Об утверждении методики определения стоимости услуг, закупаемых для осуществления государственного заказа по проведению государственной информационной политики в Акмолинской области Қолданыста
Басқа 0
Ақмола облысында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің құнын айқындаудың әдістемесін бекіту туралы
«Масс-медиа туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 8-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына, «Өңірлік деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің құнын айқындаудың үлгілік әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің міндетін атқарушының 2024 жылғы 6 қарашадағы № 525-НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 35356 болып тіркелген) сәйкес, Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Ақмола облысында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің құнын айқындаудың әдістемесі бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Ақмола облысы әкімінің орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0. Ақмола облысында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің құнын айқындаудың әдістемесі
Ақмола облысы әкімдігінің
2025 жылғы 3 сәуірдегі
№ А-3/178 қаулысымен
бекітілген
Ақмола облысында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің құнын айқындаудың әдістемесі
Тармақ 1
1. Ақмола облысында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің құнын айқындаудың әдістемесі (бұдан әрі - әдістеме) «Масс-медиа туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес әзірленді және Ақмола облысының бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің құнын айқындау алгоритмін белгілейді.
Тармақ 2
2. Өңірлік деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің құны (бұдан әрі - көрсетілетін қызмет) бұқаралық ақпарат құралдарының көрсетілетін қызметінің әрбір жеке түрі үшін жергілікті бюджет қаражаты есебінен бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің базалық бағасына қарай айқындалады.
Көрсетілетін қызметтің әрбір жеке түрі үшін базалық баға осы әдістеменің қосымшасында айқындалған.
Тармақ 3
3. Мерзімді баспасөз басылымдарында көрсетілетін қызметтің құны мынадай формула бойынша айқындалады:
Тармақша 1
1) газеттер үшін Pn=Bn x V x Kq формуласы бойынша, онда:
Pn (price) - қосылған құн салығын ескере отырып, газеттерде көрсетілетін қызметтің құны;
Bn - газетте орналастырылатын, бір см2 көрсетілетін қызметтің базалық бағасы;
V - газетте орналастырылатын, см2-мен есептелетін көрсетілетін қызметтің көлемі;
Kq - газет таралымына түзету коэффициенті:
200 000 данаға дейін – 1,3;
100 000 данаға дейін – 1,15;
50 000 данаға дейін – 1;
30 000 данаға дейін – 0,9;
20 000 данаға дейін – 0,8;
10 000 данаға дейін – 0,65;
5 000 данаға дейін – 0,5;
Тармақша 2
2) журналдар үшін Pm=Bm x V x Kq формуласы бойынша, онда:
Pm (price) – қосылған құн салығын ескере отырып, журналдарда көрсетілетін қызметтің құны;
Bm – журналда орналастырылатын, бір см2 көрсетілетін қызмет үшін базалық баға;
V – журналда орналастырылатын, см2-мен есептелетін көрсетілетін қызметтің көлемі;
Kq – журнал таралымына түзету коэффициенті:
15 000 данаға дейін – 1,2;
10 000 данаға дейін – 1,1;
8 000 данаға дейін – 1;
5 000 данаға дейін – 0,9;
3 000 данаға дейін – 0,8;
1 000 данаға дейін – 0,7.
Тармақ 4
4. Интернет-ресурстағы көрсетілетін қызметтің құны Pi=Bi x V x Kq формуласы бойынша айқындалады, онда:
Pi (price) – қосылған құн салығын ескере отырып, интернет-ресурстағы көрсетілетін қызметтің құны;
Bi – интернет-ресурста орналастырылатын көрсетілетін қызметтің бір таңбасының, секундының, минутының, данасының базалық бағасы;
V – интернет-ресурста орналастырылатын көрсетілетін қызметтің символдармен, секундтармен, минуттармен, даналармен есептелетін көлемі;
Kq – бірегей пайдаланушылардың интернет-ресурсқа кіруінің орташа айлық санын есепке алуға арналған түзету коэффиценті:
айына 500 000 кірушіге дейін – 1;
айына 1 000 000 кірушіге дейін - 1,1;
айына 2 000 000 кірушіге дейін – 1,2;
айына 5 000 000 кірушіге дейін – 1,3;
айына 5 000 000 кірушіден астам -1,4.
Тармақ 5
5. Телевидениеде көрсетілетін қызметтің құны Ptv=Btv x V формуласы бойынша айқындалады, онда:
Ptv (price) – қосылған құн салығын ескере отырып, телевидениеде көрсетілетін қызметтің құны;
Btv – телевидениеде орналастырылатын көрсетілетін қызметтердің бір секундінің, минутының, сериясының базалық бағасы;
V – телевидениеде орналастырылатын, секундтармен, минуттармен, сериялармен есептелетін көрсетілетін қызметтің көлемі.
Егер өңірлік деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты қалыптастыру кезінде телевидениеде көрсетілетін қызметтерді жанрлар бойынша бөлу ескерілмеген жағдайда, телевидениеде көрсетілетін қызметтердің құны базалық баға (Btv) бойынша есептеледі.
Тармақ 6. Ақмола облысында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің базалық бағалары
6. Радиоарнада көрсетілетін қызметтің құны Pr=Br x V формуласы бойынша айқындалады, онда:
Pr (price) – қосылған құн салығын ескере отырып, радиоарнада көрсетілетін қызметтің құны;
Br – радиоарнада көрсетілетін қызметтердің бір секундының, минутының базалық бағасы;
V – радиоарнада орналастырылатын, көрсетілетін қызметтің секундтармен, минуттармен есептелетін көлемі.
Ақмола облысында
мемлекеттік ақпараттық
саясатты жүргізу жөніндегі
мемлекеттік тапсырысты
жүзеге асыру үшін сатып
алынатын көрсетілетін
қызметтердің құнын
айқындаудың
әдістемесіне қосымша
Ақмола облысында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің базалық бағалары
№
Көрсетілетін қызметтің атауы
Өлшем бірлігі
Аумақтың атауы
2025 жыл (теңге)
2026 жыл
(теңге)
2027 және кейінгі жылдар
(теңге)
1.
Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарында (газет) көрсетілетін қызмет (ақпараттық материалдарды дайындау және орналастыру) (Bn)
шаршы сантиметр
Қазақстан Республикасы
650
650
650
2.
Ақмола облысының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында (газета) ақпараттық материалдарды дайындау және орналастыру қызметі (Вn)
Шаршы сантиметр
Ақмола облысы
520
550
600
3.
Көкшетау қаласының аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарында (газет) көрсетілетін қызмет (ақпараттық материалдарды дайындау және орналастыру) (Bn)
шаршы сантиметр
Көкшетау қаласы
168
168
168
4.
Степногорск қаласының аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарында (газет) көрсетілетін қызмет (ақпараттық материалдарды дайындау және орналастыру) (Bn)
шаршы сантиметр
Степногорск қаласы
140
150
160
5.
Қосшы қаласының аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарында (газет) көрсетілетін қызмет (ақпараттық материалдарды дайындау және орналастыру) (Bn)
шаршы сантиметр
Қосшы
қаласы
225
235
245
6.
Ақкөл ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарында (газет) көрсетілетін қызмет (ақпараттық материалдарды дайындау және орналастыру) (Bn)
шаршы сантиметр
Ақкөл
ауданы
126
135
144
7.
Аршалы ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарында (газет) көрсетілетін қызмет (ақпараттық материалдарды дайындау және орналастыру) (Bn)
шаршы сантиметр
Аршалы
ауданы
145
155
165
8.
Атбасар ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарында (газет) көрсетілетін қызмет (ақпараттық материалдарды дайындау және орналастыру) (Bn)
шаршы сантиметр
Атбасар
ауданы
87
104
104
9.
Астрахан ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарында (газет) көрсетілетін қызмет (ақпараттық материалдарды дайындау және орналастыру) (Bn)
шаршы сантиметр
Астрахан ауданы
98
112
126
10.
Бұланды ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарында (газет) көрсетілетін қызмет (ақпараттық материалдарды дайындау және орналастыру) (Bn)
шаршы сантиметр
Бұланды ауданы
70
90
100
11.
Біржан сал ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарында (газет) көрсетілетін қызмет (ақпараттық материалдарды дайындау және орналастыру) (Bn)
шаршы сантиметр
Біржан сал ауданы
90
100
110
12.
Бурабай ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарында (газет) көрсетілетін қызмет (ақпараттық материалдарды дайындау және орналастыру) (Bn)
шаршы сантиметр
Бурабай
ауданы
70
80
90
13.
Егіндікөл ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарында (газет) көрсетілетін қызмет (ақпараттық материалдарды дайындау және орналастыру) (Bn)
шаршы сантиметр
Егіндікөл ауданы
180
198
218
14.
Есіл ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарында (газет) көрсетілетін қызмет (ақпараттық материалдарды дайындау және орналастыру) (Bn)
шаршы сантиметр
Есіл
ауданы
80
85
90
15.
Ерейментау ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарында (газет) көрсетілетін қызмет (ақпараттық материалдарды дайындау және орналастыру) (Bn)
шаршы сантиметр
Ерейментау ауданы
120
128
137
16.
Жақсы ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарында (газет) көрсетілетін қызмет (ақпараттық материалдарды дайындау және орналастыру) (Bn)
шаршы сантиметр
Жақсы
ауданы
85
90
95
17.
Жарқайың ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарында (газет) көрсетілетін қызмет (ақпараттық материалдарды дайындау және орналастыру) (Bn)
шаршы сантиметр
Жарқайың ауданы
150
195
253,5
18.
Зеренді ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарында (газет) көрсетілетін қызмет (ақпараттық материалдарды дайындау және орналастыру) (Bn)
шаршы сантиметр
Зеренді
ауданы
130
140
150
19.
Қорғалжын ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарында (газет) көрсетілетін қызмет (ақпараттық материалдарды дайындау және орналастыру) (Bn)
шаршы сантиметр
Қорғалжын ауданы
90
110
120
20.
Сандықтау ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарында (газет) көрсетілетін қызмет (ақпараттық материалдарды дайындау және орналастыру) (Bn)
шаршы сантиметр
Сандықтау ауданы
70
87
104
21.
Шортанды ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарында (газет) көрсетілетін қызмет (ақпараттық материалдарды дайындау және орналастыру) (Bn)
шаршы сантиметр
Шортанды ауданы
100
150
200
22.
Целиноград ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарында (газет) көрсетілетін қызмет (ақпараттық материалдарды дайындау және орналастыру) (Bn)
шаршы сантиметр
Целиноград ауданы
135
135
135
23.
Республикалық маңызы бар мәселелерді жариялайтын интернет-ресурста көрсетілетін қызмет (ақпараттық материалдарды дайындау және орналастыру) (Bi)
символ
Қазақстан Республикасы
200
225
250
24.
Өңірлік маңызы бар мәселелерді жариялайтын интернет-ресурста көрсетілетін қызмет (ақпараттық материалдарды дайындау және орналастыру) (Bi)
символ
Ақмола
облысы
45
63
80
25.
Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын теле-, радиоарналардың міндетті тізбесіне енгізілген телевидениеде көрсетілетін қызмет (ақпараттық материалдарды өндіру және орналастыру) (сюжет) (Вtv)
минут
Қазақстан Республикасы
610 000
610 000
610 000
26.
Міндетті теле-, радиоарналардың тізбесіне кіретін арналарды қоспағанда, Ақмола облысының аумағында ұлттық телерадио хабарларын тарату операторы тарататын еркін қол жетімді теле-, радиоарналардың тізбесіне кіретін телевидениеде көрсетілетін қызмет (ақпараттық материалдарды дайындау және орналастыру) (сурдоаударманы ескере отырып сюжет) (Вtv)
минут
Ақмола
облысы
45 000
50 000
55 000
27.
Міндетті теле-, радиоарналардың (ақпараттық-талдау бағдарламасы) тізбесіне кіретін арналарды қоспағанда, Ақмола облысының аумағында ұлттық телерадио хабарларын тарату операторы тарататын еркін қол жетімді теле-, радиоарналардың тізбесіне кіретін телевидениеде көрсетілетін қызмет (ақпараттық материалдарды өндіру және орналастыру) (Вtv)
минут
Ақмола
облысы
45 000
50 000
55 000
28.
Міндетті теле-, радиоарналардың тізбесіне кіретін арналарды қоспағанда, Ақмола облысының аумағында ұлттық телерадио хабарларын тарату операторы тарататын еркін қол жетімді теле-, радиоарналардың тізбесіне кіретін телевидениеде көрсетілетін қызмет (ақпараттық материалдар өндірісі) (деректі фильм) (Вtv)
минут
Ақмола
облысы
45 000
50 000
55 000
29.
Міндетті теле-, радиоарналардың тізбесіне кіретін арналарды қоспағанда, Ақмола облысының аумағында ұлттық телерадио хабарларын тарату операторы тарататын еркін қол жетімді теле-, радиоарналардың тізбесіне кіретін телевидениеде көрсетілетін қызмет (ақпараттық материалдар өндірісі) (бейнеролик) (Вtv)
минут
Ақмола
облысы
135 000
140 000
145 000
30.
Міндетті теле-, радиоарналардың тізбесіне кіретін арналарды қоспағанда, Жарқайың ауданының аумағында ұлттық телерадио хабарларын тарату операторы тарататын еркін қол жетімді теле-, радиоарналардың тізбесіне кіретін телевидениеде көрсетілетін қызмет (ақпараттық материалдарды дайындау және орналастыру) (сюжет) (Вtv)
минут
Жарқайың ауданы
9 200
9 200
9 200
31.
Ақмола облысының аумағында таратылатын радиоарнада көрсетілетін қызмет (ақпараттық бағдарламаларды дайындау және орналастыру) (Br)
минут
Ақмола
облысы
17 500
17 500
17 500
32.
Жарқайың ауданының аумағында таратылатын радиоарнада көрсетілетін қызмет (ақпараттық бағдарламаларды дайындау және орналастыру) (Br)
минут
Жарқайың ауданы
4 270
4 270
4 270