О мерах по активизации деятельности по финансово-экономическому оздоровлению предприятий, предупреждению банкротства, ликвидации несостоятельных предприятий Күшін жойған
Басқа 0
Кәсiпорындарды қаржы-экономикалық сауықтыру, банкроттықтың алдын алу, дәрменсiз кәсiпорындарды тарату жөнiндегi қызметтi жандандыру жөнiндегi шаралар туралы
Кәсiпорындарды меншiк нысандарына қарамастан қаржы-экономикалық сауықтыру, санациялау, оңалту және тарату процестерiн жандандыру, қайта құрылымдау рәсiмдерiн жүргiзу кезiнде мемлекеттiң мүддесiн сақтауды қамтамасыз ету жөнiнде бiрыңғай мемлекеттiк саясат жүргiзу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
Тармақ 1
1. "Кәсiпорындарды қайта ұйымдастыру және тарату жөнiндегi агенттiк" акционерлiк қоғамына (бұдан әрi - Агенттiк) дәрменсiз кәсiпорындарға қатысты олардың ұйымдастыру-құқықтық нысаны мен меншiк нысанына қарамастан, егер олар бюджетке және бюджеттен тыс қорларға төлемақыны, әлеуметтiк сақтандыру қорларына аударымдарды, жалақы төлеудi, директивтiк және өзара борыштарды республикаiшiлiк есепке алу нәтижесi бойынша берiлген несиелер жөнiндегi берешектердi өтеу туралы мiндеттемелердi орындамаған жағдайда, мемлекет атынан несие берушi ретiнде уәкiлеттi өкiл болу құқығы берiлсiн.
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi, Көлiк және коммуникациялар министрлiгi, Еңбек және әлеуметтiк қорғау министрлiгi, Қаржы министрлiгiнiң Салық комитетi, Салық полициясы, Сырттан қарыз алу жөнiндегi комитетi Агенттiкке өздерiнiң атынан өкiл болу үшiн тиiстi сенiмхат берсiн.
Тармақ 2
2. Агенттiкке мыналар тапсырылсын:
жарғылық капиталында мемлекеттiң үлесi бар төлем қабiлетi жоқ мемлекеттiк кәсiпорындар мен шаруашылық серiктестiктерiнiң борыштарын қайта құрылымдау жөнiндегi iс жүзiндегi шараларды әзiрлеу мен жүргiзу.
кәсiпорындардың қаржылық берешектерi бойынша аукциондар мен биржалық саудаластық әзiрлеу және өткiзу;
банкроттық бойынша мамандарды - әкiмгерлердi, оңалтушы және конкурстық басқарушыларды даярлауды, қайта даярлау мен аттестациялауды ұйымдастыру;
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiнiң Салық комитетi мен Салық полициясы алып қойған мүлiктердi бюджет пен Зейнетақы қоры алдындағы берешек есебiне сату жөнiндегi аукциондар ұйымдастыру (жайластыру).
Тармақ 3
3. Агенттiкке мынадай құқық берiлсiн:
сотқа мемлекет атынан әкiмгердiң, конкурстық басқарушының кандидатурасын ұсыну;
жарғылық капиталында мемлекеттiң үлесi 50 проценттен асатын төлем қабiлетi жоқ мемлекеттiк кәсiпорындар мен шаруашылық серiктестiктерiнiң мемлекеттiк мүлкiнiң меншiк иесi болу;
несие берушiнiң (несие берушiлердiң) жарғылық капиталында мемлекеттiң үлесi 50 проценттен асатын төлем қабiлетi жоқ мемлекеттiк кәсiпорындар немесе шаруашылық серiктестiктерiне қатысты өтiнiшi бойынша банкроттық туралы iс қозғалған жағдайда, санациялау немесе тарату туралы шешiм қабылдау үшiн iс жүргiзудi тоқтату туралы ұсыныспен сотқа жүгiну;
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң келiсiмi бойынша конкурстық массаның толық көлемiндегi төлем қабiлетi жоқ кәсiпорындардың бюджет пен бюджеттен тыс қорлар алдындағы берешектерiн өтеуi мүмкiн болмаған жағдайда, көрсетiлген берешектердi аукциондар мен биржалық саудаластықтарда сату, оларды шаруашылық серiктестiктерiнiң активтерiне өтiмдеу, талаптарына орын беру туралы шешiм қабылдау;
оларды төлем қабiлетi жоқ және баланс құрылымы қанағаттанғысыз деп тану туралы шешiм қабылдаған сәттен бастап борышкер кәсiпорындардың басшыларымен келiсiм-шарттар жасасу және бұзу.
Тармақ 4
4. Күші жойылды - ҚР Үкiметiнiң 28.04.2001 № 581 қаулысымен.
Тармақ 5
5. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Кеңсесiне жүктелсiн.
Басқа 6. Банкроттық рәсiмдерде төлем қабiлетi жоқ борышкерлердiң мүлкi мен iсiн басқару жөнiндегi қызметтi лицензиялау туралы ЕРЕЖЕ
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
1997 жылғы 27 маусымдағы
N 1029 қаулысымен
бекiтiлген
Банкроттық рәсiмдерде төлем қабiлетi жоқ борышкерлердiң мүлкi мен iсiн басқару жөнiндегi қызметтi лицензиялау туралы ЕРЕЖЕ
📌 Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкiметiнiң 28.04.2001 № 581 қаулысымен.
Бұл Ереже банкроттық рәсiмдерде төлем қабiлетi жоқ борышкерлердiң мүлкi мен iсiн басқару жөнiндегi қызметтi лицензиялаудың тәртiбiн белгiлейдi және лицензиялау тәртiптерiнiң, лицензияның қолданылу мерзiмдерiнiң сақталуын бақылайды.
І. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Бұл Ереже Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексiнiң (жалпы бөлiм), "Банкроттық туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 21 қаңтардағы N 67-1 Заңының , "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 17 сәуiрдегi Заң күшi бар Жарлығының және Қазақстан Республикасының басқа да заң актiлерiнiң негiзiнде әзiрленедi.
Тармақ 2
2. Лицензиялау әкiмгерлердiң, оңалту және конкурстық басқарушылардың банкроттық рәсiмдердегi ерекше мемлекеттiк маңызы бар қызметiне бақылау жасауды қамтамасыз ету мақсатында жүргiзiледi.
Тармақ 3
3. Лицензиялауға мынадай қызмет түрлерi жатқызылады:
тарату iсi басталғанға дейiн соттың талдау кезеңiне, ал оңалту рәсiмiн пайдалану жағдайында - оның басталуына дейiн борышкердiң мүлкi мен iсiн басқару жөнiнде (әкiмгер ретiндегi қызмет);
оңалту рәсiмiн енгiзу кезеңiнде төлем қабiлетi жоқ борышкердiң мүлкi мен iстерiн басқару жөнiндегi (оңалту басқарушысы ретiндегi қызмет);
конкурстық iстi жүзеге асыру жөнiндегi (конкурстық басқарушы ретiндегi қызмет).
Тармақ 4
4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк пен активтердi басқару департаментi (бұдан әрi - Департамент) банкроттық рәсiмдерде төлем қабiлетi жоқ борышкерлердiң мүлкi мен iсiн басқару жөнiндегi қызметтi жүзеге асыру құқығына лицензия беру жөнiндегi уәкiлеттi орган болып табылады.
Тармақ 5
5. Лицензияны алу құқығы Қазақстан Республикасының заңдарымен және осы Ережемен бекiтiлген талаптарды сақтаған кезде Қазақстан Республикасының заңды тұлғалары мен азаматтарына берiледi.
Тармақ 6
6. Банкроттық рәсiмдерде төлем қабiлетi жоқ борышкерлердiң мүлкi мен iсiн басқару жөнiндегi қызметтi әкiмгер, оңалтушы немесе конкурстық басқарушы ретiнде жүзеге асыруға берiлетiн лицензия (бұдан әрi - лицензия) уақытша болып табылады. Лицензияның қолданылу мерзiмi - үш жыл.
Тармақ 7
7. Лицензияны басқа заңды немесе жеке тұлғаға беруге тыйым салынады.
Тармақ 8
8. Лицензияның қолданылу күшi Қазақстан Республикасының барлық аумағына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы қатысушы болып табылатын халықаралық келiсiмдер күшiне енген басқа мемлекеттер аумағына да жүредi.
Тармақ 9
9. Лицензияланған қызметтi тиiстi лицензиясыз немесе белгiленген нормалар мен тәртiптердi бұрмалап жүзеге асыру заңда белгiленген жауапкершiлiкке тартылады. Мұндай қызметтi жүзеге асырудан алынған табыс сот шешiмiмен тиiстi бюджетке алынуға жатады.
Тармақ ii. II. Лицензияны берудiң шарттары
II. Лицензияны берудiң шарттары
Тармақ 10
10. Лицензияны алуға үмiткер жеке тұлғаға мынадай талаптар қойылады:
әкiмгердi, оңалтушы және конкурстық басқарушыларды даярлаудың мамандандырылған курстарында оқығандығы туралы сертификаттың болуы;
банкроттық жөнiнде мамандарды аттестациялау комиссиясы жүргiзген аттестациялау нәтижелерi бойынша бiлiктiлiк куәлiгiнiң болуы;
жоғары заңгер немесе экономикалық бiлiмi немесе өзге де мамандық бойынша шаруашылық құрылымдарда кемiнде үш жыл басшылық қызмет стажы болуы қажет.
Тармақ 11
11. Лицензия алуға үмiткер заңды тұлғаға мынадай талаптар қойылады:
заңды тұлға штатында Банкроттық жөнiнде мамандарды аттестациялау комиссиясы өткiзген аттестациялау нәтижелерi бойынша бiлiктiлiк куәлiктерi бар кемiнде екi маманның болуы. Бұл ретте бiрiншi басшы немесе оның орынбасарларының бiреуi мiндеттi аттестациялауға жатады;
заңды тұлғаның кемiнде бiр мың есептiк көрсеткiштегi өз капиталының болуы.
Тармақ 12
12. Банкроттық рәсiмiнде қызметтi лицензиялау кезiнде Департамент өтiнiш иесiнен оның қызметiне қатысты қосымша құжаттамалар тапсыруын талап етуге, сондай-ақ осы қызметтiң заңда белгiленген ережелерiнiң сақталуына бақылау жасауды жүзеге асыруға құқылы.
Департамент өтiнiш иесiнiң тапсырған құжаттардағы мәлiметтердiң жалғандығына жауап бермейдi.
Тармақ 13
13. Табыс етiлген құжаттар заңдар мен осы Ереженiң талаптарына сәйкес келгенде өтiнiш иесiне:
әкiмгер;
оңалтушы басқарушы;
конкурстық басқарушы ретiнде лицензия берiледi.
Аталған лицензия туралы өтiнiш иесiнiң қалауына байланысты бiр мезгiлде немесе жекелей берiледi.
Тармақ 14
14. Лицензия белгiленген нысан бойынша ресiмделедi.
Лицензияның сыртқы бетiне оның қолданылу мерзiмi туралы белгiмен мөртаңба қойылады.
Лицензия мен оған қоса берiлiп отырған лицензиялық карточканың нысаны есептiк сериясы, нөмiрi бар және баспаханалық тәсiлмен шығарылған, қатаң есептегi құжаттар болып табылады.
Тармақ iii. III. Лицензияны алу үшiн қажеттi құжаттар
III. Лицензияны алу үшiн қажеттi құжаттар
Тармақ 15
15. Лицензияны алу үшiн iзденушi мынадай құжаттарды тапсырады:
белгiленген нысан бойынша өтiнiш;
лицензиялық алымның төленгенiн куәландыратын құжаттардың (төлем тапсырмалары мен түбiртектердiң көшiрмелерi);
жеке тұлғалар;
жеке басы куәлiгiнiң ксерокөшiрмесi;
бiлiктiлiк куәлiгiнiң көшiрмесi;
бiлiмi туралы дипломы мен еңбек кiтапшасының көшiрмелерi;
заңды тұлғалар;
заңды тұлғаның мемлекеттiк тiркелуi туралы куәлiктiң және шаруашылық жүргiзушi субъектiнiң статкарточкасының көшiрмелерi;
барлық өзгерiстерiмен және толықтыруларымен бiрге тiгiлген әрi нотариус куәландырған құрылтайшы құжаттарының көшiрмелерi;
қолданылып жүрген заңдарға сәйкес өз капиталының есебi және жарғылық қордың қалыптасуын растайтын қаржылық құжаттар;
құжаттарды Департаментке табыс етер алдында бiрiншi басшы мен бас бухгалтер қол қойған соңғы есептiк жылға және кейiнгi тоқсанның аяғындағы бухгалтерлiк баланстар мен баланстарға қосымшалар;
мамандардың бiлiктiлiк куәлiктерiнiң көшiрмелерi;
мамандардың бiлiмi туралы дипломдарының және еңбек кiтапшаларының көшiрмелерi.
Тармақ iv. IV. Лицензия беру туралы өтiнiштердi қараудың мерзiмдерi
IV. Лицензия беру туралы өтiнiштердi қараудың мерзiмдерi
Тармақ 16
16. Лицензия алуға құжаттарды Департамент оларды тапсырған сәтiнен бастап 30 күннiң iшiнде қарайды. Департамент аталған мерзiмнен кешiктiрмей iзденушiге лицензияны беруi немесе оны беруден бас тартуды, бұл туралы бас тарту себептерiн көрсетiп, iзденушiге жазбаша нысанда хабарлауы тиiс.
Құжаттар толық көлемде тапсырылмаса немесе олар осы Ереженiң талаптарына сай келмеген жағдайда iзденушiге лицензия алу үшiн кемшiлiктердi үш айдың iшiнде жою ұсынылады, содан кейiн iзденушiнiң өтiнiшi қайта қаралады.
Тармақ v. V. Лицензия беру үшiн алым
V. Лицензия беру үшiн алым
Тармақ 17
17. Лицензия алымының мөлшерi мен оны төлеу тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.
Тармақ vi. VI. Лицензия беруден бас тарту және шағымдану
VI. Лицензия беруден бас тарту және шағымдану
Тармақ 18
18. Мынадай жағдайларда лицензия берiлмейдi:
субъектiлердiң осы санаты үшiн қызметтiң белгiлi бiр түрiн атқаруға заң актiлерiмен тыйым салынса немесе заңды тұлғаның құрылтайшы құжаттарында анық шектелген мақсаттарына қайшы келсе;
осы Ереженiң 15-тармағына сәйкес талап етiлетiн барлық құжаттар табыс етiлмесе;
лицензия беруге алым енгiзiлмесе;
iзденушiге қатысты, оған қызметтiң осы түрiмен шұғылдануға тыйым салатын соттың шешiмi болса;
iзденушi табыс еткен ақпарат қолданылып жүрген заңды бұзғанын куәландырса.
Тармақ 19
19. Лицензияны беруден бас тартқан кезде iзденушiге жазбаша түрде лицензия беру үшiн тағайындалған мерзiмде дәлелдi жауап берiледi.
Тармақ vii. VII. Лицензияның күшiн тоқтату, оны қайтарып алу және тоқтату
VII. Лицензияның күшiн тоқтату, оны қайтарып алу және тоқтату
Тармақ 20
20. Лицензия мынадай жағдайларда:
лицензия берiлген мерзiмi өтiп кетсе;
лицензия қайтарып алынса;
лицензия берiлген заңды тұлға қайта ұйымдастырылса немесе таратылса, азамат қайтыс болса күшiн жояды.
Тармақ 21
21. Заңды тұлға қайта тiркелген кезде лицензия өз күшiн мерзiмiнiң соңына дейiн сақтайды.
Тармақ 22
22. Мына жағдайларда лицензия қайтарып алынады:
лицензияда жазылған талаптарды лицензиат орындамаса;
лицензияның күшi доғарылған себептер жойылмаса;
лицензиатқа жүзеге асыруға лицензия берiлген қызмет түрiмен шұғылдануға сот тыйым салса;
Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарында белгiленген лицензияны қайтарып алу үшiн басқа да негiздемелер болғанда.
Тармақ 23
23. Лицензияның күшi мынадай жағдайларда доғарылады:
лицензияны алу үшiн тапсырылған құжаттарда жазылған жалған ақпарат анықталса;
заңды тұлғаның ең аз мөлшердегi меншiк капиталы осы Ережеде белгiленген талаптарға сәйкес келмесе;
осы Ереженiң 29-тармағының талаптары бұзылса;
банкроттық рәсiмдерiн жүзеге асыруды реттейтiн заңдар бұзылса.
Тармақ 24
24. Департамент лицензияның күшiн тоқтата тұрудың себебiн көрсете отырып алты айға дейiн тоқтата тұруға құқылы.
Тармақ 25
25. Лицензияны тоқтата тұру және қайтарып алу "Кәсiпорындарды қайта ұйымдастыру және тарату жөнiндегi агенттiктiң" (бұдан әрi - Агенттiк) ұсынысы негiзiнде, яки Департаменттiң дербес қарауы бойынша жүргiзiледi.
Тармақ 26
26. Лицензияның күшi тоқтатыла тұрған жағдайда лицензиат анықталған бұрмалаушылықтарды жоюға мiндеттi, содан кейiн лицензия арнаулы жазбаша рұқсат бойынша қайта күшiне енуi мүмкiн.
Лицензия күшiнiң тоқтатыла тұруы туралы жазбаша ескерту алғаннан кейiн лицензиаттың банкроттық жөнiндегi маман ретiндегi қызметi заңсыз деп есептелiнедi және де қолданылып жүрген заңдармен белгiленген жауапкершiлiкке тартылады.
Тармақ 27
27. Лицензия қайтарып алынатын жағдайда лицензиат ресми ескерту алғаннан кейiн он күннiң iшiнде лицензияны қайтаруға мiндеттi.
Тармақ 28
28. Лицензияны беруден бас тарту немесе оны қайтарып алу туралы шешiмдерге сот тәртiбiмен бiр ай мерзiмi iшiнде шағымдануға болады.
Тармақ viii. VIII. Лицензия тәртiптерiнiң сақталуын бақылау және лицензиаттардың тiзiлiмiн жүргiзу
VIII. Лицензия тәртiптерiнiң сақталуын бақылау және лицензиаттардың тiзiлiмiн жүргiзу
Тармақ 29
29. Лицензиат Агенттiк анықтаған мерзiмде, банкроттық рәсiмдер кезiндегi қызметтi жүзеге асыру жөнiндегi жұмыс қорытындылары туралы есеп тапсыруға мiндеттi.
Лицензиат Агенттiк талап еткен ақпаратты сұрау салуды алған сәттен он күннен кешiктiрмей табыс етуге мiндеттi.
Тармақ 30
30. Лицензиаттар-жеке тұлғалар және лицензиаттар-заңды тұлғалардың лауазымды тұлғалары табыс еткен құжаттардағы мәлiметтердiң дұрыстығы үшiн жауап бередi.
Тармақ 31
31. Агенттiк лицензияның жергiлiктi жерлердегi қолданылу барысында тексерудi жүзеге асыруға құқылы.