Об утверждении Правил разработки и реализации Программы государственных инвестиций Күшін жойған
Басқа 0
Мемлекеттік инвестициялар бағдарламасын әзірлеудің және жүзеге асырудың ережесін бекіту туралы
"Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму Стратегиясын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 28 қаңтардағы N 3834 Жарлығын іске асыру мақсатында және "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998-2000 жылдарға арналған іс-қимыл бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі шаралар жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 19 ақпандағы N 119 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік инвестициялар бағдарламасын әзірлеу мен іске асыру ережесі бекітілсін.
Тармақ 2
2. Мемлекеттік инвестициялар бағдарламасын қалыптастыру жөніндегі комиссия қосымшаға сәйкес құрамда құрылсын.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасының Экономика министрлігі Мемлекеттiк инвестициялар бағдарламасын әзiрлеудiң және iске асырудың мониторингi үшiн жауапты орган болып белгiленсiн.
📌 Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 1999.06.01. N 673 қаулысымен.
Ескерту. 3-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2000.01.29. N 139 қаулысымен.
Тармақ 4
4. "Мемлекеттік инвестициялар бағдарламасына енгізілетін жобаларды тіркеу, іске асыру және олардың мониторингінің тәртібі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 10 сәуірдегі N 528 қаулысының күші жойылған деп танылсын.
Тармақ 5
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Басқа 6. Мемлекеттік инвестициялар бағдарламасын әзірлеу және іске асыру ережесі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
1998 жылғы 31 желтоқсандағы
N 1389 қаулысымен
бекітілген
Мемлекеттік инвестициялар бағдарламасын әзірлеу және іске асыру ережесі
📌 ЕСКЕРТУ. Ереже жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 1999.06.01. N 673 қаулысымен.
Осы Ереже мемлекеттiк инвестициялар бағдарламасының мақсатын, мiндеттерiн, құрылымын, оны әзiрлеу мен iске асырудың тәртiбiн белгiлейдi.
Тармақ 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Мемлекеттiк инвестициялар бағдарламасы (бұдан әрi - МИБ) - Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтетiн, мемлекеттiк және/немесе мемлекет тартатын, оның iшiнде мемлекет кепiлдiктерiмен тартылатын қаражатты экономиканың басым секторлары бойынша инвестициялау бағдарламасы.
Тармақ 2
2. МИБ мақсаты - басым инвестициялық жобаларды және институциональдық даму жобаларын (техникалық көмек) iрiктеу және iске асыру жөнiндегi iс-шаралар кешенiн жүзеге асыру.
Тармақ 3
3. Инвестициялық жобалар дегенiмiз негiзгi қаражаттарды құрумен (сатып алумен) байланысты жобалар.
Тармақ 4
4. Институциональдық даму жобалары (техникалық көмек) дегенiмiз мынадай жобалар:
Тармақша 1
1) инвестициялық жобалардың техникалық-экономикалық негiздемелерiн әзiрлеу;
Тармақша 2
2) нормативтiк құқықтық актiлердiң жобаларын дайындау;
Тармақша 3
3) мемлекеттiк мекемелердi институциональдық нығайту;
Тармақша 4
4) нарықтық институттарды қолдау.
Тармақ 5
5. МИБ шешетiн мiндеттер:
Тармақша 1
1) мемлекеттiң орта мерзiмдi инвестициялық басымдықтарын iске асыру;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының азаматтары, халықаралық қаржы ұйымдары және донор елдер үшiн мемлекеттiк инвестициялардың айқындығын қамтамасыз ету;
Тармақша 3
3) инвестициялық жобаларды және институциональдық даму жобаларын (техникалық көмектi) iске асыруды әзiрлеу, бағалау, iрiктеу және олардың орындалуын бақылау жөнiнде жүйелі жұмысты ұйымдастыру.
Тармақ 6
6. МИБ жобаларын қаржыландырудың көздерi республикалық бюджеттiң қаражаты, үкiмет кепiлдiктерiмен алынған сыртқы заемдар және мемлекет тартатын сыртқы гранттар болып табылады.
Тармақ 7
7. МИБ үш жылдық бағдарлама болып табылады. МИБ бiрiншi жылының мемлекеттiк инвестициялар көлемi осы жылға бекiтiлген республикалық бюджеттiң тиiстi көрсеткiштерiне сәйкес келедi.
Бұдан кейiнгi жылдарға арналған мемлекеттiк инвестициялардың көлемi болжамды болып табылады және тиiстi жылға арналған республикалық бюджет бекiтiлген кезде нақтыланады.
Тармақ 2. 2. МИБ құрылымы
2. МИБ құрылымы
Тармақ 8
8. МИБ талдау бөлiгiнен және жобалардың тiзбесiнен тұрады.
Тармақ 9
9. Талдау бөлiгi жалпы экономикалық ахуалды талдауды, мемлекеттiк инвестициялық саясаттың басымдықтарын, бұрынғы өткен жылдар үшiн МИБ-сының орындалуын талдауды, мемлекеттiк инвестициялау үшiн қаржылық мүмкiндiктердi талдауды, МИБ iске асыру жөнiндегi мемлекеттiк органдардың iс-қимыл жүйесiн, сондай-ақ оның құрамына кiретiн жобалардың жиынтығының аталған басымдықтарға сәйкестiгiн негiздеудi қамтиды.
Тармақ 10
10. МИБ жобаларының тiзбелерi басым инвестициялық жобаларды және:
Тармақша 1
1) қайтарымды негiзде (үкiмет кепiлдiктерiмен алынған сыртқы заемдар және республикалық бюджет несиелерi);
Тармақша 2
2) қайтарымсыз негiзде (мемлекет тартатын сыртқы гранттар мен республикалық бюджеттiң қаражаты) қаржыландырылатын институциональдық даму жобаларын (техникалық көмектi) қамтиды.
Тармақ 3. 3. МИБ әзiрлеудiң және бекiтудiң тәртiбi
3. МИБ әзiрлеудiң және бекiтудiң тәртiбi
Тармақ 11
11. МИБ Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық дамуының индикативтiк жоспарының құрамдас бөлiктерiнiң бiрi ретiнде әзiрленедi.
Тармақ 12
12. МИБ-сына енгiзу үшiн ұсынылатын жобаларды дайындаумен, iрiктеумен, сараптаумен байланысты iс-шараларды жүргiзудi орталық және жергiлiктi мемлекеттiк басқару органдары жүзеге асырады. Әдiстемелiк басшылықты, жобаларды iрiктеу жөнiндегi жұмыстарды үйлестiрудi, МИБ-сына енгiзу үшiн ұсынылатын жобаларға экономикалық бағалау жүргiзудi МИБ-сын әзiрлеу және iске асыру мониторингi үшiн жауапты уәкiлеттi орган (бұдан әрi - Уәкілеттi орган) жүзеге асырады.
Тармақ 13
13. МИБ-сына енгiзу үшiн жобалардың деректер базасына енгiзу туралы ұсыныстарды Уәкiлеттi органның қарауына қабылдауы үшiн қажеттi шарттар ұсынылатын жобалардың "Қазақстан 2030" Стратегиясына, Қазақстан Республикасының тиiстi кезеңге арналған әлеуметтiк-экономикалық дамуының индикативтiк жоспарында келтiрiлген ағымдағы инвестициялық басымдықтарға және дамудың салалық бағдарламаларына сәйкес келуi болып табылады, сондай-ақ:
Тармақша 1
1) инвестициялық жобалар үшiн:
жобаның техникалық-экономикалық негiздемесінiң және жоба жөнiнде Уәкiлеттi органның талаптарына сәйкес құжаттаманың;
тиiстi орталық атқарушы органның салалық қорытындысының;
Қазақстан Республикасы Табиғат ресурстары және қоршаған ортаны қорғау министрлiгiнiң экологиялық сараптау қорытындысының (заңдарда көзделген жағдайда);
Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлiгi Құрылыс iстерi жөнiндегi комитетiнiң "Жобаларды мемлекеттiк ведомстводан тыс сараптау (Мемсараптама)" республикалық мемлекеттiк кәсiпорны қорытындысының (заңдарда көзделген жағдайда);
Тармақша 2
2) институционалдық даму жобалары (техникалық көмек) үшін:
жобаның экономикалық негiздемесiмен бiрге өтiнiмнiң және жобаны iске асыру жөнiндегi көмектiң нысаны мен көлемi, iске асыру мерзiмдерi, құрылымдық бөлiмшенiң бар-жоғы туралы ақпарат, жобаны iске асыру үшiн жауапты адам және жобаны аяқтау жөнiндегi болжамдық нәтижелер көрсетiлген жоба бойынша Уәкiлеттi органның талаптарына сәйкес құжаттаманың болуы керек.
Тармақ 14
14. Уәкiлеттi орган жүктелген функцияларды жүзеге асыру үшiн сарапшылар мен консультанттар тартуға және МИБ жасау жұмысында туындайтын жекелеген мәселелерді шешу үшiн ведомствоаралық жұмыс топтарын құру жөнiнде ұсыныстар енгiзуге құқылы.
Тармақ 15
15. МИБ жобаларының тiзбелерiн жасауда және өзгертуде келiсiлген көзқарастарды қамтамасыз ету үшiн МИБ жасау жөнiнде Комиссия (бұдан әрi - Комиссия) құрылады.
Тармақ 16
16. Комиссияның дербес құрамын Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.
Тармақ 17
17. Комиссия мынадай функцияларды жүзеге асырады:
Тармақша 1
1) Уәкiлеттiк орган ұсынатын МИБ жобалары тiзбелерiнiң
мемлекеттiк инвестициялар басымдықтарына сәйкестiгiне кешендi бағалау жүргiзедi;
Тармақша 2
2) жобаларды МИБ-сына енгiзудің және әрбiр жоба бойынша қаржыландырудың ұсынылған нысандарының мақсаттылығын айқындайды;
Тармақша 3
3) МИБ шеңберiнде қаржы қаражаттарын бөлу және қайта бөлу мәселелерi бойынша қорытындылар әзiрлейдi.
Тармақ 18
18. МИБ жыл сайын республикалық бюджет бекiтiлгеннен кейiн Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң қаулысымен жаңартылады және бекiтіледi.
Тармақ 4. 4. Мемлекеттiк инвестициялар бағдарламасының iске асырылуын бақылау
4. Мемлекеттiк инвестициялар бағдарламасының iске асырылуын бақылау
Тармақ 19
19. Уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасына көмек көрсету бағдарламаларын нақты жобалармен толықтыру жөнiнде донорлармен және несие берушiлермен келiссөздер жүргiзедi, МИБ жобаларын iске асырудың нәтижесiнде мониторинг пен талдау жасауды жүзеге асырады және Қазақстан Республикасының Yкiметiне ақпарат берiп тұрады.
Тармақ 20
20. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi несие берушiлермен заем беру шарттарына қатысты келiссөздер жүргiзеді, заемдар бойынша шарттар дайындауды, республикалық бюджетте көзделген мөлшерлерде МИБ жобаларын қаржыландыруды, бөлінген және тартылған қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылауды жүзеге асырады.
Басқа 45. Мемлекеттiк инвестициялар бағдарламасын қалыптастыру жөнiндегі комиссияның құрамы
Қазақстан Республикасы
Yкiметiнің 2000 жылғы
29 қаңтардағы
N 139 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Yкiметiнің 1998 жылғы
31 желтоқсандағы
N 1389 қаулысына
қосымша
📌 Ескерту. Құрам өзгертілді - ҚР Үкіметінің 1999.06.01. N 673 қаулысымен.
Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2000.01.29. N 139 қаулысымен.
Мемлекеттiк инвестициялар бағдарламасын қалыптастыру жөнiндегі комиссияның құрамы
Өтембаев Ержан - Қазақстан Республикасы Премьер-
Әбiлхайырұлы Министрінің орынбасары, төраға
Күлекеев Жақсыбек - Қазақстан Республикасының
Әбдiрахметұлы Экономика министрi
Школьник Владимир - Қазақстан Республикасының
Сергеевич Энергетика, индустрия және сауда
министрi
Есенбаев Мәжит - Қазақстан Республикасының
Төлеубекұлы Қаржы министрi
Бүркiтбаев Серiк - Қазақстан Республикасының Көлiк
Мiнәуарұлы және коммуникациялар министрi