Басшы қолы
200__ жылғы «___»_______________
Басқа 61. Сауалнаманы толтыруға қойылатын талаптар
Облыс әкімиятының 2004жылғы 21
маусымдағы № 152 қаулысына
2 Қосымша
«Ақтөбе облысының жақсы тауарлары» конкурсына қатысушының
МАЗМҰНДАМА-САУАЛНАМАСЫ
1. Қатысушы
Кәсіпорынның ресми атауы
____________________________________________________________________________
Заңды тұлғаның мекенжайы
____________________________________________________________________________
2. Кәсіпорын басшысы
Тегі, аты-жөні
____________________________________________________________________________
Пошталық мекенжайы
____________________________________________________________________________
Қызмет телефоны
____________________________________________________________________________
3. Кәсіпорын туралы мәліметтер
Қызметшілердің жалпы саны__________________________
Филиалдар саны_____________________________________
Шығаратын өнімінің (жұмыс, қызмет) маңызды үш түрінің атауы, ТНВЭД, КПВЭД коды
____________________________________________________________________________
4. Конкурсты өткізуге өкілетті және жауапты тұлға
Тегі, аты-жөні
____________________________________________________________________________
Лауазымы
____________________________________________________________________________
Телефон____________________Телефакс_________________________________________
5. Мазмұндама
Біз конкурсқа қатысушылар үшін белгіленген ережені орындауға келісетіндігімізді
кәсіпорын атынан мәлімдейміз және конкурсты Ұйымдастыру комитетінің шешімін түпкілікті
шешім ретінде қабылдаймыз. Жергілікті жерде сараптау жүргізу қажет болған жағдайда біз
оның ашық әрі күні бұрын пішілмей өткізілуіне септесеміз. Біз сараптаманың осылай
жүргізілуіне байланысты жұмсалатын шығынды кәсіпорын өзі көтеруі тиісті екендігін
түсінеміз.
Басшы қолы
200__жылғы «___»_________________
Сауалнаманы толтыруға қойылатын талаптар
1. Талап етілетін барлық ақпарат таза басылуы немесе түсінікті жазылуы тиіс
2. Тіркеу нөмірін Комиссияның жұмыс тобы береді
3. Кәсіпорынның атауы мен заңды түлғаның мекенжайы мемлекеттік тіркеуден өткендігі туралы
куәлікке сәйкес толық көрсетіледі.
Басқа 62
Облыс әкімиятының 2004 жылғы 21
маусымдағы № 152 қаулысына
3 Қосымша
Қатысушының есебіне қойылатын талап
Әрбір қатысушы:
кәсіпорын қыэметіне қысқаша шолудан;
ережеде қарастырылған шарттарды жазудан тұратын есеп тапсыруы тиіс.
Тармақ 1
1. Шолу мазмұны
Машинкамен басылған алты беттен аспайтын көлемдегі шолуда
қатысушыны бағалау кезінде ескерілетін іскерлік белсенділіктің негізгі
факторлары қарастырылуы тиіс.
Шолуда:
кәсіпорын тарихы;
өнімнің (қызметтің) негізгі түрлерінің сипаттамасы;
ұйымдық құрылымы;
онімнің (қызметтің) сапасына қойылатын негізгі талаптар;
негізгі базарлардың (жергілікті, аймақтық, ұлттық, халықаралық)
санаттары;
негізгі тұтынушылардың сипаттамасы;
қатысушы үшін маңызы бар басқа факторлар мазмұндалуы тиіс.
Тармақ 2
2. Өлшемдердің сипаттамасы
Қатысушы әрбір шарт бойынша тиісінше түсінік береді, олар оның
пікірінше сараптамашы үшін жағдайды аша түседі.
Ақпарат шарттың әрбір көрсеткіштері бойынша бөлек берілуі тиіс. Ол қысқа, нақты және есептің ережелерін растай түсетін нақты материал болуы тиіс.
Кәсіпорынның мүмкіндігін сипаттайтын шарттарға арналған ақпарат:
жұмыс үлгілері мен әдістерінің сипаттамасына және шартты сипаттап
отыратын қызмет аясында қаншалықты жүйелі түрде қолданылатындығына;
осы үлгілер мен әдістер кәсіпорынды басқару және қызмет көрсету
салаларында қаншалықты кеңінен қолданылатындығына қатысты болуы тиіс.
Нәтижелерді сипаттайтын өлшемдерге арналған ақпаратта:
Тармақ 3
кәсіпорын өз нәтижелерін багалайтын көрсеткіштер және соңгы үш
жылдағы сол көрсеткіштердің жоспарланған кезеңмен салыстырғандағы
өзгеру үрдістері;
3. Рәсімдеуге қойылатын талаптар: есеп А4 үлгісіндегі қағазга басылады.
Мәтін қағаздың екі жақ бетіне де басылуы мүмкін. Есеп суреттер, кестелер,
сызбалар, таблицалар мен қосымшаларды қоса алғанда, 30 бет шегінде болуы
тиіс.
Басқа 66. I ДӘРЕЖЕЛІ ДИПЛОММЕН ЖӘНЕ БАҒАЛЫ СЫЙЛЫҚПЕН МАРАПАТТАЛСЫН
Облыс әкімиятының 2004 жылғы 21
маусымдағы № 152 қаулысына
4 Қосымша
«Ақтөбе облысының жақсы тауарлары» конкурсын өткізу жөніндегі
ұйымдастыру комитетінің
№____ ШЕШІМІ
200___ жылғы «___»____________
Конкурсқа қатысушы
_________________________________________________
(кәсіпорынның атауы)
1. Балдық баға_______________________________________________________________________
(балл саны)
2. Экспортқа өнім жеткізу____________________________________________________________
(өнім көлемі, қай уақыт кезеңінде)
3. Сапа жүйесін бағалау______________________________________________________________
(сертификатталған/сертификатталмаған)
4. Басқа конкурстарға қатысуы________________________________________________________
(балалар, емдеу мекемелеріне, қарттар
_____________________________________________________________________________________
үйлеріне шефтік көмек және т.б.)
«Ақтөбе облысының ең озық тауарлары» конкурсын өткізу жөніндегі ұйымдастыру комитеті
жоғарыда келтірілген мэліметтер негізінде басым көпшілік дауыспен ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
_____________________________________________________________________________________
(ұйымның атауы)
I ДӘРЕЖЕЛІ ДИПЛОММЕН ЖӘНЕ БАҒАЛЫ СЫЙЛЫҚПЕН МАРАПАТТАЛСЫН
Ұйымдастыру комитетінің төрағасы_________________________________________
Басқа 67
Облыс әкімиятының
2004 жылғы 21 маусымдағы № 152
каулысымен бекітілді
«Ақтөбе облысының жақсы тауарлары» конкурсын өткізу жөніндегі конкурстық комиссияның ҚҰРАМЫ
Ғилымов Самат Куанышұлы
Облыс әкімінің орынбасары
Юсупова Рашида Әбілсағитқызы
«Ақтөбе облысы бойынша кәсіпкерлікті қолдау басқармасы» ММ бастығы
Марченко Анатолий Николаевич
«Ақтөбе облысының кәсіпкерлер және жұмыс
берушілер Одағы» ҚҰ атқарушы директоры
(келісім бойынша)
Баекенова Оңай Бисембайқызы
қалалық экономика және шағын кәсіпкерлікті
дамытуды мемлекеттік қолдау жөніндегі
бөлімінің меңгерушісі
Салықов Есенкелді Орынғалиұлы
«Стандарттау, метрология және сертификаттау
жөніндегі комитетінің Ақтөбе облысы бойынша мемлекеттік қадағалау басқармасы» ММ бас маманы
Желтоухова Галина Алексеевна
«Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы» ашық акционерлік қоғамының бөлім-бастығы
(келісім бойынша)
Ысқақова Гүлнар Қадыралиқызы
«Ақтөбе облыстық санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасының тамақтандыру гигиенасы бөлімінің бас маманы (келісім бойынша)