Об установлении стимулирующей надбавки к должностному окладу работников коммунального государственного учреждения «Аппарат акима Архангельского сельского округа Жамбылского района Северо-Казахстанской области», финансируемых из местного бюджета Мәртебесі расталмаған
Басқа 0
Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын «Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Архангелка ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі жұмыскерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандыру үстемеақыларын белгілеу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағы 15) тармақшасына, «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысының 5-тармағы 3) тармақшасына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын «Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Архангелка ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі жұмыскерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандыру үстемеақыларын белгілеу тәртібі мен төлеу шарттары Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Архангелка ауылдық округі әкімінің айқындалған шешімімен осы шешімнің қосымшасына сәйкес белгіленсін.
Тармақ 2
2. Осы шешім 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және 2025 жылғы 31 желтоқсанға дейін қолданылады.
Басқа 0. «Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Архангелка
ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі жұмыскерлерінің D, C-2, C-3 блогына (қосалқы персонал) және жұмысшыларға (біліктілік санаты) жататын лауазымдық айлықақыларына ынталандыру үстемеақылар
Солтүстік Қазақстан облысы
Жамбыл ауданы мәслихатының
2025 жылғы 31 наурыздағы
№ 27/7 шешіміне қосымша
«Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Архангелка
ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі жұмыскерлерінің D, C-2, C-3 блогына (қосалқы персонал) және жұмысшыларға (біліктілік санаты) жататын лауазымдық айлықақыларына ынталандыру үстемеақылар
№ р/н
Лауазымдардың толық жазылуы (атауы)
Лауазымдық айлықақыға үстемеақы
1
2
3
1.
хатшы
30%
2.
аударма жөніндегі редактор
30%
3.
жүргізуші
50%
4.
аула тазалаушы
30%
5.
тазалаушы
30%
6.
қазандық машинисі (от жағушы)
30%
7.
мәдени ұйымдастырушы
30%
8.
спорт бойынша әдіскер
30%