О регламенте Карасуского районного маслихата Күшін жойған

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 06.07.2004. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қарасу аудандық мәслихатының регламенті туралы Қарасу аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Қарасу аудандық мәслихатының регламенті бекітілсін (қоса беріледі).
Тармақ 2
2. "Қарасу аудандық мәслихатының регламенті туралы" Қарасу аудандық мәслихатының 2003 жылғы 24 желтоқсандағы № 17 шешімінің күші жойылсын.
Басқа 3. Қарасу аудандық мәслихатының РЕГЛАМЕНТІ
Қарасу аудандық мәслихатының 2004 жылғы 7 шілдедегі № 41 шешімімен бекітілген Қарасу аудандық мәслихатының РЕГЛАМЕНТІ Аудандық мәслихаттың регламенті мәслихат сессиясын еткізу, олардың органдарын қалыптастыру және қызметтерін ұйымдастырудың тәртібін мен шарттарын, сондай-ақ депутаттардың өкілеттігін белгілейді.
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Қарасу аудандық мәслихаты - ауданның халқы сайлайтын, халықтың еркін білдіретін және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес оны іске асыру үшін қажетті шараларды белгілейтін және олардың жүзеге асырылуын бақылайтын жергілікті өкілді орган.
Тармақ 2
2. Мәслихаттың қызметі Қазақстан Республикасы Конституциясымен, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» заңдарымен, басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік - құқықтық актілерімен және осы Регламентпен реттеледі.
Тармақ 3
3. Мәслихат аппараты мәслихат пен оның органдарын ұйымдастырушылық, құқықтық, материалдық - техникалық және өзге де қамтамасыз етуді жүзеге асырады, сондай ақ депутаттарға әздерінің өкілеттігін іске асыруын көмек көрсетеді.
Тармақ 4
4. Мәслихаттың кеңсе істерін жүргізу мен мәслихатқа келіп түсетін хат - хабар алмасуды өңдеу аппаратқа жүктеліп, Қазақстан Республикасының «Әкімшілік рәсімдер туралы» Заңының жөне Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік - құқықтық актілерінің талаптарына сәйкес іске асырылады.
Тармақ 5
5. Мәслихат хатшысы осы Регламенттің сақталуын қамтамасыз етеді.
Тарау 2. 2. Жұмыстарды жоспарлау
2. Жұмыстарды жоспарлау
Тармақ 6
6. Аудандық мәслихат өз жұмысын перспективалық (жылдық) жоспар негізінде жүргізеді. Жоспардың жобасы келесі тәртіпте қалыптасады: депутаттар, тұрақты комиссиялар, аудан әкімі, сессия жөне тұрақты комиссиялардың қарауына жататын мәселелер бойынша аудандық мәслихаттың хатшысына, сондай - ақ, негізгі іс-шаралар мен өткен жылға жоспарланған жылдың 1 желтоқсан айына дейінгі депутаттарды оқыту бойынша оз ұсыныстарын енгізеді. Перспективті жоспардың жобасы жаңа жылдың басында құралып,, барлық депутаттарға зерделеуге жөне ұсыныстар енгізуге ұсынылады.
Тармақ 7
7. Аудандық мәслихаттың жұмыс жоспары, қатысып отырған депутаттардың жалпы санының көпшілік даусымен мәслихат сессиясында бекітіледі. Кезекті сессияларда жоспарға өзгертулер негізілуі мүмкін. Бекітілген жоспар аудандық мәслихаттың депутаттарына, сондай - ақ, керек болған жағдайда, атқарушы органдардың басшыларына, және басқа да лауазымды тұлғаларға жіберіледі.
Тарау 3. 3. Аудандық мәслихаттың сессиясын шақыру, дайындау және әзірлеу тәртібі
3. Аудандық мәслихаттың сессиясын шақыру, дайындау және әзірлеу тәртібі
Тармақ 8
8. Мәслихат қызметінің негізгі нысаны болып, заң құзырына жататын мәселелерді шешетін сессия болып табылады.
Тармақ 9
9. Жаңадан сайланған мәслихаттың бірінші сессиясын осы мәслихат үшін белгіленген депутаттар санының кемінде төрттен үші болған ретте, мәслихат депутаттары тіркелген күннен бастап отыз күн мерзімінен кешіктірмей, тиісті аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы шақырады.
Тармақ 10
10. Мәслихаттың кезекті сессиясы кемінде жылына төрт рет шақырылады және оны мәслихат сессиясының төрағасы жүргізеді.
Тармақ 11
11. Мәслихаттың кезектен тыс сессиясын аудандық мәслихатқа сайланған депутаттар санының кемінде үштен бірінің, сондай - ақ аудан әкімінің ұсынысы бойынша мәслихат сессиясының төрағасы шақырады және жүргізеді. Кезектен тыс сессия оны өткізу туралы шешім қабылданған күннен бастап бес күн мерзімнен кешіктірілмей шақырылады. Кезектен тыс сессияда оны шақыруға негіз болған ерекше мәселелер қаралуы мүмкін.
Тармақ 12
12. Мәслихат хатшысы мәслихат сессиясын шақыру уақыты мен өткізілетін орны туралы, сондай - ақ сессияның қарауына енгізілетін мәселелер туралы депутаттарға, халыққа және өкімге - сессияға кемінде он күн қалғанда, ал кезектен тыс сессия шақырылған жағдайда кемінде үш күн бұрын хабарлайды. Мәслихат хатшысы сессияның қарауына енгізілетін мәселелер бойынша қажетті материалдарды депутаттарға жөне өкімге -сессияға кемінде бес күн қалғанда, ал кезектен тыс сессия шақырылған жағдайда кемінде үш күн қалғанда табыс етеді.
Тармақ 13
13. Мәслихат сессиясы жалпы отырыс нысанында өткізіледі.
Тармақ 14
14. Мәслихаттың бірінші сессиясын тиісті сайлау комиссиясының төрағасы ашады жөне мәслихат сессиясының төрағасы сайланғанға дейін жүргізеді. Одан өрі мәслихат сессиясын мәслихат сессиясының төрағасы жүргізеді.
Тармақ 15
15. Егер мәслихат депутаттары жалпы санының кемінде үштен екісі мәслихат сессиясына қатысса, ол заңды болады. Шешімдер сессияға қатысып отырған депутаттардың жалпы санының көпшілік даусымен қабылданады. Депутат сессияға қатысуға міндетті, ал егер сессия жұмысына қатысуға мүмкін болмаған жағдайда, ол бүл туралы сессия төрағасын, мәслихат хатшысын немесе аудандық мәслихаты аппаратыны хабардар етеді.
Тармақ 16
16. Мәслихат сессиясы төрағасының шақыруы бойынша, жергілікті атқарушы органдар басшылары, облыс, аумағында орналасқан ұйымдардың басшылары мен өзге де лауазымды тұлғалары мәслихат сессиясына келуге жөне мәслихаттың құзырына жататын мәселелер бойынша ақпараттар беруге міндетті.
Тармақ 17
17. Мәслихат сессиясы, әдетте, ашық сипатта болады. Мәслихат сессиясы төрағасының немесе мәслихат сессиясына қатысып отырған депутаттар санының үштен бірінің ұсынысы бойынша қабылданатын мәслихат шешімімен, егер қатысып отырған депутаттардың жалпы санының көпшілігі осы үшін дауыс берсе, жабық сессия өткізуге жол беріледі.
Тармақ 18
18. Баяндама және қосымша баяндама уақытын, баяндамашымен келісім бойынша сессия төрағасы белгілейді. Жарыс сөзде, сез алушыларға жеті минутқа дейін, басқа уақыт ерекше ескертіледі; сауал беру - бес минутқа дейін, кандидатураны талқылау, отырыстарды жүргізу тәртібі дауыс беру, сұрақтар, ұсыныстар, хабарламалар, анықтамалар бойынша - үш минутқа дейін. Қажетті жағдайда сессия төрағасы депутаттардың келісімімен сөз алушылар мен баяндамашылар уақытын ұзартуы мүмкін.
Тармақ 19
19. Сессия жұмысындағы үзілісті сессияның төрағасы өз еркінімен немесе қатысып отырған депутаттардың жалпы санының көпшілігі ұсынысы бойынша жарияланады. Сессияның ұзақтығын мәслихат белгілейді. Сессия жұмысында мәслихат шешімі бойынша мәслихат белгілеген он бес күнтізбелік күннен аспайтын мерзімге, істің жағдайын қосымша зерттеу, құжаттарды пысықтау үшін және (немесе) басқа да себептер бойынша үзіліс жасалуы мүмкін.
Тармақ 20
20. Сессияда қаралатын мәселелерді сессия төрағасы, тұрақты комиссиялар, депутаттық топтар, депутаттар және аудан әкімі ұсынады. Күн тәртібінің ұсыныстарын аудандық мәслихат сессияларының төрағасына, билік және басқару органдарына, азаматтардың, аумақтық өкілдерінің жиналыстарына, қоғамдық ұйымдарға ұсынады.
Тармақ 21
21. Мәслихат сессиясының төрағасы сессия отырысын ашады және жабады, баянадама жасауға және сөйлеуге сез береді, шешімдердің жобаларына дауыс беруді ұсынады, дауыс берудің нәтижелерін хабарлайды, президиумға келіп түскен мәселелерді, ұсыныстарды жөне өтініш, арыздарды жариялайды. Сессия президиумында төрағадан басқа аудан мәслихатының хатшысы, аудан әкімі, сессия шешімімен басқа да тұлғалар болады.
Тармақ 22
22. Депутат бір мәселе бойынша екіден артық емес сез алады, бірақ екінші рет - үш минуттан артық емес. Жарыс сөзде сөз беру өтініші сессия төрағасына жазбаша түрде де, ауызша да беріледі. Тұрақты комиссияның тапсырмасы бойынша сессияда сөз алған депутатқа, сессияда сөз кезектен тыс беріледі. Сессияда сез алушы өз сөзінде әдепсіз ойларды қолданбау керек, ондай болмаған жағдайда, сессия төрағасы ескертуден кейін, оны сез сөйлеуден айыруға құқылы.
Тармақ 23
23. Жарыс сезді тоқтату, сессияда қатысып отырған депутаттардың ашық дауыс беру арқылы сессия шешеді.
Тармақ 24
24. Депутат әр мәселе бойынша дауыс беруде бір ғана дауысқа ие және оны «иә» немесе «қарсы» дауыс береді, не дауыс беруден қалыс қалады. Дауыс беріліп еткен процедурада қателік анықталған жағдайда сессия шешімімен қайта дауыс беру жүргізіледі.
Тарау 4. 4. Мәслихат актілерін дайындау және ресімдеу тәртібі
4. Мәслихат актілерін дайындау және ресімдеу тәртібі
Тармақ 25
25. Мәслихаттың өз құзыретіндегі мәселелер бойынша шығаратын шешімдері мәслихаттың актілері болып табылады.
Тармақ 26
26. Мәслихат ез қызметінде:
Тармақша 1
1) жалпы мемлекеттік сыртқы және ішкі саясатқа, қаржы және инвестициялық саясатқа сәйкес келмейтін шешімдердің қабылдануына жол бермеуге;
Тармақша 2
2) ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде Қазақстан Республикасының мүдделерін сақтауға;
Тармақша 3
3) қызметтің қоғамдық маңызы бар салаларында белгіленген жалпы мемлекеттік стандарттарды ұстануға;
Тармақша 4
4) азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерінің сақталуын қамтамасыз етуге міндетті.
Тармақ 27
27. Мәслихатқа Қазақстан Республикасының шегінде бірыңғай еңбек рыногын, капиталды, қаржыны қалыптастыруға, тауарлар мен қызмет көрсетуді еркін алмасуға кедергі келтіретін шешімдер қабылдауға тыйым салынады.
Тармақ 28
28. Мәслихаттың жергілікті бюджет кірістерін қысқартуды немесе жергілікті бюджет шығыстарын ұлғайтуды көздейтін шешімдерінің жобалары әкімнің оң қорытындысы болған жағдайда ғана қарауға енгізілуі мүмкін.
Тармақ 29
29. Мәслихаттың өз құзыреті шегінде және азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты шешімдерін заңдарда белгіленген тәртіпте ресми жариялануға тиіс және ол облыс аумағында орындалуға міндетті.
Тармақ 30
30. Мәслихаттың жалпыға бірдей міндетті маңызы бар, ведомствоаралық сипаттағы немесе азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты шешімдерін заңдарда белгіленген тәртіпте облыстық әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуіне жатады.
Тармақ 31
31. Мәслихаттың Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына сәйкес келмейтін шешімдерін мәслихаттың өзінің жоюы не сот тәртібімен жойылуы мүмкін.
Тармақ 32
32. Қазақстан Республикасының «Нормативтік құқықтық актілер туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы» заңдардың жөне осы Регламент талаптарына сәйкес мәслихат шешімінің жобаларын дайындауды мәслихаттың тұрақты комиссиялары, атқарушы, органдар мен аудандық мәслихаттың аппараты іске асырады. Жобалар мүдделі органдармен келісіліп, бірінші басшылардың немесе оларды алмастыратын тұлғалардың қол қойылған ретте мемлекеттік жөне орыс тілдерінде ұсынылады.
Тармақ 33
33. Қаралатын мәселелерден туындайтын жобалар міндетті түрде, атқарушы органдар мен мүдделі жақтардың құзыреті шегінде келісіледі.
Тармақ 34
34. Жобаларды өз уақытында, сапалы әзірлеу жөне мәслихатқа жобаларды белгіленген мерзімде ұсыну, сондай - ақ мемлекеттік жөне орыс тілдеріндегі жоба мәтіндердің тұпнұсқалығы үшін, әзірлеуді дайындаған органның бірінші басшысы жауапкершілікте болады.
Тармақ 35
35. Мәслихат хатшысының бұрыштамасы қойылған жоба, сессия отырысының күн тәртібінде қаралатын мәселені енгізу үшін мәслихат аппаратына немесе әзірлеушіге жобаны пысықтау жөне (немесе) қосымша келісу үшін жіберіледі.
Тармақ 36
36. Мәслихат шешіміне сессия төрағасы мен мәслихат хатшысы қол қояды.Қол қойылған актіге түзетулер енгізуге жол берілмейді. Сессия шешімдері, депутаттардың бекіту уақытында ұсынған ескертулері мен ұсыныстары үш күндік мерзім ішінде редакцияланады. Әділет органында тіркеуге жататын мәслихаттың шешімдері, ресми баспаларда жарияланады жөне олар тіркелгеннен кейін адресат бойынша жіберіледі. Мәслихат шешімдерінің өз уақытында тіркеу мен жіберу үшін мәслихат аппаратына жауап береді. Сессия хаттамасы мәслихат аппаратымен ресімделеді.
Тарау 5. 5. Сессия төрағасы және мәслихат хатшысы
5. Сессия төрағасы және мәслихат хатшысы
Тармақ 37
37. Мәслихат сессиясының төрағасы - мәслихат депутаттарының арасынан сайланатын, мәслихаттың лауазымды адамы.
Тармақ 38
38. Мәслихаттың жұмыс жоспарына орай, мәслихаттың кезекті сессиясының төрағасы мәслихаттың алдыңғы сессиясында сайланады. Сессияның төрағасы болмаған жағдайда оның өкілеттігін мәслихат хатшысы жүзеге асырады. Мәслихат депутаты мәслихат сессиясының төрағасы болып күнтізбелік жыл ішінде екі реттен артық сайлана алмайды.
Тармақ 39
39. Мәслихат сессиясының төрағасы:
Тармақша 1
1) мәслихат сессиясын шақыру туралы шешім қабылдайды;
Тармақша 2
2) мәслихат сессиясын әзірлеуге басшылық жасауды жүзеге асырады, сессияның күн тәртібін қалыптастырады;
Тармақша 3
3) мәслихат сессиясының отырысын жүргізеді, мәслихат регламентінің сақталуын қамтамасыз етеді;
Тармақша 4
4) мәслихаттың сессиясында қабылданған немесе бекітілген мәслихаттың шешіміне, хаттамаларға, өзге де құжаттарға қол қояды.
Тармақ 40
40. Кезекті сессияның төрағасы депутаттардың үштен бірінің, сондай - ақ өкімнің ұсынысы бойынша мәслихаттың кезектен тыс сессиясын шақыру туралы шешім қабылдайды. Аудандық мәслихаттың хатшысы кезектен тыс сессияны ашады жөне мәслихаттың кезектен тыс сессия төрағасын сайлағанға дейін сессияны жүргізеді.
Тармақ 41
41. Мәслихат сессияның төрағасы ез өкілеттілігін басқа жұмыстан босатылмаған негізде жүзеге асырады.
Тармақ 42
42. Мәслихат сессиясында дауыс беру кезінде депутаттардың дауысы тең бөлінген жағдайда, мәслихат сессиясының төрағасы шешуші дауыс құқығын пайдаланады.
Тармақ 43
43. Мәслихаттың хатшысы тұрақты негізде жұмыс істейтін лауазымды адам болып табылады.
Тармақ 44
44. Мәслихат хатшысы:
Тармақша 1
1) мәслихат сессиясын жөне оның қарауына енгізілетін мәселелерді әзірлеуді ұйымдастырады, хаттама жасалуын қамтамасыз етеді жөне сессия төрағасымен бірге мәслихат сессиясында қабылданған немесе бекітілген шешімдерге, езге де құжаттарға қол қояды;
Тармақша 2
2) мәслихат депутаттарының өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына жәрдемдеседі, оларды қажетті ақпаратпен қамтамасыз етеді, депутаттарды мәслихат сессияларына, оның тұрақты комиссияларының жөне өзге де органдарының жұмысына жөне сайлау округтеріндегі жұмысқа қатысуы үшін қызметтік міндеттерін орындаудан босатуға байланысты мәселелерді қарайды;
Тармақша 3
3) депутаттар сауалдарының және депутаттық өтініштерінің қаралуын бақылайды;
Тармақша 4
4) мәслихат аппаратының қызметіне басшылық жасайды, оның қызметшілерін қызметке тағайындайды жөне қызметтен босатады;
Тармақша 5
5) сайлаушылар өтініштері туралы жөне олар бойынша қабылданған шаралар туралы мәслихатқа ұдайы ақпарат беріп отырады;
Тармақша 6
6) мәслихаттың жергілікті өзін - әзі басқару органдарымен өзара іс - қимылын ұйымдастырады;
Тармақша 7
7) өз құзыретіндегі мәселелер бойынша өкімдер шығарады;
Тармақша 8
8) мәслихаттың тұрақты комиссиялары мен езге де органдарының және депутаттық топтардың қызметін ұйымдастырады;
Тармақша 9
9) мемлекеттік органдармен, ұйымдармен, жергілікті өзін - өзі басқару органдарымен және қоғамдық бірлестіктермен қарым - қатынастарда мәслихат атынан өкіл болады;
Тармақша 10
10) мәслихат шешімдерінің жариялануын қамтамасыз етеді, олардың орындалуына бақылау жасау жөніндегі іс - шараларды белгілейді;
Тармақша 11
11) мәслихат шешімі бойынша өзге де міндеттерді орындайды.
Тармақ 45
45. Мәслихаттың хатшысы болмаған кезде оның өкілеттігін мәслихат сессиясы төрағасының шешімі бойынша мәслихат тұрақты комиссияларының бірінің торағасы уақытша жүзеге асырады.
Тарау 6. 6. Аудандық мәслихаттың комиссиялары
6. Аудандық мәслихаттың комиссиялары
Тармақ 46
46. Мәслихат ез өкілеттігі мерзіміне тұрақты комиссиялар құрады. Қажет болған жағдайда, мәслихат тұрақты комиссияларды жаңадан құрып, таратып жөне қайта ұйымдастыра алады. Тұрақты комиссиялар өз жұмысын мәслихат сессиясында бекітілген перспективалық жоспар негізінде құрады.
Тармақ 47
47. Тұрақты комиссиялардың тізбесі мен сан құрамын мәслихат белгілейді. Тұрақты комиссиялардың төрағалары мен мүшелерін өз депутаттары арасынан тиісті мәслихат сайлайды.
Тармақ 48
48. Тұрақты комиссиялар өздерін сайлаған мәслихат алдында жауапты және жылына бір рет ез қызметі туралы есеп береді.
Тармақ 49
49. Тұрақты комиссиялар:
Тармақша 1
1) аталған мәслихат сессиясының күн тәртібі бойынша, сондай-ақ мәслихат сессиясында қаралатын кез келген мәселе бойынша мәслихатқа, мәслихат сессиясының төрағасына, мәслихат хатшысына ұсыныс енгізуге;
Тармақша 2
2) өздерінің құзырына жататын әрі мәслихат сессиясының қарауына енгізілген мәселелер бойынша қорытындылар беруге;
Тармақша 3
3) өздерінің құзырына жататын мәселелер бойынша мәслихат сессияларында баяндамалар мен қосымша баяндамалар ұсынуға;
Тармақша 4
4) әз құзыреті шегінде сессияда жергілікті атқарушы органдар басшыларының есептерін тыңдау туралы мәслихатқа ұсыныс енгізуге;
Тармақша 5
5) комиссияның жұмысына мәслихаттың басқа да депутаттарын , сондай-ақ мемлекеттік органдар, ұйымдар, жергілікті өзін-өзі басқару органдары өкілдерін жөне азаматтарды тартуға құқылы.
Тармақ 50
50. Әкімият, орталық атқарушы органдардың жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын аумақтық бөлімшелерінің, атқарушы органдардың лауазымды адамдары, ұйымдар белгіленген тәртіпте тұрақты комиссияларға олардың құзыретіндегі мәселелер бойынша қажетті ақпарат беруге міндетті.
Тармақ 51
51. Тұрақты комиссиялардың отырысы қажеттілігіне қарай шақырылады және егер отырысқа олардың құрамына кіретін депутаттар санының жартысынан астамы қатысса, заңды болып есептеледі.
Тармақ 52
52. Мәслихаттың тұрақты комиссиялары ез құзыретіндегі мәселелер бойынша қаулылар қабылдайды. Тұрақты комиссиялардың қаулысы комиссия мүшелері жалпы санының көпшілік даусымен қабылданады. Комиссияның отырысында дауыс беру кезінде депутаттардың дауысы тең бөлінген жағдайда, тұрақты комиссияның төрағасы шешуші дауыс құқығын пайдаланады. Тұрақты комиссияның қаулысы мен отырыстың хаттамасына оның төрағасы қол қояды, ал бірнеше тұрақты комиссияның бірлескен отырысы өткізілген жағдайда, тиісті комиссиялардың төрағалары қол қояды.
Тармақ 53
53. Тұрақты комиссиялар өз бастамасы бойынша немесе мәслихат шешімі бойынша көпшіліктік тыңдаулар өткізе алады. Көпшіліктік тыңдаулар депутаттардың, атқарушы органдар, өзін-өзі басқару органдары, ұйымдар, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің, азаматтардың қатысуымен осы комиссиялардың кеңейтілген отырыстары түрінде тұрақты комиссияның қарауына жататын мейлінше маңызды жөне қоғамдық мәні бар мәселелерді талқылау мақсатында өткізіледі.
Тармақ 54
54. Көпшіліктік тыңдаулар мәслихаттың кезекті сессиясының күн тәртібіне кіргізілетін мәселерді дайындау барысында өткізіліп, хал - ахуалды мейлінше толық зерттеу, тыңдауға қатысушылардың есебін жөне ойларын жинақтап қорыту жөне мәслихат шешімінің жобасы бойынша ұсынымдар енгізу мақсатында өткізіледі.
Тармақ 55
55. Көпшіліктік тыңдаулардың еткізілетін орны мен уақыты жөне талқылауға енгізілген мәселелер туралы аудандық мәслихаттың хатшысы тыңдаудан 10 күн бұрын депутаттар мен тұрғындарға хабарлайды.
Тармақ 56
56. Мәслихаттың құзырына жатқызылған мәселелерді сессияларда қарауға әзірлеу мақсатында мәслихат не мәслихат хатшысы уақытша комиссиялар құруға құқылы. Уақытша комиссиялардың құрамын, міндеттерін, өкілеттік мерзімдерін жөне құқықтарын мәслихат немесе мәслихат хатшысы оларды құру кезінде белгілейді. Мәслихаттың уақытша комиссиялары өз құзыретіндегі мәселелер бойынша қорытындылар қабылдайды. Уақытша комиссия жұмысына қатысқаны үшін ақы төленбейді.
Тармақ 57
57. Мәслихат жергілікті бюджеттің атқарылуын бақылау үшін өз өкілеттігі мерзіміне тексеру комиссиясын сайлайды. Тексеру комиссиясы мүшелерінің санын мәслихат белгілейді. Тексеру комиссиясының төрағасын мәслихат депутаттар арасынан сайлайды. Аудандық мәслихаттардың тексеру комиссиясының төрағасы өз қызметін басқа жұмыстан босатылған негізінде жүзеге асырады. Тексеру комиссиясының жұмысына мәслихат депутаты емес адамдар да шарт негізінде тартылуы мүмкін. Тексерулер мәслихаттың, тексеру комиссиясының не мәслихат хатшысының шешімдерімен, мәслихаттың сайланған депутаттары санының кемінде үштен бірінің талап етуі бойынша, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген өзге де жағдайларда жүргізілуі мүмкін. Тексеру нәтижесі бойынша тексеру комиссиясы акт жасап, өл туралы мәслихат пен әкімиятқа хабарлайды. Тексеру комиссиясының өкілеттігі мен жұмыс тәртібі мәслихат сессиясымен бекітілген аудандық мәслихаттың тексеру комиссиясының Ережесімен белгіленеді.
Тарау 7. 7. Аудандық мәслихаттың депутаты
7. Аудандық мәслихаттың депутаты
Тармақ 58
58. Депутат:
Тармақша 1
1) мәслихаттың жөне өзі құрамына сайланған оның органының жұмысына қатысуға;
Тармақша 2
2) өз округі сайлаушыларымен тұрақты байланыс жасауға, оларға мәслихаттың жұмысы, оның тұрақты комиссиялары мен езге де органдарының қызметі, мәслихат шешімдерінің орындалуы туралы ұдайы хабарлап отыруға, мәслихат шешімдерінің орындалуын ұйымдастыруға жөне бақылау жасауға қатысуға;
Тармақша 3
3) сайлаушылардың езіне келіп түскен өтініштерін қарауға, азаматтарды жеке қабылдауды ұдайы жүргізуге міндетті. Мәслихат депутаты жалпы мемлекеттік мүдделерді ескере отырып, тиісті әкімшілік аумақтық бөліністегі халықтың еркін білдіреді. Мәслихат депутатының өкілеттігі тиісті аумақтық сайлау комиссиясы оны депутат ретінде тіркелген кезден басталып, мәслихат өкілеттігі тоқталған кезден бастап тоқтайды.
Тармақ 59
59. Депутат өз міндеттерін жүйелі түрде орындамаса, оның ішінде мәслихат сессиясының жалпы отырыстарына дәлелді себептерсіз қатарынан үш реттен артық қатыспаса, депутаттық өкілеттілігі мерзімінен бұрын тоқтатылады.
Тармақ 60
60. Депутат:
Тармақша 1
1) сайлауға жөне мәслихат сессиясының төрағасы, мәслихат хатшысы, тексеру комиссиясының төрағасы, тұрақты комиссияның төрағасы немесе мүшесі болып сайлануға, мәслихаттың өзге де органдарына сайлануға;
Тармақша 2
2) мәслихат сессиясы мен оның тұрақты комиссияларында жөне өзге де органдарда қарау үшін мәселелер ұсынуға, оларды қарауға жөне шешімдер қабылдауға қатысуға;
Тармақша 3
3) тиісті мәслихаттың аумағында орналасқан жергілікті атқарушы органдар мен ұйымдарға мәслихаттың құзыретіне жатқызылатын мәселелер бойынша сауалдар жөне жолданымдар жіберуге;
Тармақша 4
4) сессияда тиісті мәслихат аумағында орналасқан жергілікті атқарушы орган мен ұйымдардың лауазымды адамдары мәслихаттың құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша есептерін тыңдау туралы ұсыныстар енгізуге;
Тармақша 5
5) әкімият отырыстарының жұмысына қатысуға;
Тармақша 6
6) мәслихат пен оның органдары отырыстарының стенограммаларымен жөне хаттамаларымен танысуға;
Тармақша 7
7) саяси партиялардың депутаттық тобы түрінде депутаттық бірлестіктер құруға. Саяси партияның депутаттық тобы мәслихаттың кемінде бес депутатын біріктіруге тиіс. Саяси партиялардың депутаттық тобын тіркеу мәслихат сессиясында жүзеге асырылады;
Тармақша 8
8) заңдарда жөне мәслихат регламентіңде көзделген езге де іс-әрекеттерді жүзеге асыруға құқылы.
Тармақ 61
61. Депутаттық қызметтің мәселелері бойынша депутат мемлекеттік органдарда, қоғамдық бірлестіктерде, мемлекеттік мекемелерде, сонымен қатар олардың басшыларының жөне лауазымды тұлғалардың міндетті қабылдауында кедергісіз болуына құқығы бар.
Тармақ 62
62. Депутат регламентте белгіленген тәртіппен мәслихат сессияларын, тұрақты комиссияларының жөне өзге де органдарының отырыстарын өткізу кезеңінде, депутаттық өкілеттіктерді жүзеге асыру уақытында оған негізгі жұмыс орны бойынша жергілікті бюджеттің қаражаты есебінен орташа жалақысы, бірақ осы қызметте бір жылға дейінгі жұмыс стажы бар тиісті әкімшілік-аумақтық бөлініс әкімі аппараты басшысының жалақысынан аспайтын мөлшерде жөне жол жүру уақыты ескеріліп, сессиялар өтетін мерзімдегі іссапар шығыстары өтеле отырып, қызметтік міндеттерін орындалудан босатылады.
Тарау 8. 8. Депутаттық сауал. Бақылау өкілеттігін іске асыру
8. Депутаттық сауал. Бақылау өкілеттігін іске асыру
Тармақ 63
63. Депутаттық сауал депутаттың мәслихат сессиясында мемлекеттік органның немесе лауазымды тұлғаның құзыретіне кіретін мәселе бойынша мемлекеттік органның лауазымды тұлғасына мәслихат сессиясында түсініктеме немесе өз көзқарасын білдіруге қойған талабы. Депутат қойылған сауалда өзі жүгініп отырған нақты лауазымды тұлғаны және күтілетін жауаптың (ауызша немесе жазбаша) нысанын көрсетуі міндетті. Мәслихат аппараты сауалдың сессияда жария етілген уақытынан бастап үш күн мерзім ішінде тиісті мемлекеттік органның лауазымды тұлғасына жазбаша сауал жібереді. Депутаттық сауал аудандық мәслихаттың сессиясында келесі тәртіп бойынша қаралады:
Тармақша 1
1) депутаттың сауалмен сөйлеген сөзі - 5 минутқа дейін;
Тармақша 2
2)депутаттық сауалға лауазымды тұлғаның жауабы - 15 минутқа дейін. Сауалға жауап беру бойынша ашық жарыс сөз болуы мүмкін. Сауалдың жауабын тыңдаған соң депутаттық сауал авторы, сондай - ақ, басқа да депутаттар сауалдағы қойылған проблема бойынша сұрақтар қоя алады. Лауазымды тұлғаға қойылған депутаттық сауал бойынша депутаттардың сұрақтарына жауаптар 10 минутқа дейін беріледі. Депутаттық сауалға жауаптың және оны талқылаудың нәтижесі бойынша сессия шешімі қабылданады. Сауалға және оған жауаптар бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануы мүмкін.
Тармақ 64
64. Аудандық мәслихаттың шешімдерін орындауға бақылауды мәслихат хатшысы іске асырады. Осыған мәслихат депутаттары және тұрақты комиссиялар да жәрдемдеседі. Атқарушы органдардың басшылар мен ведомстволар мен ұйымдардың лауазымды тұлғалары сессия шешімдерін іске асыру бойынша есеп береді.
Тармақ 65
65. Сессияда қаралған мәселелер бойынша депутаттардан келіп түскен ұсыныстар мен ескертулерді мәслихат аппараты жинақтап қорытылады және қабылданған шара бойынша ақпаратты мәслихат хатшысына бір айлық мерзім ішінде беруге міндетті атқарушы органдардың, кәсіпорындар мен ұйымдардың басшыларына жіберіледі.
Тармақ 66
66. Аудандық мәслихаттың шешімдерін, депутаттардың және сайлаушылардың сауалдарын, өтініштерін орындау барысы туралы мәслихат хатшысы депутаттарды сессияда тұрақты түрде ақпарат береді.
Тармақ 67
67. Аудандық мәслихатқа келіп түсетін хаттар тіркеледі. Орындаушыларға нұсқаулар, тәртіп бойынша, мәслихат хатшысының бұрыштама нысанында беріледі. Азаматтардың өтініштері мәслихатқа түскен.күннен бастап бір айға дейінгі мерзімде, ал қосымша зерделеу мен талап етілмейтіндері 15 күннен кешіктірілмей қаралып, солар бойынша шешімдер қабылданады. Қосымша тексеру қажет болған жағдайда мәслихат хатшысы өтінішті қаралу мерзімін ұзартуы мүмкін, бірақ ол бір айдан аспауға тиіс, бүл жөнінде азамат хабардар етіледі. Қойылған мәселелер мәслихаттың құзырына жатпайтын өтініштер 5 күн мерзімнен кешіктірілмей тиісті органдарға жіберіледі, бүл жөнінде азамат хабардар етіледі.
Тармақ 68
68. Азаматтарды жеке қабылдауды әр жұманың бірінші жартысында мәслихат хатшысы жүргізеді. Азаматтарды кәсіпорындарда және ұйымдарда жеке кесте бойынша жүргізіледі.
Тарау 9. 9. Аудандық аумақтық, Қарасу аудандық мәслихатының депутаттарын сайлау бойынша округтік және учаскелік сайлау комиссияларын құру және сайлау
9. Аудандық аумақтық, Қарасу аудандық мәслихатының депутаттарын сайлау бойынша округтік және учаскелік сайлау комиссияларын құру және сайлау
Тармақ 69
69. Сайлау комиссияларының жаңа құрамын құру және сайлау - сайлау комиссиялары өкілеттіктерінің мерзімі аяқталғанға дейін екі ай бұрын басталады және кемінде үш күн қалғанда аяқталады.
Тармақ 70
70. Бұқаралық ақпарат құралдарында, сайлау комиссияларының құрылғандығы туралы хабарлама жарияланғанға дейін кемінде үш күн қалғанда облыстық мәслихаттың хатшысы оз өкімімен депутаттардан және аппарат қызметшілерінен тұратын сайлау комиссияларының құрамын құру жөніндегі Уақытша комиссия құрады.
Тармақ 71
71. Уақытша комиссия саяси партиялардан және қоғамдық бірлестіктерден, олардың құрылымдық бөлімшелерінен, жоғары тұрған комиссиялардан құрылатын комиссия құрамына кандидатуралар келіп түсетін ұсыныстарды жинаумен және өңдеумен айналысады. Әрбір саяси партия тиісті сайлау комиссиясының құрамына өзінің бір өкілін ұсынады. Саяси партиялар, сондай-ақ олардың құрылымдық бөлімшелері осы саяси партияның мүшесі болып табылмайтын кандидатураларды да ұсынуға құқылы. Саяси партиялардың және өзге де қоғамдық бірлестіктердің, жоғары тұрған комиссиялардың Уақытша комиссияға ұсынатын құжаттардың тізбесіне төмендегілер кіреді:
Тармақша 1
1) саяси партияны және өзге де қоғамдық бірлестікті, олардың құрылымдық бөлімшелерін әділет органдарында тіркеу туралы құжаттың көшірмесі;
Тармақша 2
2) саяси партияның жөне өзге де қоғамдық бірлестікті, олардың құрылымдық бөлімшелерінің органы, жоғары тұрған сайлау комиссиялары отырысының кандидаты тиісті сайлау комиссиясына ұсыну туралы хаттамасынан көшірме;
Тармақша 3
3) жеке іс парағы әр кандидатқа мына нысан бойынша: тегі, аты, әкесінің аты, туған жері, ұлты (көрсетпеуге құқылы), білімі, партияға мүшелігі (көрсетпеуге құқылы), жұмыс орны, қызметі, тұратын жері, паспорт (жеке басының куәлігі), №__, кім және қашан берілді, байланыс телефоны;
Тармақша 4
4) кандидаттың мәслихат атына жазылған сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісімі туралы өтініші.
Тармақ 72
72. Сайлау комиссиялары құрамының жобасын дайындау кезінде Уақытша комиссия бірінші кезекте саяси партиялардан келіп түскен ұсыныстарды басшылыққа алады, одан кейін, келіп түскен ұсыныстар жеті мүшеден кем болған жағдайда, басқа да қоғамдық бірлестіктердің және жоғары тұрған сайлау комиссияларының кандидатуралары есепке алынады.
Тармақ 73
73. Жаңа сайлау комиссияларының құрамына келіп түскен ұсыныстардың мерзімі аяқталған кезде Уақытша комиссия сессия шешімдерінің жобасын және сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау бойынша бюллетендер дайындайды.
Тармақ 74
74. Шешімдер және бюллетендердің жобалары бөлек дайындалынады:
Тармақша 1
1) аудандық аумақтық сайлау комиссиясы бойынша;
Тармақша 2
2) аудандық мәслихатқа депутаттарды сайлау жөнінде округтік сайлау комиссиялары бойынша;
Тармақша 3
3) учаскелік сайлау комиссиялары бойынша.
Тармақ 75
75. Саяси партиялардың, басқа да қоғамдық бірлестіктердің және жоғары тұрған сайлау комиссияларының, сайлау комиссиялары құрамына ұсынылған барлық кандидатуралар, олардан келіп түскен кезек бойынша шешімдердің және бюллетендердің жобасына енгізіледі және Уақытша комиссияның арнайы журналына тіркеледі.
Тармақ 76
76. Сайлау комиссияларының мүшелері көрсетілген бюллетендерді, сессияға қатысып отырған аудандық мәслихаттың барлық депутаттары алады және оларды жеке өздері толтырады. Дауыс берудің қорытындысын сессияда құрылған Есептеу комиссиясы шығарады. Есептеу комиссиясының сандық құрамы және төрағасы мәслихат сессиясында белгіленеді.
Тармақ 77
77. Саяси партиялардан тиісті сайлау комиссиясы мүшелерінің санына (жеті) тең ұсыныстар түскен жағдайда Уақытша комиссия мәслихат сессиясына осы комиссияның құрамына дауыс беру ұсынысын енгізеді. Сессияға қатысушы депутаттардың көпшілігі дауыс берген комиссия мүшелері сайланған болып саналады. Саяси партиялардан тиісті сайлау комиссиясының мүшелерінің санынан артық (жетіден артық) ұсыныс түскен кезде, Уақытша комиссия мәслихат сессиясына рейтингілік дауыс беруді ұсынады. Басқаларға қарағанда көпшілік дауыстар санын жинаған кандидатуралар сайланған болып саналады. Саяси партиялардан тиісті сайлау комиссиясы мүшелерінің санынан (жетіден кем) ұсыныс түскен кезде Уақытша комиссия бюллетеньдегі бос орынға басқа да қоғамдық бірлестіктерден келіп түскен кандидатуралар енгізіледі, ал егер аталған кандидатуралар болмаған жағдайда, жоғары тұрған сайлау комиссияларымен ұсынылады (тиісті келіп түсу кезектілігі тәртібінде). Бос орынға олардың санына тең ұсыныстар түскен жағдайда Уақытша комиссия мәслихат сессиясына осы комиссияның құрамына дауыс беру ұсынысын енгізеді. Бос орынға олардың санынан артық ұсыныс түскен кезде, Уақытша комиссия мәслихат сессиясында комиссия құрамына саяси партиялардың өкілдерін сайлауды ұсынады, ал бос орындарға рейтингілік дауыс беруді өткізуді ұсынады. Егер дауыс беру барысында сайлау комиссиясының құрамына ұсынылған кандидатуралар саны жетіге сәйкес болғанда, мәслихат депутаттары нақты бір кандидатураға қарсылығын білдірсе, ол сол саяси партияны не қоғамдық бірлестікті танытатын кандидатураға ауыстырылады. Бүл рәсімді бір реттен артық жүргізбеу ұсынылады.
Тармақ 78
78. Бюллетенге үміткерлердің аты, жөні, тегі, кандидатураның қандай саяси партиялар ұсынғаны (басқа да қоғамдық бірлестіктерден, жоғары тұрған сайлау комиссияларынан) енгізіледі. Бюллетенде кандидатуралар тектерінің оң жағында, депутаттар белгі қоятын квадраттар бейнеленеді. Депутаттар жеті квадратқа белгі қояды.
Тармақ 79
79. Дауыс берудің нәтижелерін мәслихаттың сессиясында Есептеу комиссиясы жариялайды.
Тармақ 80
80. Есептеу комиссиясының төрағасы сайлау комиссиясының төрағасын, орынбасарын жөне хатшысын сайлау жөніндегі сайлау комиссиясының ұйымдастырушылық отырысын өткізу мерзімі туралы жариялайды (оларды құрған уақыттан бастап жеті күн аралығынан кешіктірмей). Есептеу комиссиясының төрағасы сайлау комиссиясының ұйымдастырушылық отырысын жүргізетін сайлау комиссиясының мүшесі туралы жариялайды. Осы кандидатура саны жағынан ең кеп дауыс алғандығы бойынша анықталады. Депутаттар дауыстары тең болған жағдайда осы кандидатура бюллетенде орналасқан орны бойынша анықталады.
Тармақ 81
81. «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына сәйкес, мәслихат хатшысы бұқаралық ақпарат құралдарында тиісті сайлау комиссияларының құрамын жариялауды қамтамасыз етеді. Материалдар оған қосымшасымен басылымның бір нөмерінде басылуы керек.
Тармақ 82
82. «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында көрсетілген жағдайда, мәслихат тиісті сайлау комиссиясының мүшесін босату туралы және шығып кеткеннің орнына сайлау туралы шешім қабылдайды.Сайлау комиссиясы мүшесінің босаған қызметін ауыстыруға осы сайлау комиссиясына олардың өкілдері кірмейтін саяси партиялардан жөне өзге де қоғамдық бірлестіктерден ұсыныстар қабылданады.
Тармақ 83
83. Сайлау комиссияларын сессияда сайлағанда «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан' Республикасының Конституциялық заңынан туындаған негізге орай, мәслихаттар олардың бір ғана ұйымдардан құрылуына жол бермеуі керек, міндетті түрде тиісті әкімшілік - аумақтық бірліктің аумағында тұрып жатқаның міндетті түрде ескеруі қажет. Президенттікке, Парламенттің, мәслихаттардың депутаттығына, жергілікті езін - өзі басқару органдарының мүшелігіне кандидаттар, кандидаттардың сенім білдірген адамдары, кандидаттардың жұбайы (зайыбы) мен жақын туыстары, сондай - ақ кандидаттарға тікелей бағынышты адамдар сайлау комиссияларының мүшелері бола алмайды.
Тарау 10. 10. Қорытынды ережелер
10. Қорытынды ережелер Регламент мәслихат сессиясында қабылданған күннен бастап күшіне енеді. Мәслихат депутаттарымен Регламентке өзгерістер жөне толықтырулар енгізу туралы ұсыныстар түсуі мүмкін жөне егер сессияда қатысқан депутаттардың жартысынан артығы осыған дауыс берсе қабылданды деп есептеледі.