Об утверждении Правил составления и внесения изменений и дополнений в Единую бюджетную классификацию Республики Казахстан Қолданыста

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.07.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасын жасау және оған өзгерістер мен толықтырулар енгізу қағидаларын бекiту туралы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексiнің 10-бабының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасына өзгерістер мен толықтырулар жасау және енгізу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) бекiтiлсiн.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Бюджет заңнамасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың көшірмесін қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында оның орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрық Қағидалардың 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 7-тармағын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Бұл ретте Қағидалардың 6-тармағы және 17-тармағының 1) тармақшасының сегізінші, тоғызыншы және оныншы абзацтары 2025 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғанда қолданыста болады.
Басқа 1. Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасын жасау және оған өзгерістер мен толықтырулар енгізу қағидалары
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 11 сәуірдегі № 163 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасын жасау және оған өзгерістер мен толықтырулар енгізу қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасын жасау және оған өзгерістер мен толықтырулар енгізу қағидалары (бұдан әрi – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің (бұдан әрі – Бюджет кодексі) 10-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының Бiрыңғай бюджеттiк сыныптамасын жасау және оған өзгерістер мен толықтырулар енгізу (бұдан әрi – Бюджеттiк сыныптама) тәртібін айқындайды. Бюджеттiк сыныптама объектiлерiне топтамалық кодтар бере отырып, функционалдық, ведомстволық және экономикалық сипаттамалар бойынша бюджет түсімдерін және шығыстарын топтастыру болып табылады және бюджеттiк сыныптама Қазақстан Республикасының заңдарының, Қазақстан Республикасының Президентi жарлықтарының, Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулыларының, астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) маслихаттың шешімдері негiзiнде жасалады. Бюджет кодексінің 10-бабының 3-тармағына сәйкес Бюджеттiк сыныптама мыналарды:
Тармақша 1
1) бюджет түсiмдерінің сыныптамасын;
Тармақша 2
2) бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасын;
Тармақша 3
3) бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасын қамтиды.
Тармақ 2
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар қолданылады:
Тармақша 1
1) ақпараттық жүйе (бұдан әрі – Жүйе) – бюджет түсімдері мен шығыстарының жаңа түрлерін енгізу, қолданыстағы түрлерін алып тастау немесе өзгерту процестері автоматтандырылатын электрондық түрдегі Бюджеттік сыныптаманы жүргізуге арналған ақпараттық жүйе;
Тармақша 2
2) сыныптамалық код - түсiмдердiң, бюджет шығыстарының әрбiр түрi және бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi бойынша, олардың белгiлi бiр сипаттамалары бойынша, түсiмдер сыныптамасының, шығыстардың функционалдық және экономикалық сыныптамасының деңгейлерi бойынша жеке бекiтiлетiн цифрлық белгi (топтамалық код).
Тармақ 3
3. Бюджеттік сыныптама Жүйеде жүргізіледі.
Тарау 2. 2-тарау. Бюджет түсiмдерiнiң сыныптамасы
2-тарау. Бюджет түсiмдерiнiң сыныптамасы
Тармақ 4
4. Қазақстан Республикасының заңдары, Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтары, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулылары, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалатын, салықтарды, төлемдерді және бюджетке түсетін басқа да түсімдерді белгілейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері негізінде барлық деңгейдегі бюджеттер түсімдерінің белгілі бір сипаттамалар бойынша топтамасы бюджет түсімдерінің сыныптамасы болып табылады. Бюджет түсiмдерi сыныптамасының топтамасы мыналардан тұрады: түсiмдердiң экономикалық белгiлерi бойынша топтамасын бiлдiретiн санаттар. Санаттың сыныптамалық коды 1 (бір) белгiден тұрады; түсiмдердi олардың көздерi мен түрлерi бойынша топтайтын сыныптар. Сыныптың сыныптамалық код 2 (екі) белгiден тұрады; түсiмдердi олардың көздерi мен түрлерi бойынша неғұрлым егжей-тегжейлi топтайтын кіші сыныптар. Кіші сыныптың сыныптамалық коды 1 (бір) белгiден тұрады; төлем түрiн немесе бюджетке түсетiн түсiмдерді айқындайтын ерекшелiктер. Ерекшеліктің сыныптамалық коды 2 (екі) белгiден тұрады.
Тармақ 5
5. Түсiмдердiң әрбiр түрiнiң түсiмдер сыныптамасының барлық деңгейлерiнiң кодтарынан қалыптасатын алты таңбалы коды болады. Бюджет түсімдерінің алуан түрлерi үшiн бiрдей алты таңбалы кодтарды белгiлеуге жол берiлмейдi.
Тармақ 6
6. 31.12.2025 қоса алғанда қолданыста болды – осы бұйрықтың 3-тармағымен.
Тармақ 7
7. Бюджет түсiмдерiнiң сыныптамасы Бюджет кодексінің 9-бабына сәйкес мынадай негiзгi санаттарды қамтиды:
Тармақша 1
1) 1 «Салықтық түсiмдер»;
Тармақша 2
2) 2 «Салықтық емес түсiмдер»;
Тармақша 3
3) 3 «Негiзгi капиталды сатудан түсетiн түсiмдер»;
Тармақша 4
4) 4 «Арнаулы түсімдер»;
Тармақша 5
5) 5 «Трансферттердің түсiмдері»;
Тармақша 6
6) 6 «Бюджеттiк кредиттердi өтеу»;
Тармақша 7
7) 7 «Мемлекеттiң қаржы активтерiн сатудан түсетiн түсiмдер»;
Тармақша 8
8) 8 «Қарыздар түсiмi»;
Тармақша 9
9) 9 «Бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары».
Тармақ 8
8. Бюджет түсiмдерiнiң сыныптамасы осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес құрылым бойынша жасалады.
Тарау 3. 3-тарау. Бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасы
3-тарау. Бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасы
Тармақ 9
9. Бюджет кодексінің 12-бабына сәйкес функционалдық және ведомстволық белгілер бойынша бюджеттік қаражаттың жұмсалу бағыттарын айқындайтын, мемлекет функцияларының орындалуын, Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарын іске асыруды көрсететін барлық деңгейлердегі бюджеттер шығыстарының топтамасы бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасы болып табылады. Бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасының топтамасы мынадай деңгейлерден тұрады: функционалдық топтар; функционалдық кіші топтар; бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi; бюджеттiк бағдарламалар (кiшi бағдарламалар).
Тармақ 10
10. Функционалдық топ елдiң стратегиялық даму басымдықтарына сәйкес келетiн және олардың әрқайсысының айқын мақсатын көрсететiн елдiң негiзгi даму бағыттарын көрсетедi. Функционалдық топтың сыныптамалық коды 2 (екі) белгiден тұрады. Мемлекеттiк басқару органдары орындайтын функцияларға байланысты бюджет шығыстары мынадай функционалдық топтар бойынша сыныпталады:
Тармақша 1
1) 01 «Жалпы сипаттағы мемлекеттiк қызметтер»;
Тармақша 2
2) 02 «Қорғаныс»;
Тармақша 3
3) 03 «Қоғамдық тәртіп, қауіпсіздік, құқықтық, сот, қылмыстық-атқару қызметі»;
Тармақша 4
4) 04 «Бiлiм беру»;
Тармақша 5
5) 05 «Денсаулық сақтау»;
Тармақша 6
6) 06 «Әлеуметтiк көмек және әлеуметтiк қамсыздандыру»;
Тармақша 7
7) 07 «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық»;
Тармақша 8
8) 08 «Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңiстiк»;
Тармақша 9
9) 09 «Отын-энергетика кешені және жер қойнауын пайдалану»;
Тармақша 10
10) 10 «Ауыл, cу, орман, балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, қоршаған ортаны және жануарлар дүниесiн қорғау, жер қатынастары»;
Тармақша 11
11) 11 «Өнеркәсiп, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi»;
Тармақша 12
12) 12 «Көлiк және коммуникация»;
Тармақша 13
13) 13 «Басқалар»;
Тармақша 14
14) 14 «Борышқа қызмет көрсету»;
Тармақша 15
15) 15 «Трансферттер»;
Тармақша 16
16) 16 «Қарыздарды өтеу».
Тармақ 11
11. Функционалдық кіші топ функционалдық топ ішіндегі ел дамуының әрбір стратегиялық басымдығы бойынша міндеттер топтарын нақтылайды. Функционалдық кіші топтың сыныптамалық коды 1 (бір) белгіден тұрады.
Тармақ 12
12. Бюджет кодексінің 5-бабына сәйкес бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiсi өзіне Қазақстан Республикасының заңнамасымен жүктелген функцияларға, өкілеттер мен құзыреттерге сәйкес айқындалатын бюджеттік бағдарламаларды жоспарлауға, негіздеуге, іске асыруға және нәтижелерге қол жеткізуге жауапты мемлекеттік орган болып табылады. Орталық атқарушы және өзге орталық мемлекеттік органдар республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері болып табылады, ал жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi Қазақстан Республикасының Yкiметi бекiтетiн жергiлiктi мемлекеттiк басқарудың базалық құрылымына және тиісті мәслихат бекітетін тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікті басқару схемасына сүйене отырып, айқындалады. Бюджеттiк бағдарламалардың әрбiр әкiмшiсiне жеке сыныптамалық коды берiледi, ол 3 (үш) белгiден тұрады.
Тармақ 13
13. Мемлекеттік органның даму жоспарын әзірлейтін республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бюджеттік бағдарламасы мемлекеттік органның даму жоспарында айқындалған мақсаттармен өзара байланысқан республикалық бюджет шығыстарының бағытын айқындайды. Мемлекеттік органның даму жоспарын әзірлемейтін республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бюджеттік бағдарламасы Қазақстан Республикасының Заңдарында немесе мемлекеттік орган туралы ережеде айқындалған өкілеттіктермен өзара байланысты республикалық бюджет шығыстарының бағытын айқындайды. Жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бюджеттік бағдарламасы астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың тиісті даму жоспарында айқындалған мақсаттармен, нысаналы индикаторлармен не Қазақстан Республикасының Заңдарында немесе мемлекеттік орган туралы ережеде айқындалған өкілеттіктермен өзара байланысты жергілікті бюджет шығыстарының бағытын айқындайды. Бюджеттік бағдарлама сыныптамалық коды 3 (үш) белгiден тұрады.
Тармақ 14
14. Атаулары бiрдей, оның iшiнде бөлiнетiн бюджеттiк бағдарламаларды орындау кезiнде пайдаланылатын және бiрнеше бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiне бекiтiлген бюджеттiк бағдарламалардың да кодтары бiрдей және 100-ден бастап 199-ға дейiнгi кодтар бойынша сыныпталады.
Тармақ 15
15. Бюджеттік кіші бағдарлама мемлекеттік органның даму жоспарының, астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың даму жоспарының мақсатына және (немесе) бюджеттік бағдарламаның түпкілікті нәтижесіне қол жеткізуге бағытталған бюджет қаражатын жұмсаудың нақты бағыттарын ашады және бюджеттік бағдарламаның функционалдық тобында, функционалдық кіші тобында бекітіледі. Әртүрлі көздер есебінен қаржыландырылатын бюджеттік бағдарламалар үшін бюджеттік кіші бағдарлама қаржыландыру көздерінің әрқайсысы үшін бөлінеді. Бюджеттiк кiшi бағдарламалардың 001-ден 999-ғa дейiнгi сыныптамалық коды болады. Бұл ретте, бiрнеше әкiмшiлерге бекiтiлген атаулары бірдей бюджеттiк кiшi бағдарламалар 001-ден 099 аралығындағы кодтар бойынша сыныпталады. Кiшi бағдарлама болмаған жағдайда, 000 сыныптамалық коды көрсетiледi. Бюджеттік бағдарламаны (кіші бағдарламаны) ашуға ұсыныстар енгізу кезінде бірыңғай тәсілді сақтау мақсатында бюджеттік бағдарламаның (кіші бағдарламаның) жабық коды 3 жылдан кем пайдаланылмайды.
Тармақ 16
16. Функционалдық топ, функционалдық кiшi топ, бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiсi, бюджеттiк бағдарлама және кiшi бағдарлама кодтарынан тұратын әрбiр он екi таңбалы код бюджет шығыстарының барлық функционалдық сыныптамасының бiрегейі болып табылады.
Тармақ 17
17. Бюджет кодексінің 14 және 168-баптарына сәйкес бюджеттiк бағдарламалар (кiшi бағдарламалар) мыналарға бөлiнеді:
Тармақша 1
1) мазмұнына байланысты мыналарға: мемлекеттiк функцияларды, өкiлеттiктердi жүзеге асыру және олардан туындайтын мемлекеттiк қызметтердi көрсету; трансферттер мен бюджеттiк субсидиялар беру; бюджеттік кредиттерді беру; бюджеттiк инвестицияларды жүзеге асыру; күрделi шығыстарды жүзеге асыру; мемлекет мiндеттемелерiн орындау. Мемлекеттік органның даму жоспарының немесе астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың даму жоспарының мақсатына, бірыңғай түпкілікті нәтижеге қол жеткізу үшін мемлекеттік функцияларды, өкілеттіктерді жүзеге асыру және олардан туындайтын мемлекеттік қызметтерді көрсету, күрделі шығыстарды жүзеге асыру, мемлекеттік инвестициялық жобаларды іске асыру, трансферттер мен бюджеттік субсидиялар беру бойынша шығындар көрсетілген шығындарды жекелеген кіші бағдарламаларға бөліп, бюджет құрылымын сақтай отырып, бір бюджеттік бағдарламаға біріктіріледі. Бюджет құрылымының бөлімі шегінде осы мақсатқа қол жеткізуге бағытталған бюджеттік бағдарлама болған кезде мемлекеттік органның бекітілген даму жоспарының немесе астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың даму жоспарының мақсатына қол жеткізуге бағытталған жаңа бюджеттік бағдарламаны енгізуге жол берілмейді.
Тармақша 2
2) мемлекеттiк басқару деңгейiне қарай мыналарға: республикалық бюджет құрамында бекітілетін республикалық; астана бюджеті, облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қалалар бюджеттері құрамында бекітілетін астана, облыстық, республикалық маңызы бар қалалар; аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджет құрамында бекітілетін аудандық (қалалық); астана, республикалық маңызы бар қалалар, облыстық маңызы бар қала бюджеттері құрамында бекітілетін қаладағы ауданның бюджеттік бағдарламалары; аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер бюджеттері құрамында бекітілетін аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің бюджеттік бағдарламалары; аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджеті немесе аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджет құрамында бекітілетін аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің бюджеттік бағдарламалары, аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің бюджеттері құрамында бекітілетін аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің бюджеттік бағдарламалары болып бөлінеді. Астананың, облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, аудандық (қалалық) бюджеттік бағдарламалар, сондай-ақ қаладағы ауданның бюджеттік бағдарламалары және аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің бюджеттік бағдарламалары жергілікті бюджеттік бағдарламалар болып табылады.
Тармақша 3
3) iске асыру тәсiлiне қарай мыналарға: бiр әкiмшi iске асыратын жеке бюджеттiк бағдарламалар (кіші бағдарламалар); белгiлi бiр бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiсiнiң бюджеттiк бағдарламаларының құрамында бекiтiлетiн және бюджеттiк бағдарламалардың түрлi әкiмшiлерi арасында ағымдағы қаржы жылы iшiнде бөлiнуге тиiс бөлiнетiн бюджеттiк бағдарламалар болып бөлiнедi. Бюджеттік бағдарламалар (кіші бағдарламалар) бірыңғай бюджеттік сыныптаманың құрамында тиісті белгі (код) беріле отырып, ағымдағы бюджеттік бағдарламаларға (кіші бағдарламаларға) және бюджеттік даму бағдарламаларына (кіші бағдарламаларға) бөлінеді. Бюджеттік инвестицияларды жүзеге асыруға бағытталған бюджет шығыстары бюджеттік даму бағдарламаларына (кіші бағдарламаларға) жатады. Бюджеттің қалған шығыстары ағымдағы бюджеттік бағдарламаларға (кіші бағдарламаларға) жатады.
Тармақ 18
18. Бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасы осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес құрылым бойынша жасалады.
Тарау 4. 4-тарау. Бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасы
4-тарау. Бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасы
Тармақ 19
19. Бюджет кодексінің 13-бабына сәйкес бюджеттiк бағдарламаларды iске асыру үшiн мемлекеттiк мекемелер жүзеге асыратын операцияларды көрсететін экономикалық сипаттамалар бойынша бюджет шығыстарын топтастыру бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасы болып табылады. Бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасын топтастыру мыналардан тұрады: шығыстарды экономикалық белгiлерi бойынша топтастыратын санаттар. Санаттың сыныптамалық коды 1 белгiден тұрады; шығыстарды мемлекеттiк мекемелер жүргiзетiн операциялардың негiзгi түрлерi бойынша топтастыратын сыныптар. Сыныптаманың сыныптамалық коды 1 белгiден тұрады; шығыстарды мемлекеттiк мекемелер жүргiзетiн операциялардың негiзгi түрлерi бойынша барынша егжей-тегжейлi топтастыратын кіші сыныптар. Кіші сыныптың сыныптамалық коды 3 белгiден тұрады. Ерекшелік бюджеттік бағдарламаны іске асыру үшін мемлекеттік мекеме жүргізетін операцияның түрін айқындайды.
Тармақ 20
20. Ерекшеліктердің сыныптамалық кодтары шығыстардың экономикалық сыныптамасының жоғары тұрған деңгейлерінің сыныптамалық кодтарынан бөлек пайдаланылуы мүмкін және әртүрлі санаттарда, сыныптарда, кіші сыныптарда қайталанбауы тиіс.
Тармақ 21
21. Экономикалық сыныптама мынадай санаттардан тұрады:
Тармақша 1
1) 1 «Ағымдағы шығындар» мемлекеттiк мекемелердiң өз функцияларын жүзеге асыруына байланысты шығындары;
Тармақша 2
2) 2 «Күрделi шығындар» негiзгi капиталды құруға, қалпына келтiруге немесе сатып алуға байланысты шығындарды көрсетуге арналған;
Тармақша 3
3) 3 «Бюджеттiк кредиттер» қайтарымды, мерзiмдi және ақылы негiзде бюджеттен бөлiнетiн ақшаны көрсетуге арналған;
Тармақша 4
4) 4 «Қаржы активтерiн сатып алу» мемлекеттiк меншiкке заңды тұлғалардың, оның iшiнде, халықаралық ұйымдардың қатысу үлестерiн, бағалы қағаздарын сатып алу жөнiндегi операциялармен байланысты шығыстарды көрсетуге арналған;
Тармақша 5
5) 5 «Қарыздарды өтеу» қарыздар бойынша негiзгi борышты өтеуге жұмсалатын шығыстарды көрсетуге арналған;
Тармақша 6
6) 6 «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалар бойынша мемлекеттік міндеттемелерді орындау» мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалар бойынша мемлекеттік міндеттемелерді орындауға арналған шығыстарды көрсетуге арналған.
Тармақ 22
22. Бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасы осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес құрылым бойынша жасалады.
Тармақ 23
23. Бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасының негiзiнде бюджеттік жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес ерекшелiктердiң анықтамасы мен ерекшелiктер бойынша шығындардың тiзбесi көрсетiлетiн Қазақстан Республикасының бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасы ерекшелiгiнiң құрылымын жасайды және бекiтедi.
Тарау 5. 5-тарау. Бірыңғай бюджеттiк сыныптаманы жасау, бекiту және оған өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу тәртібі
5-тарау. Бірыңғай бюджеттiк сыныптаманы жасау, бекiту және оған өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу тәртібі
Тармақ 24
24. Мемлекеттiк басқару органдарының Бюджеттiк сыныптамаға өзгерiстер мен (немесе) толықтырулар енгiзу жөнiндегi тиiстi нормативтiк негiзделген ұсыныстары бюджеттi жоспарлау процесiнде, сондай-ақ Бюджеттiк сыныптамаға өзгерiстер мен (немесе) толықтырулар енгiзудi болжайтын нормативтiк құқықтық акт қабылданған жағдайда бюджеттi атқару барысында бюджеттік жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi органға енгiзiледi.
Тармақ 25
25. Алдағы қаржы жылына арналған Бюджеттiк сыныптама жобасын бюджеттік жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган ағымдағы жылдың 25 маусымына дейiн республикалық және жергiлiктi бюджеттердi қалыптастыру үшiн орталық және жергiлiктi атқарушы органдарға жiбередi.
Тармақ 26
26. Бюджеттiк сыныптама жоспарланатын кезеңнің алдындағы жылдың 10 желтоқсанына дейiн алдағы жоспарлы кезеңге арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының заңы қабылданғаннан кейiн бекiтiледi.
Тарау 6. 6-тарау. Бюджет түсiмдерiнiң сыныптамасын жасау және оған өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу тәртібі
6-тарау. Бюджет түсiмдерiнiң сыныптамасын жасау және оған өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу тәртібі
Тармақ 27
27. Бюджеттiк сыныптамада бюджет түсiмдерінiң жаңа түрлерiн енгiзудi, қолданыстағы түрлерiн алып тастауды немесе өзгертудi тиiстi нормативтiк құқықтық актi негiзiнде бюджеттік жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган жүргiзедi.
Тармақ 28
28. Мемлекеттiк басқару органдарының бюджет түсiмдерiнiң жаңа түрлерiн енгiзу, қолданыстағы түрлерін алып тастау немесе өзгерту туралы тиiстi ұсыныстарын бюджеттiк атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган қолданыстағы нормативтiк құқықтық актiлердiң нормаларына, сондай-ақ осы Қағидаларда көрсетiлген талаптарға сәйкестiгіне ережелер негізінде жүктелген функцияларды негізге ала отырып 3 (үш) жұмыс күні ішінде қарайды. Қарау нәтижелерi негiзiнде бюджеттік жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган Бюджеттiк сыныптамаға өзгерiстер және (немесе) толықтырулар енгiзу туралы бұйрық жобасын әзiрлейдi не ұсыныстарды қабылдамайды.
Тарау 7. 7-тарау. Бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасын жасау және оған өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу тәртібі
7-тарау. Бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасын жасау және оған өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу тәртібі
Тармақ 29
29. Бюджеттік сыныптамаға жаңа бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) енгiзу, қолданыстағыларын алып тастау немесе өзгерту бюджет шығыстарының тиісті түрлерін регламенттейтін заңдарда және өзге де нормативтік құқықтық актілерде белгіленген нормативтік құқықтық актілер, функциялар, өкілеттіктер мен құзыреттер негізінде жүргізіледі.
Тармақ 30
30. Дебиторлық және (немесе) кредиторлық берешегi бар қолданыстағы бюджеттiк бағдарламаларды (кiшi бағдарламаларды) алып тастау берешек толық өтелгеннен (есептен шығарылғаннан) кейін немесе осы берешектiң құқықтық мирасқоры айқындаған бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiсiнiң бюджеттiк бағдарламасына көшiрiлгеннен кейiн жүзеге асырылады.
Тармақ 31
31. Ағымдағы қаржы жылы бюджетiнiң атқарылуы барысында жаңа бюджеттiк бағдарламаларды (кiшi бағдарламаларды) енгiзу, қолданыстағыларын алып тастау немесе өзгерту бюджетті нақтылау немесе түзету кезінде ғана мүмкін болады. Бюджетті түзету кезінде жаңа бюджеттік бағдарламаларды енгізу орталық мемлекеттік органдар мен оларға ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелер құрылған, таратылған, қайта ұйымдастырылған, функциялары мен штат санынң лимиттері өзгерген жағдайда ғана жүзеге асырылады. Бұл ретте бюджетті түзету республикалық бюджет туралы заңмен бекітілген (нақтыланған) осы бюджеттік бағдарламалардың жалпы сомасы шегінде, көрсетілген жағдайларға байланысты тиісті бюджеттік бағдарламаларды біріктіру, бөлу, қысқарту (ұлғайту), берумен тұжырымдалады. Бюджетті нақтылау кезінде жаңа бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) енгізу, алып тастау немесе өзгерту осы Қағидалардың 7-тарауында белгіленген талаптар сақталады.
Тармақ 32
32. Бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасында бюджеттiк бағдарламаға (кiшi бағдарламаға) код беру республикалық бюджет туралы заңнамаға, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына немесе жергілікті бюджет туралы мәслихаттың шешіміне сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 33
33. Республикалық бюджеттік бағдарламалардың жаңа әкімшілерін енгiзу, қолданыстағыларын алып тастау немесе өзгерту орталық мемлекеттік органдар құрылған, таратылған, қайта ұйымдастырылған жағдайда, сондай-ақ функцияларын өзгерту кезінде жүзеге асырылады.
Тармақ 34
34. Республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің жаңа республикалық және (немесе) жергілікті бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) енгiзу, қолданыстағыларын алып тастау немесе өзгерту туралы ұсыныстарын бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган олардың мақсаттары мен міндеттеріне сәйкестігіне, нормативтік құқықтық негіздеменің болуына, сондай-ақ осы Қағидалардың 29, 30, 31 және 32-тармақтарында көрсетілген талаптарға сәйкестігіне қарайды. Бюджеттік жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган қарау нәтижелерi негiзiнде Бюджеттiк сыныптамаға өзгерiстер және (немесе) толықтырулар енгiзу туралы бұйрық жобасын әзiрлейдi не ұсыныстарды қабылдамайды.
Тармақ 35
35. Жаңа жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшілерін енгiзу, қолданыстағыларын алып тастау немесе өзгерту жергілікті мемлекеттік басқарудың базалық құрылымы өзгерген және (немесе) тиісті аумақтарда орналасқан және жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың жаңасының құрылуына не жұмыс істеп тұрғандарының бірігуіне, қосылуына, бөлінуіне байланысты тиісті мәслихат бекіткен әкімшілік-аумақтық бірлікті басқару схемасына өзгерістер мен толықтырулар енгізілген жағдайда жүзеге асырылады. Жаңа жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілерін және бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) енгiзу, қолданыстағыларын алып тастау немесе өзгерту мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:
Тармақша 1
1) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган, ал ол болмаған жағдайда – әкім аппараты мемлекеттік функцияларды, өкілеттіктерді жүзеге асыруға және олардан туындайтын мемлекеттік қызметтерді көрсетуге бағытталған бюджеттік бағдарламамен және аттас бюджеттік бағдарламалармен, оның ішінде бөлінетін бюджеттік бағдарламаларды орындау кезінде пайдаланылатын және бірнеше бюджеттік бағдарламалар әкімшілеріне бекітілген жергілікті бюджеттік бағдарламалардың жаңа әкімшілерін енгiзу, қолданыстағыларын алып тастау немесе өзгерту туралы ұсыныстарды бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға жібереді, олар осы ұсыныстарды қолданыстағы бюджет заңнамасына сәйкестігі тұрғысынан қарайды. Бюджет заңнамасының нормаларына сәйкес келмеген жағдайда бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган жергілікті атқарушы органдарға негізделген бас тартуды қалыптастырады. Бюджет заңнамасының нормаларына сәйкес болған жағдайда бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган Бюджеттік сыныптамаға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу туралы бұйрықтың жобасын әзірлейді;
Тармақша 2
2) жергілікті атқарушы органдар мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган арқылы республикалық бюджеттік бағдарламалардың тиісті әкімшілеріне жаңа бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) енгiзу, қолданыстағыларын алып тастау немесе өзгерту туралы ұсыныстар жібереді, олар осы ұсыныстарды 2 (екі) жұмыс күні ішінде қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігі, өкілеттіктерді мемлекеттік басқару деңгейлері арасында бөлу тұрғысынан қарайды. Осы тармақшаның бірінші бөлігінде көрсетілген талаптарға сәйкес келмеген жағдайда республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері жергілікті атқарушы органдарға негізделген бас тартуды қалыптастырады. Осы тармақшаның бірінші бөлігінде көрсетілген талаптарға сәйкес болған жағдайда республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері жергілікті атқарушы органдардың бюджеттік бағдарламаларын (кіші бағдарламаларын) келіседі және бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға бекітуге жібереді. Бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган осы ұсыныстарды бюджет заңнамасының нормаларына сәйкестігі тұрғысынан қарайды. Бюджеттік жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган қарау нәтижелерi негiзiнде Бюджеттiк сыныптамаға өзгерiстер және (немесе) толықтырулар енгiзу туралы жоба бұйрығын әзiрлейдi не ұсыныстарды қабылдамайды.
Тарау 8. 8-тарау. Бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасын жасау және оған өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу тәртібі
8-тарау. Бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасын жасау және оған өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу тәртібі
Тармақ 36
36. Шығыстардың экономикалық сыныптамасының жаңа ерекшелiгiн енгiзудi, қолданыстағысын алып тастауды немесе өзгертудi бюджеттік жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган мемлекеттiк органдардың ұсыныстарын ескере отырып жүргiзедi.
Тармақ 37
37. Шығыстардың экономикалық сыныптамасының жаңа ерекшелiгiн енгiзу, қолданыстағысын алып тастау немесе өзгерту туралы мемлекеттiк органдардың тиiстi ұсыныстарын бюджеттік жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган қолданыстағы нормативтiк құқықтық актiлердiң нормаларына, сондай-ақ осы Қағидаларда көрсетiлген талаптарға сәйкестiгiне қарайды.
Тармақ 38
38. Бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасы негізінде бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасы ерекшелігінің құрылымын жасайды және бекітеді.
Басқа 1.1. Бюджет түсiмдерiнiң сыныптамасы
Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасын жасау және оған өзгерістер мен толықтырулар енгізу қағидаларына 1-қосымша Бюджет түсiмдерiнiң сыныптамасы Санаты Сыныбы Кіші сыныбы Ерекшелiгi Атауы 0 00 0 00
Басқа 1.2. Бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасы
Қазақстан Республикасының Бiрыңғай бюджеттiк сыныптамасын жасау және оған өзгерістер мен толықтырулар енгізу қағидаларына 2-қосымша Бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасы Функционалдық топ Функционалдық кіші топ Бюджеттік бағдарламалардың әкiмшiсi Бюджеттік бағдарлама Кiшi бағдарлама Атауы 00 0 000 000 000
Басқа 1.3. Бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасы
Қазақстан Республикасының Бiрыңғай бюджеттiк сыныптамасын жасау және оған өзгерістер мен толықтырулар енгізу қағидаларына 3-қосымша Бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасы Санаты Сыныбы Кіші сыныбы Ерекшелiгi Атауы 0 0 000 000
Басқа 1.4. Қазақстан Республикасы бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасы ерекшелiгiнiң құрылымы
Қазақстан Республикасының Бiрыңғай бюджеттiк сыныптамасын жасау және оған өзгерістер мен толықтырулар енгізу қағидаларына 4-қосымша Қазақстан Республикасы бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасы ерекшелiгiнiң құрылымы Кiшi сыныбы Ерекшелiгi Атауы Анықтамасы Шығындар тiзбесi