Об утверждении Положения о приемных профессиональных семьях Қолданыста

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 05.05.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Баланы қабылдайтын кәсіби отбасылар туралы ережені бекіту туралы «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 132-6-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Баланы қабылдайтын кәсіби отбасылар туралы ереже бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
Тармақша 3
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық 2025 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Басқа 0. Баланы қабылдайтын кәсіби отбасылар туралы ереже
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрі 2025 жылғы 31 наурыздағы № 61 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2025 жылғы « » № бұйрығымен бекітілген Баланы қабылдайтын кәсіби отбасылар туралы ереже
Тарау 1. 1 тарау. Жалпы ережелер
1 тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Баланы қабылдайтын кәсіби отбасылар туралы ереже (бұдан әрі – Ереже) «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 132-6-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді.
Тармақ 2
2. Осы Ережеде мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) баланы қабылдайтын кәсіби отбасы – ағалы-інілілер мен апалы-сіңлілілерді (қарындастарды) қоспағанда, Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 133-бабы 1-тармағының 1), 2) 3) және 9) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге мұқтаж төртеуден аспайтын баланы алдын ала таңдамай тәрбиелеуге қабылдайтын отбасына уақытша орналастыру нысаны.
Тармақша 2
2) баланың заңды өкілдері – ата-ана, бала асырап алушылар, қорғаншы, қамқоршы, патронат тәрбиелеуші, баланы қабылдайтын ата-аналар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес балаға қамқорлық жасауды, білім, тәрбие беруді, оның құқықтары мен мүдделерін қорғауды жүзеге асыратын олардың орнындағы басқа да адамдар;
Тармақша 3
3) жақын туыстар – ата-аналар (ата-ана), балалар, асырап алушылар, асырап алынғандар, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек ағалы-інілер мен апалы-сіңлілер (аға-қарындастар), ата, әже, немерелер;
Тармақша 4
4) жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды Қазақстан Республикасы азаматтарының отбасыларына орналастыруға жәрдем көрсету жөніндегі ұйым – Кодексте белгіленген құзыретке сәйкес жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын, балаларды тәрбиелеуге қабылдауға тілек білдірген және қабылдаған Қазақстан Республикасы азаматтарының отбасыларына тәрбиелеуге орналастыруға жәрдемдесуді өтеусіз негізде Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыратын және Кодексте белгіленген тәртіппен осындай қызметті жүзеге асыру үшін аккредиттелген коммерциялық емес ұйым.
Тарау 2. 2 тарау. Баланы қабылдайтын кәсіби тәрбиешілерді іріктеу, оқыту тәртібі
2 тарау. Баланы қабылдайтын кәсіби тәрбиешілерді іріктеу, оқыту тәртібі
Тармақ 3
3. Баланы қабылдайтын кәсіби тәрбиешілерді іріктеуді қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын орган (бұдан әрі – орган) жүзеге асырады.
Тармақ 4
4. Баланы қабылдайтын кәсіби тәрбиешілерді іріктеу мыналарды қамтиды:
Тармақша 1
1) баланы қабылдайтын кәсіби тәрбиешілер болуға ниет білдірген адамдардың (бұдан әрі – адамдар) Кодекстің 122-бабы 1-тармағының талаптарына сәйкестігін қарау;
Тармақша 2
2) адамгершілік және өзге де жеке қасиеттерді, олардың баланы қабылдайтын кәсіби тәрбиешілердің міндеттерін орындауға қабілеттілігін анықтау тұрғысынан адамдармен әңгімелесу өткізу;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 133-бабы 1-тармағының 1), 2), 3) және 9) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж балаларды (бұдан әрі – арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж балалар) күтіп-бағу, тәрбиелеу және оларға білім беру үшін қолайлы жағдайларды айқындау мақсатында адамдардың тұрғын үй-тұрмыстық жағдайларына тексеру жүргізу.
Тармақ 5
5. Мыналарды:
Тармақша 1
1) сот әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп таныған адамдарды;
Тармақша 2
2) сот ата-ана құқықтарынан айырған немесе сот ата-ана құқықтарын шектеген адамдарды;
Тармақша 3
3) өзіне Қазақстан Республикасының Заңында жүктелген міндеттерді тиісінше орындамағаны үшін қорғаншы немесе қамқоршы, патронат тәрбиеші, қабылдайтын ата-ана, қабылдайтын кәсіби тәрбиеші міндеттерінен шеттетілген адамдарды;
Тармақша 4
4) егер сот олардың кінәсі бойынша бала асырап алудың күшін жойса, бұрынғы асырап алушыларды;
Тармақша 5
5) баланы қабылдайтын кәсіби тәрбиешінің міндеттерін баланы қабылдайтын кәсіби отбасына тәрбиелеуге қабылдай алмайтын аурулар тізбесіне сәйкес денсаулық жағдайына байланысты жүзеге асыра алмайтын адамдарды;
Тармақша 6
6) тұрақты тұратын жері жоқ адамдарды;
Тармақша 7
7) азаматтығы жоқ адамдарды;
Тармақша 8
8) баланы қабылдайтын кәсіби тәрбиешілер деп таныған кезде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейімен қамтамасыз ететін табысы жоқ адамдарды;
Тармақша 9
9) психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымдарда динамикалық байқаудағы адамдарды;
Тармақша 10
10) сотталғандығы бар немесе болған, қылмыстық қудалауға ұшырап отырған немесе ұшыраған адамдарды (өздеріне қатысты қылмыстық қудалау Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабы бірінші бөлігінің 1) және 2) тармақтары негізінде тоқтатылған адамдарды қоспағанда). Егер қабылдаушы кәсіби тәрбиеші адам некеде тұрса (ерлі-зайыпты болса) не өзге адамдармен бірге тұрып жатса, зайыбына (жұбайына) не бірге тұратын адамдарға Кодекстің 122-бабы 1-тармағы бірінші бөлігінің 1), 2), 3), 4), 5), 7) және 11) тармақшаларында белгіленген талаптар қолданылады. Қабылдаушы кәсіби тәрбиеші болуға тілек білдірген адамдармен бірге тұратын өзге адамдарға некеден (ерлі-зайыптылықтан), туыстықтан, жекжаттықтан, бала асырап алудан немесе баланы тәрбиеге алудың өзге де нысанынан туындайтын мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтар мен міндеттерге байланысты бірге тұратын отбасы мүшелері, сондай-ақ іс жүзінде бірге тұрып жатқан, бірақ некеде тұрмайтын (ерлі-зайыпты емес) бірге тұратын адамдар жатады.
Тармақ 6
6. Адамдар тұрғылықты жері бойынша органға мынадай құжаттарды ұсынады:
Тармақша 1
1) осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
Тармақша 2
2) жеке басын куәландыратын құжат;
Тармақша 3
3) егер некеде тұрса, неке қию туралы куәліктің көшірмесі;
Тармақша 4
4) адамның және оның зайыбының (жұбайының) егер некеде тұрса, және бірге тұратын өзге адамдардың (бар болса) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің «Адамның бала асырап алуы, оны қорғаншылыққа немесе қамқоршылыққа, патронатқа қабылдап алуы мүмкін болмайтын аурулардың тізбесін бекіту туралы» 2015 жылғы 28 тамыздағы № 692 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12127 болып тіркелді) бекітілген, адам бала асырап ала алмайтын, оны қорғаншылыққа немесе қамқоршылыққа, патронатқа қабылдай алмайтын аурулардың тізбесіне сәйкес аурулардың жоқтығын растайтын денсаулық жағдайы туралы анықтама, сондай-ақ «Денсаулық сақтау саласында мемлекеттік қызметтер көрсетудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 18 мамырдағы № ҚР ДСМ-49/2020 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20665 болып тіркелді) бекітілген нысанға сәйкес «Наркология» психикалық денсаулық орталығынан және «Психиатрия» психикалық денсаулық орталығынан динамикалық бақылауда болу (немесе болмауы) туралы мәліметтерді тапсырады;
Тармақша 5
5) бір адамға кемінде он бес шаршы метр мөлшерінде тұрғын үйге меншік құқығын немесе тұрғын үйді пайдалану құқығын растайтын құжаттардың көшірмелері;
Тармақша 6
6) ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен емес табыстар туралы анықтама;
Тармақша 7
7) соттылығының болуы не болмауы туралы анықтама;
Тармақша 8
8) екінші деңгейдегі банкте ағымдағы шот ашу туралы шарттың көшірмесі. Тіркелген некеде тұрған адамдар бірлескен өтініш береді.
Тармақ 7
7. Адамдар құжаттар топтамасын толық ұсынбаған кезде және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынған кезде орган өтініш берілген күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тартады (еркін нысанда). Ұсынылған құжаттардың осы Ереженің 6-тармағына сәйкестігі фактісі анықталған кезде орган 1 (бір) жұмыс күні ішінде адамдарды осы Ереженің 5-тармағының талаптарына сәйкестігін қарайды және әңгімелесу өткізу туралы шешім қабылдайды не өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тартады.
Тармақ 8
8. Адамдар осы Ереженің 5-тармағының талаптарына сәйкес келген кезде орган өтініш берілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде адамдармен адамгершілік және өзге де жеке қасиеттерін, олардың баланы қабылдайтын кәсіби тәрбиешілердің міндеттерін орындауға қабілеттілігін, баланы қабылдайтын кәсіби тәрбиеші болуға деген ұмтылысы мен себептерін анықтау тұрғысынан әңгімелесу өткізеді.
Тармақ 9
9. Адамдардың баланы қабылдайтын кәсіби тәрбиешілердің міндеттерін орындай алмайтындығы анықталған кезде, орган олардың баланы қабылдайтын кәсіби тәрбиешілерді іріктеу процесіне одан әрі қатысуын дәлел ұсына отырып тоқтатады (еркін нысанда). Орган адамдарға алдын ала шешім бойынша позициясын білдіруге мүмкіндік беру үшін бас тарту туралы алдын ала шешім бойынша, сондай-ақ тыңдауды өткізудің уақыты мен орны (тәсілі) туралы адамдарды хабардар етеді. Орган адамдарды тыңдау туралы өтінішті қарау мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын хабардар етеді. Адамдар бас тарту туралы алдын ала дәлелді шешімге қарсылықты шешімді алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде ұсынады немесе білдіреді. Әңгімелесудің оң нәтижелерінің қорытындылары бойынша орган 3 (үш) жұмыс күні ішінде адамдардың тұрғын үй-тұрмыстық жағдайларына тексеру жүргізу туралы шешім қабылдайды.
Тармақ 10
10. Арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж балаларды күтіп-бағу, тәрбиелеу және білім беру үшін қолайлы жағдайларды айқындау мақсатында орган осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша нәтижелері бойынша тұрғын үй-тұрмыстық жағдайларды тексеру актісін жасайтын адамдардың тұрғын үй-тұрмыстық жағдайларын тексереді.
Тармақ 11
11. Арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж балаларды күтіп-бағу, тәрбиелеу және білім беру үшін тиісті жағдайлардың жоғы белгіленген кезде орган 3 (үш) жұмыс күні ішінде олардың баланы қабылдайтын кәсіби тәрбиешілерді іріктеу процесіне одан әрі қатысуын дәлел ұсына отырып тоқтатады (еркін нысанда). Орган адамдарға алдын ала шешім бойынша позициясын білдіруге мүмкіндік беру үшін бас тарту туралы алдын ала шешім бойынша, сондай-ақ тыңдауды өткізудің уақыты мен орны (тәсілі) туралы адамдарды хабардар етеді. Орган адамдарды тыңдау туралы өтінішті қарау мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын хабардар етеді. Адамдар бас тарту туралы алдын ала дәлелді шешімге қарсылықты шешімді алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде ұсынады немесе білдіреді. Арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж балаларды күтіп-бағу, тәрбиелеу және білім беру үшін қолайлы жағдайлар белгіленген кезде Кодекстің 91-бабының 4-тармағында белгіленген тәртіппен адамдар психологиялық даярлықтан өтеді.
Тармақ 12
12. Адамдарды психологиялық даярлауды Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің «Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын, жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды өз отбасына тәрбиелеуге қабылдауға тілек білдірген Қазақстан Республикасының азаматтарын психологиялық даярлау бағдарламасының мазмұнына қойылатын талаптарды, оларды психологиялық даярлау жөніндегі қызметті ұйымдастыру тәртібін және осындай даярлықтан өткені туралы сертификаттың нысанын бекіту туралы» 2020 жылғы 27 сәуірдегі № 165 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20507 болып тіркелді) сәйкес жетім балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды Қазақстан Республикасы азаматтарының отбасыларына орналастыруға жәрдемдесу жөніндегі ұйымдар, жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдары жүргізеді.
Тармақ 13
13. Психологиялық даярлықтан өту қорытындысы бойынша адамдар психологиялық даярлықтан өткені туралы сертификатты алған күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде органға ұсынады.
Тарау 3. 3-тарау. Баланы қабылдайтын кәсіби тәрбиешілерді тану тәртібі және баланы қабылдайтын кәсіби тәрбиешілерді тану туралы қорытынды беру
3-тарау. Баланы қабылдайтын кәсіби тәрбиешілерді тану тәртібі және баланы қабылдайтын кәсіби тәрбиешілерді тану туралы қорытынды беру
Тармақ 14
14. Психологиялық даярлықтан өткені туралы сертификатты алғаннан кейін орган сертификатты алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде баланы қабылдайтын кәсіби тәрбиеші деп тану туралы қорытындыны дайындайды.
Тармақ 15
15. Баланы қабылдайтын кәсіби тәрбиеші деп тану туралы қорытындыда мыналар көрсетіледі:
Тармақша 1
1) қорытынды шығару орны және күні;
Тармақша 2
2) қорытындыны шығарған органның атауы;
Тармақша 3
3) баланы қабылдайтын кәсіби тәрбиеші болуға ниет білдірген тұлғалардың тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде);
Тармақша 4
4) туған жылы;
Тармақша 5
5) жынысы;
Тармақша 6
6) ұлты;
Тармақша 7
7) отбасы жағдайы;
Тармақша 8
8) бірге тұратын отбасы мүшелері туралы мәліметтер (ТАӘ (бар болса), туған жылы, туыстық қатынастары);
Тармақша 9
9) тұрғылықты мекен-жайы,
Тармақша 10
10) электрондық пошта, телефон нөмірі;
Тармақша 11
11) білімі;
Тармақша 12
12) жұмыс орны, қызметі;
Тармақша 13
13) ең төмен күнкөріс деңгейін қамтамасыз ететін кіріс туралы мәлімет;
Тармақша 14
14) азаматтығы;
Тармақша 15
15) әрекет қабілеттілігі;
Тармақша 16
16) ата-аналық құқығынан айрылғаны немесе шектелгені туралы мәлімет;
Тармақша 17
17) Қазақстан Республикасының Заңымен өзіне жүктелген міндеттерді тиісінше орындамағаны үшін қорғаншы және қамқоршының, патронаттық тәрбиешінің, қабылдаушы ата-ананың міндеттерінен шеттетілгені туралы мәліметтер;
Тармақша 18
18) бала асырап алушының кінәсінен бала асырап алудың күшін жою туралы мәліметтер;
Тармақша 19
19) адам баланы қабылдайтын кәсіби отбасына баланы тәрбиелеуге қабылдауға мүмкін болмайтын тізбеге сәйкес денсаулық жағдайы және аурулардың болмауы туралы мәліметтер;
Тармақша 20
20) тұрғын үйдің болуы туралы мәліметтер;
Тармақша 21
21) соттылығының болуы не болмауы туралы мәліметтер;
Тармақша 22
22) психологиялық даярлықтан өткені туралы сертификаттың нөмірі және күні;
Тармақша 23
23) тұрғын үй-тұрмыстық жағдайлардың нәтижелері;
Тармақша 24
24) баланы қабылдайтын кәсіби тәрбиеші болуға ұмтылудың себептері мен мотивтері;
Тармақша 25
25) ағымдағы банктік шоттың нөмірі;
Тармақша 26
26) қорытынды;
Тармақша 27
27) шешім шығарған орган басшының қолы.
Тарау 4. 4-тарау. Арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж балаларды баланы қабылдайтын кәсіби отбасына беру
4-тарау. Арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж балаларды баланы қабылдайтын кәсіби отбасына беру
Тармақ 16
16. Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 133-бабы 1-тармағының 1), 2), 3) және 9) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж балалар баланы қабылдайтын кәсіби отбасына беріледі.
Тармақ 17
17. Баланы қабылдайтын кәсіби отбасы аға-іні мен апа-сіңлілерді қоспағанда, арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж төрт баладан аспайтын балаларды тәрбиелеуге қабылдайды.
Тармақ 18
18. Арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж балаларды баланы қабылдайтын кәсіби отбасына берудің негізі баланы қабылдайтын кәсіби тәрбиешілер мен орган арасында жасалған арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж балаларды баланы қабылдайтын кәсіби отбасына беру туралы шарт (бұдан әрі – баланы қабылдайтын кәсіби отбасына балаларды беру туралы шарт) болып табылады.
Тармақ 19
19. Баланы қабылдайтын кәсіби отбасына балаларды беру туралы шарт балаларды күтіп-бағу, тәрбиелеу және білім беру шарттарын, баланы қабылдайтын кәсіби тәрбиешілердің құқықтарын, міндеттері мен жауапкершілігін, қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органның құқықтары мен міндеттерін, сондай-ақ мұндай шартты тоқтатудың негіздері мен салдарын көздейді.
Тармақ 20
20. Баланы қабылдайтын кәсіби отбасына балаларды беру туралы шарт алты ай мерзімге, бір реттен асырмай сол мерзімге ұзарту құқығымен жасалады.
Тармақ 21
21. Арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге мұқтаж баланы қабылдайтын кәсіби отбасына берілген әрбір балаға баланы қабылдайтын кәсіби отбасына балаларды беру туралы жеке шарт жасалады.
Тармақ 22
22. Баланы қабылдайтын кәсіби отбасына балаларды беру туралы шарт:
Тармақша 1
1) дәлелді себептері (науқастануы, отбасылық немесе материалдық жағдайының өзгеруі, баламен өзара түсіністіктің болмауы, балалар арасындағы жанжалдар және басқалар) болған кезде баланы қабылдайтын кәсіби тәрбиешілердің бастамасы бойынша;
Тармақша 2
2) балаларды күтіп-бағу, тәрбиелеу және оларға білім беру үшін қолайсыз жағдайлар туындаған кезде қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органның бастамасы бойынша;
Тармақша 3
3) қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органмен келісу бойынша бала ата-аналарына, өзге де заңды өкілдеріне қайтарылған немесе бала асырап алынған жағдайларда мерзімінен бұрын бұзылуы мүмкін.
Тармақ 23
23. Балалардың заңды мүдделеріне сай келетін және балалар өздерінің туыстығы туралы білмейтін, бірге тұрмаған және тәрбиеленбеген жағдайларды қоспағанда, ағалы-інілілер мен апалы-сіңлілілерді (қарындастарды) ажыратуға жол берілмейді.
Тармақ 24
24. Арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге мұқтаж балаларды баланы қабылдайтын кәсіби тәрбиешілерге беру олардың пікірлері ескеріліп жүзеге асырылады. Он жасқа толған балаларды беру олардың келісімімен ғана жүзеге асырылады.
Тармақ 25
25. Арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге мұқтаж балаларды беру кезінде баланы қабылдайтын кәсіби тәрбиешілердің адамгершілік және өзге де жеке қасиеттері, олардың баланы қабылдайтын кәсіби тәрбиеші міндеттерін орындау қабілеті ескеріледі.
Тармақ 26
26. Баланы қабылдайтын кәсіби отбасына берілген арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж баланы асырап-бағуға 10 (он) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде ай сайынғы негізде ақшалай қаражат төлеу жүзеге асырылады.
Тармақ 27
27. Баланы қабылдайтын кәсіби отбасына берілген арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж баланы асырап-бағуға арналған қаражаттың төленуі ай сайын ағымдағы айдың 15-күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.
Тарау 5. 5-тарау. Баланы қабылдайтын кәсіби тәрбиешілердің еңбекақысын төлеу
5-тарау. Баланы қабылдайтын кәсіби тәрбиешілердің еңбекақысын төлеу
Тармақ 28
28 Әрбір баланы қабылдайтын кәсіби тәрбиешінің қызметтеріне ақы төлеу мөлшері айына жетпіс айлық есептік көрсеткішті құрайды.
Тармақ 29
29. Орган баланы қабылдайтын кәсіби тәрбиеші қызметтеріне ақы төлеуді шарт негізінде ай сайын ағымдағы айдың 25-күнінен кешіктірмей оның ағымдағы шотына ақша қаражатын аудару жолымен жүргізеді.
Тармақ 30
30. Баланы қабылдайтын кәсіби отбасына балаларды беру туралы шартты бұзу баланы қабылдайтын кәсіби тәрбиешілердің қызметтеріне ақы төлеуді тоқтатуға әкеп соғады, орган бес жұмыс күні ішінде бұл туралы баланы қабылдайтын кәсіби тәрбиешілерге жазбаша түрде хабарлайды.
Басқа 1. Өтініш
Баланы қабылдайтын кәсіби отбасылар туралы ережеге 1-қосымша _____________________ басшысына (орган атауы) ___________азаматтардан (тан), (шадан) (тегі, аты, әкесінің аты) (ол бар болған жағдайда)) және жеке сәйкестендіру номері) Тұрғылықты мекен жайы, телефон номері, электрондық поштасы __________________________________ Өтініш Мені (бізді) ____________________________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)) баланы қабылдайтын кәсіби тәрбиеші(лер) деп тануыңызды сұраймын. Арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж балаларды күтіп-бағуға, тәрбиелеуге және оларға білім беруге қолайлы жағдайлар жасау мақсатында тексеру үшін тұрғын үй-тұрмыстық жағдайларға тексеру жүргізуге келісім беремін (міз). Жалған мәліметтер мен жалған құжаттарды ұсынғаны үшін жауапкершілік туралы ескертілді. Ақпараттық жүйелердегі «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңымен қорғалатын құпияны қамтитын мәліметтерді пайдалануға келісемін (міз).) 20__ жылғы « » ______________ (қолы)
Басқа 2. Тұрғын үй-тұрмыстық жағдайларды тексеру актісі
Баланы қабылдайтын кәсіби отбасылар туралы ережеге 2-қосымша Тұрғын үй-тұрмыстық жағдайларды тексеру актісі Тексеріп-қарау жүргізілген күн ________________________________________ Тексеріп-қарауды жүргізген ___________________________________________ ___________________________________________________________________ (тексеріп-қарауды жүргізген адамдардың тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), лауазымы, жұмыс орны) _____________________________________________________________________ ____________________________________________________________________ Қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органның мекенжайы және телефоны: _________________________ 1._____________________________________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), туған жылы) тұрғын үй-тұрмыстық жағдайлары тексерілді. Жеке басын куәландыратын құжат _________________________________ Тұрғылықты жері (тіркеу орны бойынша) ___________________________ Нақты тұрғылықты жері __________________________________________ Білімі ______________________________________________________________ Жұмыс орны ________________________________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), туған жылы) ________________________________________________________________ Жеке басын куәландыратын құжат _____________________________________ Тұрғылықты жері (тіркеу орны бойынша) _______________________________ Нақты тұрғылықты жері ______________________________________________ Білімі ______________________________________________________________ Жұмыс орны ________________________________________________________ 2. Тұрғын үй-тұрмыстық жағдайларының жалпы сипаттамасы _____________ Тұрғын үйді пайдалану құқығын растайтын құжат ________________________________________________________________ Тұрғын үйдің меншік иесінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), ________________________________________________________________ Жалпы көлемі ________(шаршы метр) тұрғын көлемі __________(шаршы метр) Тұрғын бөлмелердің саны ___________, тіркеуде тұрғандар ________________ (тұрақты, уақытша) Тұрғын үйдің жайлылығы _____________________________________________ (абаттандырылған, абаттандырылмаған, ішінара жайлы) Санитариялық-гигиеналық жай-күйі ____________________________________ (жақсы, қанағаттанарлық, қанағаттанарлықсыз) Тұрғын үй туралы қосымша мәліметтер (балаға арналған жеке жатын орны, сабақ дайындауға, демалуға арналған орынның, жиһаздардың және т.б. бар болуы) ________________________________________________________________ 3. Отбасының бірге тұратын басқа мүшелері: Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) Туған күні Жұмыс орны, қызметі немесе оқу орны Туыстық қатынастары Ескерту 4. Отбасының табысы туралы мәлімет: жалпы сома __________, оның ішінде жалақы, басқа да табыстар _________________________________ (жазу). 5. Отбасының сипаттамасы (отбасындағы адамдар арасындағы өзара қарым-қатынас, олардың жеке қасиеттері, қызығушылығы, балалармен қарым-қатынас тәжірибесі, барлық отбасы мүшелерінің балаларды қабылдауға дайындығы) ________________________________________________________________ ________________________________________________________________ 6. Баланы отбасына тәрбиелеуге қабылдау себептері: ______________ 7. Қорытынды (балаларды отбасына беру үшін жағдайдың бар болуы) ________________________________________________________________ _________ ________________________ (қолы) (тегі, аты-жөні) (күні) Таныстық: ___________________________________________________________ (баланы (балаларды) отбасына қабылдауға тілек білдірген тұлғалардың тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), күні, қолы)