Об утверждении регламента работы Аркалыкского городского маслихата Күшін жойған

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.07.2004. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Арқалық қалалық мәслихатының регламентін бекіту туралы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 8 бабының негізінде Арқалық қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Арқалық қалалық мәслихатының Регламенті бекітілсін (қосымша).
Тармақ 2
2. 2003 жылғы 5 желтоқсандағы Арқалық қалалық мәслихатының «Аркалық қалалық мәслихатының Регламентін бекіту туралы» шешімі және 2004 жылғы 11 мамырдағы Арқалық қалалық мәслихатының «Арқалық қалалық мәслихатының 2003 жылғы 5 желтоқсандағы Арқалық қалалық мәслихатының «Арқалық қалалық мәслихатының Регламентін бекіту туралы» №14 шешіміне толықтырулар енгізу туралы» шешімдерінің күші жойылсын.
Басқа 3. Арқалық қалалық мәслихатының РЕГЛАМЕНТІ
Арқалық қалалық мәслихатының 21 шілдедегі 2004 жылғы шешіміне қосымша Арқалық қалалық мәслихатының РЕГЛАМЕНТІ
Тарау 1. 1. Жалпы ереже
1. Жалпы ереже 1-бап. Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңына сәйкес қалалық мәслихат қала аумағындағы халықтың өкілетті органы болып табылады, мемлекеттк мүдделерді есепке ала отырып, оның еркін білдіруге және жүзеге асыруға мүдделі. Оның қызметі Қазақстан Республикасы Конституциясымен, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жерглікті мемлекеттік басқару туралы» Заңымен реттеледі. Қалалық мәслихат пен қалалық әкімият шешімдері олардың өзара қызметтерін болісу қағидасы негізінде құрылады және өз өклеттіктерін әрқайсысы дербес жүзеге асырады, әкімият Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңында белгіленгеніндей мәслихаттың бақылауында болады. Мәслихаттың өз құзреті шегінде қабылданған шешімдерін қала аумағындағы барлық кәсіпорындар мен мекемелер, меншік түріне қарамастан лауазымды адамдар мен азаматтар міндетті түрде орындайды. 2-бап. Қалалық мәслихат депутаты - сайлаушылардың, олардың еркі мен мүддесін мәслихатта білдіретін өкілетті өкіл. Депутат мәслихаттың кез-келеген органына сайлауға және сайлануға, жарыс сөздерге қатысуға, сессияда талқыланған мәселелер бойынша негізінен ұсыныстар енгізуге және ескертпелер жасауға құқығы бар, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Конституциясы, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңы және осы Регламент белгілеген басқа да құқықтар мен міндеттерді иеленеді. Барлық мәселелер бойынша сессияда депутат шешуші дауыс құқын пайдаланады. Депутат мәслихат пен оның органдары алдында жауапты болады, олардың тапсырмаларын орындайды. Депутат сайлаушылар мен байланыс орнатуға, оларды мәслихат жұмысы туралы. өзінің сайлау алдындағы бағдарламасының жүзеге асу барысы туралы ақпараттандыруға, қоғамдық пікірді зерделеуге, мәслихат шешімдерінің орындалуын бақылауға міндетті. Қалалық мәслихаттың депутаты өз өкілеттігін ережеге сәйкес өндірістік және қызметтік міндеттерінен байланысын үзбей, өз өкілеттігін жүзеге асырады, сондай-ақ Заңда қарастырылған депутаттық өкілеттіктерді жүзеге асыру үшін депутат қалалық бюджет есебінен оған негізгі жұмыс орны бойынша орташа еңбек ақысы және басқа да шығындары төленетіндей етіліп, өндірістік және қызметтік міндеттерін орындаудан босатылады.
Тарау 2. 2. Қалалық мәслихат сессиясын шақыру және өткізу тәртібі
2. Қалалық мәслихат сессиясын шақыру және өткізу тәртібі 3-бап. Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңына сәйкес мәслихат қызметінің негізгі үлгісі сессия болып табылады. Қалалық мәслихаттың бірінші сессиясы мәслихат депутатарының тіркелген мерзімінен бастап бір айдан кешіктірмей депутаттардың үштен бір бөлігі қатысумен қалалық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы шақырады. Кезектен тыс сессияларды жыл ішінде кемінде төрт рет төраға шақырады. Олар сессияны шақыру туралы шешімдерді қабылдайды. Кезектен тыс сессиялар мәслихатқа сайланған депутаттардың кемі төртен бірінің, сондай-ақ шешім қабылданған күннен бастап бес күн ішінде қала әкімінің ұйғарымы бойынша шақырылады. Кезектен тыс сессияны шақыру туралы мәселені талқылау үшін ол ұсыныстық мазмүнда болуға тиіс. Сессияны шақыру уақыты, өтетін орны, сессияда қаралыуға енгізілген мәселелер туралы мәслихат хатшысы депутаттарды, қала әкімін және халқты сессияға дейінгі он күннен кешіктірмей, кезектен тыс сессия шақырылатын жағдайда кемі үш күн бүрын хабардар етеді. Бүл мерзім ішінде ол депутаттарға және қала әкіміне сессияны өткізу туралы кажетті материалдарды табыс етеді. 4-бап. Қалалық мәслихат сессиясы мәслихатқа сайланған депутаттар жалпы санының кемі үштен екісі қатысқанда құқыққа ие. Мәслихат сессиясы пленеарлық мәжіліс түрінде өткізіледі. Депутат сессияларға қатысуға міндетті, сессияға қатысуға мүмкіндіғі болмаған әрбір нақты жағдайда ол бүл туралы сессия төрағасына. мәслихат хатшысына немесе қалалық мәслихат аппаратының ұйымдастыру бөліміне хабарлайды. 5-бап. Күн тәртібі жөніндегі ұсыныстарды сессия төрағасы, тұрақты және басқа комиссия төрағалары, депутаттық топтар және депутаттар, қала әкімі енгізеді. Күн тәртібі туралы мәселені жиналыс, қала тұрғындарының өкілдері, қоғамдық бірлестіктер жоғары билік органдары мен басқармалары төрағаларына ұсынылуы мүмкін. Сессияның күн тәртібі оны талқылаған кезде толықтырылуы және өзгертілуі мүмкін. Мәслихат сессиясының күн тәртібін бекіту туралы шешім қабылданады. 6-бап. Сессия төрағасы мәжілісті ашады және жабады, баяндамашыға және шешендерге сөз береді, шешімдер жобасын дауысқа қояды, сайлау қорытындысын жариялайды, келіп түскен арыздар мен шағымдарды, ұсыныстарды хабарлайды, сессия отырысы уақытында залдағы тәртіпті қамтамасыз етеді. Сессия президиумында мәслихат төрағасы және хатшысы мен бірге қала әкімі, сондай- ақ төраға шақырған басқа да адамдар болуы мүмкін. Қалалық мәслихат сессиясы ережеге сәйкес ашық өткізілуі кейбір жағдайларда депутаттардың шешімі бойынша жабық болуы және тек қана депутаттардың қатысуымен өткізілуі мүмкін. 7-бап. Мәжілістің басталуы мен аяқталу уақыты сессияға төрағалық етушінің ұсынысымен белгіленеді. Сессиядағы баяндамалар үшін 40 минут шамасында, қосымша баяндамалар үшін 15 минут, сессияның күн төртібіндегі талқыланатын мәселелер бойынша жарыс сөзге 7 минутқа дейін, қайталанған сөз жарыстар, сондай-ақ қаулының бөлек тармақтарын талқылау үшін сөз алғандарға 3 минутқа дейін уақыт беріледі. Кандидаттарды талқылау, отырысты жүргізу тәртібі, дауыс беру, сұрақтар. ұсыныстар, хабарламалар, анықтамалар бойынша сөз сөйлеу үшін 3 минутқа дейін. Қажетті жағдайда сессия төрағасы депутаттардың келісімімен сөз алушылар мен баяндамашылар уақытын үзартуы мүмкін. Депутаттың ресми сұрау салуына жауап беру үшін 10 минутқа дейін, ал сұраққа – 5 минут уақыт беріледі. 8-бап. Депутаттармен, шақырьшғандармен талкыланатын мәселелер бойынша сөз ұсыну туралы арыз мәслихат аппаратына сессияға дайындық кезеңінде, ал сессия жұмысы уақытында - төрағаға беріледі. Сессияның өту тәртібі туралы, анықтама, сұраққа жауап және түсініктеме беру үшін төрағалық етушіге сөз кезектен тыс берілуі мүмкін. Тұрақты комиссияның тапсырмасы бойынша сөз сөйлейтін депутаттарға сөз кезектен тыс беріледі. Баяндамашыларға сұрақтар жазбаша түрде немесе орнынан ауызша бере алады. 9-бап. Шақырыландардың сессия жұмысына араласуға құқығы жоқ, мақұлдайтындығын немесе мақұлдамайтындығын байқатудан қалыс қалуға, тәртіпті сақтауға және төрағалық етушінің билігіне бағынуға міндетті. Мәслихат депутаты болып табылмайтын адам тәртіпті өрескел бұзған жағдайда сессияға төрағалық етушінің нүсқауы бойынша мәжіліс залынан шығарылуы мүмкін. 10-бап. Жарыссөздерді төқтату, сессияға қатысушы депутаттар санының көпшілігі ашық дауыс беруі жолымен қабылданғанда қалалық мәслихат шешімі бойынша жүргізіледі. Сессияның стенографиялық есепке, жарыссөздің тоқталуына байланысты сөз сөйлеуге мүмкіндіктері болмаған депутаттардың өтініші бойынша, олардың сессия призидиумына берген сөздерінің мәтіні енгізіледі. 11-бап. Қалалық мәслихат сессиясының шешімдері қаралып отырған мәселелер бойынша қатысушы депутаттар санының көпшілік дауысы бойынша ашық дауыс беру жолымен қабылданады. Жасырын дауыс беру кез-келген мәселе бойынша, егер мүны сайланган депутаттар жалпы санының кемі үштен бірінің талабымен өткізілуі мүмкін. 12-бап. Ашық дауыс беруді өткізген кезде оган төрағалық етушімен құрамын сессия белгілейтін депутаттар толына залдағы дауыстарды санау тапсырылады. Ашық дауыс беру басталар алдында төрағалық етуші дауысқа қойылатын дауыстардың санын көрсетеді, олардың тұжырымдарын нақтылайды, шешімнің көпшілік дауыспен (депутаттардың жалпы санының немесе қатысып отырған депутаттар санының) қабылдануы мүмкіндігін ескертеді. Сессияға төрағалық етуші дауыстар саналғаннан кейін дауыс қорытындысы бойынша ұсыныстың қабылданғаны немесе қабылданбағаны туралы жариялайды. 13-бап. Мәслихат шешімдері, оны бекіткен кезде депутаттар енгізген ескертпелер мен ұсыныстар есепке алына отырып бес күн мерзім ішінде редакцияланады. Сессия хаттамалы сессия өткеннен кейін 25 күннен кешіктірілмей рәсімделеді.
Тарау 3. 3. Қалалық мәслихаттың төрағасы және хатшысы
3. Қалалық мәслихаттың төрағасы және хатшысы 14-бап. Қалалық мәслихат сессиясының төрағасы, депутаттар қатарынан ашық дауыспен, жұмыс жоспары есепке алына отырып қатысушы депутаттар жалпы санының көпшілік даусымен, егер сессияда дауыс берудің өзге рәсімдік шарттары қабылданбаған болса, сайланады. Мәслихат сессиясының төрағасы өз қызметін қоғамдық негізінде атқарады. Сессия төрағасы кезекті сессияны шақыру туралы шешімді қабылдайды, оны дайындауға басшылық жасайды, сессия мәжілісін жүргізеді, қалалық мәслихат хатшысымен бірлесіп оның шешімдеріне, мәслихат сессияся қабылдаған немесе бекіткен хаттамаларға басқа да құжаттарға қол қояды. Мәслихат депутаты күнтізбе жыл ішінде сессия төрағасы болып сайлана алмайды. 15-бап. Қалалық мәслихат хатшысы, мәслихат қызметін үйымдастыру және қамтамасыз ету жөніндегі ағымдағы жұмыстарды атқарады. Ол, мәслихатта тұрақты негізде жұмыс істейтін және оған есеп беретін лауазымды түлға болып табылады. Мәслихат хатшысы, сессияда депутаттар қатарынан сайланған дауыстар жалпы санының көпшілік даусымен ашық немесе жабық дауыс беру жолымен сайланады және қызметтен сессияда мәслихат босатады. Мәслихат хатшысы лауазымына кандидатураны мәслихат сессиясында депутаттар ұсынады. Егер ұсынылған кандидаттың біреуі қорытындыда көпшілік дауыс алмаған болса, онда ол екінші рет баламасыз дауысқа түсе алмайды. Егер мәслихат хатшылығы лауазымына екі кандидат ұсынылған жағдайда, дауыс қорытындысында олардың біреуі қажетті дауыс санын алмаған болса, онда кандидат дауыс берудің екінші турына қатыспайды. Сайлауда екінші кандидат баламамен де, онсыз да қатыса алады. Егер үш немесе коп кандидаттарды үсынғанда дауыс беру нәтижесінде бір де бірі қажетті дауыс ала алмаса, ең коп дауыс жинаған екі кандидатура бойынша дауыс беру қайта өткізіледі. Мүнда дауыс беруге қатысқан депутаттар санының ішінде көп дауыс жинаған кандидат сайланды деп есептеледі. Мәслихат хатшысы арызы бойынша өз өкілеттігін өз еркімен тоқтатуға құқығы бар. Мәслихат хатшының жұмысын тоқтатуын қабалдамаған жағдайда, арыз берген күннен кейінгі екі ай мерзімі өткеннен кейін жұмысын тапсыруға құқылы. 16-бап. Қалалық мәслихат хатшысы өкілеттігін оған үсынылған Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 19-бабымен жүзеге асырады.
Тарау 4. 4. Қалалық мәслихаттын комиссиялары
4. Қалалық мәслихаттын комиссиялары 17-бап. Мәслихат Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік баскару туралы» Заңына сәйкес өз өкілеттігі мерзімінде өз құзырындағы бақылау функциялары шамасын жүзеге асыру оның шешімдерін, Қазақстан Республикасының заң жүзіндегі актілерін өткізуге ықпалын тигізу, мәслихатқа тиісті мәселелерді алдын ала қарастыруға және даярлау үшін тұрақты комиссия құрады. Олардың саны ждетіден аспауы қажет. Қажет болған жағдайда, мәслихат тұрақты комиссияларды жаңадан құрып, таратып және қайта ұйымдастыра алады. Тұрақты комиссияларды және олардың төрағаларын депутаттар арасынан қалалық мәслихат сайлайды. Тұрақты комиссиялар өз құзіретіндегі мәселелер бойынша қаулы қабылдайды. 18-бап. Мәслихат тұрақты комиссиясының құрамына сол немесе өзге комиссияда жұмыс істеу мүддесі мен тілегін ескере, қалалық мәслихат депутаттарынын біркелкі саны шамасында енеді. 19-бап. Тұрақты комиссияның отырысы тоқсанына бір реттен кем емес қажеттілігіне қарай өтеді. 20-бап. Қалалық мәслихат төрағаларының ұсынысы бойынша тұрақты комиссия құрамына өзгерістер енгізуге құқы бар. Тұрақты комиссия төрағаларының өкілетін өз міндеттері орындауға кедергісін келтіретін себептермен байланысты, сондай-ақ осы түлғалардың өтініші бойынша қалалық мәслихат мерзімінен бүрын тоқтатады. Мәслихаттың құзырына жатқызылған мәселелерді сессияларда қарауға әзірлеу мақсатында мәслихат не мәслихат хатшысы уақытша комиссиялар құруға құқылы. Уақытша комиссиялардың құрамын, міндеттерін, өкілеттік мерзімдерін және құқықтарын мәслихат немесе мәслихат хатшысы оларды құру кезінде белгілейді. Мәслихаттың уақытша комиссиялары өз құзыретіндегі мәселелер бойынша қорытындылар қабылдайды. 21-бап. Тұрақты комиссияны сайлау жалпы комиссия құрамы бойынша немесе әр кандидат бойынша бөлек сессия шешімі жөніндегі дауыс берумен өтеді. Тұрақты комиссияның қызметін үйлестіруді және олардың қызметіне көмек көрсетуді мәслихат хатшысы жүзеге асырады. 22-бап. Тұрақты комиссия қызметінің тәртібі Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 12, 14, 15, 17, 13 баптарымен анықталады. 23-бап. Қалалық бюджеттің атқарылуын бақылау үшін мәслихат өз өкілеттігі мерзімін де тексеру комиссиясын сайлайды. Тексеру комиссияся және оның төрағасы сессияға қатысушы депутаттардың қарапайым көпшілік дауыспен, ашық дауыс беру арқылы сайланады. Тексеру комиссияның құрамына қалалық мәслихат депутаттары емес адамдар да тартылуы мүмкін. Тексеру комиссиясының төрағасы өз қызметін басқа жұмысынан босатылған негізінде жүзеге асырады. 24-бап. Тексеру комиссия жылына бір реттен кем емес, өзінің қарауы бойынша кез-келген уақытта өтеді. Тексерулер мәслихаттың, тексеру комиссиясының не мәслихат хатшысының шешімдерімен, мәслихаттың сайланған депутаттары санының кемінде үштен бірінің талап етуі бойынша жүргізілуі мүмкін. Тексеру комиссиясы тексеруді мемлекеттік қаржы бақылау органдарымен бірігіп өткізуі мүмкін. Тексеру нәтижесі бойынша тексеру комиссиясы акт жасап, ол туралы мәслихат пен әкімиятқа хабарлайды.
Тарау 5. 5. Депутаттық сауал: Бақылау өкілеттілігін іске асыру.
5. Депутаттық сауал: Бақылау өкілеттілігін іске асыру. 25-бап. Қалалық мәслихаттың депутаты, тұрақты комиссия сессия төрағасына, мәслихат хаттасына, қала әкімі мен оның орынбасарына, мекемелер және үйымдардың басшыларына сауал қоюға құқылы. Сауал жазбага немесе ауызша түрде енгізіледі, жазбаша түскен сауал сессияда жарияланады. Мәслихат бекіткен мерзімде сессияда мемлекеттік орган, лауазымды түлға жазбаша немесе ауызша түскен сауалдарға жауап беруге міндетті. Сауалған берілген жауап бойынша, оның талқыланған нәтижесі бойынша шешім қабылданады. 26-бап. Қалалық мәслихаттың шешімінің орындалуына бақылау жасау оның хатшысы жүзеге асырады. 27-бап. Сессияда мәслихат депутаттарынан түскен ұсыныстар мен ескертулер жинақтап қорытылады және сәйкес қызметтерге, бөлімдерге, мекемелер мен үйымдарға бағытталады. Соңғылары ай аралығы мерзімінде мәслихат хатшысына қабылданған шаралар туралы ақпарат беруге тиіс. 28-бап. Қалалық мәслихаттың шешімін, шиеленіскен ескертулер мен ұсыныстарды орындау туралы мәслихат хатшысы сесияда депутаттарға әрдайым ақпарат береді.
Тарау 6. 6. Қалалық мәслихат жұмысынын жоспарлануы.
6. Қалалық мәслихат жұмысынын жоспарлануы. 29-бап. Қалалық мәслихат өз қызметін болашақ (жылдық) және айлық жоспарлар негізінде құрады. Қалалық мәслихаттың болашақ жоспары сессияға қатысқан депутаттардың қарапайым көпшілік дауыстарымен бекітіледі. Кезекті сессияда жоспарға өзгертулер енгізілуі мүмкін.
Тарау 7. 7. Арқалық қалалық мәслихаттар және учаскелік сайлау комиссияларының депутаттарын сайлау бойынша Арқалық қалалық округтік сайлау комиссияларын кұру және сайлау.
7. Арқалық қалалық мәслихаттар және учаскелік сайлау комиссияларының депутаттарын сайлау бойынша Арқалық қалалық округтік сайлау комиссияларын кұру және сайлау. 30-бап. Сайлау комиссияларының жаңа құрамын құру және сайлау - сайлау комиссиялары өкілеттіктерінің мерзімі аяқталғанға дейін екі ай бұрын басталады және кемінде үш күн қалғанда аяқталады. 31-бап. Бұқаралық ақпарат құралдарында, сайлау комиссияларының құрылғандығы туралы хабарлама жарияланғанға дейін кемінде үш күн қалғанда қалалық мәслихаттың хатшысы өз өкімімен депутаттардан және аппарат қызметшілерінен тұратын сайлау комиссияларының құрамын құру жөніндегі Жұмыс тобын құрады. 32-бап. Жұмыс тобы саяси партиялардан және қоғамдық бірлестіктерден, олардың құрылымдық бөлімшелерінен, жоғары тұрған комиссиялардан құрылатын комиссия құрамына кандидатуралар келіп түсетін үсыныстарды жинаумен және өңдеумен айналысады. Әрбір саяси партия тиісті сайлау комиссиясының құрамына өзінің бір өкілін ұсынады. Саяси партиялардың және өзге де қоғамдық бірлестіктердің, жоғары тұрған комиссиялардың Жұмыс тобына ұсынатын құжаттардың тізбесіне төмендегілер кіреді:
Тармақша 1
1)саяси партияны және өзге де қоғамдық бірлестікті, олардың құрылымдық болімшелерін әділет органдарында тіркеу туралы құжаттың көшірмесі;
Тармақша 2
2)саяси партияның және өзге де қоғамдық бірлестікті, олардың құрылымдық бөлімшелерінің органы, жоғары тұрған сайлау комиссиялары отырысының кандидатты тиісті сайлау комиссиясына үсыну туралы хаттамасынан көшірме;
Тармақша 3
3)жеке іс парағы әр кандидатқа мына нысан бойынша: тегі. аты, әкесінің аты, туған жылы, күні, үлты (көрсетпеуге құқылы), білімі, партияға мүшелігі (көрсетпеуге құқылы), жұмыс орны, қызметі, тұратын жері, паспорт (жеке басының куәлігі), № , кім және қашан берілді, байланыс телефоны; 33-бап. Сайлау комиссиялары құрамының жобасын дайындау кезінде Жұмыс тобы бірінші кезекте саяси партиялардан келіп түскен ұсыныстарды басшылыққа алады, одан кейін, келіп түскен ұсыныстар жеті мүшеден кем болған жағдайда, басқа да қоғамдық бірлестіктердің және жоғары тұрған сайлау комиссияларының кандидатуралары есепке алынады. 34-бап. Жаңа сайлау комиссияларының құрамына келіп түскен ұсыныстардың мерзімі аяқталған кезде Жұмыс тобы сессия шешімдерінің жобасын және сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау бойынша бюллетендер дайындайды. 35-бап. Қалалық, округтік және учаскелік комиссияларының бюллетендері бөлек дайындалады. 36-бап. Саяси партиялардың, басқа да қоғамдық бірлестіктердің және жоғары түрған сайлау комиссияларының, сайлау комиссиялары құрамына ұсынылған барлық кандидатуралар, олардан келіп түскен кезек бойынша шешімдердің және бюллетендердің жобасына енгізіледі және Жұмыс тобының арнайы журналына тіркеледі. 37-бап. Сайлау комиссияларының мүшелері көрсетілген бюллетендерді, сессияға қатысып отырған мәслихаттың барлық депутаттары алады және оларды жеке өздері толтырады. Дауыс берудің қорытындысын сессияда құрылған Есептеу комиссиясы шығарады. Есептеу комиссиясының сандық құрамы және төрағасы мәслихат сессиясында белгіленеді. 38-бап. Саяси партиялардан тиісті сайлау комиссиясы мүшелерінің санына (жеті) тең ұсыныстар түскен жағдайда Жұмыс тобы мәслихат сессиясына осы комиссияның құрамына дауыс беру ұсынысын енгізеді. Саяси партиялардан тиісті сайлау комиссиясының мүшелерінің санынан артық (жетіден артық) ұсыныс түскен кезде, Жұмыс тобы мәслихат сессиясына рейтингілік дауыс беруді үсынады. Саяси партиялардан тиісті сайлау комиссиясы мүшелерінің санынан (жетіден кем) ұсыныс түскен кезде Жұмыс тобы бюллетендегі бос орынға басқа да қоғамдық бірлестіктерден келіп түскен кандидатуралар енгізіледі, ал егер аталған кандидатуралар болмаған жағдайда, жоғары тұрған сайлау комиссияларымен ұсынылады (тиісті келіп түсу кезектілігі тәртібінде). Бос орынға олардың санына тең ұсыныстар түскен жағдайда Жұмыс тобы мәслихат сессиясына осы комиссияның құрамына дауыс беру ұсынысын енгізеді. Бос орынға олардың санынан артық ұсыныс түскен кезде, Жұмыс тобы мәслихат сессиясында комиссия құрамына саяси партиялардың өкілдерін сайлауды ұсынады, ал бос орындарға рейтингілік дауыс беруді өткізуді үсынады. 39-бап. Барлық сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау бойынша дауыс беру (бюллетендер бойынша) ашық және жабық түрде өтеді. Бюллетенге үміткерлердің аты, жөні, тегі, кандидатураның қандай саяси партиялар ұсынғаны басқа да қоғамдық бірлестіктерден, жоғары тұрған сайлау комиссияларынан енгізіледі. Бюллетенде кандидатуралар тектерінің оң жағында, депутаттар белгі (қосу, нүкте) қоятын квадраттар бейнеленеді. Депутаттар жеті квадратқа белгі қояды. Өзге үлгіде дауыс бергендегі бюллетендер жарамсыз деп есептеледі. 40-бап. Дауыс берудің нәтижелерін мәслихаттың сессиясында Есептеу комиссиясы жариялайды. 41-бап. Есептеу комиссиясының торағасы сайлау комиссиясының төрағасын, орынбасарын және хатшысын сайлау жөніндегі сайлау комиссиясының ұйымдастырушылық отырысын өткізу мерзімі туралы жариялайды (оларды құрған уақыттан бастап жеті күн аралығынан кешіктірмей). 42-бап. «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына сәйкес, мәслихат хатшысы бұқаралық ақпарат құралдарында тиісті сайлау комиссияларының құрамын жариялауды қамтамасыз етеді. Материалдар оған қосымшасымен басылымның бір нөмерінде басылуы керек. «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында көрсетілген жағдайда, мәслихат тиісті сайлау комиссиясының мүшесін босату туралы және шығып кеткеннің орнына сайлау туралы шешім қабылдайды.Сайлау комиссиясы мүшесінің босаған қызметін ауыстыруға осы сайлау комиссиясына олардың өкілдері кірмейтін саяси партиялардан және өзге де қоғамдық бірлестіктерден ұсыныстар қабылданады. 43-бап. Сайлау комиссияларын сессияда сайлағанда «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңынан туындаған негізге орай, мәслихаттар олардың бір ғана ұйымдардан құрылуына жол бермеуі керек, міндетті түрде тиісті әкімшілік - аумақтық бірліктің аумағында тұрып жатқанын міндетті түрде ескеруі қажет. Президенттікке, Парламенттің, мәслихаттардың депутаттығына, жергілікті өзін - өзі басқару органдарының мүшелігіне кандидаттар, кандидаттардың сенім білдірген адамдары, кандидаттардың жүбайы (зайыбы) мен жақын туыстары, сондай - ақ кандидаттарға тікелей бағынышты адамдар сайлау комиссияларының мүшелері бола алмайды.