О Регламенте Узункольского районного маслихата Қолданыста

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.06.2004. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Ұзынкөл аудандық мәслихатының Регламенті туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-II Заңының 9-бабына және «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңына сәйкес Ұзынкөл аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Ұзынкөл аудандық мәслихатының Регламенті бекітілсін.
Тармақ 2
2. Ұзынкөл аудандық мәслихатының 2001 жылғы 3 желтоқсанындағы «Ұзынкөл аудандық мәслихатының Регламенті туралы» № 107 және Ұзынкөл аудандық мәслихатының 2004 жылғы 11 мамырдағы «Ұзынкөл аудандық мәслихатының 2001 жылғы 3 желтоқсанындағы «Ұзынкөл аудандық мәслихатының Регламенті туралы» № 107 шешіміне толықтырулар енгізу туралы» № 46 шешімдерінің күші жойылсын.
Басқа 3. Ұзынкөл аудандық мәслихатының РЕГЛАМЕНТІ
Ұзынкөл аудандық мәслихатының кезектен тыс сессиясының 2004 жылғы 1 шілдедегі № 61 шешімімен бекітілген Ұзынкөл аудандық мәслихатының РЕГЛАМЕНТІ Аудандық мәслихаттың регламенті мәслихат сессиясын өткізу, оның органдарын қалыптастыру және олардың қызметтерін ұйымдастырудың тәртіптері мен шарттарын, сондай - ақ депутаттардың өкілеттігін белгілейді.
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Ұзынкөл аудандық мәслихаты - ауданның халқы сайлайтын, халықтың еркін білдіретін және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес оны іске асыру үшін қажетті шараларды белгілейтін және олардың жүзеге асырылуын бақылайтын жергілікті өкілді орган.
Тармақ 2
2. Мәслихаттың қызметі Қазақстан Республикасы Конституциясымен, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» заңдарымен, басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерімен және осы Регламентпен реттеледі.
Тармақ 3
3. Мәслихат аппараты мәслихат пен оның органдарын ұйымдастырушылық, құқықтық, материалдық - техникалық және өзгеніде қамтамасыз етуді жүзеге асырады, сондай - ақ депутаттарға өздерінің өкілеттігін іске асыруын көмек көрсетеді.
Тармақ 4
4. Мәслихаттың кеңсе істерін жүргізу мен мәслихатқа келіп түсетін хат - хабар алмасуды өңдеу аппаратқа жүктеліп, Қазақстан Республикасының «Әкімшілік рәсімдер туралы» Заңының және Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актілерінің талаптарына сәйкес іске асырылады.
Тармақ 5
5. Мәслихат хатшысы осы Регламенттің сақталуын қамтамасыз етеді.
Тарау 2. 2. Жұмысты жоспарлау
2. Жұмысты жоспарлау
Тармақ 6
6. Аудандық мәслихат өз жұмысын перспективалық (жылдық) жоспар негізінде жүргізеді. Жоспардың жобасы келесі тәртіпте қалыптасады: депутаттар, тұрақты комиссиялар, аудан әкімі, сессия және тұрақты комиссиялардың қарауына жататын мәселелер бойынша аудандық мәслихаттың хатшысына, сондай - ақ, негізгі іс-шаралар мен депутаттарды оқыту бойынша өз ұсыныстарын жоспарланған жылдың алдындағы жылдың 1 желтоқсан айына дейін енгізеді. Перспективті жоспардың жобасы жаңа жылдың басына дейін құралып, барлық депутаттарға зерделеуге және ұсыныстар енгізуге ұсынылады.
Тармақ 7
7. Аудандық мәслихаттың жұмыс жоспары, қатысып отырған депутаттардың жалпы санының көпшілік даусымен мәслихат сессиясында бекітіледі. Кезекті сессияларда жоспарға өзгертулер енгізілуі мүмкін. Бекітілген жоспар аудандық мәслихаттың депутаттарына, сондай-ақ қажет болған жағдайда аудан әкіміне. селолық округтер әкімдеріне, атқарушы органдардың басшыларына және басқа да лауазымды тұлғаларға жіберіледі.
Тарау 3. 3. Аудандық мәслихаттың сессиясын шақыру, дайындау және әзірлеу тәртібі
3. Аудандық мәслихаттың сессиясын шақыру, дайындау және әзірлеу тәртібі
Тармақ 8
8. Мәслихат қызметінің негізгі нысаны сессия болып табылады, онда мәслихаттың қарауына заңдармен жатқызылған мәселелер шешіледі.
Тармақ 9
9. Жаңадан сайланған мәслихаттың бірінші сессиясын осы мәслихат үшін белгіленген депутаттар санының кемінде төрттен үші болған ретте, мәслихат депутаттары тіркелген күннен бастап отыз күн мерзімінен кешіктірмей, тиісті аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы шақырады.
Тармақ 10
10. Мәслихаттың кезекті сессиясы кемінде жылына торт рет шақырылады және оны мәслихат сессиясының төрағасы жүргізеді.
Тармақ 11
11. Мәслихаттың кезектен тыс сессиясын аудандық мәслихатқа сайланған депутаттар санының кемінде үштен бірінің, сондай - ақ аудан әкімінің ұсынысы бойынша мәслихат сессиясының торағасы шақырады және жүргізеді. Кезектен тыс сессия оны өткізу туралы шешім қабылданған күннен бастап бес күн мерзімнен кешіктірілмей шақырылады. Кезектен тыс сессияда оны шақыруға негіз болған ерекше мәселелер қаралуы мүмкін.
Тармақ 12
12. Мәслихат хатшысы мәслихат сессиясын шақыру уақыты мен өткізілетін орны туралы, сондай - ақ сессияның қарауына енгізілетін мәселелер туралы депутаттарға, халыққа және әкімге - сессияға кемінде он күн қалғанда, ал кезектен тыс сессия шақырылған жағдайда кемінде үш күн бұрын хабарлайды. Мәслихат хатшысы сессияның қарауына енгізілетін мәселелер бойынша қажетті материалдарды депутаттарға және әкімге - сессияға кемінде бес күн қалғанда, ал кезектен тыс сессия шақырылған жағдайда кемінде үш күн қалғанда табыс етеді.
Тармақ 13
13. Мәслихат сессиясы жалпы отырыс нысанында өткізіледі.
Тармақ 14
14. Мәслихаттың бірінші сессиясын тиісті сайлау комиссиясының торағасы ашады және мәслихат сессиясының төрағасы сайланғанға дейін жүргізеді. Одан әрі мәслихат сессиясын мәслихат сессиясының торағасы жүргізеді.
Тармақ 15
15. Егер мәслихат депутаттары жалпы санының кемінде үштен екісі мәслихат сессиясына қатысса, ол заңды болады. Шешімдер, сессияға қатысып отырған депутаттардың жалпы санының көпшілік даусымен, қабылданады. Депутат сессия жұмысына қатысуға міндетті, ал егер дәлелді себептермен сессия жұмысына қатысуға мүмкін болмаған жағдайда, ол бүл туралы сессия төрағасын немесе мәслихат хатшысын хабардар етеді.
Тармақ 16
16. Мәслихат сессиясы төрағасының шақыруы бойынша, жергілікті атқарушы органдар басшылары, аудан аумағында орналасқан ұйымдардың басшылары мен өзге де лауазымды адамдар мәслихат сессиясына келуге және мәслихаттың құзырына жататын мәселелер бойынша ақпараттар беру ге міндетті.
Тармақ 17
17. Мәслихат сессиясы, әдетте, ашық сипатта болады. Мәслихат сессиясы төрағасының немесе мәслихат сессиясына қатысып отырған депутаттар санының үштен бірінің ұсынысы бойынша қабылданатын мәслихат шешімімен, егер қатысып отырған депутаттардың жалпы санының көпшілігі осы үшін дауыс берсе, жабық сессия өткізуге рұқсат етіледі.
Тармақ 18
18. Баяндама және қосымша баяндама уақытын, баяндамашымен келісім бойынша сессия төрағасы белгілейді. Жарыс сөзде, сөз алушыларға жеті минутқа дейін, басқа уақыт ерекше ескертіледі; сауал беру - бес минутқа дейін, кандидатураны талқылау, отырыстарды жүргізу тәртібі дауыс беру, сұрақтар, ұсыныстар, хабарламалар, анықтамалар бойынша - үш минутқа дейін. Қажетті жағдайда сессия төрағасы депутаттардың келісімімен сөз алушылар мен баяндамашылар уақытын ұзартуы мүмкін.
Тармақ 19
19. Сессия төрағасының өз бастамасымен немесе қатысып отырған депутаттардың жалпы санының көпшілігінің ұсынысы бойынша сессия жұмысында үзіліс жарияланады. Сессияның ұзақтығын мәслихат белгілейді. Сессия жұмысында мәслихат шешімі бойынша мәслихат белгілеген он бес күнтізбелік күннен аспайтын мерзімге үзіліс жасалуы мүмкін.
Тармақ 20
20. Жарыс сөзде соз беру өтініші сессия төрағасына жазбаша түрде де, ауызша да беріледі. Тұрақты комиссияның тапсырмасы бойынша сессияда сөз алған депутатқа, сессияда соз кезектен тыс беріледі. Сессияда сөз алушылар өз сөзінде депутаттардың және басқа да адамдардың ары мен намысына нұқсан келтіретін әдепсіз, дөрекі, қорлайтын сөздер қолдануға, депутаттық этика тәртібін бұзуға, заңсыз әрекеттерге баруға, қайсыбір адамның атына негізсіз айып салуға құқы жоқ. Осы шарттарды бұзған жағдайда төрағалық етуші сөз сөйлеушіні ескертеді, ал шартты бұзу қайталанған жағдайда, сөзден айырады.
Тармақ 21
21. Жарыс сөзді тоқтату, сессияда қатысып отырған депутаттардың ашық дауыс беру арқылы сессия шешеді.
Тармақ 22
22. Депутат әр мәселе бойынша дауыс беруде бір ғана дауысқа ие және оны «иә» немесе «қарсы» дауыс береді, не дауыс беруден қалыс қалады. Депутат дауыс беруде өз құқығын тек жеке өзі ғана атқарады, ал дауыс беру кезінде болмаған жағдайда, шешім қабылданған соң депутат дауыс беруге құқылы емес. Дауыс берілу техникасында және тәртібінде қателік анықталған жағдайда сессия шешімімен қайта дауыс беру жүргізіледі.
Тарау 4. 4. Мәслихат актілері жобаларын дайындау және ресімдеу тәртібі
4. Мәслихат актілері жобаларын дайындау және ресімдеу тәртібі
Тармақ 23
23. Мәслихаттың өз құзыретіндегі мәселелер бойынша шығаратын шешімдері мәслихаттың актілері болып табылады.
Тармақ 24
24. Мәслихат өз қызметінде:
Тармақша 1
1) жалпы мемлекеттік сыртқы және ішкі саясатқа, қаржы және инвестициялық саясатқа сәйкес келмейтін шешімдердің қабылдануына жол бермеуге;
Тармақша 2
2) ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде Қазақстан Республикасының мүдделерін сақтауға;
Тармақша 3
3) қызметтің қоғамдық маңызы бар салаларында белгіленген жалпы мемлекеттік стандарттарды ұстануға;
Тармақша 4
4) азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерінің сақталуын қамтамасыз етуге міндетті.
Тармақ 25
25. Мәслихатқа Қазақстан Республикасының шегінде бірыңғай еңбек рыногын, капиталды, қаржыны қалыптастыруға, тауарлар мен қызмет көрсетуді еркін алмасуға кедергі келтіретін шешімдер қабылдауға тыйым салынады.
Тармақ 26
26. Мәслихаттың жергілікті бюджет кірістерін қысқартуды немесе жергілікті бюджет шығыстарын ұлғайтуды көздейтін шешімдерінің жобалары әкімнің оң қорытындысы болған жағдайда ғана қарауға енгізілуі мүмкін.
Тармақ 27
27. Мәслихаттың өз құзыреті шегінде және азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты шешімдерін заңдарда белгіленген тәртіпте ресми жариялануға тиіс және ол аудан аумағында орындалуға міндетті.
Тармақ 28
28. Мәслихаттың жалпыға бірдей міндетті маңызы бар, ведомствоаралық сипаттағы немесе азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты шешімдерін заңдарда белгіленген тәртіпте облыстық әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуіне жатады.
Тармақ 29
29. Мәслихаттың Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына сәйкес келмейтін шешімдерін мәслихаттың өзінің жоюы не сот тәртібімен жойылуы мүмкін.
Тармақ 30
30. Қазақстан Республикасының «Нормативтік құқықтық актілер туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы» заңдардың және осы Регламент талаптарына сәйкес мәслихат шешімінің жобаларын дайындауды аудандық мәслихаттың аппараты іске асырады. Құжат жобаларын әзірлеушілер мүдделі органдармен келісіліп, бірінші басшылардың немесе оларды алмастыратын адамдардың қол қойылған ретте мемлекеттік және орыс тілдерінде ұсынады. Қаралатын мәселелерден туындайтын жобалар міндетті түрде, атқарушы органдар мен мүдделі жақтардың құзыреті шегінде келісіледі.
Тармақ 31
31. Жобаларды өз уақытында, сапалы әзірлеу және мәслихатқа жобаларды белгіленген мерзімде ұсыну, сондай - ақ мемлекеттік және орыс тілдеріндегі жоба мәтіндердің тұпнұсқалығы үшін, әзірлеуді дайындаған органның бірінші басшысы жауапкершілікте болады.
Тармақ 32
32. Мәслихат хатшысының бұрыштамасы қойылған жоба, сессия отырысының күн тәртібінде қаралатын мәселені енгізу үшін мәслихат аппаратына немесе әзірлеушіге жобаны пысықтау және (немесе) қосымша келісу үшін жіберіледі.
Тармақ 33
33. Мәслихат шешіміне сессия торағасы мен мәслихат хатшысы қол қояды. Қол қойылған актіге түзетулер енгізуге жол берілмейді. Сессия шешімдері, депутаттардың бекіту уақытында ұсынған ескертулері мен ұсыныстары үш күндік мерзім ішінде редакцияланады. Әділет органында тіркеуге жататын мәслихаттың шешімдері, тіркелгеннен кейін ресми баспаларда жарияланады және олар адресат бойынша жіберіледі. Мәслихат шешімдерінің өз уақытында тіркеу мен жіберуді қызметтік нұсқауларға сәйкес жүктелген міндеттер есебінде мәслихат аппаратының қызметшілері жауап береді. Сессия хаттамасы мәслихат аппаратымен ресімделеді.
Тарау 5. 5. Сессия төрағасы және мәслихат хатшысы
5. Сессия төрағасы және мәслихат хатшысы
Тармақ 34
34. Мәслихат сессиясының торағасы - мәслихат депутаттарының арасынан сайланатын, мәслихаттың лауазымды адамы.
Тармақ 35
35. Мәслихаттың жұмыс жоспарына орай, мәслихаттың кезекті сессиясының төрағасы мәслихаттың алдыңғы сессиясында сайланады. Сессияның төрағасы болмаған жағдайда оның өкілеттігін мәслихат хатшысы жүзеге асырады. Мәслихат депутаты мәслихат сессиясының төрағасы болып күнтізбелік жыл ішінде екі реттен артық сайлана алмайды.
Тармақ 36
36. Мәслихат сессиясының төрағасы сессия отырысын жүргізеді, баянадама жасауға және сөйлеуге сөз береді, шешімдердің жобаларына дауыс беруді ұсынады, дауыс берудің нәтижелерін хабарлайды, президиумға келіп түскен мәселелерді, ұсыныстарды және өтініш, арыздарды жариялайды. Сессия президиумында төрағадан басқа аудандық мәслихаттың хатшысы, аудан әкімі, сессия шешімімен басқа да адамдар болады.
Тармақ 37
37. Мәслихат сессиясының төрағасы:
Тармақша 1
1) мәслихат сессиясын шақыру туралы шешім қабылдайды;
Тармақша 2
2) мәслихат сессиясын әзірлеуге басшылық жасауды жүзеге асырады, сессияның күн тәртібін қалыптастырады;
Тармақша 3
3) мәслихат сессиясының отырысын жүргізеді, мәслихат Регламентінің сақталуын қамтамасыз етеді;
Тармақша 4
4) мәслихаттың сессиясында қабылданған немесе бекітілген мәслихаттың шешіміне, хаттамаларға, өзге де құжаттарға қол қояды.
Тармақ 38
38. Кезекті сессияның төрағасы депутаттардың үштен бірінің, сондай - ақ әкімнің ұсынысы бойынша мәслихаттың кезектен тыс сессиясын шақыру туралы шешім қабылдайды. Аудандық мәслихаттың хатшысы кезектен тыс сессияны ашады және мәслихаттың кезектен тыс сессия төрағасын сайлағанға дейін сессияны жүргізеді.
Тармақ 39
39. Мәслихат сессияның төрағасы оз өкілеттілігін басқа жұмыстан босатылмаған негізде жүзеге асырады.
Тармақ 40
40. Мәслихат сессиясында дауыс беру кезінде депутаттардың дауысы тең бөлінген жағдайда, мәслихат сессиясының төрағасы шешуші дауыс құқығын пайдаланады.
Тармақ 41
41. Мәслихаттың хатшысы тұрақты негізде жұмыс істейтін лауазымды адам болып табылады.
Тармақ 42
42. Мәслихат хатшысы:
Тармақша 1
1) мәслихат сессиясын және оның қарауына енгізілетін мәселелерді әзірлеуді ұйымдастырады, хаттама жасалуын қамтамасыз етеді және сессия төрағасымен бірге мәслихат сессиясында қабылданған немесе бекітілген шешімдерге, өзге де құжаттарға қол қояды;
Тармақша 2
2) мәслихат депутаттарының өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына жәрдемдеседі, оларды қажетті ақпаратпен қамтамасыз етеді, депутаттарды мәслихат сессияларына, оның тұрақты комиссияларының және өзге де органдарының жұмысына және сайлау округтеріндегі жұмысқа қатысуы үшін қызметтік міндеттерін орындаудан босатуға байланысты мәселелерді қарайды;
Тармақша 3
3) депутаттар сауалдарының және депутаттық өтініштердің қаралуын бақылайды;
Тармақша 4
4) мәслихат аппаратының қызметіне басшылық жасайды, оның қызметшілерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
Тармақша 5
5) сайлаушылар өтініштері туралы және олар бойынша қабылданған шаралар туралы мәслихатқа ұдайы ақпарат беріп отырады;
Тармақша 6
6) мәслихаттың жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен өзара іс-қимылын ұйымдастырады;
Тармақша 7
7) өз құзыретіндегі мәселелер бойынша әкімдер шығарады;
Тармақша 8
8) мәслихаттың тұрақты комиссиялары мен өзге де органдарының және депутаттық топтардың қызметін үйлестіреді;
Тармақша 9
9) мемлекеттік органдармен, ұйымдармен, жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен жөне қоғамдық бірлестіктермен қарым - қатынастарда мәслихат атынан өкіл болады;
Тармақша 10
10) мәслихат шешімдерінің жариялануын қамтамасыз етеді, олардың орындалуына бақылау жасау жөніндегі іс - шараларды белгілейді;
Тармақша 11
11) мәслихат шешімі бойынша өзге де міндеттерді орындайды.
Тармақ 43
43. Мәслихаттың хатшысы болмаған кезде оның өкілеттігін мәслихат сессиясы төрағасының шешімі бойынша мәслихат тұрақты комиссияларының бірінің торағасы уақытша жүзеге асырады.
Тарау 6. 6. Аудандық мәслихаттың комиссиялары
6. Аудандық мәслихаттың комиссиялары
Тармақ 44
44. Мәслихат өз өкілеттігі мерзіміне тұрақты комиссиялар құрады. Қажет болған жағдайда, мәслихат тұрақты комиссияларды жаңадан құрып, таратып және қайта ұйымдастыра алады. Тұрақты комиссиялар өз жұмысын мәслихат сессиясында бекітілген перспективалық жоспар негізінде құрады.
Тармақ 45
45. Тұрақты комиссиялардың тізбесі мен сан құрамын мәслихат белгілейді. Тұрақты комиссиялардың төрағалары мен мүшелерін оз депутаттары арасынан тиісті мәслихат сайлайды.
Тармақ 46
46. Тұрақты комиссиялар өздерін сайлаған мәслихат алдында жауапты жөне жылына бір рет оз қызметі туралы есеп береді.
Тармақ 47
47. Тұрақты комиссиялар:
Тармақша 1
1) аталған мәслихат сессиясының күн тәртібі бойынша, сондай-ақ мәслихат сессиясында қаралатын кез келген мәселе бойынша мәслихатқа, мәслихат сессиясының төрағасына, мәслихат хатшысына ұсыныс енгізуге;
Тармақша 2
2) өздерінің құзырына жататын әрі мәслихат сессиясының қарауына енгізілген мәселелер бойынша қорытындылар беруге;
Тармақша 3
3) өздерінің құзырына жататын мәселелер бойынша мәслихат сессияларында баяндамалар мен қосымша баяндамалар ұсынуға;
Тармақша 4
4) өз құзыреті шегінде сессияда жергілікті атқарушы органдар басшыларының есептерін тыңдау туралы мәслихатқа ұсыныс енгізуге;
Тармақша 5
5) комиссияның жұмысына мәслихаттың басқа да депутаттарын, сондай-ақ мемлекеттік органдар, ұйымдар, жергілікті өзін-өзі басқару органдары өкілдерін және азаматтарды тартуға құқылы.
Тармақ 48
48. Әкімият, орталық атқарушы органдардың жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын аумақтық бөлімшелерінің, атқарушы органдардың лауазымды адамдары, ұйымдар белгіленген тәртіпте тұрақты комиссияларға олардың құзыретіндегі мәселелер бойынша қажетті ақпарат беруге міндетті.
Тармақ 49
49. Тұрақты комиссиялардың отырысы қажеттілігіне қарай шақырылады және егер отырысқа олардың құрамына кіретін депутаттар санының жартысынан астамы қатысса, заңды болып есептеледі.
Тармақ 50
50. Мәслихаттың тұрақты комиссиялары өз құзыретіндегі мәселелер бойынша қаулылар қабылдайды. Тұрақты комиссиялардың қаулысы комиссия мүшелері жалпы санының көпшілік даусымен қабылданады. Комиссияның отырысында дауыс беру кезінде депутаттардың дауысы тең бөлінген жағдайда, тұрақты комиссияның төрағасы шешуші дауыс құқығын пайдаланады. Тұрақты комиссияларының қаулысы мен отырыстың хаттамасына оның торағасы қол қояды, ал бірнеше тұрақты комиссияның бірлескен отырысы өткізілген жағдайда, тиісті комиссиялардың төрағалары қол қояды.
Тармақ 51
51. Тұрақты комиссиялар оз бастамасы бойынша немесе мәслихат шешімі бойынша көпшіліктік тыңдаулар өткізе алады. Көпшіліктік тыңдаулар депутаттардың, атқарушы органдар, өзін-өзі басқару органдары, ұйымдар, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің, азаматтардың қатысуымен осы комиссиялардың кеңейтілген отырыстары түрінде тұрақты комиссияның қарауына жататын мейлінше маңызды және қоғамдық мәні бар мәселелерді талқылау мақсатында өткізіледі.
Тармақ 52
52. Көпшіліктік тыңдаулар мәслихаттың кезекті сессиясының күн тәртібіне кіргізілетін мәселерді дайындау барысында өткізіліп, хал - ахуалды мейлінше толық зерттеу, тыңдауға қатысушылардың есебін және ойларын жинақтап қорыту және мәслихат шешімінің жобасы бойынша ұсынымдар енгізу мақсатында өткізіледі.
Тармақ 53
53. Көпшіліктік тыңдаулардың өткізілетін орны мен уақыты және талқылауға енгізілген мәселелер туралы аудандық мәслихаттың хатшысы тыңдаудан 10 күн бұрын депутаттар мен тұрғындарға хабарлайды.
Тармақ 54
54. Мәслихаттың құзырына жатқызылған мәселелерді сессияларда қарауға әзірлеу мақсатында мәслихат не мәслихат хатшысы уақытша комиссиялар құруға құқылы. Уақытша комиссиялардың құрамын, міндеттерін, өкілеттік мерзімдерін және құқықтарын мәслихат немесе мәслихат хатшысы оларды құру кезінде белгілейді. Мәслихаттың уақытша комиссиялары өз құзыретіндегі мәселелер бойынша қорытындылар қабылдайды. Уақытша комиссия жұмысына қатысқаны үшін ақы төленбейді.
Тармақ 55
55. Мәслихат жергілікті бюджеттің атқарылуын бақылау үшін өз өкілеттігі мерзіміне тексеру комиссиясын сайлайды. Тексеру комиссиясы мүшелерінің санын мәслихат белгілейді. Тексеру комиссиясының төрағасын мәслихат депутаттар арасынан сайлайды. Аудандық мәслихаттың тексеру комиссиясының төрағасы өз қызметін басқа жұмыстан босатылған негізінде жүзеге асырады. Тексеру комиссиясының жұмысына мәслихат депутаты емес адамдар да шарт негізінде тартылуы мүмкін. Тексерулер мәслихаттың, тексеру комиссиясының не мәслихат хатшысының шешімдерімен, мәслихаттың сайланған депутаттары санының кемінде үштен бірінің талап етуі бойынша, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген өзге де жағдайларда жүргізілуі мүмкін. Тексеру нәтижесі бойынша тексеру комиссиясы акт жасап, ол туралы мәслихат пен әкімиятқа хабарлайды. Тексеру комиссиясының өкілеттігі мен жұмыс тәртібі мәслихат сессиясымен бекітілген аудандық мәслихаттың тексеру комиссиясының Ережесімен белгіленеді.
Тарау 7. 7. Аудандық мәслихаттың депутаты
7. Аудандық мәслихаттың депутаты
Тармақ 56
56. Депутат:
Тармақша 1
1) мәслихаттың және өзі құрамына сайланған оның органының жұмысына қатысуға;
Тармақша 2
2) өз округі сайлаушыларымен тұрақты байланыс жасауға, оларға мәслихаттың жұмысы, оның тұрақты комиссиялары мен өзге де органдарының қызметі, мәслихат шешімдерінің орындалуы туралы ұдайы хабарлап отыруға, мәслихат шешімдерінің орындалуын ұйымдастыруға және бақылау жасауға қатысуға;
Тармақша 3
3) сайлаушылардан өзіне келіп түскен өтініштерін қарауға, азаматтарды жеке қабылдауды ұдайы жүргізуге міндетті.
Тармақ 57
57. Мәслихат депутаты жалпы мемлекеттік мүдделерді ескере отырып, тиісті әкімшілік-аумақтық бөліністегі халықтың еркін білдіреді.
Тармақ 58
58. Мәслихат депутатының өкілеттігі тиісті аумақтық сайлау комиссиясы оны депутат ретінде тіркелген кезден басталып, мәслихат өкілеттігі тоқталған кезден бастап тоқтайды.
Тармақ 59
59. Депутат өз міндеттерін жүйелі түрде орындамаса, оның ішінде мәслихат сессиясының жалпы отырыстарына дәлелді себептерсіз қатарынан үш реттен артық қатыспаса, депутаттық өкілеттілігі мерзімінен бұрын тоқтатылады.
Тармақ 60
60. Депутат:
Тармақша 1
1) сайлауға және мәслихат сессиясының төрағасы, мәслихат хатшысы, тексеру комиссиясының төрағасы, тұрақты комиссияның төрағасы немесе мүшесі болып сайлануға, мәслихаттың өзге де органдарына сайлануға;
Тармақша 2
2) мәслихат сессиясы мен оның тұрақты комиссияларында және өзге де органдарда қарау үшін мәселелер ұсынуға, оларды қарауға және шешімдер қабылдауға қатысуға;
Тармақша 3
3) тиісті мәслихаттың аумағында орналасқан жергілікті атқарушы органдар мен ұйымдарға мәслихаттың құзыретіне жатқызылатын мәселелер бойынша сауалдар және жолданымдар жіберуге;
Тармақша 4
4) сессияда тиісті мәслихат аумағында орналасқан жергілікті атқарушы орган мен ұйымдардың лауазымды адамдарының мәслихаттың құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша есептерін тыңдау туралы ұсыныстар енгізуге;
Тармақша 5
5) тиісті әкімият отырыстарының жұмысына қатысуға;
Тармақша 6
6) мәслихат пен оның органдары отырыстарының стенограммаларымен және хаттамаларымен танысуға;
Тармақша 7
7) саяси партиялардың депутаттық тобы түрінде депутаттық бірлестіктер құруға құқылы. Саяси партияның депутаттық тобы мәслихаттың кемінде бес депутатын біріктіруге тиіс. Саяси партиялардың депутаттық тобын тіркеу мәслихат сессиясында жүзеге асырылады.
Тармақша 8
8) заңдарда және мәслихат регламентінде көзделген өзге де іс-әрекеттерді жүзеге асыруға құқылы.
Тармақ 61
61. Депутаттық қызметтің мәселелері бойынша депутат мемлекеттік органдарда, қоғамдық бірлестіктерге, мемлекеттік мекемелерге, сонымен қатар олардың басшыларының және лауазымды адамдардың міндетті қабылдауында кедергісіз болуына құқығы бар. Кіру депутаттық куәлік бойынша жүргізіледі.
Тармақ 62
62. Депутат регламентте белгіленген тәртіппен мәслихат сессияларын, тұрақты комиссияларының және өзге де органдарының отырыстарын өткізу кезеңінде, депутаттық өкілеттіктерді жүзеге асыру уақытында оған негізгі жұмыс орны бойынша жергілікті бюджеттің қаражаты есебінен орташа жалақысы, бірақ осы қызметте бір жылға дейінгі жұмыс стажы бар аудан әкімі аппараты басшысының жалақысынан аспайтын мөлшерде және жол жүру уақыты ескеріліп, мәслихат және тұрақты комиссиялардың қызметтеріне қатысты келіп түскен құжаттармен танысу және қарау, сессиялар, мәслихаттың тұрақты комиссиялары мен өзге де органдарының отырыстары өтетін мерзімдегі іссапар шығыстары өтеле отырып, қызметтік міндеттерін орындалудан босатылады.
Тарау 8. 8. Депутаттық сауал. Бақылау өкілеттігін іске асыру
8. Депутаттық сауал. Бақылау өкілеттігін іске асыру
Тармақ 63
63. Депутаттық сауал депутаттың мәслихат сессиясында мемлекеттік органның немесе лауазымды адамның құзыретіне кіретін мәселе бойынша мемлекеттік органның лауазымды адамына мәслихат сессиясында дәлелді түсініктеме немесе өз көзқарасын білдіруге қойған талабы. Депутат қойылған сауалда өзі жүгініп отырған нақты лауазымды адамды және күтілетін жауаптың (ауызша немесе жазбаша) нысанын көрсетуі міндетті. Мәслихат аппараты сауалдың сессияда жария етілген уақытынан бастап үш күн мерзім ішінде тиісті мемлекеттік органның лауазымды адамына жазбаша сауал жібереді. Депутаттық сауал аудандық мәслихаттың сессиясында келесі тәртіп бойынша қаралады:
Тармақша 1
1) депутаттың сауалмен сөйлеген сөзі - 5 минутқа дейін;
Тармақша 2
2) депутаттық сауалға лауазымды адамның жауабы - 15 минутқа дейін. Сауалға жауап беру бойынша ашық жарыс сөз болуы мүмкін. Сауалдың жауабын тыңдаған соң депутаттық сауал авторы, сондай - ақ, басқа да депутаттар сауалдағы қойылған проблема бойынша сұрақтар қоя алады. Лауазымды адамға қойылған депутаттық сауал бойынша депутаттардың сұрақтарына жауаптар 10 минутқа дейін беріледі. Депутаттық сауалға жауаптың және оны талқылаудың нәтижесі бойынша сессия шешімі қабылданады. Сауалға және оған жауаптар бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануы мүмкін.
Тармақ 64
64. Аудандық мәслихаттың шешімдерін орындауға бақылауды мәслихат хатшысы іске асырады. Атқарушы органдардың басшылар мен ведомстволар мен ұйымдардың лауазымды адамдары сессия шешімдерін іске асыру бойынша есеп береді.
Тармақ 65
65. Сессияда қаралған мәселелер бойынша депутаттардан келіп түскен ұсыныстар мен ескертулерді мәслихат аппараты жинақтап қорытылады және қабылданған шара бойынша ақпаратты мәслихат хатшысына бір айлық мерзім ішінде беруге міндетті атқарушы органдардың, кәсіпорындар мен ұйымдардың басшыларына жіберіледі.
Тармақ 66
66. Аудандық мәслихаттың шешімдерін, депутаттардың және сайлаушылардың сауалдарын, өтініштерін орындау барысы туралы мәслихат хатшысы депутаттарға сессияда тұрақты түрде ақпарат береді.
Тармақ 67
67. Аудандық мәслихатқа келіп түсетін хаттар тіркеледі. Орындаушыларға нұсқаулар, тәртіп бойынша, мәслихат хатшысының бұрыштама нысанында беріледі. Азаматтардың өтініштері мәслихатқа түскен күннен бастап бір айға дейінгі мерзімде, ал қосымша зерделеу мен тексеру талап етілмейтіндері 15 күннен кешіктірілмей қаралып, солар бойынша шешімдер қабылданады. Қосымша тексеру қажет болған жағдайда мәслихат хатшысы өтініштің қаралу мерзімін ұзартуы мүмкін, бірақ ол бір айдан аспауға тиіс, бүл жөнінде азамат хабардар етіледі. Қойылған мәселелер мәслихаттың құзырына жатпайтын өтініштер 5 күн мерзімнен кешіктірілмей тиісті органдарға жіберіледі, бүл жөнінде азамат хабардар етіледі.
Тармақ 68
68. Азаматтарды жеке қабылдауды әр жұманың бірінші жартысында мәслихат хатшысы жүргізеді. Азаматтарды кәсіпорындарда және ұйымдарда жеке кесте бойынша жүргізіледі.
Тарау 9. 9. Ұзынкөл аудандық сайлау , аудандық мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі округтік және учаскелік сайлау комиссияларын құру және сайлау
9. Ұзынкөл аудандық сайлау , аудандық мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі округтік және учаскелік сайлау комиссияларын құру және сайлау
Тармақ 69
69. Сайлау комиссияларының жаңа құрамын құру және сайлау - сайлау комиссиялары өкілеттіктерінің мерзімі аяқталғанға дейін кемінде екі ай бұрын басталады жөне кемінде үш күн қалғанда аяқталады.
Тармақ 70
70. Бұқаралық ақпарат құралдарында. сайлау комиссияларының құрылғандығы туралы хабарлама жарияланғанға дейін кемінде үш күн қалғанда аудандық мәслихат хатшысы өз әкімімен депутаттардан және аппарат қызметкерінен тұратын сайлау комиссияларының құрамын құру жөніндегі Жүмысшы тобын құрайды.
Тармақ 71
71. Жүмысшы тобы саяси партиялардан және қоғамдық бірлестіктерден, олардың құрылымдық бөлімшелерінен, жоғары тұрған комиссиялардан құрылатын комиссия құрамына кандидатуралар келіп түсетін ұсыныстарды жинаумен және өңдеумен айналысады. Әрбір саяси партия тиісті сайлау комиссиясының құрамына өзінің бір өкілін ұсынады. Саяси партиялар, сондай-ақ олардың құрылымдық бөлімшелері осы саяси партияның мүшесі болып табылмайтын кандидатураларды да ұсынуға құқылы. Саяси партиялардың және өзге де қоғамдық бірлестіктердің, жоғары тұрған комиссиялардың Жүмысшы тобына ұсынатын құжаттардың тізбесіне төмендегілер кіреді:
Тармақша 1
1) саяси партияны және өзге де қоғамдық бірлестікті, олардың құрылымдық бөлімшелерін әділет органдарында тіркеу туралы құжаттың көшірмесі;
Тармақша 2
2) саяси партияның және өзге де қоғамдық бірлестікті, олардың құрылымдық бөлімшелерінің органы, жоғары тұрған сайлау комиссиялары отырысының кандидатты тиісті сайлау комиссиясына ұсыну туралы хаттамасынан көшірме;
Тармақша 3
3) жеке іс парағы әр кандидатқа мына нысан бойынша: тегі, аты, әкесінің аты, туған жері, ұлты (көрсетпеуге құқылы), білімі, партияға мүшелігі (көрсетпеуге құқылы), жұмыс орны, қызметі, тұратын жері паспорт (жеке басының куәлігі), №____, кім мен және қашан берілді, байланыс телефоны;
Тармақша 4
4) кандидаттың мәслихат атына жазылған сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісімі туралы өтініші және кандидат жайлы өмірбаян мәліметтері.
Тармақ 72
72. Сайлау комиссиялары құрамының жобасын дайындау кезінде Жүмысшы тобы бірінші кезекте саяси партиялардан келіп түскен ұсыныстарды басшылыққа алады, одан кейін, келіп түскен ұсыныстар жеті мүшеден кем болған жағдайда, басқа да қоғамдық бірлестіктердің және жоғары тұрған сайлау комиссияларының кандидатуралары есепке алынады.
Тармақ 73
73. Жаңа сайлау комиссияларының құрамына келіп түскен ұсыныстардың мерзімі аяқталған кезде Жүмысшы тобы сессия шешімдерінің жобасын және сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау бойынша бюллетеньдер дайындайды.
Тармақ 74
74. Шешімдер және бюллетеньдердің жобалары бөлек дайындалынады:
Тармақша 1
1) аудандық сайлау комиссиясы бойынша;
Тармақша 2
2) аудандық мәслихатқа депутаттарды сайлау жөніндегі округтік сайлау комиссиялары бойынша;
Тармақша 3
3) учаскелік сайлау комиссиялары бойынша.
Тармақ 75
75. Саяси партиялардың, басқа да қоғамдық бірлестіктердің және жоғары тұрған сайлау комиссияларының, сайлау комиссиялары құрамына ұсынылған барлық кандидатуралар, олардан келіп түскен кезек бойынша шешімдердің және бюллетеньдердің жобаларына енгізіледі және Жүмысшы тобының арнайы журналына тіркеледі.
Тармақ 76
76. Сайлау комиссияларының мүшелері көрсетілген бюллетеньдерді, сессияға қатысып отырған аудандық мәслихаттың барлық депутаттары алады және оларды жеке өздері толтырады. Дауыс берудің қорытындысын сессияда құрылған Есептеу комиссиясы шығарады. Есептеу комиссиясының сандық құрамы және төрағасы мәслихат сессиясында белгіленеді.
Тармақ 77
77. Саяси партиялардан тиісті сайлау комиссиясы мүшелерінің санына (жеті) тең ұсыныстар түскен жағдайда Жүмысшы тобы мәслихат сессиясына осы комиссияның құрамына дауыс беру ұсынысын енгізеді. Сессияға қатысушы депутаттардың көпшілігі дауыс берген комиссия мүшелері сайланған болып саналады. Саяси партиялардан тиісті сайлау комиссиясының мүшелерінің санынан артық (жетіден артық) ұсыныс түскен кезде, Жүмысшы тобы мәслихат сессиясына рейтингілік дауыс беруді ұсынады. Басқаларға қарағанда көпшілік дауыстар санын жинаған кандидатуралар сайланған болып саналады. Саяси партиялардан тиісті сайлау комиссиясы мүшелерінің санынан (жетіден кем) ұсыныс түскен кезде Жүмысшы тобы бюллетеньдегі бос орынға басқа да қоғамдық бірлестіктерден келіп түскен кандидатуралар енгізіледі, ал егер аталған кандидатуралар болмаған жағдайда, жоғары тұрған сайлау комиссияларымен ұсынылады кандидатуралар (тиісті келіп түсу кезектілігі тәртібінде). Бос орынға олардың санына тең ұсыныстар түскен жағдайда Жүмысшы тобы мәслихат сессиясына осы комиссияның құрамына дауыс беру ұсынысын енгізеді. Бос орынға олардың санынан артық ұсыныс түскен кезде, Жүмысшы тобы мәслихат сессиясында комиссия құрамына саяси партиялардың өкілдерін сайлауды ұсынады, ал бос орындарға рейтингілік дауыс беруді өткізуді ұсынады. Егер дауыс беру барысында сайлау комиссиясының құрамына ұсынылған кандидатуралар саны жетіге сәйкес болғанда, мәслихат депутаттары нақты бір кандидатураға қарсылығын білдірсе, ол сол саяси партияны не қоғамдық бірлестікті танытатын кандидатураға ауыстырылады. Бүл рәсімді бір реттен артық жүргізбеу ұсынылады.
Тармақ 78
78. Бюллетеньге үміткерлердің аты, жөні, тегі, кандидатураның қандай саяси партиялар ұсынғаны (басқа да қоғамдық бірлестіктерден, жоғары тұрған сайлау комиссияларынан) енгізіледі. Бюллетенде кандидатуралар тектерінің оң жағында, депутаттар белгі қоятын квадраттар бейнеленеді. Депутаттар жеті квадратқа белгі қояды.
Тармақ 79
79. Дауыс берудің нәтижелерін мәслихаттың сессиясында Есептеу комиссиясының төрағасы жариялайды.
Тармақ 80
80. Есептеу комиссиясының төрағасы сайлау комиссиясының төрағасын, орынбасарын және хатшысын сайлау жөніндегі сайлау комиссиясының ұйымдастырушылық отырысын өткізу мерзімі туралы жариялайды (оларды құрған уақыттан бастап жеті күн аралығынан кешіктірмей). Есептеу комиссиясының торағасы сайлау комиссиясының ұйымдастырушылық отырысын жүрі ізетін сайлау комиссиясының мүшесі туралы жариялайды.
Тармақ 81
81. Мәслихат хатшысы бұқаралық ақпарат құралдарында тиісті сайлау комиссияларының құрамын жариялауды қамтамасыз етеді. Материалдар оған қосымшасымен бірге басылымның бір номерінде басылуы керек.
Тармақ 82
82. «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында көрсетілген жағдайда, мәслихат тиісті сайлау комиссиясы мүшесін босату туралы және шығып қалғанның орнына сайлау туралы шешім қабылдайды. Сайлау комиссиясы мүшесінің босаған қызметін ауыстыруға осы сайлау комиссиясына олардың өкілдері кірмейтін саяси партиялардан және өзге де қоғамдық бірлестіктерден ұсыныстар қабылданады.
Тармақ 83
83. Сайлау комиссияларын сессияда сайлағанда «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңынан туындаған негізге орай, мәслихаттар олардың бір ғана ұйымдардан құрылуына жол бермеуі керек, міндетті түрде тиісті әкімшілік - аумақтық бірліктің аумағында тұрып жатқанын міндетті түрде ескеруі қажет. Президенттікке, Парламенттің, мәслихаттардың депутаттығына, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелігіне кандидаттар, кандидаттардың сенім білдірген адамдары, кандидаттардың жұбайы (зайыбы) мен жақын туыстары, сондай - ақ кандидаттарға тікелей бағынышты адамдар сайлау комиссияларының мүшелері бола алмайды.
Тарау 10. 10. Қорытынды ережелер
10. Қорытынды ережелер Регламент әділет департаментінде тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді. Мәслихат депутаттарынан Регламентке өзгерістер және толықтырулар енгізу туралы ұсыныстар түсуі мүмкін жөне егер сессияда қатысқан депутаттардың жартысынан артығы осыған дауыс берсе қабылданды деп есептеледі.