Об утверждении Положения о государственном учреждении «Отдел культуры и развития языков акимата Узункольского района» Қолданыста
Басқа 0
«Ұзынкөл ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы
Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы» 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 қаулысына сәйкес, Ұзынкөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған «Ұзынкөл ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ереже бекітілсін.
Тармақ 2
2. «Ұзынкөл ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
Тармақша 1
1) көрсетілген Ереженің заңнамада белгіленген тәртіпте әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы қаулыға қол қойылған күнінен бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қостанай облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;
Тармақша 3
3) осы қаулының ресми жарияланғанынан кейін оның Ұзынкөл ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ұзынкөл ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Әкімдіктің мүшелері:
________________ Н. Абилкаиров
________________ Т. Булатов
________________ А. Лагушина
________________ М. Сокитбаев
________________ К. Уразбаев
«Ұзынкөл ауданы әкімінің
аппараты» мемлекеттік мекемесінің
заң бөлімінің басшысы
___________________ А. Кусаинова
«Ұзынкөл ауданы әкімінің
аппараты» мемлекеттік мекемесінің
құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімі
басшысының міндетін уақытша
атқарушы
___________________ А. Баймурзина
Келісілді
«Ұзынкөл ауданы әкімдігінің
мәдениет және тілдерді дамыту
бөлімі» мемлекеттік мекемесінің
басшысы
__________________ В. Лазарева
Басқа 8. «Ұзынкөл ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ереже
Ұзынкөл ауданы әкімдігінің
2025 жылғы «12» ақпандағы
№ 18 қаулысына
қосымша
«Ұзынкөл ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ереже
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. «Ұзынкөл ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі) мәдениет және мемлекеттік тілді дамыту саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
Тармақ 2
2. Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің мынадай ведомстволары бар:
Тармақша 1
1) Ұзынкөл ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Ұзынкөл аудандық мәдениет үйі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
Тармақша 2
2) Ұзынкөл ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Ұзынкөлдік орталықтандырылған кітапхана жүйесі» мемлекеттік мекемесі;
Тармақша 3
3) Ұзынкөл ауданы әкімдігінің «Тілдерді оқыту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Тармақ 3
3. Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Тармақ 4
4. Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлері және атауы мемлекеттік тілде жазылған мөртаңбалары бар, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
Тармақ 5
5. Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.
Тармақ 6
6. Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.
Тармақ 7
7. Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
Тармақ 8
8. «Ұзынкөл ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.
Тармақ 9
9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 111800, Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Ұзынкөл ауданы, Ұзынкөл ауылы, Ғ.Мүсірепов көшесі, 14.
Тармақ 10
10. Осы Ереже Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің құрылтай құжаты болып табылады.
Тармақ 11
11. Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің қызметін қаржыландыру республикалық және жергілікті бюджеттерден жүзеге асырылады.
Тармақ 12
12. Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі кәсіпкерлік субъектілерімен Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады.
Егер Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.
Тарау 2. 2. Мемлекеттік органның міндеттері мен өкілеттіктері
2. Мемлекеттік органның міндеттері мен өкілеттіктері
Тармақ 13
13. Міндеттері:
Тармақша 1
1) аудан аумағында «Мәдениет туралы», «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» заңдарға сәйкес мәдениет және тілдерді дамыту саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты жүзеге асыру;
мәдениет саласында сапалы қызмет көрсетуге бағытталған мемлекеттік саясатты тиімді іске асыру, аудан тұрғындарының бос уақытын ұйымдастыру және ақпараттық қамтамасыз ету, тілдерді дамыту үшін жағдай жасау, азаматтардың әлеуметтік оптимизмін және ақпараттандырылуын, заманауи мәдени ортаны қалыптастыруға ықпал етеді.
Тармақша 2
2) ауданда мәдениет пен тілдерді дамытудың негізгі бағыттарын, мәдениет, тілдер және тарихи-мәдени мұраны қорғау саласындағы аудандық бағдарламаларды болжау, әзірлеу және іске асыру;
Тармақша 3
3) мәдениет мекемелері мен кәсіпорындарын ұстау үшін бюджетті құрастыру кезінде ұсыныстар әзірлеу, қарамағындағы мәдениет мекемелері мен кәсіпорындарына бөлінетін бюджеттік қаражат сомасын анықтау, бөлінген қаражаттың нысаналы пайдалануына бақылау жасау;
Тармақша 4
4) мәдениет, ақпараттық қамсыздандыру және аудан тұрғындарының бос уақытын ұйымдастыруда сапалы қызмет көрсету;
Тармақша 5
5) тарихи және мәдени құндылықтарды қорғау және олардың дамуында сабақтастықты қамтамасыз ету;
Тармақ 14
14. Өкілеттіктері:
Тармақша 1
1) құқықтары:
- Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің құқықтары мен мүдделерін, соның ішінде соттарда білдіру;
- Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі құзыретіне жататын мәселелер бойынша заңды және жеке тұлғаларға түсініктеме беру;
- мәдениет мәселелері бойынша мемлекеттік басқару органдарымен және ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау;
- қолданыстағы заңнамаға сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыру.
Тармақша 2
2) міндеттері:
- Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының нормаларын сақтау;
- Президенттің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің және өзге де орталық атқарушы органдардың, сондай-ақ облыс және аудан әкімі мен әкімдігінің актілері мен тапсырмаларын сапалы және уақытылы орындау.
Тармақ 15
15. Функциялары:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының «Мәдениет туралы» және «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңдарын іске асыру мәселелері бойынша мемлекеттік органдармен, лауазымды тұлғалармен, өзге де ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау;
Тармақша 2
2) азаматтардың шығармашылық бостандығына, мәдени қызметке құқықтарын іске асыруына жәрдемдесу, рухани қажеттіліктерді қанағаттандыру;
Тармақша 3
3) кітапхана ісінің дамуына ықпал ету, халықтың түрлі топтарының мәдени-демалыс қызметінің әртүрлілігін қамтамасыз ету;
Тармақша 4
4) дарынды тұлғаларды қолдауды қамтамасыз ету және кәсіби өнерді сақтау, жетілдіру үшін жағдай жасау;
Тармақша 5
5) халық шығармашылығын, көркем кәсіпшілік пен қолөнерді, фольклорды, әдет-ғұрыптарды, салт-дәстүрлерді және мерекелерді жаңғырту, сақтау және жетілдіру үшін мемлекеттік қолдауды қамтамасыз етуге және жағдай жасауға жәрдемдесу;
Тармақша 6
6) тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау, қалпына келтіру және пайдалану саласында бақылауды жүзеге асыру;
Тармақша 7
7) мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейтуге ықпал ету, «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңды мемлекеттік тілде іс жүргізу бөлігінде іске асыруға, халықтың әртүрлі жастағы топтарына мемлекеттік тілді оқытуды ұйымдастыруға көмек көрсету;
Тармақша 8
8) мәдениет және тілдерді дамыту саласында жүргізіліп жатқан мемлекеттік саясаттың тиімділігін арттыру жөнінде ұсыныстар әзірлеу және іске асыру;
Тармақша 9
9) білім беру мекемелерімен, басқа да мемлекеттік және мемлекеттік емес мекемелермен, ұйымдармен аудармашылар мамандарын, мемлекеттік тілде іс жүргізу мамандарын, қазақ тілі мамандарын іріктеу, даярлау және бекіту, тіл саясатын орындау мәселелерінде, мемлекеттік тілді насихаттау мен дамытуға
бағытталған мәдени-бұқаралық іс-шараларды дайындау мен өткізуде өзара іс-қимыл жасау;
Тармақша 10
10) ауданның мәдениет мекемелерінің материалдық-техникалық базасын нығайту бойынша жұмыстар жүргізеді;
Тармақша 11
11) Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің құзыретіне жататын мәселелер бойынша ақпараттық-талдау материалдары мен құжаттарды дайындауды жүзеге асыру;
Тармақша 12
12) Ұзынкөл ауданы әкімдігінің нормативтік құқықтық және нормативтік емес актілерінің жобаларын дайындайды;
Тармақша 13
13) маңдайшаны ауылда орналастыру туралы хабарламаларды «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қабылдауды және қарауды жүзеге асырады;
Тармақша 14
14) «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 75-бабында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарайды және әкімшілік жазалар қолданады;
Тармақша 15
15) мемлекеттік мәдениет ұйымдарын аттестаттаудан өткізуді қамтамасыз ету;
Тармақша 16
16) бюджет қаражаты шегінде балалар мен жасөспірімдерге арналған шығармашылық үйірмелерді қаржыландыруға арналған мемлекеттік шығармашылық тапсырысты бекітеді;
Тармақша 17
17) меншік нысанына, ведомстволық бағыныстылығына, мемлекеттік шығармашылық тапсырыс қызметтерін орындаушылардың түрлері мен типтеріне қарамастан балалар мен жасөспірімдерге арналған шығармашылық үйірмелерде мемлекеттік шығармашылық тапсырысты орналастыруды қамтамасыз етеді;
Тармақша 18
18) мемлекеттік шығармашылық тапсырысты орналастырудың барлық кезеңдері мен рәсімдерін іске асыруды, оның сапасын бақылауды және электрондық және жалпыға қолжетімді форматтарда атаулы игеруді қамтмасыз етеді;
Тармақша 19
19) азаматтарды тіл қағидаты бойынша кемсітушілікке жол бермеу жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізеді
Тарау 3. 3. Мемлекеттік орган басшысының мәртебесі, өкілеттігі
3. Мемлекеттік орган басшысының мәртебесі, өкілеттігі
Тармақ 16
16. Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімін басқаруды басшы жүзеге асырады, ол Мәдениет және тілдерді дамыту бөліміне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.
Тармақ 17
17. Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымынан босатылады.
Тармақ 18
18. Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысының өкілеттіктері:
Тармақша 1
1) Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің жұмысын ұйымдастырады және басшылық етеді;
Тармақша 2
2) Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің барлық қызметкерлері үшін міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;
Тармақша 3
3) Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің қызметкерлерін жұмысқа қабылдайды және жұмыстан босатады;
Тармақша 4
4) Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің қызметкерлерін Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте көтермелеу шараларын қолданады және тәртіптік жазалар қолданады;
Тармақша 5
5) мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің мүддесін білдіреді;
Тармақша 6
6) жеке және заңды тұлғаларды жеке қабылдауды жүзеге асырады;
Тармақша 7
7) сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған шараларды қабылдайды, сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды қабылдамағаны үшін жауапты болады;
Тармақша 8
8) Қазақстан Республикасының заңнамасына, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асырады.
Тармақ 19
19. Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.
Тарау 4. 4. Мемлекеттік органның мүлкi
4. Мемлекеттік органның мүлкi
Тармақ 20
20. Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болу мүмкін.
Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің мүлкi оған меншік иесі берген мүлiк, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
Тармақ 21
21. Мәдениет және тілдерді дамыту бөліміне бекiтiлген мүлiк коммуналдық меншiкке жатады.
Тармақ 22
22. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі өзiне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.
Тарау 5. 5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
Тармақ 23
23. Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің және оның ведомстволарының қарамағындағы ұйымдардың тізбесі
Тармақша 1
1) Ұзынкөл ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Ұзынкөл аудандық мәдениет үйі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
Тармақша 2
2) Ұзынкөл ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Ұзынкөлдік орталықтандырылған кітапхана жүйесі» мемлекеттік мекемесі;
Тармақша 3
3) Ұзынкөл ауданы әкімдігінің «Тілдерді оқыту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.