О правилах оказания социальной помощи специалистам государственных организаций здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры и спорта, проживающим в аульной (сельской) местности, на приобретение топлива Күшін жойған
Басқа 0
Ауылды жерде тұратын денсаулық сақтау, білім, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мемлекеттік ұйымдарының мамандарына отын алу үшін әлеуметтік көмек көрсету ережесі туралы
Қазақ кеңестік социалистік республикасының 1991 жылғы ақпанның 13-індегі «Қазақстан Республикасында ауыл мен агрөнеркәсіп кешенін дамыту бағатының басымдылығы туралы» Заңына сәйкес аудандық мәслихат сессиясы ШЕШТІ:
Тармақ 1
Ауылды жерде тұратын денсаулық сақтау, білім, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мемлекеттік ұйымдарының мамандарына отын алу үшін әлеуметтік көмек көрсету туралы ережесі бекітілсін.
КЕЛІСІЛДІ:
Аудан әкімі
Қ.Аблезов
30.06.2004 ж.
Аудандық қаржы
басқармасының бастығы
М.Омарова
30.06.2004 ж.
Еңбек және халықт
әлеуметтік қорғау
бөлімінің бастығы
С.Доровик
30.06.2004 ж.
Аудандық білім
бөлімінің бастығы
Р.Бектасова
30.06.2004 ж.
Аудандық денсаулық
сақтау бөлімінің бастығы
Г.Сағандықова
30.06.2004 ж.
Аудандық мәдениет және
спорт бөлімінің бастығы
Б.Өтеуленова
30.06.2004 ж.
Басқа 2. Селолық аймақта тұратын денсаулық сақтау, білім, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт бөлімдерінің мамандарына отын сатып алуға әлеуметтік көмек көрсету ЕРЕЖЕСІ
Мағжан Жұмабаев аудандық Мәслихаттың
2004 жылғы маусымның 30-ы № 9-4
«Ауылды жерде тұратын денсаулық сақтау,
білім, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет
және спорт мемлекеттік ұйымдарының
мамандарына отын алу үшін әлеуметтік
көмек көрсету ережелері туралы»
шешімімен бекітілген
Селолық аймақта тұратын денсаулық сақтау, білім, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт бөлімдерінің мамандарына отын сатып алуға әлеуметтік көмек көрсету ЕРЕЖЕСІ
Тарау 1. 1. Жалпы жағдайлар.
1. Жалпы жағдайлар.
Тармақ 1
1. Осы ережелер 1991 жылғы 13 ақпандағы Қазақ советтік социалистік республикасының «Қазақстан Республикасында ауыл (село) және аграрлық-өнеркәсіптік кешенінің дамуларының басылымдылықтары туралы» Заңын орындау барысында өзірленген.
Тармақ 2
2. Селолық аймақта тұратын және жұмыс істейтін денсаулық сақтау, білім, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мемлекеттік мекемелерінің мамандарына біржолғы ақшалай төлем (одан әрі әлеуметтік саладағы мамандарға ақшалай телем) бір жылда бір рет тағайындалады және теленеді.
Тармақ 3
3. Әлеуметтік саладағы мамандарға заңсыз төленген сома заңнамада белгіленген тәртіп бойынша кінәлі тұлғалардың есебінен қалпына келтіріледі.
Тарау 2. 2. Тағайындау тәртібі.
2. Тағайындау тәртібі.
Тармақ 4
4. Әлеуметтік саладағы мамандарға ақшалай төлем еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау органына ұсынылған құжаттар негізінде тағайындалады:
Тармақша 1
1) бір жолғы ақшалай төлемдерді тағайындау туралы өтініш;
Тармақша 2
2) банкте ақша төлемін алушы банкте салым бойынша есеп шотының нөмірін ашуға міндетті;
Тармақша 3
3) атқаратын лауазымы туралы мекемеден анықтама;
Тармақша 4
4) мекен жайын анықтайтын анықтама;
Осы ұсынылған құжаттар негізінде біржолғы ақшалай төлем беріледі.
Тармақ 5
5. Әлеуметтік саладағы мамандарға ақшалай төлем осы Ережені таратылып, бірге тұратын екі немесе одан көп тұлғалардың әрқайсына беріледі.
Тарау 3. 3. Қаржыландыру және төлем тәртібі.
3. Қаржыландыру және төлем тәртібі.
Тармақ 6
6. Әлеуметтік саладағы селолық аймақта тұратын және жұмыс істейтін мамандарға осы жылғы осындай мақсаттарға көзделген ақша төлемдері жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
Тарау 4. 4. Есеп жүргізу, бақылау және есеп беру тәртібі.
4. Есеп жүргізу, бақылау және есеп беру тәртібі.
Тармақ 7
7. Біржолғы ақшалай төлемді беру бойынша бақылау және есеп беру, есеп жүргізу еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау органына жүктеледі.
Тармақ 8
8. Жергілікті еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау органы әр тоқсанның бірінші айының 10 күніне дейін, өткен тоқсандағы біржолғы ақшалай төлемге отын сатып алуға берілген сома бойынша екінші деңгейдегі банкпен салыстырып теқсеру актін құрастырады.