Об утверждении Типовых правил организации работы коллегиальных органов управления организациями высшего и (или) послевузовского образования Қолданыста
Басқа 0
Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының алқалы басқару органдары жұмысын ұйымдастырудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы
«Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 44-бабының 9-тармағына, «Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 580 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 93) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес қоса беріліп отырған Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының алқалы басқару органдары жұмысын ұйымдастырудың үлгілік қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Мыналардың:
Тармақша 1
1) «Жоғары оқу орнының ғылыми кеңесі қызметінің үлгілік қағидаларын және оны сайлау тәртібін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2007 жылғы 22 қарашадағы № 574 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5038 болып тіркелген);
Тармақша 2
2) «Әдістемелік (оқу-әдістемелік, ғылыми-әдістемелік) кеңес қызметінің үлгілік қағидаларын және оны сайлау тәртібін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2007 жылғы 21 желтоқсандағы № 644 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5090 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және ол ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қорғаныс министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Мәдениет және ақпарат министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Туризм және спорт министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Төтенше жағдайлар министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрлігі
Басқа 1. Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының алқалы басқару органдары жұмысын ұйымдастырудың үлгілік қағидалары
Қазақстан Республикасының
Ғылым және жоғары білім министрі
2025 жылғы 1 сәуірдегі
№ 157 бұйрыққа
қосымша
Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының алқалы басқару органдары жұмысын ұйымдастырудың үлгілік қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының алқалы басқару органдары жұмысын ұйымдастырудың үлгілік қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 44-бабының 9-тармағына, «Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 580 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 93) тармақшасына сәйкес әзірленді.
Тармақ 2
2. Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының алқалы басқару органдарының (бұдан әрі - Алқалы органдар) нысандары ғылыми кеңес, әдістемелік кеңес (оқу-әдістемелік, ғылыми-әдістемелік), ғылыми-техникалық кеңес және басқа да нысандар болып табылады.
Тармақ 3
3. Алқалы органдар өз қызметінде Қазақстан Республикасының заңнамасын, осы Қағидаларды, сондай-ақ жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының (бұдан әрі – ЖЖОКБҰ) жарғысын басшылыққа алады.
Тарау 2. 2-тарау. ЖЖОКБҰ-ның алқалы басқару органдары жұмысын ұйымдастыру және оларды сайлау тәртібі
2-тарау. ЖЖОКБҰ-ның алқалы басқару органдары жұмысын ұйымдастыру және оларды сайлау тәртібі
Тармақ 4
4. Алқалы органдар ЖЖОКБҰ басшысының бұйрығымен құрылады.
Тармақ 5
5. Алқалы басқару органдарының мақсаты жоғары білім беру жүйесінің басым міндеттеріне, ЖЖОКБҰ даму стратегиясына және қызметкерлер мен білім алушылардың қатысуына сәйкес ЖЖОКБҰ қызметін тиімді, ашық және демократиялық басқаруды қамтамасыз ету болып табылады.
Тармақ 6
6. Алқалы басқару органдарының міндеттері олардың өкілеттіктері шеңберінде алқалы басқару нысандарына сәйкес айқындалады.
Негізгі міндеттерге мыналар жатады:
Тармақша 1
1) академиялық, тәрбиелік, ғылыми-зерттеу, инновациялық және әкімшілік-шаруашылық қызметтің негізгі мәселелері бойынша шешімдерді қарау, талқылау және қабылдау;
Тармақша 2
2) білім беру және ғылыми процестерге инновацияларды енгізуге жәрдемдесу;
Тармақша 3
3) қоғам мен мемлекеттік органдарды қоса алғанда, мүдделі тараптар алдында өз қызметінің ашықтығы мен есептілігін қамтамасыз ету;
Тармақша 4
4) ортақ мақсаттарға қол жеткізу үшін ЖЖОКБҰ құрылымдық бөлімшелері арасындағы өзара іс-қимылды нығайту;
Тармақша 5
5) өз бастамасы бойынша немесе ЖЖОКБҰ құрылымдық бөлімшелерінің ұсынысы бойынша академиялық немесе ғылыми қызығушылық тудыратын мәселелерді қарау және олар бойынша тиісті шаралар қабылдау;
Тармақша 6
6) Алқалы органдар шешімдерінің орындалуын іске асыруды талдау, қол жеткізілген нәтижелерді бағалау және қажет болған жағдайда түзету шараларын қабылдау.
Тармақ 7
7. Алқалы басқару органдарының құрамына ЖЖОКБҰ басшысы, басшының орынбасарлары, құрылымдық бөлімшелердің басшылары, профессор-оқытушылар құрамының, ЖЖОКБҰ студенттік және қоғамдық ұйымдарының, жұмыс берушілердің өкілдері кіреді. Алқалы органдардың құрамын ЖЖОКБҰ олардың міндеттеріне сәйкес құратын комиссия сайлайды.
Тармақ 8
8. Алқалы басқару органдарының құрамында кемінде жеті адам болуы тиіс.
Тармақ 9
9. Алқалы органның төрағасы (бұдан әрі - Төраға) және оның орынбасары Алқалы орган мүшелері арасынан көпшілік дауыспен сайланады. Төраға болмаған жағдайда оның міндеттерін орынбасары атқарады.
Тармақ 10
10. Төраға оның қызметін «Білім туралы», «Ғылым және технологиялық саясат туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына және білім беру және ғылыми қызметті регламенттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне, сондай-ақ осы Қағидаларға сәйкес үйлестіреді.
Тармақ 11
11. Хатшыны Алқалы орган сайлайды және Алқалы органның іс қағаздарын жүргізуге жауапты болады.
Тармақ 12
12. Алқалы орган өз жұмысын оқу жылына (күнтізбелік жылға) бекітілген жұмыс жоспары негізінде оның міндеттеріне сәйкес жүзеге асырады, ол ЖЖОКБҰ-ның ресми сайтында орналастырылады.
Тармақ 13
13. Алқалы органның отырысында қаралған мәселелердің нәтижелері бойынша қатысып отырған мүшелердің көпшілік даусымен Алқалы органның хаттамамен ресімделетін шешімі қабылданады. Дауыстар тең болған кезде Төрағаның дауысы шешуші болып табылады. Отырыстың хаттамасын Алқалы органның хатшысы отырыстан кейін 3 жұмыс күні ішінде жасайды. Хаттамаға дауыс беруге қатысқан Алқалы органның Төрағасы, хатшысы және барлық мүшелері қол қояды және (немесе) отырысқа қатысқан алқалы органның барлық мүшелері қол қойған келу парағы қоса беріледі және ЖЖОКБҰ-ның ресми сайтында орналастырылады.
Тармақ 14
14. Алқалы органдар білім алушылардың, профессорлық-оқытушылық құрамның, ЖЖОКБҰ қызметкерлерінің мүддесі үшін әрекет етеді.
Тармақ 15
15. Егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше көзделмесе, алқалы органның шешімі ұсынымдық сипатта болады.