О внесении дополнений и изменений в некоторые решения Правительства Республики Казахстан Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 19.07.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Үкiметiнің кейбiр шешімдеріне толықтырулар мен өзгерiстер енгізу туралы Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай толықтырулар мен өзгерiстер енгiзiлсiн:
Тармақша 1
1) "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1995 жылғы 29 желтоқсандағы N 1894 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1995 ж., N 41, 515-құжат): көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Лицензиялауға жататын қызметтiң түрлерiне, лицензиялар беруге өкiлеттік берiлген мемлекеттiк органдардың (лицензиярлардың) тiзбесiнде: реттiк нөмiрi 3-жолдың 3-бағаны: "байланысты теңiз" деген сөздерден кейiн "және өзен" деген сөздермен толықтырылсын; "теңiз кемелерiне" деген сөздер "кемелерге" деген сөзбен ауыстырылсын; көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Санитарлық, экологиялық және тау-кен техникалық қадағалау органдарының, сондай-ақ мемэнергияқадағалау органдарының қорытындысы қажет лицензияланатын жұмыстар мен қызметтер түрлерiнiң тiзiмiнде: "Санитарлық қадағалау органдарының қорытындысы қажет лицензияланатын жұмыстар мен қызметтер түрлерiнiң тiзiмi" деген I бөлiмде: 25-1-тармақта: "байланысты теңiз" деген сөздерден кейiн "және өзен" деген сөздермен толықтырылсын; "Теңiз кемелерiне" деген сөздер "Кемелерге" деген сөзбен ауыстырылсын; "Экологиялық қадағалау органдарының қорытындысы қажет лицензиялайтын жұмыстар мен қызмет түрлерiнiң тiзiмi" деген II бөлiмде: 21-1-тармақта: "байланысты теңiз" деген сөздерден кейiн "және өзен" деген сөздермен толықтырылсын; "Теңiз кемелерiне" деген сөздер "Кемелерге" деген сөзбен ауыстырылсын;
Тармақша 2
2) күші жойылды
Тармақша 3
3) "Қазақстан Республикасында көлiктегі қызметті лицензиялаудың кейбiр мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2002 жылғы 17 шiлдедегi N 794 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., N 22, 243-құжат): 1-тармақтың 2) тармақшасында: "байланысты теңiз" деген сөздерден кейiн "және өзен" деген сөздермен толықтырылсын; "теңiз кемелерiне" деген сөздер "кемелерге" деген сөзбен ауыстырылсын; көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Теңiз кемелерiне, жолаушыларға және жүктерге қызмет көрсетуге байланысты теңiз порттарының қызметiн лицензиялау кезiнде қойылатын бiлiктiлiк талаптарында: тақырыбында: "байланысты теңiз" деген сөздерден кейiн "және өзен" деген сөздермен толықтырылсын; "Теңiз кемелерiне" деген сөздер "Кемелерге" деген сөзбен ауыстырылсын; 1-тармақта: бiрiншi абзацта: "байланысты теңiз" деген сөздерден кейiн "және өзен" деген сөздермен толықтырылсын; "Теңiз кемелерiне" деген сөздер "Кемелерге" деген сөзбен ауыстырылсын; 2) тармақшада: "теңiз портының" деген сөздер "теңiз және өзен порттарының" деген сөздермен ауыстырылсын; "теңiз кемелерi" деген сөздер "кемелерге" деген сөзбен ауыстырылсын; 5) тармақшадағы "теңiз портында" деген сөздер "теңiз және өзен порттарында" деген сөздермен ауыстырылсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.