Об установлении водоохранных зон и полос поверхностных водных объектов на территории Костанайской области Күшін жойған
Басқа 0
Қостанай облысының аумағында жер
бетіндегі су объектілерінің су қорғау
аймақтары мен белдеулерін белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының Су Кодексінің 39 және 116-баптары және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 16 қаңтардағы № 42 «Су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу Ережесін бекіту туралы» қаулысына сәйкес жер бетіндегі судың ластануын, қоқыстануы мен сарқылуын болдырмау, санитарлық-эпидемиологиялық және экологиялық талаптарға сәйкес су объектілері мен су шаруашылығы имараттарын ұстау мақсатында Қостанай облысының ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қостанай облысының аумағында жер бетіндегі су объектілерінің су қорғау аймақтары мен белдеулерін ең тар ені белгіленсін:
ведомстволық бағыныстылығына және меншігіне қарамай су объектілерінің барлық түрі үшін су қорғау аймағы – 500 метр, оның ішінде су қорғау белдеуі 100 метр;
Жоғары-Тобыл және Қаратомар су қоймалары және Тобыл өзені үшін су қорғау аймағы – 1000 метр.
Тармақ 2
2. Су қорғау аймақтары мен белдеулерін шаруашылыққа пайдаланудың келесі тәртіптемесі бекітілсін:
Тармақша 1
1) 500 (1000) метрлік су қорғау аймақтары шегінде тиым салынады: тыңайтқыштар, улы химикаттар және мұнай өнімдерін, пестицидтерді сақтайтын қоймалар, техникалық жөндеу пункттерін және автокөліктерді, ауыл шаруашылығы техникаларын жууға, механикалық шеберханалар, күл-қоқыс, көң, тұрмыстық және өндіріс қалдықтарын, өлген мал сақтайтын орын, бензинмен жүретін автокөліктер үшін жанармай құю аландарын, авиациялық химиялық жұмыстар жүргізу үшін ұшып-қонатын алаңды салу және орналастыру, сондай-ақ судың сапасына зиянды әсерін тигізетін басқа да объектілер;
мал жаюға, санитарлық емдеуге және шомылдыруға;
егіс алқаптарын авиациялық өндеу, су жиегінен 2000 метрге дейін ағаш алқаптарын отырғызуға;
Тармақша 2
2) 100 метрлік су қорғау белдігінде тиым салынады:
жерді жыртуға, ағаш бұталарды кесуге, органикалық және минералдық тыңайтқыштарды, улы химикаттарды және пестицидтерді қолдануға, палаталық қалашықтард, автокөліктердің қалыпты тұрағын, жазғы лагерлерді салуға, машиналарды жууға;
су қорғау аймақтары мен белдеулерін ластандырмауды қамтамасыз ете алмайтын объектілерді пайдалануға;
құрылыс, су табанын тереңдететін және қопарғыш жұмыстар жүргізуге, пайдалы қазбаларды игеруге, кабелдер, құбырлар тартуға және басқа да жұмыстарды жүргізу.
Тармақ 3
3. Қалалар мен аудандар әкімияттары:
Тармақша 1
1) су қорғау аймақтары мен белдеулерінде шаруашылық қызметті жүзеге асыруға тиым салынған жағдайлардың сақталуын;
тұрмыстық қатты қоқыстар үлгілк полигондарын, көн, мал өліктерін көметін орындар басқа жерге көшірілуін;
су жағаларын жоспарлы – жүйелі түрде тазартуды ұйымдастыру қамтамасыз етсін;
Тармақша 2
2) су қорғау аймақтары мен белдеулері шегінде Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген шаруашылық іс-әрекетін шектейтін тәртіптеме және пайдаланудың ерекше жағдайы енгізілсін;
Тармақша 3
3) су қорғау аймақтары мен белдеулері шегінде орналасқан елді мекенде су пайдалану тәртібін сақтап, су объектілерінің ластануын, қоқыстануын болдырмау қамтамасыз етілсін;
Тармақша 4
4) су қорғау аймақтары мен белдеулері және олардың шегіндегі аумақты пайдалану тәртіптемесі туралы ақпарат барлық мүдделі, мекемелер, шаруашылық субъектілері мен азаматтарға жеткізілсін;
Тармақша 5
5) су қорғау аймағы мен белдеулері шегінде орналасқан мекеме, ұйым, басқа да субъектілері шаруашылық басшыларымен бірлесе отырып осы қарамастан, санитарлық жағдайы мен шаруашылыққа пайдаланудың тәртіптемесін сақтау қамтамасыз етілсін.
Тармақ 4
4. Суды қорғау тәртіптемесін сақтаған жағдайда су қорғау белдеулері шегінде орналасқан және бау-бақшасы, үй іргесінде телімі бар тұлғалар бұрынғыша қала береді.
Тармақ 5
5. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары В.В. Мейстерге жүктелсін.
Тармақ 6
6. Қостанай облысы әкімінің 1997 жылғы 14 сәуірдегі № 47 «Су қорғау аймағы мен белдеуі туралы» шешімінің күші жойылсын.