Об утверждении Положения о порядке проведения налоговой экспертизы контрактов на недропользование Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.12.2001. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiм-шарттарға салық сараптамасын жүргiзудiң тәртiбi туралы ереженi бекiту туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001.12.26. № 1705 қаулысымен. "Бюджетке төленетiн салық және басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 24 сәуiрдегi Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының экономикалық мүдделерiн қамтамасыз ету, жер қойнауын пайдалануды және жер қойнауын пайдаланушылар мен Қазақстан Республикасының Үкiметi уәкiлеттiк берген құзыреттi органдардың арасындағы жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiм-шарттарды жасау процесiн реттеу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
Тармақ 1
1. Қоса берiлiп отырған Жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiм-шарттарға салық сараптамасын жүргiзудiң тәртiбi туралы ереже бекiтiлсiн.
Тармақ 2
2. Осы қаулының атқарылуына бақылау жасау Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiне жүктелсiн. 📌 Ескерту. Кіріспе өзгерді - ҚР Үкіметінің 2000.10.20. № 1575 қаулысымен.
Басқа 3. Жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiм-шарттарға салық сараптамасын жүргiзудiң тәртiбi туралы ЕРЕЖЕ
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 20 маусымдағы N 999 қаулысымен бекiтiлген Жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiм-шарттарға салық сараптамасын жүргiзудiң тәртiбi туралы ЕРЕЖЕ
Тарау i. I. Жалпы ережелер
I. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Ереже жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiм-шарттарға (бұдан әрi - шарт) салық сараптамасын жүргiзудiң, сондай-ақ оларға енгiзiлетiн толықтырулар мен өзгертулердiң тәртiбiн белгiлейдi.
Тармақ 2
2. Салық сараптамасы - Қазақстан Республикасының Үкiметі уәкiлеттiк берген құзыреттi орган жасасатын келiсiм-шарттың жобасын талдау мен бағалауды, оған толықтырулар мен өзгерiстердi қамтитын салық режимiн айқындау, оның iшiнде Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңнамасына сәйкес жер қойнауын пайдаланушылардың арнайы төлемдерi мен салықтарын белгілеу мақсатында жүргiзiлетiн мiндеттi сараптама. 📌 Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2000.10.20. N 1575 қаулысымен.
Тармақ 3
3. Келiсiм-шарттарға салық сараптамасын:
Тармақша 1
1) кең таралған пайдалы қазбалар мен жер асты суларынан басқа пайдалы қазбалардың барлық түрi бойынша келiсiм-шарттарға Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Фискальдық саясат және болжамдар департаментi;
Тармақша 2
2) кең таралған пайдалы қазбалар мен жер асты сулары келiсiм-шарттарға кен орны бойынша Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кiрiс министрлiгінiң облыстар, Астана және Алматы қалалары бойынша салық қызметiнiң органдары жүргiзедi. 📌 Ескерту. 3-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2000.10.20. N 1575 қаулысымен.
Тармақ 4
4. Уәкiлеттi органдардың өкiлдерi салықтық сараптама жүргiзу мақсатында келiсiм-шарттарды дайындау кезiнде де, сол сияқты онымен келiсiм-шарт жасасу үшiн жер қойнауын пайдаланушыны анықтау кезiнде де тендерлiк комиссияның жұмысына қатысады. 📌 Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2000.10.20. N 1575 қаулысымен.
Тармақ 5
5. Жер қойнауын пайдаланушылармен келiсiлген салықтық сараптаманың нәтижелерi салықтық сараптамадан өту туралы уәкiлеттi органдардың қорытындыларына енгізiледi және келiсiм-шарттардың түпкi мәтiндерiне мiндетті түрде енгiзуге жатады. 📌 Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2000.10.20. N 1575 қаулысымен.
Тарау ii. II. Салық сараптамасын жүргiзу кезiнде қаралатын мәселелер
II. Салық сараптамасын жүргiзу кезiнде қаралатын мәселелер
Тармақ 6
6. Салықтық сараптаманың барысында уәкiлеттi органдар мынадай мәселелердi қарайды:
Тармақша 1
1) жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiм-шарттарда салықтарды және бюджетке төленетін басқа да мiндеттi төлемдердi төлеу жөнiндегi мiндеттемелердi (салықтық режимдi) белгiлеу, оның iшiнде: Қазақстан Республикасының заңнамаларымен белгiленген салықтар мен басқа да мiндеттi төлемдердiң келiсiм-шартта толық көрсетiлуiн, оларды есептеудiң және төлеудiң тәртiбiн, оның iшiнде жер қойнауын пайдаланушылардың арнайы төлемдерi мен салықтарын есептеудiң және төлеудiң тәртібiн және "Өнiмдi бөлу туралы" келiсiм-шарттардың салықтық режим түрiн белгілеу; Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлiгiмен және құзыретті органмен бiрлесiп, жер қойнауын пайдаланушылар заттай нысанда бюджетке төлеуге жататын роялти сомаларын төлеудiң және есептеудiң тәртібiн белгiлеу; құзыретті органмен бiрлесiп бюджетке төленетін тарихи шығындардың мөлшерi мен тәртібiн әзiрлеуге қатысу; құзыретті мемлекеттік органмен және Қазақстан Республикасының Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлiгiмен бiрлесiп, кен орнын әзiрлеудiң зардаптарын жою қорын қалыптастырудың мөлшерi мен тәртiбiн айқындауға қатысу;
Тармақша 2
2) салықтар мен бюджетке төленетiн басқа да мiндетті төлемдердi есептеуге тікелей немесе жанама қатысты келiсiм-шарттар жобалары ережелерiнiң Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкестiлігi. 📌 Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2000.10.20. N 1575 қаулысымен.
Тарау iii. III. Салық сараптамасын жүргiзудiң тәртiбi
III. Салық сараптамасын жүргiзудiң тәртiбi
Тармақ 7
7. Келiсiм-шарттың салық сараптамасы тiзбесiн Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi бекiтетiн құжаттардың негiзiнде жасалған сәтке дейiн жүргiзiледi.
Тармақ 8
8. Салық сараптамасы келiсiм-шарттың жобасы бойынша құжаттардың толық көлемi алынуы кезiнде жүргiзiледi.
Тармақ 9
9. Жер қойнауын пайдаланушымен осы Ереженiң бөлiмiнде көрсетiлген мәселелердi келiскен және салық режимiнде айтылған ережелердi келiсiм-шартқа енгiзген соң, уәкiлеттi орган 10 күн iшiнде салық сараптамасының жүргiзiлгенi туралы қорытынды бередi.
Тармақ 10
10. Салықтар мен бюджетке төленетін басқа да мiндетті төлемдердiң бюджетке төленуiнiң толықтығы және уақтылылығына кейiн бақылауды жүзеге асыру үшiн, жер қойнауын пайдаланушы келiсiм-шартқа қол қойылғаннан және ол жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiм-шарттарды жасасу жөнiнде Қазақстан Республикасының Үкiметi уәкiлеттiк берген құзыретті органда мемлекеттiк тiркеуден кейiн 10 күндiк мерзiмде уәкiлеттi органға, Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiнiң Салық комитетiне және салық мақсатында жер қойнауын пайдаланушының тiркелген жерi бойынша салық қызметiнiң органына келiсiм-шарттың көшiрмесiн табыс етуге мiндеттi. 📌 Ескерту. 10-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2000.10.20. N 1575 қаулысымен.