Об утверждении Положения о коммунальном государственном учреждении «Отдел сельского хозяйства и ветеринарии акимата района имени Габит Мусрепова Северо-Казахстанской области» Қолданыста

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 16.06.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің 2023 жылғы 29 қыркүйектегі № 219 қаулысы «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабының 8) тармақшасына, «Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 қаулысына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы қоса беріліп отырған Ереже бекітілсін.
Тармақ 2
2. «Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі:
Тармақша 1
1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде оның көшірмесін электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы Республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
Тармақша 2
2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін «Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің интернет-ресурсында орналастыруды;
Тармақша 3
3) жоғарыда көрсетілген Ережені заңдарда белгіленген тәртіппен әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0. «Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ереже
Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің 2025 жылғы 31 наурыздағы № 82 қаулысымен бекітілді «Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ереже
Тарау 1. Тарау 1. Жалпы ережелер
Тарау 1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. «Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Бөлім) ауыл шаруашылығы және ветеринария саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
Тармақ 2
2. Бөлімнің ведомстволары жоқ.
Тармақ 3
3. Бөлім өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне, Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне, Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, «Құқықтық актілер туралы»Қазақстан Республикасының Заңына, «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, «Астық туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, «Тұқым шаруашылығы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, «Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, «Қаржы лизингі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Тармақ 4
4. Бөлім мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, өз атауы қазақ және орыс тілдерінде жазылған мөрлері мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
Тармақ 5
5. Бөлім азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.
Тармақ 6
6. Егер Бөлімге «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, бюджет және қаржы заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген болса, мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
Тармақ 7
7. Бөлім өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде, Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінде, «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының кодексінде, Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінде, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінде, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңында, «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңында, «Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңында, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында, «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңында, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы» Заңында, «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңында, «Астық туралы» Қазақстан Республикасының Заңында, «Тұқым шаруашылығы туралы» Қазақстан Республикасының Заңында, «Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы» Қазақстан Республикасының Заңында, «Қаржы лизингі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында, «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген Бөлім басшысының бұйрықтарымен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
Тармақ 8
8. Бөлім құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бекітіледі.
Тармақ 9
9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 150400, Қазақстан Республикасы, Солтүстік Қазақстан облысы, Ғабит Мүсірепов атындағы аудан, Новоишим ауылы, Ленин көшесі, 2.
Тармақ 10
10. Осы Ереже Бөлімнің құрылтай құжаты болып табылады.
Тармақ 11
11. Бөлімнің қызметін қаржыландыру аудандық бюджеттен жүзеге асырылады.
Тармақ 12
12. Бөлім кәсіпкерлік субъектілерімен Бөлімнің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады. Егер Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімінің аппаратына Қазақстан Республикасының заңдарымен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кірістер мемлекеттік бюджетке жіберіледі.
Тарау 2. 2 тарау. Бөлімнің міндеттері, функциялары мен өкілеттіктері
2 тарау. Бөлімнің міндеттері, функциялары мен өкілеттіктері
Тармақ 13
13. Бөлімнің міндеттері: ауыл шаруашылығы және ветеринария саласындағы мемлекеттік саясатты дамытуға және жетілдіруге жәрдемдесу.
Тармақ 14
14. Бөлімнің өкілеттіктері:
Тармақша 1
1) құқықтар: Бөлімнің өзіне жүктелген міндеттерді іске асыру және мемлекеттік реттеу Ауыл шаруашылығын дамыту және ветеринария саласындағы заңнамада белгіленген тәртіппен өз функцияларын жүзеге асыру үшін құқығы бар: сотта талапкер және жауапкер болу; аудандық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдармен, орталық атқарушы органдардың аумақтық бөлімшелерімен, ауыл шаруашылығы және ветеринария саласындағы мәселелер бойынша ұйымдармен және мекемелермен, қоғамдық бірлестіктермен өзара іс-қимыл жасау; Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенді және ветеринарияны дамытуды мемлекеттік реттеу саласындағы қолданыстағы заңнамасында көзделген көлемде өзіне жүктелген функцияларды жүзеге асыру үшін мемлекеттік органдар мен ұйымдардан құжаттарды, ақпарат пен материалдарды сұратуға және алуға; Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімі, Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігі және ауыл шаруашылығы және ветеринария саласындағы Бөлімнің құзыретті мәселелеріне қатысты мемлекеттік органдар өткізетін отырыстарға, жиналыстар мен кеңестерге қатысу; ауыл шаруашылығы және ветеринария саласындағы мәселелер бойынша кеңестер, семинарлар, конференциялар өткізу; ауыл шаруашылығы және ветеринария саласындағы өз құзыреті шегінде бұқаралық ақпарат құралдарында ақпарат ұсыну; қажет болған жағдайда ауыл шаруашылығы және ветеринария саласында кеңестер, сараптамалық және жұмыс топтарын құру; Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкіміне бөлімнің ауыл шаруашылығы және ветеринария саласындағы құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша қаулылардың, шешімдердің және өкімдердің жобаларын енгізу.
Тармақша 2
2) Бөлімнің міндеттері: ауыл шаруашылығы және ветеринария саласында өзіне жүктелген функциялардың орындалуын қамтамасыз ету; заңды және негізделген шешімдер қабылдау және олардың орындалуын бақылауды қамтамасыз ету; жеке және заңды тұлғалардың белгіленген тәртіппен бөлімге жолданған өтініштерін, арыздарын, шағымдарын, ұсыныстарын қарауға, олардың орындалуын бақылауға, Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінде белгіленген жағдайларда және тәртіппен оларға жауаптар беруге; жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдауды ұйымдастыру; агроөнеркәсіптік кешен және ветеринария саласындағы қолданыстағы заңнамада көзделген ауыл шаруашылығы және ветеринария саласындағы міндеттерді іске асыру. Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтау; белгіленген тәртіппен салықтарды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеу; осы Ережеде көзделген міндеттер мен тапсырмаларды уақтылы және сапалы орындау.
Тармақ 15
15. Бөлімнің функциялары:
Тармақша 1
1) мемлекеттік аграрлық саясатты, Қазақстан Республикасының Бюджет Кодексіне, Қазақстан Республикасының «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы», «Астық туралы», «Тұқым шаруашылығы туралы», «Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы», «Қаржы лизингі туралы», «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарын жүзеге асыру;
Тармақша 2
2) аграрлық секторда, ауылшаруашылық өнімдерін дайындау, ұқсату және сату саласында нарықтық құрылымдардың және бәсекелестік қалыптасуы мен дамуына көмектесу;
Тармақша 3
3) аграрлық секторының техникалық қайта жарақтандыру жөнінде жүйелі және мақсатты бағытталған жұмыс, техника жаңарту мониторингі;
Тармақша 4
4) егіншілікте ылғал сақтайтын технологиялар үшін, майды дақылдарды өндіру және өңдеу осы заманғы техникаларды, мал ақығы даярлау үшін жаңа заманғы машиналарды енгізу;
Тармақша 5
5) саланың техникалық жарақтануының мониторингі;
Тармақша 6
6) презентация, семинар, көрме нұсқаларын пайдаланып, машина-тракторлық паркін тиімді пайдалану мәселелері жөнінде алдыңғы қатардағы тәжірибені жинақтап қорыту;
Тармақша 7
7) өз құзыры шеңберінде Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігінің ғылыми-өндірістік орталықтарымен, республиканың ауыл шаруашылық тәжірибе станцияларымен өзара іс-қимыл жасау;
Тармақша 8
8) ауыл шаруашылығындағы жергілікті тәжірибені және шетелдік жетістіктерді зерделеу және насихаттау;
Тармақша 9
9) ауданның агроөнеркәсіптік кешенінде инвестициялық саясат бағдарламаларын әзірлеуге қатысу;
Тармақша 10
10) ауданның барлық тауар өндірушілерінің дамуы үшін ауылшаруашылық нарығын реттеу механизмін құруға және қажетті экономикалық жағдайлар туғызуға және оларды құқықтық қамтамасыз етуге жәрдемдесу;
Тармақша 11
11) экономикалық және статистикалық ақпаратты жинастыруды, тұтынушылар сұранымын, өткізу рыногының жағдайын талдауды жүзеге асырады, (маркетингтік зерттеу), ауылшаруашылық өнімдерін тұтынушылар мен өндірушілердің байланыстарын іске асыруға, өнімді сыртқа шығару жөнінде ұсыныстарды дайындауға қатысуға жәрдемдесу;
Тармақша 12
12) ауыл шаруашылығы өндірісін және ұқсату өнеркәсібін әлеуметтік-экономикалық дамыту бойынша орта мерзімдік және стратегиялық жоспар әзірлеу;
Тармақша 13
13) ауданның аграрлық секторының өндірістік қызметінің жағдайын талдауды жүзеге асыру;
Тармақша 14
14) инвестиция тарату, ауылдық елді мекендерде кәсіпкерлік қызметтің белсенділігін жандандыру, шығарылатын өнімдердің көлемін көбейту, ассортиментін кеңейту және сапасын көтеру жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру;
Тармақша 15
15) ауылшаруашылық өндірісін кадрлармен қамтамасыз етуді жақсарту жөнінде шаралар кешенін жүзеге асыру; ауылшаруашылық құрылымдары басшылары мен мамандар құрамының сапалы және сандық мониторингі; ауданның аграрлық саласына мамандар даярлау жөнінде С. Сейфуллин атындағы Қазақ мемлекеттік агротехникалық университеті және Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан облысының мемлекеттік университетімен ынтымақтастық жасау; ауылшаруашылық жиынтығы мамандарын және механизаторлық кадрлар даярлау мәселесі жөнінде ауданның кәсіби техникалық мектептерімен өзара іс-қимыл жасау; облыстық және аудандық ауылшаруашылық жәрмеңкелеріне қатысу; мемлекеттік аграрлық саясатын жүзеге асыру жөнінде ауданның агроқұрылымдарымен өзара іс-қимыл жасау; республикада құрылған нормативтік-құқықтық базаға сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасымен, Солтүстік Қазақстан облысы ветеринария басқармасымен, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігімен Мемлекеттікаграрлықжәневетеринариялықсаясатмәселелеріндежүйеліөзара іс-қимылды қамтамасыз ету;
Тармақша 16
16) мал шаруашылығын дамыту және халықты азық-түлікпен қамтамасыз ету үшін әзірленген бағдарламалардың орындалуын қамтамасыз ету;
Тармақша 17
17) жануарлардың асыл тұқымды және өнімділік қасиеттерін жақсартуға бағытталған селекциялық-асылдандыру жұмыстарын ұйыдастыру;
Тармақша 18
18) мал қорымдары (биотермиялық шұңқырлар) туралы деректерді (мәліметтерді) Солтүстік Қазақстан облысының жергілікті атқарушы органдарына оларды мал қорымдарының (биотермиялық шұңқырлар) тізіліміне енгізу үшін ұсыну.
Тармақша 19
19) облыстардың жергілікті атқарушы органдары құрған мемлекеттік ветеринариялық ұйымдарға ауданда ветеринария саласындағы өз функцияларын орындауда көмек көрсету;
Тармақша 20
20) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.
Тармақша 21
21) кадрлық жұмыстарды Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтарының және оны әзірлеу кезінде қабылданған Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларының, талаптарына сәйкес жүргізу;
Тармақша 22
22) қызметтік құжаттар мен азаматтардың өтініштерін есепке алу және қарау, оларды қабылдауды ұйымдастыру, өтініштерін талдау;
Тармақша 23
23) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызметтер туралы қолданыстағы заңнамасына сәйкес ауыл шаруашылығы саласында мемлекеттік қызмет көрсету;
Тармақша 24
24) үй жануарларын серуендетуге не өзге мақсатта жануарлармен бірге болуға тыйым салынған орындарды айқындау, сондай-ақ қажет болған кезде үй жануарларын серуендетуге арналған орындарды жабдықтау;
Тармақша 25
25) жануарларды жаңа иелеріне беруге, жоғалған жануарлардың иелерін іздестіруге, сондай-ақ үй жануарларын зарарсыздандыру қажеттілігі туралы хабардар етуге бағытталған жануарларға арналған баспаналардың қызметін ақпараттық қамтамасыз етуді және әлеуметтік жарнаманы ұйымдастыру;
Тармақша 26
26) қаңғыбас жануарлардың санын реттеуді ұйымдастыру.
Тарау 3. Тарау 3. Мемлекеттік орган басшысының мәртебесі, өкілеттіктері
Тарау 3. Мемлекеттік орган басшысының мәртебесі, өкілеттіктері
Тармақ 16
16. Бөлімге басшылықты Бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болатын басшы жүзеге асырады.
Тармақ 17
17. Бөлімнің бірінші басшысын «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
Тармақ 18
18. Бөлім басшысының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бөлімнің бірінші басшысы қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын орынбасары болады.
Тармақ 19
19. Бөлім басшысының өкілеттіктері: өз құзыреті шегінде бұйрықтар шығарады, олардың орындалуын бақылауды ұйымдастырады; «Қазақстан Республикасының Еңбек кодексімен, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Бөлім қызметкерлерін қабылдайды және жұмыстан шығарады, оларға көтермелеу және тәртіптік жаза шараларын қолданады; Бөлім атынан сенімхатсыз әрекеттерді жүзеге асырады; Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша шаралар қабылдайды, бөлім қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтауы үшін дербес жауапты болады; ерлер мен әйелдердің тең құқықтары мен тең мүмкіндіктері туралы Мемлекеттік кепілдіктер туралы заңнаманың сақталуын қамтамасыз етеді. Бөлім басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін орындауды «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.
Тармақ 20
20. Басшы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және еңбек заңнамасына сәйкес өз орынбасарының өкілеттіктері мен функционалдық міндеттерін айқындайды.
Тарау 4. Тарау 4. Мемлекеттік мекеменің мүлкі
Тарау 4. Мемлекеттік мекеменің мүлкі
Тармақ 21
21. Бөлімнің «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болады.
Тармақ 22
22. Бөлімнің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
Тармақ 23
23. Бөлімге бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
Тармақ 24
24. Егер «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңында, «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңында өзгеше белгіленбесе, Бөлімнің өзіне бекітілген мүлікті және оған қаржыландыру жоспары бойынша берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті дербес иеліктен шығаруға немесе оған өзге де тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
Тарау 5. 5-тарау. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
5-тарау. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
Тармақ 25
25. Бөлімді қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», сондай-ақ осы Ережемен.