О мерах по обеспечению безопасности на водоемах области в летний период Қолданыста
Басқа 0
Жазғы кезеңде облыс су тоғындарында қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы
Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 5 шілдедегі №19-1 «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы» Заңының, облыстық мәслихаттың 1998 жылғы 14 маусымдағы №249-1 «Атырау облысының су айдындарында азаматтардың қауіпсіздігін сақтаудағы міндетті ереже туралы» қаулысына сәйкес, жаз мезгілінде облыстың су тоғындарында адамдар қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында облыстық әкімият ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Атырау қаласы мен аудан әкімдері:
Тармақша 1
1) жазғы маусым кезінде облыстың барлық су тоғандарын есепке алсын;
Тармақша 2
2) демалыс аймақтары мен базалары және басқада су нысандары бар барлық меншік түріндегі кәсіпорындар және ұйымдармен құтқару бекеттерді ұйымдастыру жөнінде шаралар алсын;
Тармақша 3
3) өзендер мен су тоғандарының жағалау алқабын көркейту, түбір тазалау жұмыстарын жүргізсін.
Тармақ 2
2. Атырау облыстық суда құтқару қызметі:
Тармақша 1
1) жазғы маусымда құтқару станцияларды жеке құрам және іздестіру топтарымен жиынтықталуын қамтамасыз етсін;
Тармақша 2
2) барлық құтқару станцияларды тәулік бойғы кезекшілікке, маневрлік-іздестіру топты жоғары дайындық сапқа көшірсін;
Тармақша 3
3) меншік түрінде және ведомствалық бағыныстылығына қарамастан кәсіпорындар мен ұйымдардағы барлық қолданыстағы құтқару құралдары мен сүңгуірлер санының есебін жүргізсін.
Тармақ 3
3. Атырау облысы ішкі істер басқармасы (келісім бойынша) Жайық-Каспий облыс аралық балық ресурстарын қорғау және балық аулауды реттеу жөніндегі бассейіндік басқармасымен (келісім бойынша) бірлесе отырып, жазғы маусым кезінде облыс су тоғандарында соның ішінде Каспий теңізі жағалауында күзетті күшейтсін.
Тармақ 4
4. Атырау облысы білім беру басқармасы, Атырау облыстық суда құтқару мекемесімен бірлесе отырып мектеп пен оқу орындары оқушылары арасында жаз уақытында облыс су тоғандарында кауіпсіздік шараларын сақтау жөніндегі алдын-алу жұмыстарын ұйымдастырсын.
Тармақ 5
5. Осы қаулының орындалуын бақылау облысы әкімінің орынбасары М:И:Байғожинге жүктелсін.