Об утверждении правил содержания кошек, собак и других животных на территории Алтынсаринского района Күшін жойған

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.07.2004. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Алтынсарин ауданының аумағында мысықтарды, иттерді және басқа жануарларды күтіп ұстау ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағы 8) тармақшасы, Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 3-бабы 2-тармағына және Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы» Заңының 10-бабы 2-тармағына сәйкес, Алтынсарин аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Алтынсарин ауданының аумағында мысықтарды, иттерді және басқа жануарларды күтіп ұстау ережесі бекітілсін (қоса берілген).
Тармақ 2
2. Алтынсарин аудандық мәслихатының 2004 жылғы 25 маусымдағы № 62 «Алтынсарин ауданының аумағында мысықтарды, иттерді және басқа жануарларды күтіп ұстау ережесін бекіту туралы" шешімінің, Қостанай облысының әділет департаменті қайта өндеуге жіберуіне байланысты, күші жойылсын.
Тармақ 3
3. Осы ереженің орындалуына бақылау жасау құқық тәртібі және қоғамдық ұйымдардың қызметін қалыптастыру мәселелері жөніндегі аудандық мәслихаттың тұрақты комиссиясына жүктелсін.
Басқа 4. Алтынсарин ауданының аумағында мысықтарды, иттерді және басқа жануарларды күтіп ұстау ережесі
Алтынсарин аудандық мәслихатының 2004 жылғы 28 шілдедегі № 68 "Алтынсарин ауданының аумағында мысықтарды, иттерді және басқа жануарларды күтіп ұстау ережесін бекіту туралы" шешіміне қосымша Алтынсарин ауданының аумағында мысықтарды, иттерді және басқа жануарларды күтіп ұстау ережесі
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Ереже Алтынсарин ауданы аумағындағы үй жануарларын, атап айтқанда мысықтарды, иттерді, басқа жануарларды және құстарды күтіп ұстауды реттеу мақсатымен әзірленді және осы ережені бұзған заңды тұлғалар мен жеке адамдарға жауапкершілік белгіленеді.
Тармақ 2
2. Осы ереже меншік нысанына қарамастан мысықтарды, иттерді, басқа жануарларды және құстарды асырайтын заңды тұлғаларға және жеке адамдарға қатысты.
Тармақ 3
3. Осы ереже «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінің және «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді.
Тармақ 4
4. Осы Ереженің орындалуына бақылау жасауды аудандық ішкі істер бөлімі жүзеге асырады, олар Ережені сақтамаған тұлғаларды әкімшілік жауапкершілікке тарту сауалдарын шешеді.
Тарау 2. 2. Мысықтарды мен иттерді күтіп ұстау
2. Мысықтарды мен иттерді күтіп ұстау
Тармақ 5
5. Жануарларды ұстайтын иелері үй жануарларын күтіп ұстауда санитарлық-гигиеналық, ветеринариялық ережені сақтауға міндетті.
Тармақ 6
6. Иттерді аулада ұстаған кезде олардың қашып кетпеуін және көршілердің аулаларынан қашықтықта ұстауға, иелері міндетті. Аулаға кірерде қақпада иттері бар туралы сақтық жазба болуға тиісті. Иттер мен мысықтар ұстау саны шектеусіз, бірақ көршілерге ыңғайсыз жағдай келтірмеу керек.
Тармақ 7
7. Көшелерде және басқа қоғамдық жерлерде иесіз жүрген иттер ұстап алынады. Сондай-ақ қараусыз үй жануарлары да ұстап алынады.
Тармақ 8
8. Жануарлар иелеріне, жануарларды күтіп ұстағаны үшін ақша төлеген түбіртегін көрсеткенде, қайтарылады.
Тармақ 9
9. Иттер, мысықтар, басқа жануарлар қоғамдық жерлерде иесінсіз жүрсе, дүкен, аурухана маңайына иелері байлап қойғанынан басқалары, қараусыз болып саналады.
Тарау 3. 3. Жануарлардың иелерінің міндеттері
3. Жануарлардың иелерінің міндеттері
Тармақ 10
10. Жануарлардың иелері міндетті:
Тармақша 1
1) жануарларды олардың биологиялық ерекшеліктерімен сәйкес ұстау, адамгершілікпен қарау, қараусыз қалдырмау. Ауырып қалған жағдайда уақытында ветеринарлық жәрдем көрсету;
Тармақша 2
2) осы Ереженің талаптарына сәйкес жануарлардың күтіп ұсталуын қамтамасыз ету;
Тармақша 3
3) қоршаған ортаның қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, тыныштықты, санитарлық ережені сақтау шараларын қолдануға;
Тармақша 4
4) жалпы пайдалану орындардың және басқа қоғамдық орындардың ластануына жол бермеу;
Тармақша 5
5) жануарлар адамды немесе жануарларды тістеп алған кезде иелері тез уақытта жақын маңайдағы медициналық жөне ветеринарлық мекемелерге бүл туралы хабарлау, жануарларды мемлекеттік ветеринарлық қызметке тексерту және карантинде ұстауға міндетті;
Тармақша 6
6) жануарлардың мәйіттерін қоқыстар үйіндісіне тастамау. Өлген жануарлардың мәйіттері жойылуы керек.
Тармақ 11
11. Малдар мен құстардың иелері жануарлардың және құстардың қалдықтарын үздіксіз тазарту, оларды қоқыстар үйіндісіне шығару немесе олар жойылуы керек.
Тармақ 12
12. Жануарлардың иелері паразит тасымалдаушы жәндіктердің және кеміргештердің пайда болуына шара қолдану, жануарларды және құстарды қараусыз қалдырмау, олардың қаңғырып кетпеуіне жол бермеуге міндетті.
Тармақ 13
13. Жануарлардың иелері белгіленген уақытта міндетті ветеринарлық шараларды қолдану, карантин тәртібін сақтау, жануарлардың жұқпалы ауруларын жою жөнінде шараларды қолдануға міндетті.
Тарау 4. 4. Ауылшаруашылық үй жануарларын күту
4. Ауылшаруашылық үй жануарларын күту
Тармақ 14
14. Үй жануарлары мен құстар аулада арнайы салынған және бейімделінген орындарда, көршілерге ыңғайсыз жағдай келтірмей ұсталуы керек.
Тармақ 15
15. Ауылшаруашылық жануарлар мен құстардың иелері зоотехникалық және ветеринарлық-санитарлық күту талаптарын сақтауға, қоршаған ортаны ластамауға міндетті.
Тармақ 16
16. Қораларды тоқсан сайын әкпен ақтау және кемінде жылына 1 рет уытсыздандыру. Көңді, қалдықтарды, қоқыстарды уақытында осы үшін арнайы белгіленген орындарға шығару.
Тармақ 17
17. Малдарды көшелерде, алаңдарда, саябақтарда және басқа жалпы қоғамдық жерлерде бағуға, бос жіберуге тыйым салынады.
Тарау 5. 5. Жануарлардың иелерінің ережені бұзғаны үшін жауапкершілігі
5. Жануарлардың иелерінің ережені бұзғаны үшін жауапкершілігі
Тармақ 18
18. Осы ережені бұзған кінәлі заңды тұлғалар мен жеке адамдар "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінің 310, 311-баптарына және "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жауапкершілікке тартылады. Ветеринария туралы заңдылықты мына түрде бұзса: ауру жұқтыратын малдарды жою бойынша мал дәрігерлік - санитариялық іс - шараларды өткізуге қарсы болса; ауру жұқтыратын малды тарату; малды өндіру - өсіру кезінде мал дәрігерлік-санитариялық ережелерді сақтамау; мал дәрігерлік саласында індеттің немесе өзге де ауыр зардаптардың таралуына әкеп соқпаған басқа да нормативтік-құқықтық актілерді бұзса, сондай-ақ індетке қарсы мәселелері жөніндегі жергілікті өкілді және атқарушы орғандардың шешімдерін бұзу — азаматтарға айлық есептік көрсеткіштің беске дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға — жиырмаға дейінгі мөлшерінде, заңды тұлғаларға жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. Айыппұл салу туралы қаулыны аудандық ішкі істер бөлімі жазады.
Тармақ 19
19. Материалдық шығын болған кезде зәбірленуші оны орнына келтіру мақсатында сотқа жүгінуге құқығы бар.