Об утверждении Положения о государственном учреждении «Отдел предпринимательства и сельского хозяйства города Павлодара» Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 09.04.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Павлодар қаласы кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабы 2-тармағына, 37-бабы 8-тармағына, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңының 18-бабы 8) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 01 қыркүйектегі «Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы» № 590 қаулысына сәйкес Павлодар қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Павлодар қаласы кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - ММ) туралы ереже осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. «Павлодар қаласы кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы» Павлодар қаласы әкімдігінің 2024 жылғы 10 шілдедегі № 266-1945-01-ММ қаулысының күші жойылды деп танылсын (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 198765 болып тіркелген).
Тармақ 3
3. «Павлодар қаласы кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі» ММ қолданыстағы заңнамаға сәйкес, осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Қ. Қ. Беготаеваға жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 6. «Павлодар қаласы кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi туралы ЕРЕЖЕ
Павлодар қаласы әкімдігінің 2025 жылғы «03» сәуірдегі № 474/1 қаулысына қосымша «Павлодар қаласы кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi туралы ЕРЕЖЕ
Тарау 1
Тармақ 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. «Павлодар қаласы кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық салаларындағы басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
Тармақ 2
2. «Павлодар қаласы кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлiмi» мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.
Тармақ 3
3. «Павлодар қаласы кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлiмi» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Тармақ 4
4. «Павлодар қаласы кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлiмi» мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрі және атауы мемлекеттік және орыс тілдерінде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.
Тармақ 5
5. «Павлодар қаласы кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлiмi» мемлекеттiк мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.
Тармақ 6
6. «Павлодар қаласы кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлiмi» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.
Тармақ 7
7. «Павлодар қаласы кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлiмi» мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен басшының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
Тармақ 8
8. «Павлодар қаласы кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.
Тармақ 9
9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 140000, Қазақстан Республикасы, Павлодар облысы, Павлодар қаласы, Кривенко көшесi, 25.
Тармақ 10
10. Мемлекеттік органның толық атауы: мемлекеттік тілде «Павлодар қаласы кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi. орыс тілінде: Государственное учреждение «Отдел предпринимательства и сельского хозяйства города Павлодара».
Тармақ 11
11. Осы Ереже «Павлодар қаласы кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлiмi» мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
Тармақ 12
12. «Павлодар қаласы кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлiмi» мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
Тармақ 13
13. «Павлодар қаласы кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлiмi» мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен «Павлодар қаласы кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлiмi» мемлекеттік мекемесінің өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады. Егер «Павлодар қаласы кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлiмi» мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.
Тарау 2
Тармақ 2. 2. Мемлекеттік органның мақсаттары мен өкілеттіктері
2. Мемлекеттік органның мақсаттары мен өкілеттіктері
Тармақ 14
14. Мақсаттары:
Тармақша 1
1) кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы салаларын дамытудың басым өңірлік бағдарламаларын әзірлеу, оларды іске асыруға қатысу;
Тармақша 2
2) Павлодар қаласының аумағында кәсіпкерлік қызмет пен ауыл шаруашылығын дамыту үшін жағдайлар жасау;
Тармақша 3
3) агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес мемлекеттік, салалық (секторалдық), өңірлік бағдарламалармен мемлекеттік қолдауды жүзеге асыру және қала тұрғындарының қажеттілігін қанағаттандыру үшін ауыл шаруашылығы өнімдерін өткізуге жәрдемдесу;
Тармақша 4
4) Павлодар қаласының аумағында мемлекеттік сауда саясатын жүргізу;
Тармақша 5
5) бау-бақша кооперативтерінің жұмыстарын үйлестіруді жүзеге асыру, бау-бақшалардың одан әрі дамуына жәрдемдесу;
Тармақша 6
6) кәсіпкерлер үшін әкімшілік кедергілерді азайту жұмыстарын жүргізу;
Тармақша 7
7) құзыреті шегінде аттракциондарды, балалардың ойын алаңдарына арналған жабдықты қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз ету.
Тармақ 15
15. Өкілеттіктері:
Тармақша 1
1) құқықтары:
Тармақша 1.1
1.1) «Павлодар қаласы кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі» мемлекеттік мекемесінің алдына қойылған міндеттерді орындауға байланысты мәселелер бойынша мемлекеттік органдардан және өзге де ұйымдардан, лауазымды адамдардан қажетті ақпаратты, құжаттар мен өзге де материалдарды өтеусіз негізде сұрату және алу;
Тармақша 1.2
1.2) жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың ұйымдастырушылық қызметін жетілдіру бойынша Павлодар қаласы әкімінің және әкімдігінің қарауына ұсыныстар енгізу;
Тармақша 1.3
1.3) келісім шарттар, келісімдер мен өзге де заңды мәмілелер жасасу;
Тармақша 1.4
1.4) Қазақстан Республикасының Конституциясында, Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан Республикасының Үкіметі, жоғары тұрған мемлекеттік органдар қабылдайтын өзге де нормативтік құқықтық актілерде көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыру.
Тармақша 2
2) міндеттері:
Тармақша 2.1
2.1) мемлекеттік мекеменің ұйымдастырушылық, құқықтық, ақпараттық-талдамалық жұмысын жүзеге асыру және оны материалдық-техникалық қамтамасыз ету;
Тармақша 2.2
2.2) Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы заңнамасын іске асыру, қаланың мемлекеттік органдары жүйесінде кадрлардың біліктілігін арттыру;
Тармақша 2.3
2.3) Қазақстан Республикасының Конституциясында, Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан Республикасының Үкіметі, жоғары тұрған мемлекеттік органдар қабылдайтын өзге де нормативтік құқықтық актілерде көзделген өзге де міндеттерді жүзеге асыру.
Тармақ 16
16. Функциялары:
Тармақша 1
1) жеке кәсіпкерлікті қолдау мен дамытудың мемлекеттік саясатын іске асыруды жүзеге асыру;
Тармақша 2
2) жеке кәсіпкерлікті және ауыл шаруашылығын дамыту үшін жағдайлар жасау;
Тармақша 3
3) өңірлерде мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру және орындау үшін жауапкершілікті қамтамасыз ету және атқару;
Тармақша 4
4) шағын кәсіпкерлікті қолдаудың өңірлік бағдарламаларын әзірлеу және іске асыру;
Тармақша 5
5) жергілікті атқарушы органдардың жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерімен және нарықтық инфрақұрылым объектілерімен өзара қарым-қатынастарын дамыту стратегиясын айқындау;
Тармақша 6
6) сараптамалық кеңестердің қызметін ұйымдастыру;
Тармақша 7
7) жеке кәсіпкерлікті және шаруа қожалықтарын жергілікті деңгейде мемлекеттік қолдауды қамтамасыз ету;
Тармақша 8
8) кәсіпкерлік пен өнеркәсіпті мемлекеттік қолдауды жүзеге асыруға бағытталған шараларды әзірлеу және іске асыру;
Тармақша 9
9) өнеркәсіп және кәсіпкерлік салаларына инвестициялар тартуға жәрдемдесу, инвестициялық және инновациялық жобалар тізбесіне ұсыныстар қалыптастыру;
Тармақша 10
10) тиісті аумақта инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыруға және іске асыруға қатысу;
Тармақша 11
11) агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне мемлекеттік агроөнеркәсіптік саясаттың негізгі бағыттары мен тетіктерін түсіндіру жұмыстарын жүргізу;
Тармақша 12
12) агроөнеркәсіптік кешен және ауылдық аумақтар саласында жедел ақпарат жинау;
Тармақша 13
13) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру;
Тармақша 14
14) өз құзыреті шегінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына рұқсат етілген шекті бөлшек сауда бағалары мөлшерінің сақталуына мемлекеттік мониторингті жүзеге асыру;
Тармақша 15
15) өз құзыреті шегінде: - Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 199-бабы (бірінші, екінші және үшінші бөлігі) бойынша хаттамалар жасау; - Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 455-бабы (бірінші, екінші, үшінші және бесінші бөлігі) бойынша хаттама жасау; - әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына рұқсат етілген шекті бөлшек сауда бағаларының мөлшері асып кеткен кезде Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзу; - белгіленбеген орындардағы сауда саласында Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзу; - ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді ұтымсыз пайдалану немесе пайдаланбау саласында Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзу; - кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру және тұқым шаруашылығы саласында қызметтер көрсету кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзу; - мақта саласын дамытуда Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзу; - әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына сауда үстемесінің мөлшері асып кеткен кезде Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзу; - азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорларын қалыптастыру және пайдалану кезінде Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзу саласындағы әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізуді жүзеге асыру;
Тармақша 16
16) тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiн, өздiгiнен жүретін ауылшаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, жүріп өту мүмкiндiгi жоғары арнайы машиналарды кепілге қоюды мемлекеттік тіркеу;
Тармақша 17
17) тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, өздiгiнен жүретiн ауылшаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналарын, сондай-ақ жүрiп өту мүмкiндiгi жоғары арнайы машиналарды басқару құқығына емтихандар қабылдау және куәлiктер беру;
Тармақша 18
18) тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тіркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiн, өздiгiнен жүретiн ауылшаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерiн, жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды мемлекеттiк тiркеу;
Тармақша 19
19) тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiн, өздiгiнен жүретiн ауылшаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерiн, жүрiп өту мүмкiндiгi жоғары арнайы машиналарды жыл сайынғы мемлекеттiк техникалық қарап-тексеруден өткiзу;
Тармақша 20
20) АТМТ (Ауылшаруашылық техникасын мемлекеттік тіркеу), МДБ (Мемлекеттік деректер базасы), Е-лицензиялау электрондық базасын жүргізу, жоғары тұрған сатыларға қажетті есептер, мемлекеттік органдардың сұрауларына, сондай-ақ заңды және жеке тұлғалардың өтініштері мен арыздарына жауаптар дайындау және ұсыну;
Тармақша 21
21) Павлодар қаласында туристік кластерді дамытуға жәрдемдесу;
Тармақша 22
22) аттракциондардың, балалардың ойын алаңдарына арналған жабдықтың қауіпсіз пайдаланылуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
Тармақша 23
23) Қазақстан Республикасының Конституциясында, Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан Республикасының Үкіметі, жоғары тұрған мемлекеттік органдар қабылдайтын өзге де нормативтік құқықтық актілерде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру.
Тарау 3
Тармақ 3. 3. Мемлекеттік органның бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері
3. Мемлекеттік органның бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері
Тармақ 17
17. «Павлодар қаласы кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі» мемлекеттік мекемесін басқаруды бірінші басшы жүзеге асырады, ол «Павлодар қаласы кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі» мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.
Тармақ 18
18. «Павлодар қаласы кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.
Тармақ 19
19. «Павлодар қаласы кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын орынбасары болады.
Тармақ 20
20. «Павлодар қаласы кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкілеттіктері:
Тармақша 1
1) Мемлекеттік мекеме туралы ережені Павлодар қаласы әкімдігінің бекітуіне ұсынады;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының Заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің актілерін, қала әкімдігінің қаулыларын орындау жұмысын ұйымдастырады, жоғары тұрған органдарды олардың орындалу барысы туралы жүйелі түрде хабардар етеді;
Тармақша 3
3) бұйрықтар шығарады;
Тармақша 4
4) мемлекеттік мекемеде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша шаралар қабылдайды;
Тармақша 5
5) мемлекеттік мекемеде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша міндеттерді орындауға дербес жауапты болады;
Тармақша 6
6) «Павлодар қаласы кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі» мемлекеттік мекемесінің атынан сенімхатсыз әрекет етеді;
Тармақша 7
7) мемлекеттік органдарда, өзге де ұйымдарда «Павлодар қаласы кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі» мемлекеттiк мекемесінiң мүддесiн білдіреді;
Тармақша 8
8) заңнамада белгіленген жағдайларда және шектерде мүлікке билік етеді;
Тармақша 9
9) заңнамада белгіленген тәртіппен келісім шарттар жасасады;
Тармақша 10
10) сенімхаттар береді;
Тармақша 11
11) «Павлодар қаласы кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі» мемлекеттік мекемесінің актілеріне қол қояды;
Тармақша 12
12) «Павлодар қаласы кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі» мемлекеттiк мекемесінiң қызметкерлерін лауазымға тағайындайды және атқаратын лауазымынан босатады;
Тармақша 13
13) «Павлодар қаласы кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі» мемлекеттiк мекемесі қызметкерлерінің міндеттері мен құрылымдық бөлімшелерінің функцияларын айқындайды;
Тармақша 14
14) «Павлодар қаласы кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі» мемлекеттiк мекемесінiң қызметкерлерін көтермелеу шараларын қабылдайды және оларға тәртіптік жаза қолданады;
Тармақша 15
15) өзіне заңнамамен және осы Ережемен жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асырады. «Павлодар қаласы кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі» мемлекеттiк мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.
Тармақ 21
21. Бірінші басшы өз орынбасарының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес айқындайды.
Тарау 4
Тармақ 4. 4. Мемлекеттік органның мүлкі
4. Мемлекеттік органның мүлкі
Тармақ 22
22. «Павлодар қаласы кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі» мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін. «Павлодар қаласы кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
Тармақ 23
23. «Павлодар қаласы кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі» мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
Тармақ 24
24. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, «Павлодар қаласы кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі» мемлекеттік мекемесінің өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
Тарау 5
Тармақ 5. 5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
Тармақ 25
25. «Павлодар қаласы кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.