Об утверждении Положения коммунального государственного учреждения «Отдел занятости и социальных программ акимата Мамлютского района Северо-Казахстанской области» Күшін жойған

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 11.04.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабы 8) тармақшасына, «Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік орган туралы үлгілік ережеге сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған «Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ереже бекітілсін.
Тармақ 2
2. «Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі жоғарыда көрсетілген ережені заңнамада белгіленген тәртіппен әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 5. «Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ереже
Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімдігінің 2025 жылғы 20 ақпандағы № 55 қаулысымен бекітілген «Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ереже
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. «Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Бөлім) әлеуметтік және еңбек салаларындағы, сондай-ақ құзыреті шегінде халықтың көші-қон саласындағы басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
Тармақ 2
2. Бөлімнің ведомстволары жоқ.
Тармақ 3
3. Бөлім өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне, Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне, Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңына, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңына, «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңына, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңына, «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңына, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Тармақ 4
4. Бөлім мемлекеттік мекеменің ұйымдастырушы-құқықтық формасында заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңба бейнесі бар мөрі және мемлекеттік тілде өз атауы бар бұрыштамасы, белгіленген үлгідегі бланктері, қазынашылық органдарында «Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 540 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9934 болып тіркелген) сәйкес шоттары бар.
Тармақ 5
5. Бөлім азаматтық - құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
Тармақ 6
6. Бөлім Қазақстан Республикасының бюджеттік және қаржылық заңдылығына сәйкес уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
Тармақ 7
7. Бөлім өз құзыретінің мәселесі бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексімен, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексімен, Қазақстан Республикасының Бюджет кодексімен, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен, «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен қарастырылған, бөлім басшысының бұйрықтарымен ресімделген шешімдер қабылдайды.
Тармақ 8
8. Бөлімнің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бекітіледі.
Тармақ 9
9. Бөлімнің мекенжайы: индекс 150900, Қазақстан Республикасы, Солтүстік Қазақстан облысы, Мамлют ауданы, Мамлютка қаласы, Абай Кұнанабаев көшесі, 10/3 ғимарат.
Тармақ 10
10. Осы Ереже Бөлімнің құрылтайшы құжаты болып табылады.
Тармақ 11
11. Бөлімнің қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес республикалық және жергілікті бюджеттен, Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің бюджетінен (шығындар сметасы) жүзеге асырылады.
Тармақ 12
12. Бөлімнің өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау затына кәсіпкерлік субъектілермен шарттық қатынасқа түсуге тыйым салынады. Егер Бөлімге қаржы және мемлекеттік басқару салаларында заңдылық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кірістер, егер Қазақстан Республикасының қаржы саласындағы заңнамасында өзге белгіленбеген жағдайда мемлекеттік бюджетке жіберіледі.
Тарау 2
Тармақ 2. 2. Бөлімнің мақсаттары және өкілеттіктері
2. Бөлімнің мақсаттары және өкілеттіктері
Тармақ 13
13. Мақсаттары: мынадай:
Тармақша 1
1) еңбек, оның ішінде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау;
Тармақша 2
2) жұмыспен қамту;
Тармақша 3
3) әлеуметтік қамсыздандыру, оның ішінде зейнетақымен қамсыздандыру және міндетті әлеуметтік сақтандыру;
Тармақша 4
4) мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау;
Тармақша 5
5) балалы отбасыларды әлеуметтік қолдау;
Тармақша 6
6) азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету;
Тармақша 7
7) еңбек жағдайлары зиянды жұмыстарда істейтін адамдарды әлеуметтік қорғау;
Тармақша 8
8) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету;
Тармақша 9
9) өз құзыреті шегінде халықтың көші-қоны және босқындар саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру, салааралық үйлестіруді және мемлекеттік басқаруды жүзеге асыру;
Тармақша 10
10) кәсіптік біліктілікті тану;
Тармақша 11
11) Қазақстан Республикасының заңнамасымен Бөлімге жүктелген өзге де міндеттер.
Тармақ 14
14. Өкілеттіктері:
Тармақша 1
1) құқықтары: әлеуметтік және еңбек салаларындағы, сондай-ақ құзыреті шегінде халықтың көші-қоны саласындағы аудан әкімі мен әкімдігінің құқықтық және нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу; заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдардан, өзге ұйымдардан және лауазымды адамдардан қажетті ақпарат пен материалдарды сұрату және алу; Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінде көзделген жағдайларда өз құзыреті шегінде әкімшілік органдарға, лауазымды адамдарға жәрдем көрсету; Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінде белгіленген жағдайларда және негіздер бойынша әкімшілік рәсімге қатысушының құқықтарын іске асырудан бас тарту; қолданыстағы заңнамалық актілерде көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыру;
Тармақша 2
2) міндеттері: сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу; сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша іс-шаралар өткізу; қолданыстағы заңнамаға сәйкес халыққа сапалы мемлекеттік қызметтер көрсету; Қазақстан Республикасы Президентiнің, Yкіметінің және орталық атқарушы органдардың, облыс, аудан әкімінің және әкімдігінің актілерi мен тапсырмаларын сапалы және уақтылы орындау; Қазақстан Республикасының заңнамасын, жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңмен қорғалатын мүдделерін сақтау; жолданымдарды қабылдау және тіркеу, оларды және оларға қоса берілген құжаттарды ресімдеуге жәрдемдесу, формальды қателерді жоюға және қоса берілетін құжаттарды толықтыруға мүмкіндік беру; әкімшілік рәсімге қатысушыға оның әкімшілік рәсімді жүзеге асыруға байланысты мәселелер бойынша құқықтары мен міндеттерін түсіндіру; әкімшілік рәсімге қатысушыны өткізілетін тыңдаудың орны мен уақыты туралы күні бұрын хабардар ету; Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінде көзделген жағдайларды қоспағанда, әкімшілік рәсім бойынша шешім қабылдау алдында әкімшілік рәсімге қатысушыны тыңдау; әкімшілік актіні Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінде белгіленген тәртіппен әкімшілік рәсімге қатысушының не олардың өкілдерінің назарына жеткізу.
Тармақ 15
15. Функциялары:
Тармақша 1
1) жұмыс жоспарын әзiрлеу және бекiту;
Тармақша 2
2) ұйымдастыру іс-шараларының жоспарын әзiрлеу және бекiту;
Тармақша 3
3) өз құзыреті шегінде реттеу, іске асыру функциясын жүзеге асыру;
Тармақша 4
4) адамның және азаматтың, ұйымдар мен мемлекеттің құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін сақтау және қорғау;
Тармақша 5
5) Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне сәйкес жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін есепке алуды және қарауды, бөлім басшысының азаматтарды жеке қабылдауын жүргізуді қамтамасыз етеді;
Тармақша 6
6) Бөлім ақпараттық ресурс жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету;
Тармақша 7
7) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер және ақпараттық жүйелерді қолданумен электрондық мемлекеттік қызметтер көрсету;
Тармақша 8
8) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру жөнінде шаралар қабылдау;
Тармақша 9
9) «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Бөлім мемлекеттік сатып алуы бойынша есептілікті құру, мемлекеттік сатып алу рәсімдерін ұйымдастыру және өткізу, мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын әзірлеу;
Тармақша 10
10) әлеуметтік және еңбек салаларындағы, сондай-ақ құзыреті шегінде халықтың көші-қоны саласындағы аудан әкімі мен әкімдігінің құқықтық және нормативтік құқықтық актілерінің жобаларын әзірлеу және мониторинг жүргізу;
Тармақша 11
11) бақылау және қадағалау функциялары берілген мемлекеттік органдардың сұрау салулары бойынша ақпарат ұсыну;
Тармақша 12
12) құзыреті шегінде депутаттардың, мемлекеттік органдардың сұрауларына жауаптар (жауап жобаларын) дайындау;
Тармақша 13
13) өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдарға әдістемелік және құқықтық көмек көрсету;
Тармақша 14
14) «Ашық бюджеттердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру және бюджеттік бағдарламалардың жобаларын (бюджеттік бағдармаларды іске асыру туралы есептерді) жария талқылау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2021 жылғы 30 сәуірдегі № 149 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22682 болып тіркелген)  сәйкес «Ашық бюджеттер» порталында бюджеттік бағдарламалардың жобаларын, бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуы туралы есептерді орналастыру;
Тармақша 15
15) халықты әлеуметтік қорғау саласында бірыңғай мемлекеттік саясат жүргізу;
Тармақша 16
16) мемлекеттік жұмыспен қамту саясатын әзірлеуге қатысу;
Тармақша 17
17) еңбек нарығындағы жағдайды талдау және болжау;
Тармақша 18
18) жоғары тұрған органдарға халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау саласындағы қолданыстағы заңнаманы жетілдіру жөнінде ұсыныстар дайындау және енгізу;
Тармақша 19
19) өңірлік жұмыспен қамту картасын іске асыру;
Тармақша 20
20) ұлттық жобалар, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың даму жоспарлары, өңірлік жұмыспен қамту картасы шеңберінде жұмыс орындарын құру мониторингін жүзеге асыру;
Тармақша 21
21) әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі аудандық үшжақты комиссияның жұмысын ұйымдастыру;
Тармақша 22
22) аудан әкімі, жұмыскерлердің, жұмыс берушілер мен кәсіподақтардың аудандық бірлестіктері арасындағы аудандық үшжақты келісімді, аудандық үшжақты Келісімді іске асыру жөніндегі іс-шараларды әзірлеу, Келісу және аудандық үшжақты комиссияны бекітуге ұсыну;
Тармақша 23
23) аудандық үшжақты Келісімді іске асыру бойынша қабылданған міндеттемелер мен іс-шаралардың іске асырылу барысына мониторинг жүргізу;
Тармақша 24
24) халықты жұмыспен қамтудың өңірлік бағдарламаларын және нысаналы топтарды жұмыспен қамтуға жәрдемдесуді қамтамасыз ететін арнайы іс-шараларды үйлестіру;
Тармақша 25
25) аудан әкімінің қарауына: аудан аумағында тұратын халықтың нысаналы топтарын айқындау және оларды қорғау жөніндегі әлеуметтік шаралар туралы ұсыныстар әзірлеу және енгізу;
Тармақша 26
26) халықты жұмыспен қамту мәселелерін қарайтын атқарушы билік органдарының, жұмыс берушілер бірлестіктері мен кәсіподақтардың өкілдерінен құралатын консультативтік комиссиялар мен жұмыс топтарының жұмысына қатысу;
Тармақша 27
27) тұрғын үй көмегін тағайындау және төлеу;
Тармақша 28
28) еңбекші көшіп келушіге рұқсаттарды беру, ұзарту және кері қайтарып алу;
Тармақша 29
29) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін субъектілерді кадрлық қамтамасыз етуді, әлеуметтік қызметкерлерді кәсіптік даярлауды, қайта даярлауды және олардың біліктілігін арттыруды ұйымдастыру;
Тармақша 30
30) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету мәселелері бойынша жеке, заңды тұлғалармен және мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасау;
Тармақша 31
31) мүгедектігі бар адамдарға көмек көрсетуде әлеуметтік көмек көрсету және үйлестіру;
Тармақша 32
32) жеке бағдарламаға сәйкес мүгедектігі бар адамдар мен мүгедектігі бар балаларды санаторлық-курорттық емдеуді қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу;
Тармақша 33
33) мүгедектігі бар адамдарды жеке бағдарламаға сәйкес техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдармен және (немесе) арнаулы жүріп-тұру құралдарымен қамтамасыз етуге құжаттарын рәсімдеу;
Тармақша 34
34) жеке бағдарламаға сәйкес жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдар үшін жеке көмекшіні, есту қабілеті нашар адамдар үшін жестау тілі маманын қызметтермен қамтамасыз етуге құжаттарын рәсімдеу;
Тармақша 35
35) Қазақстан Республикасының заңнамасында мүгедектігі бар адамдарға әлеуметтік көмектің қосымша шараларын ұсыну көзделген;
Тармақша 36
36) Мүгедектігі бар адамдарды арнаулы жүріп - тұру құралдарымен, протездік-ортопедиялық бұйымдармен, сурдо-тифло-техникалық құралдармен қамтамасыз ету, сондай-ақ мүгедектігі бар адамдарды санаторлық-курорттық емдеумен қамтамасыз ету жөніндегі қызметті жоспарлау және ұйымдастыру;
Тармақша 37
37) Мүгедектігі бар адамдардың қоғамдық ұйымдарына әлеуметтік бағдарламаларды шешуде консультациялық көмек көрсету және олардың қызметін үйлестіру;
Тармақша 38
38) талдау материалдарын дайындау, семинарларда, кеңестерде сөз сөйлеу, аудан тұрғындарымен кездесу;
Тармақша 39
39) жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар мәселелері бойынша бағдарламалық базаларды пайдаланудың тиімділігін қамтамасыз ету;
Тармақша 40
40) бөлімде лимиттердің жұмсалуын, әкімшілік бағдарламалардың шығыстар сметасының орындалуын, бюджеттік сыныптамаларды және бухгалтерлік есепті дұрыс жүргізуді ұйымдастыру және бақылау;
Тармақша 41
41) Бөлім қызметкерлерін даярлау, қайта даярлау және сыныптамасын арттыру бойынша іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу;
Тармақша 42
42) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес халықтың аз қамтылған топтарына мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;
Тармақша 43
43) тиісті жылға аудан халқын әлеуметтік қорғау жүйесінің жергілікті бюджет жобасын әзірлеу;
Тармақша 44
44) әлеуметтік қорғауға мұқтаж көпбалалы отбасыларды, ана мен баланы, мүгедектігі бар адамдарды, халықтың басқа да топтарын қорғауды қолдау жөніндегі бағдарламаларды іске асыруға қатысу;
Тармақша 45
45) халық арасында түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу, Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарға, қаза тапқан әскери қызметкерлердің отбасыларына, мемлекеттің нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес жеңілдіктерге үміткер халықтың басқа да топтарына әлеуметтік көмекке мұқтаждарды анықтау мәселелері бойынша ауылдық округтер әкімдері аппараттарына практикалық және әдістемелік көмек көрсету;
Тармақша 46
46) жеке санаттағы мұқтаж азматтарға және атаулы күндер мен мереке күндеріне әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;
Тармақша 47
47) интернат-үйлеріне: психоневрологиялық, қарттар мен мүгедектігі бар адамдарға арналған анықтауды және оларды осы мекемелерге жіберу үшін қажетті құжаттарды рәсімдеуді қажет ететін азаматтарды, оның ішінде үйдегі әлеуметтік көмек бөлімшелері арқылы анықтау жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;
Тармақша 48
48) әлеуметтік қолдау көрсету бойынша, оның ішінде үйде, мүмкіндігі шектеулі балаларға әлеуметтік көмек көрсету бөлімшелері арқылы жұмысты ұйымдастыру;
Тармақша 49
49) аудан азаматтарын әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша қоғамдық бірлестіктермен (ардагерлер ұйымдарымен, мүгедектігі бар адамдарға қоғамдарымен, қайырымдылық қорларымен және басқа да коммерциялық емес ұйымдармен) бірлескен қызметті ұйымдастыру;
Тармақша 50
50) қайырымдылық қорларының, әлеуметтік көмекті жүзеге асыратын меценаттардың сұрау салуы бойынша әлеуметтік көмекке мұқтаж адамдардың ақпаратын ұсыну;
Тармақша 51
51) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінен босатылған, сондай-ақ пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарға әлеуметтік және өзге де көмек көрсету саласындағы өкілеттіктерді орындайды;
Тармақша 52
52) өз құзыретi шегiнде халықтың көшi-қоны саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асырады;
Тармақша 53
53) Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне сәйкес халықтың нысаналы топтарына жататын қандастарға жұмысқа орналасуға, кәсiптiк даярлықтан өтуге, қайта даярлаудан өтуге және бiлiктiлiгiн арттыруға жәрдем көрсетедi;
Тармақша 54
54) отбасын біріктіру мақсатында Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелде тұратын этникалық қазақтардың арасынан туыстарын Қазақстан Республикасына қоныстану үшін шақыруларын қабылдайды және бұл шақыруларды халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарына жібереді;
Тармақша 55
55) еңбекші көшіп келушіге рұқсаттар береді, оларды ұзартады және кері қайтарып алады;
Тармақша 56
56) жұмыс беруші мен еңбекші көшіп келуші арасындағы еңбек шарттарын тіркеуді жүзеге асырады.
Тармақ 3
Тарау 3. 3. Бөлімнің бірінші басшысының дәрежесі, өкілеттілігі
3. Бөлімнің бірінші басшысының дәрежесі, өкілеттілігі
Тармақ 16
16. Бөлімді басқаруды бірінші басшы жүзеге асырады, ол: лауазымдық мiндеттерiн орындамағаны не тиiсiнше орындамағаны және өздерiнiң лауазымдық өкiлеттiктерiн асыра пайдаланғаны үшiн; сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша шаралар қабылдамағаны үшін; лауазымдарын атқаратын мемлекеттік қызметшілер өздеріне тікелей бағынысты мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлық қылмыстар жасағаны үшін мынадай:
Тармақша 1
1) бағынысты адам жасаған сыбайлас жемқорлық қылмыс пен сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасаудың алдын алу жөніндегі лауазымдық міндеттерді орындамаудағы немесе тиісінше орындамаудағы кінә арасындағы байланыс анықталған;
Тармақша 2
2) бағынысты адамға қатысты сыбайлас жемқорлық қылмысы үшін қылмыстық жауаптылыққа тарту туралы заңды күшіне енген сот актісінің болуы не сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны үшін Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабы бірінші бөлігінің 3), 4), 9), 10), 11) және 12) тармақтары немесе 36-бабы негізінде қылмыстық қудалау органы немесе сот қылмыстық істі тоқтатқан жағдайлардың жиынтығы кезінде; Бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.
Тармақ 17
17. Бөлімнің басшысы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Мамлют ауданы әкімінің өкімімен жұмысқа қабылданады және жұмыстан босатылады.
Тармақ 18
18. Бөлім басшысында орынбасары жоқ.
Тармақ 19
19. Бөлім басшысының өкілеттілігі:
Тармақша 1
1) Бөлімнің Ережесін, оған енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды аудан әкімдігінің бекітуіне ұсынады;
Тармақша 2
2) Бөлімнің жұмысын ұйымдастырады, оның қызметіне басшылық жасайды, Бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуына және оның қызметтерін жүзеге асыруға дербес жауапты болады;
Тармақша 3
3) Бөлім қызметкерлерінің міндеттерін айқындайды және жауапкершілік дәрежесін белгілейді;
Тармақша 4
4) Бөлім қызметкерлерін Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес лауазымға тағайындайды және лауазымынан босатады;
Тармақша 5
5) еңбек заңнамасына, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Бөлім қызметкерлерін сыйақыландыру, заттық көмек көрсету және тәртіптік жаза белгілеу мәселелерін шешеді;
Тармақша 6
6) өз құзыретінің шегінде бұйрықтар, бөлімнің қызметшілеріне орындауға міндетті нұсқаулар шығарады;
Тармақша 7
7) мемлекеттік органдарда, басқа да ұйымдарда Бөлімнің мүддесін білдіреді;
Тармақша 8
8) ерлер мен әйелдердің әр түрлі құқықтары және мүмкіндіктерінің мемлекеттік кепілдемесі туралы заңнаманы сақтауды қамтамасыз ету;
Тармақша 9
9) Бөлім қызметкерлерімен сыбайлас жемқорлық заңнамасын сақтауға дербес жауапкершілікті алып жүреді;
Тармақша 10
10) Бюджет кодексіне, еңбек, мемлекеттік қызмет, жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Тармақша 20
20. Бөлім басшысы болмаған кезеңінде оның өкiлеттiктерiн орындауды еңбек, мемлекеттiк қызмет туралы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.
Тарау 4. 4. Бөлімнің мүлкі
4. Бөлімнің мүлкі
Тармақ 21
21. Мемлекеттік мүлік туралы заңнамада көзделген жағдайларда Бөлімнің жедел басқару құқығында оқшаланған мүлкі болуы мүмкін.
Тармақ 22
22. Бөлімнің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және мемлекеттік мүлік туралы заңнамада тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
Тармақ 23
23. Бөлімге бекітілген мүлік ауданның коммуналдық меншігіне жатады.
Тармақ 24
24. Егер мемлекеттік мүлік туралы заңнамада өзгеше көзделмесе бөлім өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне белгіленген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
Тарау 5. 5. Бөлімді қайта ұйымдастыру және тарату
5. Бөлімді қайта ұйымдастыру және тарату
Тармақ 25
25. Бөлімді қайта ұйымдастыру (бірлестіру, қосу, бөлу, қайта құру) және тарату (жабу) Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырылады. ______________________________