Об утверждении Правил постановки на учет нуждающихся в жилище лиц и предоставления жилища из жилищного фонда государственных учреждений и государственных предприятий Қолданыста
Басқа 0
Тұрғынжайға мұқтаж адамдарды есепке қою және мемлекеттік мекемелер мен мемлекеттік кәсіпорындардың тұрғын үй қорынан тұрғынжай беру қағидаларын бекіту туралы
«Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-2-бабының 10-34) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Тұрғынжайға мұқтаж адамдарды есепке қою және мемлекеттік мекемелер мен мемлекеттік кәсіпорындардың тұрғын үй қорынан тұрғынжай беру қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық 2025 жылғы 24 мамырдан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Келісілді
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрлігі
Келісілді
Қазақстан Республикасының
Бас прокуратурасы
Келісілді
Қазақстан Республикасының
Бәсекелестікті қорғау
және дамыту агенттігі
Келісілді
Қазақстан Республикасының
Ғылым және жоғары білім министрлігі
Келісілді
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрлігі
Келісілді
Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрлігі
Келісілді
Қазақстан Республикасының
Жоғары аудиторлық палатасы
Келісілді
Қазақстан Республикасы
Жоғарғы Соты
Келісілді
Қазақстан Республикасының
Жоғары Сот Кеңесінің аппараты
Келісілді
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
Келісілді
Қазақстан Республикасының
Қаржылық мониторинг агенттігі
Келісілді
Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу және
дамыту агенттігі
Келісілді
Қазақстан Республикасының
Қорғаныс министрлігі
Келісілді
Қазақстан Республикасының
Көлік министрлігі
Келісілді
Қазақстан Республикасының Мәдениет
және ақпарат министрлігі
Келісілді
Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік күзет қызметі
Келісілді
Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік қызмет істері агенттігі
Келісілді
Қазақстан Республикасының
Оқу-ағарту министрлігі
Келісілді
Қазақстан Республикасы
Президентінің Іс басқармасы
Келісілді
Қазақстан Республикасының
Сауда және интеграция министрлігі
Келісілді
Қазақстан Республикасының
Стратегиялық жоспарлау және
реформалар агенттігі
Келісілді
Қазақстан Республикасының
Су ресурстары және
ирригация министрлігі
Келісілді
Қазақстан Республикасының
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы
іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас
жемқорлыққа қарсы қызмет)
Келісілді
Қазақстан Республикасының
Сыртқы істер министрлігі
Келісілді
Қазақстан Республикасының
Төтенше жағдайлар министрлігі
Келісілді
Қазақстан Республикасының
Туризм және спорт министрлігі
Келісілді
Қазақстан Республикасының
Ұлттық банкі
Келісілді
Қазақстан Республикасының
Ұлттық қауіпсіздік комитеті
Келісілді
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
Келісілді
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
Келісілді
Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрлігі
Келісілді
Қазақстан Республикасының
Экология және табиғи
ресурстар министрлігі
Келісілді
Қазақстан Республикасының
Энергетика министрлігі
Басқа 0. Тұрғынжайға мұқтаж адамдарды есепке қою және мемлекеттік мекемелер мен мемлекеттік кәсіпорындардың тұрғын үй қорынан тұрғынжай беру қағидалары
Қазақстан Республикасының
Өнеркәсіп және құрылыс
министрінің 2025 жылғы
31 наурыздағы № 105
Бұйрығымен бекітілген
Тұрғынжайға мұқтаж адамдарды есепке қою және мемлекеттік мекемелер мен мемлекеттік кәсіпорындардың тұрғын үй қорынан тұрғынжай беру қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Тұрғынжайға мұқтаж адамдарды есепке қою және мемлекеттік мекемелер мен мемлекеттік кәсіпорындардың тұрғын үй қорынан тұрғынжай беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасы Заңы (бұдан әрі-Заң) 10-2-бабының 10-34) тармақшасына сәйкес әзірленген, тұрғынжайға мұқтаж адамдарды есепке қою және мемлекеттік мекемелер мен мемлекеттік кәсіпорындардың тұрғын үй қорынан тұрғынжай беру тәртібін анықтайды.
Тармақ 2
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) жалдауға беруші – тұрғынжайды жалдау шартындағы тұрғынжайдың меншік иесі немесе тұрғынжайды жалдауға беруге меншік иесі уәкілеттік берген адам болып табылатын тарап;
Тармақша 2
2) жалдаушы – тұрғынжайды жалдау шартындағы тұрғынжайды немесе оның бір бөлігін пайдалануға алушы тарап;
Тармақша 3
3) мемлекеттік кәсіпорынның тұрғын үй қоры – мемлекеттік кәсіпорынның қарауындағы тұрғынжайлар;
Тармақша 4
4) мемлекеттік мекеменің тұрғын үй қоры – тұрғынжайларды пайдалануға беру жөніндегі арнайы мемлекеттік мекемені қоспағанда, мемлекеттік мекемелердің қарамағындағы тұрғынжайлар;
Тармақша 5
5) өтініш беруші – мемлекеттік мекемелермен немесе мемлекеттік кәсіпорындармен еңбек қатынастары бар Қазақстан Республикасының азаматтары;
Тармақша 6
6) тұрғынжай – тұрақты тұруға арналған және соған пайдаланылатын, белгіленген құрылыс, санитариялық, экологиялық, өртке қарсы және басқа да міндетті нормалар мен қағидаларға сай келетін жеке тұрғынжай бірлігі (дара тұрғынжай, пәтер, жатақханадағы бөлме, модульдік (мобильді) тұрғынжай);
Тармақша 7
7) уәкілетті орган - мемлекеттік мекеменің не мемлекеттік кәсіпорынның тұрғын үй қорынан тұрғынжай қоюды және беруді жүзеге асыратын мемлекеттік мекеме не мемлекеттік кәсіпорын.
Тарау 2. 2-тарау. Мемлекеттік мекемелер мен мемлекеттік кәсіпорындардың тұрғын үй қорынан тұрғынжайға мұқтаж адамдарды есепке қою тәртібі
2-тарау. Мемлекеттік мекемелер мен мемлекеттік кәсіпорындардың тұрғын үй қорынан тұрғынжайға мұқтаж адамдарды есепке қою тәртібі
Тармақ 3
3. Осы елді мекенде тұратын, осы мекемелер мен кәсіпорындардың қызметкерлері мемлекеттік мекемелер мен мемлекеттік кәсіпорындардың тұрғын үй қорынан тұрғынжайға мұқтаждар есебіне қойылады.
Тармақ 4
4. Мемлекеттік мекемелердің және мемлекеттік кәсіпорындардың тұрғын үй қорынан тұрғынжайға мұқтаж адамдарды есепке қою үшін өтініш берушілер уәкілетті органның қарауына мынадай құжаттарды ұсынады:
Тармақша 1
1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес өтініш;
Тармақша 2
2) өтініш берушінің және оның отбасы мүшелерінің жеке басын куәландыратын құжаттарының көшірмелері;
Тармақша 3
3) неке қию (бұзу), отбасы мүшелерінің қайтыс болуы, балалардың тууы туралы куәліктің көшірмелері;
Тармақша 4
4) соттың басқа адамдарды өтініш берушінің отбасы мүшелері деп тану туралы шешімі (бар болған жағдайда);
Тармақша 5
5) өтініш берушінің (отбасының) халықтың әлеуметтік осал топтарына жататынын растайтын құжат.
Уәкілетті орган ақпараттық жүйелер арқылы:
1) отбасының бірге тұратын барлық мүшелеріне тіркелген тұрғылықты жерінің мекенжайы туралы мәліметтерді;
2) мемлекеттік кәсіпорындардың тұрғын үй қорынан есепке қою үшін өтініш берушіге және оның отбасының бірге тұратын мүшелеріне меншік құқығында соңғы бес жыл ішінде Қазақстан Республикасының аумағында тиесілі тұрғын үйдің болуы немесе болмауы туралы мәліметтерді;
3) ) мемлекеттік мекемелердің тұрғын үй қорынан есепке қою үшін өтініш берушіге және оның отбасының бірге тұратын мүшелеріне меншік құқығында соңғы бес жыл ішінде осы елді мекенде тиесілі тұрғын үйдің болуы немесе болмауы туралы мәліметтерді алады.
Өтініш беру кезінде өтініш берушілерден ақпараттық жүйелерден алынуы мүмкін құжаттар мен мәліметтерді талап етуге жол берілмейді.
Тармақ 5
5. Өтініш беруші ұсынған құжаттарды қарау қорытындылары бойынша осы Қағидаларға 4-тармаққа сәйкес, өтініш берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктірмей уәкілетті орган мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:
Тармақша 1
1) кезектің реттік нөмірін көрсете отырып, есепке қою туралы хабарлама;
Тармақша 2
2) жазбаша түрде дәлелді бас тарту.
Тармақ 6
6. Мемлекеттік мекеменің немесе мемлекеттік кәсіпорынның тұрғын үй қорынан тұрғынжайға мұқтаждарды есепке қоюдан бас тарту негіздері мыналар болып табылады, егер:
Тармақша 1
1) олардың соңғы бес жыл ішінде мемлекеттік мекеменің тұрғын үй қорынан тұрғынжайға мұқтаждарды есепке қою кезінде осы елді мекенде меншік құқығына арналған тұрғынжайы бар немесе болған жағдайда;
Тармақша 2
2) олардың соңғы бес жыл ішінде мемлекеттік кәсіпорынның тұрғын үй қорынан тұрғынжайға мұқтаждарды есепке қою кезінде Қазақстан Республикасында меншік құқығына арналған тұрғынжайы бар немесе болған жағдайда;
Тармақша 3
3) олардың мемлекеттік тұрғын үй қорынан пайдалануға берілген тұрғынжайы немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайы бар болса;
Тармақша 4
4) ұсынылған құжаттар және (немесе) мәліметтер дәйексіз деректерді қамтыған болса;
Тармақша 5
Тармақша 6
Тарау 3. 3-тарау. Мемлекеттік мекемелер мен мемлекеттік кәсіпорындардың тұрғын үй қорынан тұрғынжай беру тәртібі
3-тарау. Мемлекеттік мекемелер мен мемлекеттік кәсіпорындардың тұрғын үй қорынан тұрғынжай беру тәртібі
Тармақ 7
7. Мемлекеттік мекемелер мен мемлекеттік кәсіпорындардың тұрғын үй қорында бос тұрғынжай болған кезде, өтiнiш берушiлерге тұрғынжай алу құқықығы беріледi.
Тармақ 8
8 Тұрғынжай алу үшін өтініш беруші уәкілетті органның қарауына мынадай құжаттарды ұсынады:
Тармақша 1
1) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
Тармақша 2
2) өтініш берушінің және оның отбасы мүшелерінің жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмелері;
Тармақша 3
3) неке қию (бұзу), балалардың тууы, отбасы мүшелерінің қайтыс болуы туралы куәліктің көшірмелері;
Тармақша 4
4) соттың басқа адамдарды өтініш берушінің отбасы мүшелері деп тану туралы шешімі (бар болған жағдайда);
Тармақша 5
5) өтініш берушінің (отбасының) халықтың әлеуметтік осал топтарына жататынын растайтын құжат.
Уәкілетті орган ақпараттық жүйелер арқылы:
Тармақша 1
1) отбасының бірге тұратын барлық мүшелеріне тіркелген тұрғылықты жерінің мекенжайы туралы мәліметтерді;
Тармақша 2
2) мемлекеттік кәсіпорындардың тұрғын үй қорынан есепке қою үшін өтініш берушіге және оның отбасының бірге тұратын мүшелеріне меншік құқығында соңғы бес жыл ішінде Қазақстан Республикасының аумағында тиесілі тұрғын үйдің болуы немесе болмауы туралы мәліметтерді;
Тармақша 3
3) мемлекеттік мекемелердің тұрғын үй қорынан есепке қою үшін өтініш берушіге және оның отбасының бірге тұратын мүшелеріне меншік құқығында соңғы бес жыл ішінде осы елді мекенде тиесілі тұрғын үйдің болуы немесе болмауы туралы мәліметтерді алады.
Өтініш беру кезінде өтініш берушілерден ақпараттық жүйелерден алынуы мүмкін құжаттар мен мәліметтерді талап етуге жол берілмейді.
Тармақ 9
9. Мемлекеттік мекемелердің немесе мемлекеттік кәсіпорындардың мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжай беру туралы шешімі Заңның 77-бабына сәйкес тұрғын үй комиссиясы шешімінің негізінде беріледі.
Тармақ 9-1
9-1. Қазақстан Республикасы Құрылтай депутаттарының, Қазақстан Республикасы Конституциялық Соты судьяларының және Қазақстан Республикасының Жоғарғы соты, жергілікті және басқа да соттар судьяларының тұрғын үйді беруі мен пайдалануы тиісті конституциялық заңдар тәртібімен және шарттарымен қамтамасыз етіледі.
Тармақ 10
10. Тұрғын үй комиссиясы тұрғынжай беретін мемлекеттік кәсіпорынның не мемлекеттік мекеменің, оның ішінде қоғамдық бiрлестiктердің (бар болған жағдайда) өкілдерінің кемінде бес адамнан тұратын тақ санынан қалыптастырылады.
Тармақ 11
11. Тұрғын үй комиссиясын:
Тармақша 1
1) орталық мемлекеттік органда - аппарат басшысы;
Тармақша 2
2) мемлекеттік мекемелер мен мемлекеттік кәсіпорындарда - бірінші басшының орынбасары басқарады.
Тармақ 12
12. Тұрғын үй комиссияның хатшысы тұрғын үй комиссияның мүшесі болып табылмайды және дауыс беруге құқығы жоқ.
Тармақ 13
13. Тұрғын үй комиссиясының хатшысы тұрғын үй комиссиясы отырысының хаттамасын жүргізеді.
Тармақ 14
14. Тұрғын үй комиссиясының шешімдері дауыс беру жолымен көпшілік дауыспен қабылданады.
Тармақ 15
15. Тұрғын үй комиссиясы осы Қағидалардың 8-тармағына сәйкес өтініш беруші ұсынған құжаттарды қарау қорытындылары бойынша, бірақ өтініш берілген күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:
Тармақша 1
1) тұрғынжайды беру туралы шешім;
Тармақша 2
2) жазбаша түрде дәлелді бас тарту.
Тармақ 16
16. Мемлекеттік мекеменің немесе мемлекеттік кәсіпорынның тұрғын үй қорынан тұрғын үй беруден, егер тұрғын үй берілетін кезде өтініш берушінің және онымен бірге тұратын отбасы мүшелерінің соңғы бес жыл ішінде осы елді мекенде мемлекеттік мекеменің тұрғын үй қорынан немесе Қазақстан Республикасының аумағында мемлекеттік кәсіпорынның тұрғын үй қорынан меншік құқығындағы тұрғын үйі бар немесе болған болса, Заңның 69-бабы 1-тармағының 2) немесе 3) тармақшаларына сәйкес бас тартылады.
Тармақ 17
17. Тұрғын үй комиссиясының шешімі екі данада жасалады, оның біреуі тұрғынжай беретін уәкілетті органда сақталады, екіншісі өтініш берушіге беріледі.
Тармақ 18
18. Тұрғын үй комиссиясы тұрғынжай беру туралы шешім қабылдаған кезде күнтізбелік он бес күн ішінде тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша тұрғынжайды жалдау шарты (өтініш беруші және мемлекеттік мекеме немесе мемлекеттік кәсіпорын арасында) жасалады.
Тармақ 19
19. Тұрғынжайды жалдау (қосымша жалдау) шарты үш данада жасалады. Шарттың бір данасы уәкілетті органда сақталады, екіншісі мемлекеттік мүлік тізілімінде (бұдан әрі - тізілім) тіркеу үшін жергілікті атқарушы органға беріледі және ол қатаң есептілік құжаты ретінде сақталады, үшіншісі өтініш берушіге беріледі және тұрғынжайға қоныстануға құқық беретін жалғыз құжат болып табылады.
Тізілімнің www.e-qazyna.kz веб-порталында жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) олармен жасалған тұрғынжайды жалдау (қосымша жалдау) шарттары бойынша, оның ішінде шарт талаптары, шарт бойынша есептеулер, бюджетке аударылған төлемдер мен бар болса өсімпұлдар бойынша ақпаратты қарауға құқылы.
Басқа 1. Өтініш
Тұрғынжайға мұқтаж адамдарды
есепке қою және мемлекеттік
мекемелер мен мемлекеттік
кәсіпорындардың тұрғын үй
қорынан тұрғынжай беру
қағидаларына
1-қосымша
Мемлекеттік мекеменің
/мемлекеттік
кәсіпорынның басшысына
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)
___________________________________
мекен-жайы бойынша тұратын
(жеке сәйкестендіру нөмірі)
___________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты) азаматтан
Өтініш
Сізден «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 75-бабының 1-тармағына сәйкес мені ______ бөлме санында мемлекеттік мекеменің/мемлекеттік кәсіпорынның тұрғын үй қорынан тұрғынжай беру үшін отбасы құрамына сәйкес есепке қоюыңызды сұраймын.
Отбасы құрамы:
1.___________________________________________________________________
(отбасы мүшесінің тегі, аты, әкесінің аты (бұдан әрі - Т.А.Ә.), туыстық дәрежесі)
жеке сәйкестендіру нөмірі:
_______________________________________________________________
Ұсынылған деректердің дұрыстығын растаймын, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дұрыс емес мәліметтер мен құжаттар беру үшін жауаптылық туралы хабардармын және заңмен қорғалатын құпия мәліметтерді пайдалануға, сондай-ақ дербес деректерді жинаға, өңдеуге өз келісімімді беремін. 20 __ жылғы «__» __________.
____________________________________________________________________
(Т.А.Ә. (қолы, күні/электрондық цифрлық қолтаңбадан (бұдан әрі – ЭЦҚ) деректер,
ЭЦҚ қол қойылған күні мен уақыты)
Қосымша:
1. ________________;
2. ________________.
_________________________________________________ _________________
(Т.А.Ә.) (қолы, күні/ЭЦҚ деректері, ЭЦҚ қол қойылған күні мен уақыты)
Басқа 2. Өтініш
Тұрғынжайға мұқтаж адамдарды
есепке қою және мемлекеттік
мекемелер мен мемлекеттік
кәсіпорындардың тұрғын үй
қорынан тұрғынжай беру
қағидаларына
2-қосымша
Мемлекеттік
мекеменің/мемлекеттік
кәсіпорынның басшысына
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)
___________________________________
мекен-жайы бойынша тұратын
(жеке сәйкестендіру нөмірі)
___________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты) азаматтан
Өтініш
Сізден «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 75-бабының 1-тармағына сәйкес ______ бөлме санында мемлекеттік мекеменің/мемлекеттік кәсіпорынның тұрғын үй қорынан отбасы құрамына сәйкес тұрғынжай беруіңізді сұраймын.
Отбасы құрамы:
1. _____________________________________________________________
(отбасы мүшесінің тегі, аты, әкесінің аты (бұдан әрі - Т.А.Ә.), туыстық дәрежесі)
жеке сәйкестендіру нөмірі
_______________________________________________________________
Ұсынылған деректердің дұрыстығын растаймын, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дұрыс емес мәліметтер мен құжаттар беру үшін жауаптылық туралы хабардармын және заңмен қорғалатын құпия мәліметтерді пайдалануға, сондай-ақ дербес деректерді жинаға, өңдеуге өз келісімімді беремін. 20 __ жылғы «__» __________.
_________________________________________________ _________
(Т.А.Ә (қолы, күні/электрондық цифрлық қолтаңбадан (бұдан әрі - ЭЦҚ) деректер, ЭЦҚ қол қойылған
күні мен уақыты)
Қосымша:
1. ________________
__________________________________________________________________
2. ________________;
_________________________________________________ _________________
(Т.А.Ә.) (қолы, күні/ЭЦҚ деректері, ЭЦҚ қол қойылған күні мен уақыты)
Басқа 3. Тұрғын үй комиссиясының мемлекеттік мекеменің немесе мемлекеттік кәсіпорынның
тұрғын үй қорынан тұрғынжай беру туралы шешімі
Тұрғынжайға мұқтаж адамдарды
есепке қою және мемлекеттік
мекемелер мен мемлекеттік
кәсіпорындардың тұрғын үй
қорынан тұрғынжай беру
қағидаларына
3-қосымша
Тұрғын үй комиссиясының мемлекеттік мекеменің немесе мемлекеттік кәсіпорынның
тұрғын үй қорынан тұрғынжай беру туралы шешімі
_________________ облыс, қала 20 __ жылғы «__»________ _____________
Тұрғын үй комиссиясының тұрғынжай беру туралы № _______ шешімі
____________________________________________________
________________________________________________________________
__________________________________________________________комиссиясы
(тұрғынжай беретін органның атауы)
отбасында ____________________________________ адамы бар азаматқа
(жазумен)
________________________________________________________________
(жалға алушының тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) (бұдан әрі - Т.А.Ә.)
мынадай мекенжайда орналасқан:_________________________________,
____ бөлмеден тұратын, пайдалы алаңы, _______ шаршы метр, оның iшiнде тұрғын алаңы ____ шаршы метр, тұрғын емес алаңы ____ шаршы метр бар тұрғынжайды жалға (қосымша жалға) беруді шешті.
Отбасы құрамы:
№
Туысқандық дәрежесі
Т.А.Ә.
Комиссия төрағасы: ___________________________
(Т.А.Ә.) _______________________қолы
Мөр орны (бар болған жағдайда)
Комиссия мүшелері:
1. ____________________________
(Т.А.Ә., қолы)
2. ____________________________
(Т.А.Ә., қолы)
3. ____________________________
(Т.А.Ә., қолы)
4. ____________________________
(Т.А.Ә., қолы)