Об объявлении чрезвычайной ситуации природного характера Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 05.08.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 33 бабының 1-тармағы 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Азаматтық қорғау туралы» Заңының 48-бабына және 50 бабының 2 тармағы 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 2 шілдедегі «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы» № 756 қаулысына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32469 болып тіркелген), Теміртау қаласының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Қарағанды облысының Теміртау қаласында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.
Тармақ 2
2. Төтенше жағдайды жою басшысы болып Теміртау қаласы әкімінің орынбасары Ринат Куатұлы Кыдырбековке тағайындалсын.
Тармақ 3
3. Теміртау қаласы әкімінің орынбасары - төтенше жағдайды жою басшысы Ринат Куатұлы Кыдырбеков осы шешімнен туындайтын тиісті іс-шараларды жүргізу тапсырылсын.
Тармақ 4
4. Осы шешімнің орындалысын бақылауды өзіме қалдырамын.
Тармақ 5
5. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2025 жылғы 4 сәуірден бастап туындаған құқықтық қатынастарға таратылады.