Об утверждении Правил составления коммерческих актов и актов общей формы и удостоверения обстоятельств не требующих составления актов Қолданыста
Басқа 0
Коммерциялық актілер мен жалпы нысандағы актілерді жасау және актілер жасауды талап етпейтін мән-жайларды куәландыру ережесін бекіту туралы
"Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 231-бабына сәйкес бұйырамын:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Коммерциялық актілер мен жалпы нысандағы актілерді жасау және актілер жасауды талап етпейтін мән-жайларды куәландыру ережесі бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігінің Су көлігі департаменті (Б.Қ.Уандықов) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеу үшін ұсынсын.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар вице-министрі Т.Б.Әбілғазинге жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.
Басқа 0. Коммерциялық актілер мен жалпы нысандағы актілерді жасау және актілер жасауды талап етпейтін мән-жайларды куәландыру ережесі
"Коммерциялық актілер мен
жалпы нысандағы актілерді
жасау және актілер жасауды
талап етпейтін мән-жайларды
куәландыру ережесін
бекіту туралы"
Қазақстан Республикасы
Көлік және коммуникациялар
министрінің
2004 жылғы 30 маусымдағы
N 255-І бұйрығымен
бекітілді
Коммерциялық актілер мен жалпы нысандағы актілерді жасау және актілер жасауды талап етпейтін мән-жайларды куәландыру ережесі
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Коммерциялық актілер мен жалпы нысандағы актілерді жасау және актілер жасауды талап етпейтін мән-жайларды куәландыру ережесі (бұдан әрі - Ереже) "Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында әзірленді.
Тармақ 2
2. Ереже теңіз тасымалы саласында қызметті жүзеге асыратын тұлғалармен коммерциялық актілер мен жалпы нысандағы актілерді жасау және актілер жасауды талап етпейтін мән-жайларды куәландыру тәртібін белгілейді.
Тарау 2. 2. Коммерциялық актілер мен жалпы нысандағы актілерді жасау және актілер жасауды талап етпейтін мән-жайларды куәландыру тәртібі
2. Коммерциялық актілер мен жалпы нысандағы актілерді жасау және актілер жасауды талап етпейтін мән-жайларды куәландыру тәртібі
Тармақ 3
3. Жүк немесе багажды теңізбен тасымалдауды жүзеге асыру кезінде тасымалдаушы, жөнелтуші, алушы және жолаушының жауапкершілігі үшін негіздеме бола алатын мән-жайлар пайда болған жағдайда осы Ережеге 1-қосымшада белгіленген нысан бойынша коммерциялық акт жасалады.
Тармақ 4
4. Коммерциялық акт мынадай мән-жайларды куәландыру үшін жасалады:
Тармақша 1
1) жүк немесе багаждың шын мәніндегі атауы, салмағы немесе орындар саны мен тасымалдау құжатында көрсетілген деректер арасындағы сәйкессіздіктер;
Тармақша 2
2) жүк немесе багаждың жоғалуы, жетіспеуі немесе бұзылуы (бүлінуі);
Тармақша 3
3) жүк немесе багаждың құжаттарсыз, сондай-ақ құжаттардың жүк немесе багажсыз анықталуы;
Тармақша 4
4) тасымалдаушыға ұрланған жүк немесе багаждың қайтарылуы.
Тармақ 5
5. Коммерциялық акт Ереженің 4-тармағында белгіленген мән-жайлар пайда болған кезде жасалады және оған тасымалдаушы, жөнелтуші, алушы, жолаушы немесе олардың өкілдері және жүктермен қоймалық операцияларды жүзеге асыратын теңіз портының лауазымдық тұлғасы қол қояды.
Тармақ 6
6. Ереженің 4-тармағында көзделмеген, бірақ тасымалдаушы, жөнелтуші, алушы және жолаушының жауапкершілігі үшін негіздеме бола алатын мән-жайларды куәландыру қажет болған жағдайда осы Ережеге 2-қосымшада белгіленген нысан бойынша жалпы нысандағы акті жасалады.
Тармақ 7
7. Осы Ереженің 5-тармағында көрсетілген тұлғалар жалпы нысандағы актіні жасайды және оған қол қояды.
Тармақ 8
8. Актілер мынадай жағдайларда жасалмайды:
Тармақша 1
1) табиғи азаю нормалар шегінде жүк салмағының жетіспеуінде;
Тармақша 2
2) жүкті тасымалдау кезінде ылғалдылық немесе ластану нормаларының төмендеуінде;
Тармақша 3
3) салмақ өлшеу құралдарының көрсеткіштері нормаларының сәйкессіздігінде.
Тармақ 9
9. Актілер жасауды талап етпейтін, бірақ теңіз тасымалына қатысушылардың жауапкершілігі үшін негіздеме бола алатын мән-жайларды тасымалдаушы, жөнелтуші, алушы және жолаушы жазбаша нысанда анықтайды.
Басқа 1. Коммерциялық акт
Коммерциялық актілер мен
жалпы нысандағы актілерді
жасау және актілер жасауды
талап етпейтін мән-жайларды
куәландыру ережесіне
1-қосымша
Коммерциялық акт
Күні _________
N _________
Тиеу порты _____________________________________
Жекізу порты ___________________________________
Жүк жөнелтуші __________________________________
Жүк алушы ___________________________________
Жүктің алушыға берілген күні ___________________
Коносамент N __________
Жүкті тексеру нәтижесі
____________________________________________________________________
Марка. |Орын. |Буып-| | Жүк салмағы
лар, | дар |түю | Жүк атауы |__________________________________
белгілер|саны |түрі | | жөнелтушінің | тасымалдаушының
| | | |өтініші бойынша | өтініші бойынша
________|______|_____|___________|________________|________________
Құжаттар бойынша
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
іс жүзінде анықталғаны
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
Жүк тексеру кезінде анықталғанның егжей-тегжейлі сипаттамасы
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
Қолы ________________________ Лауазымы _______________
________________________ _______________
________________________ _______________
________________________ _______________
Басқа 2. Жалпы нысандағы акті N_________ күні __________
Коммерциялық актілер мен
жалпы нысандағы актілерді
жасау және актілер жасауды
талап етпейтін мән-жайларды
куәландыру ережесіне
2-қосымша
Жалпы нысандағы акті N_________ күні __________
___________________________________________________________________
Жүк жөнелтуші
___________________________________________________________________
Жүк алушы
___________________________________________________________________
кеме | күні | қойма | күні
_________|___________________|_______________|______________________
Тиеу порты | Түсіру порты | Дана саны
_________________|___________________________|_____________________
Маркалар | Жүк атауы | Орындар | Коносамент | Коносамент N
мен | және буып- | саны | бойынша |
нөмірлер | түю түрі | | салмақ |
__________|_____________|_________|_____________|___________________
Осы актіні жасау себебі
___________________
| Қолы
|__________________
|__________________
|__________________
________________________________________________|__________________