Об утверждении Регламента Житикаринского районного маслихата Қолданыста

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.07.2004. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Жітіқара аудандық мәслихатының Регламенті туралы Қазақстан Республикасы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 8-бабы 3-тармағының 5) тармақшасына сәйкес Жітіқара аудандық мәслихаты ШЕШТІ: Жітіқара аудандық мәслихатының ұсынылған Регламенті бекітілсін.
Басқа 1. Жітіқара аудандық мәслихатының РЕГЛАМЕНТІ
Жітіқара аудандық мәслихатының 2004 жылғы 21 шілдедегі сессиясының № 95 шешімімен бекітілген Жітіқара аудандық мәслихатының РЕГЛАМЕНТІ Аудандық мәслихаттың регламенті мәслихат сессиясын өткізу, оның органдарын қалыптастыру және олардың қызметтерін ұйымдастырудың тәртіптері мен шарттарын, сондай-ақ депутаттардың өкілеттігін белгілейді.
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Жітіқара аудандық мәслихаты - ауданның халқы сайлайтын, халықтың еркін білдіретін және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес оны іске асыру үшін қажетті шараларды белгілейтін және олардың жүзеге асырылуын бақылайтын жергілікті өкілді орган.
Тармақ 2
2. Мәслихаттың қызметі Қазақстан Республикасының Конституциясы, «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңы, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, өзге де Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері және осы Регламентпен реттеледі.
Тармақ 3
3. Мәслихат аппараты мәслихат пен оның органдарын ұйымдастырушылық, құқықтық, материалдық-техникалық және өзге де қамтамасыз етуді , сондай-ақ, депутаттарға өздерінің өкілеттігін іске асыруға көмек көрсетеді жүзеге асырады.
Тармақ 4
4. Мәслихаттың ісін жүргізу мен мәслихатқа түсетін хаттарды өндеу аппаратқа жүктеледі және Қазақстан Республикасының «Әкімшілік рәсімдер туралы» Заңы және өзге де Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің талаптарына сәйкес жүзеге асырады.
Тармақ 5
5. Мәслихат хатшысы осы Регламентінің сақталуын қамтамасыз етеді.
Тарау 2. 2. Жұмыстарды жоспарлау
2. Жұмыстарды жоспарлау
Тармақ 6
6. Аудандық мәслихат өз жұмысын перспективалық (жылдық) жоспар негізінде жасайды. Жоспар жобасы мынадай тәртіпте құрылады: депутаттар, тұрақты комиссиялар, аудан әкімі сессияда, тұрақты комиссияда қарауға арналған мәселелер бойынша, сондай-ақ, алдынғы жоспарланған өткен жылдың 1 желтоқсанына дейінгі депутаттардың оқуы мен негізгі шаралары жөнінде аудандық мәслихат хатшысына өз ұсыныстарын енгізеді. Перспективалық жоспар жобасы жаңа жыл басында жасалады және ұсыныстар енгізу мен танысу үшін барлық депутаттарға беріледі.
Тармақ 7
7. Аудандық мәслихат жұмысының жоспары сессияға қатысқан депутаттардың көпшілік даусымен бекітіледі. Кезекті сессияларда жоспарлар түзетілуі мүмкін. Бекітілген жұмыс жоспары аудандық мәслихат депутаттарына, сондай-ақ қажетті жағдайда атқарушы органдарының басшыларына, аудан әкіміне және басқа да лауазымды тұлғаларға жіберіледі.
Тарау 3. 3. Аудандық мәслихат сессиясын шақыру әзірлеу және өткізу тәртібі
3. Аудандық мәслихат сессиясын шақыру әзірлеу және өткізу тәртібі
Тармақ 8
8. Мәслихат қызметінің негізгі нысаны сессия болып табылады, онда мәслихаттың қарауына заңдармен қарастырылған мәселелер шешіледі.
Тармақ 9
9. Жаңадан сайланған мәслихаттың бірінші сессиясын аудандық мәслихат үшін белгіленген депутаттар санының кемінде төрттен үші болған ретте, мәслихат депутаттары тіркелген күннен бастап отыз күн мерзімінен кешіктірмей, тиісті аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы шақырады.
Тармақ 10
10. Мәслихаттың кезекті сессиясы кемінде жылына төрт рет шақырылады және оны мәслихат сессиясының төрағасы жүргізеді.
Тармақ 11
11. Мәслихаттың кезектен тыс сессиясын аудандық мәслихатқа сайланған депутаттар санының кемінде үштен бірінің, сондай-ақ аудан әкімінің ұсынысы бойынша мәслихат сессиясының төрағасы шақырады және жүргізеді. Кезектен тыс сессия оны өткізу туралы шешім қабылданған күннен бастап бес күн мерзімнен кешіктірілмей шақырылады. Кезектен тыс сессияда оны шақыруға негіз болған ерекше мәселелер қаралуы мүмкін.
Тармақ 12
12. Мәслихат хатшысы мәслихат сессиясын шақыру уақыты мен өткізілетін орны туралы, сондай-ақ сессияның қарауына енгізілетін мәселелер туралы депутаттарға, халыққа және әкімге сессияға кемінде он күн қалғанда хабарлайды, ал кезектен тыс сессия шақырылған жағдайда кемінде үш күн бұрын хабарлайды. Мәслихат хатшысы сессияның қарауына енгізілетін мәселелер бойынша қажетті материалдарды депутаттарға және әкімге - сессияға кемінде бес күн қалғанда, ал кезектен тыс сессия шақырылған жағдайда кемінде үш күн қалғанда табыс етеді.
Тармақ 13
13. Мәслихат сессиясы жалпы отырыс нысанында өткізіледі.
Тармақ 14
14. Мәслихаттың бірінші сессиясын тиісті сайлау комиссиясының төрағасы ашады және мәслихат сессиясының төрағасы сайланғанға дейін жүргізеді. Одан әрі сессияны мәслихат сессиясының төрағасы жүргізеді.
Тармақ 15
15. Егер мәслихат депутаттары жалпы санының кемінде үштен екісі мәслихат сессиясына қатысса, ол заңды болады. Шешімдер, сессияға қатысып отырған депутаттардың жалпы санының көпшілік даусымен қабылданады. Депутат сессия жұмысына қатысуға міндетті, ал егер дәлелді себептермен сессия жұмысына қатысуға мүмкіндігі болмаған жағдайда, ол туралы сессия төрағасына немесе мәслихат хатшысына хабар етеді.
Тармақ 16
16. Мәслихат сессиясы төрағасының шақыруы бойынша, жергілікті атқарушы органдар басшылары, аудан аумағында орналасқан ұйымдардың басшылары мен өзге де лауазымды тұлғалары мәслихат сессиясына келуге және мәслихаттың құзырына жататын мәселелер бойынша ақпараттар беруге міндетті.
Тармақ 17
17. Мәслихат сессиясы, әдетте, ашық сипатта болады. Мәслихат сессиясы төрағасының немесе мәслихат сессиясына қатысып отырған депутаттар санының үштен бірінің ұсынысы бойынша қабылданатын мәслихат шешімімен, егер қатысып отырған депутаттардың жалпы санының көпшілігі осы үшін дауыс берсе, жабық сессиялар өткізуге жол беріледі.
Тармақ 18
18. Баяндама және қосалқы баяндама үшін уақытты баяндамашыларымен келісе отырып сессия төрағасы белгілейді. Жарыс сөз баяндаушыларға жеті минутқе дейін уақыт беріледі, өзге де уақыт ерекше белгіленеді; сауалдар енгізу үшін бес минутқе дейін, анықтамалар, хабарлаулар, ұсыныстар, мәселелер, дауыс берудің себептері, мәжілістер жүргізу тәртібі, үміткерлерді талқылау жөнінде баяндау үшін - үш минутқа дейін уақыт беріледі. Қажетті жағдайларда сессия төрағасы депутаттардың келісімімен сөз алушылар мен баяндамашылар уақытын ұзартуы мүмкін.
Тармақ 19
19. Сессия төрағасының өз бастамасымен немесе қатысып отырған депутаттардың жалпы санының көпшілігінің ұсынысы бойынша сессия жұмысында үзіліс жарияланады. Сессияның ұзақтығын мәслихат белгілейді. Сессия жұмысында мәслихат шешімі бойынша мәслихат белгілеген он бес күнтізбелік күннен аспайтын мерзімге үзіліс жасалуы мүмкін.
Тармақ 20
20. Депутат жарыс сөзде сөйлеу үшін сөз беру өтінішті сессия төрағасына жазбаша да, ауызша де жібереді. Тұрақты комиссия тапсырмасы бойынша сессияда сөз алған депутатқа, сессияда сөз кезектен тыс беріледі. Сессияда сөз алушылар өз сөзінде мәслихат депутаттарының және басқа да адамдардың абыройына мен намысына нұқсан келтіретін әдепсіз, дөрекі, қорлайтын сөздер қолдануға, депутаттық этика тәртібін бұзуға, заңсыз әрекеттерге баруға, әдейі жалған ақпаратты пайдалануға, қайсібір адамның атына негізсіз айып салуға құқы жоқ. Осы талаптарды бұзған жағдайда төрағалық етуші сөз сөйлеушіні ескерту жасайды, ал талапты бұзу қайталанған жағдайда, сөзден айырады.
Тармақ 21
21. Жарыс сөзді тоқтату, сессия шешімі бойынша сессияға қатысушы депутаттардың ашық дауысымен жүргізіледі.
Тармақ 22
22. Әр мәселе бойынша депутаттың дауыс беруде бір дауысы болады және оны «иә» немесе «қарсы» деп береді, не дауыс беруден қалыс қалады. Депутат дауыс беру құқығын жеке жүзеге асырады, дауыс беру кезінде болмағанда, шешім қабылдағаннан кейін дауыс беруге құқылы емес. Дауыс берілу техникасында және тәртібінде қателер болғаны айқындалса сессия шешімі бойынша қайта дауыс беру жүргізіледі.
Тарау 4. 4. Мәслихат актілері жобаларын ресімдеу мен әзірлік тәртіптері
4. Мәслихат актілері жобаларын ресімдеу мен әзірлік тәртіптері
Тармақ 23
23. Мәслихаттың өз құзыретіндегі мәселелер бойынша шығаратын шешімдері мәслихаттың актілері болып табылады.
Тармақ 24
24. Мәслихат өз қызметінде:
Тармақша 1
1) жалпы мемлекеттік сыртқы және ішкі саясатқа, қаржы және инвестициялық саясатқа сәйкес келмейтін шешімдердің қабылдануына жол бермеуге;
Тармақша 2
2) ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде Қазақстан Республикасының мүдделерін сақтауға;
Тармақша 3
3) қызметтің қоғамдық маңызы бар салаларында белгіленген жалпы мемлекеттік стандарттарды ұстануға;
Тармақша 4
4) азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерінің сақталуын қамтамасыз етуге міндетті.
Тармақ 25
25. Мәслихатқа Қазақстан Республикасының шегінде бірыңғай еңбек рыногын, капиталды, қаржыны қалыптастыруға, тауарлар мен қызмет көрсетуді еркін алмасуға кедергі келтіретін шешімдер қабылдауға тыйым салынады.
Тармақ 26
26. Мәслихаттардың жергілікті бюджет кірістерін қысқартуды немесе жергілікті бюджет шығыстарын ұлғайтуды көздейтін шешімдерінің жобалары әкімнің оң қорытындысы болған жағдайда ғана қарауға енгізілуі мүмкін.
Тармақ 27
27. Мәслихаттың өз құзыреті шегінде және азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты қабылдаған шешімдері заңдарда белгіленген тәртіпте ресми жариялануға тиіс және ол тиісті аумақта орындалуға міндетті.
Тармақ 28
28. Мәслихаттың жалпыға бірдей міндетті маңызы бар, ведомствоаралық сипаттағы немесе азаматтардың құқықтарына, бостандықтарына мен міндеттеріне қатысты шешімдерін заңдарда белгіленген тәртіпте Әділет министрлігінің аумақтық органдарының мемлекеттік тіркеуіне жатады.
Тармақ 29
29. Мәслихаттың Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына сәйкес келмейтін шешімдерін мәслихаттың өзінің жоюы не сот тәртібімен жойылуы мүмкін.
Тармақ 30
30. Мәслихат шешімдері жобаларын дайындау, аудандық мәслихатының аппаратымен Қазақстан Республикасы «Нормативтік құқықтық актілер туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы» Заңдардың және осы Регламент талаптарына сәйкес жүзеге асырады. Мүдделелі органдары келісімімен, бірінші басшылардың немесе олардың орындағыларының қолдары қойылып, құжаттардың жобалары әзірлеушімен мемлекеттік және орыс тілдерінде беріледі. Жобалар міндетті түрде қарастырылған мәселелерге қарай мүдделелік, құзырлылық күші бар, атқарушы органдармен келісіледі.
Тармақ 31
31. Мәслихатқа белгіленген мерзімде берілетін жобалардың деркезінде сапалы әзірленуіне, жобалардың мемлекеттік және орыс тілдеріндегі түпнұсқамен сәйкестілігіне жобаны әзірлеуші органның бірінші басшысы жеке жауап береді.
Тармақ 32
32. Мәслихат сессия хатшысының бұрыштама қойылған шешім жобасы қарастырылған мәселені сессия мәжілісінің күн тәртібіне енгізу үшін немесе әзірлеушіге жетілдіру және (немесе) қосымша келісім үшін мәслихат аппаратына жіберіледі.
Тармақ 33
33. Мәслихат шешіміне сессия төрағасы және сессия хатшысы қол қояды. Олар қол қойғаннан кейін түпнұсқа актілеріне түзету енгізуіне жол берілмейді. Сессия шешімдері, депутаттар енгізілген ескертулер мен ұсыныстарды есепке ала отырып, үш күн мерзім ішінде бекітілу кезінде редакцияланады. Әділет органдарында тіркеуге жататын сессия шешімдері ресми басылымда жарияланады және тіркеуден кейін тиісті мекенжайға жіберіледі. Лауызым нұсқаулығына сәйкес оларға жүктелген міндеттерді есепке ала отырып, мәслихат шешімінің дер кезіндегі тіркелуі мен жіберілу жауапкершілігін мәслихат аппараты қызметкерлері атқарады. Сессия хаттамасы мәслихат аппаратымен ресімделеді.
Тарау 5. 5. Сессия төрағасы және аудандық мәслихатының хатшысы
5. Сессия төрағасы және аудандық мәслихатының хатшысы
Тармақ 34
34. Мәслихат сессиясының төрағасы - өз депутаттарының арасынан сайланатын, мәслихаттың лауазымды тұлғасы.
Тармақ 35
35. Мәслихаттың кезекті сессиясының төрағасы мәслихаттың жұмыс жоспарын есепке ала отырып, мәслихаттың алдынғы сессиясында сайланады. Кезекті сессияның төрағасы болмаған жағдайда оның өкілеттігін мәслихат хатшысы жүзеге асырады. Мәслихат депутаты мәслихат сессиясының төрағасы болып күнтізбелік жыл ішінде екі реттен артық сайлана алмайды.
Тармақ 36
36. Мәслихат сессиясының төрағасы сессиясының отырысын жүргізеді, баяндау мен баяндама үшін сөз береді, шешімдер жобаларын дауыс беруге қояды, дауыс беру қорытындысын хабарлайды, президиумге түскен мәселелерді, өтініштер мен ұсыныстарды жария етеді, сессия отырыс кезінде залда тәртіпті қамтамасыз етеді. Сессия президиумынде төрағадан басқа аудандық мәслихатының хатшысы, аудан әкімі, сессия шешімі бойынша басқа да адамдар болуы мүмкін.
Тармақ 37
37. Мәслихат сессиясының төрағасы:
Тармақша 1
1) мәслихат сессиясын шақыру туралы шешім қабылдайды;
Тармақша 2
2) мәслихат сессиясын әзірлеуге басшылық жасауды жүзеге асырады, сессияның күн тәртібін қалыптастырады;
Тармақша 3
3) мәслихат сессиясының отырысын жүргізеді, мәслихат Регламентінің сақталуын қамтамасыз етеді;
Тармақша 4
4) мәслихаттың сессиясында қабылданған немесе бекітілген мәслихаттың шешіміне, хаттамаларға, өзге де құжаттарға қол қояды.
Тармақ 38
38. Кезекті сессияның төрағасы депутаттардың үштен бірінің, сондай-ақ, аудан әкімнің ұсынысы бойынша мәслихаттың кезектен тыс сессиясын шақыру туралы шешім қабылдайды. Аудандық мәслихаттың хатшысы кезектен тыс сессияны ашады және мәслихаттың кезектен тыс сессия төрағасын сайлағанға дейін сессияны жүргізеді.
Тармақ 39
39. Мәслихат сессияның төрағасы өз қызметін басқа жұмыстан босатылмаған негізде жүзеге асырады.
Тармақ 40
40. Мәслихат сессиясында дауыс беру кезінде депутаттардың дауысы тең бөлінген жағдайда, мәслихат сессиясының төрағасы шешуші дауыс құқығын пайдаланады.
Тармақ 41
41. Мәслихаттың хатшысы тұрақты негізде жұмыс істейтін лауазымды адам болып табылады.
Тармақ 42
42. Мәслихат хатшысы:
Тармақша 1
1) мәслихат сессиясын және оның қарауына енгізілетін мәселелерді әзірлеуді ұйымдастырады, хаттама жасалуын қамтамасыз етеді және сессия төрағасымен бірге мәслихат сессиясында қабылданған немесе бекітілген шешімдерге, өзге де құжаттарға қол қояды;
Тармақша 2
2) мәслихат депутаттарының өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына жәрдемдеседі, оларды қажетті ақпаратпен қамтамасыз етеді, депутаттарды мәслихат сессияларына, оның тұрақты комиссияларының және өзге де органдарының жұмысына және сайлау округтеріндегі жұмысқа қатысуы үшін қызметтік міндеттерін орындаудан босатуға байланысты мәселелерді қарайды;
Тармақша 3
3) депутаттар сауалдарының және депутаттық өтініштердің қаралуын бақылайды;
Тармақша 4
4) мәслихат аппаратының қызметіне басшылық жасайды, оның қызметшілерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
Тармақша 5
5) сайлаушылар өтініштері туралы және олар бойынша қабылданған шаралар туралы мәслихатқа ұдайы, жылына кемінде бір рет ақпарат беріп отырады;
Тармақша 6
6) мәслихаттың жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен өзара іс-қимылын ұйымдастырады;
Тармақша 7
7) өз құзыретіндегі мәселелер бойынша әкімдер шығарады;
Тармақша 8
8) мәслихаттың тұрақты комиссиялары мен өзге де органдарының және депутаттық топтардың қызметін үйлестіреді;
Тармақша 9
9) мемлекеттік органдармен, ұйымдармен, жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен және қоғамдық бірлестіктермен қарым-қатынастарда мәслихат атынан өкіл болады;
Тармақша 10
10) мәслихат шешімдерінің жариялануын қамтамасыз етеді, олардың орындалуына бақылау жасау жөніндегі іс - шараларды белгілейді;
Тармақша 11
11) мәслихат шешімі бойынша өзге де міндеттерді орындайды.
Тармақ 43
43. Мәслихаттың хатшысы болмаған кезде оның өкілеттігін мәслихат сессиясы төрағасының шешімі бойынша мәслихат тұрақты комиссияларының бірінің төрағасы уақытша жүзеге асырады.
Тарау 6. 6. Аудандық мәслихаттың комиссиялары
6. Аудандық мәслихаттың комиссиялары
Тармақ 44
44. Мәслихат өз өкілеттігі мерзіміне тұрақты комиссиялар құрады. Қажет болған жағдайда, мәслихат тұрақты комиссияларды жаңадан құрып, таратып және қайта ұйымдастыра алады. Тұрақты комиссиялар өз жұмысын мәслихат сессиясында бекітілген перспективалық жоспар бойынша жасайды.
Тармақ 45
45. Тұрақты комиссиялардың тізбесі мен сан құрамын мәслихат белгілейді. Тұрақты комиссиялардың төрағалары мен мүшелерін өз депутаттары арасынан тиісті мәслихат сайлайды.
Тармақ 46
46. Тұрақты комиссиялар өздерін сайлаған мәслихат алдында жауапты және жылына бір рет өз қызметі туралы есеп береді.
Тармақ 47
47. Тұрақты комиссиялар:
Тармақша 1
1) аталған мәслихат сессиясының күн тәртібі бойынша, сондай-ақ мәслихат сессиясында қаралатын кез келген мәселе бойынша мәслихатқа, мәслихат сессиясының төрағасына, мәслихат хатшысына ұсыныс енгізуге;
Тармақша 2
2) өздерінің құзырына жататын әрі мәслихат сессиясының қарауына енгізілген мәселелер бойынша қорытындылар беруге;
Тармақша 3
3) өздерінің құзырына жататын мәселелер бойынша мәслихат сессияларында баяндамалар мен қосымша баяндамалар ұсынуға;
Тармақша 4
4) өз құзыреті шегінде сессияда жергілікті атқарушы органдар басшыларының есептерін тыңдау туралы мәслихатқа ұсыныс енгізуге;
Тармақша 5
5) комиссияның жұмысына мәслихаттың басқа да депутаттарын, сондай-ақ мемлекеттік органдар, ұйымдар, жергілікті өзін-өзі басқару органдары өкілдерін және азаматтарды тартуға құқылы.
Тармақ 48
48. Әкімият, орталық атқарушы органдардың жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын аумақтық бөлімшелерінің, атқарушы органдардың лауазымды адамдары, ұйымдар белгіленген тәртіпте тұрақты комиссияларға олардың құзыретіндегі мәселелер бойынша қажетті ақпарат беруге міндетті.
Тармақ 49
49. Тұрақты комиссиялардың отырысы қажеттілігіне қарай шақырылады және егер отырысқа олардың құрамына кіретін депутаттар санының жартысынан астамы қатысса, заңды болып есептеледі.
Тармақ 50
50. Мәслихаттың тұрақты комиссиялары өз құзыретіндегі мәселелер бойынша қаулылар қабылдайды. Тұрақты комиссиялардың қаулысы комиссия мүшелері жалпы санының көпшілік даусымен қабылданады. Комиссияның отырысында дауыс беру кезінде депутаттардың дауысы тең бөлінген жағдайда, тұрақты комиссияның төрағасы шешуші дауыс құқығын пайдаланады. Тұрақты комиссияның қаулысы мен отырыстың хаттамасына оның төрағасы қол қояды, ал бірнеше тұрақты комиссияның бірлескен отырысы өткізілген жағдайда, тиісті комиссиялардың төрағалары қол қояды.
Тармақ 51
51. Тұрақты комиссиялар өз бастамасы бойынша немесе мәслихат шешімі бойынша көпшіліктік тыңдаулар өткізе алады. Көпшіліктік тыңдаулар депутаттардың, атқарушы органдар, өзін-өзі басқару органдары, ұйымдар, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің, азаматтардың қатысуымен осы комиссиялардың кеңейтілген отырыстары түрінде тұрақты комиссияның қарауына жататын мейлінше маңызды және қоғамдық мәні бар мәселелерді талқылау мақсатында өткізіледі.
Тармақ 52
52. Көпшіліктік тыңдаулар мәслихат шешімінің жобасы бойынша ұсыныстар жасау және тыңдауға қатысушылар пікірін қорыту мен есепке алу, жағдайды олығырақ білу мақсатында мәслихаттың кезекті сессиясының күн тәртібіне енгізілген мәселені әзірлеу барысында жүргізілуі мүмкін.
Тармақ 53
53. Аудандық мәслихатының хатшысы көпшілік тыңдаулардың уақыты мен өткізілетін орны туралы, сондай-ақ, талқылауға енгізілетін мәселесі туралы депутаттарға және тұрғындарға тындауларына кемінде 10 күн қалғанда хабарлайды.
Тармақ 54
54. Мәслихаттың құзырына жатқызылған мәселелерді сессияларда қарауға әзірлеу мақсатында не мәслихат хатшысы уақытша комиссиялар құруға құқылы. Уақытша комиссиялардың құрамын, міндеттерін, өкілеттік мерзімдерін және құқықтарын мәслихат оларды құру кезінде белгілейді. Мәслихаттың уақытша комиссиялары өз құзыретіндегі мәселелер бойынша қорытындылар қабылдайды. Уақытша комиссия жұмысына қатысқаны үшін ақы төленбейді.
Тармақ 55
55. Мәслихат жергілікті бюджеттің атқарылуын бақылау үшін өз өкілеттігі мерзіміне тексеру комиссиясын сайлайды. Тексеру комиссиясының төрағасын мәслихат депутаттар арасынан сайлайды. Аудандық мәслихаттардың тексеру комиссиясының төрағасы өз қызметін басқа жұмыстан босатылған негізде жүзеге асырады. Тексеру комиссиясының жұмысына мәслихат депутаты емес адамдар да шарт негізінде тартылуы мүмкін. Тексерулер мәслихаттың, тексеру комиссиясының не мәслихат хатшысының шешімдерімен, мәслихаттың сайланған депутаттары санының кемінде үштен бірінің талап етуі бойынша, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген өзге де жағдайларда жүргізілуі мүмкін. Тексеру нәтижесі бойынша тексеру комиссиясы акт жасап, ол туралы мәслихат пен әкімиятқа хабарлайды. Тексеру комиссиясының өкілеттігі мен жұмыс тәртібі Қазақстан Республикасының "Республикалық және жергілікті бюджеттерді орындауын бақылау туралы" Заңы, Қазақстан Республикасы "Бюджет жүйесі туралы" Заңына сәйкес жүзеге асырады.
Тарау 7. 7. Аудандық мәслихаттың депутаты
7. Аудандық мәслихаттың депутаты
Тармақ 56
56. Депутат:
Тармақша 1
1) мәслихаттың және өзі құрамына сайланған оның органының жұмысына қатысуға;
Тармақша 2
2) өз округі сайлаушыларымен тұрақты байланыс жасауға, оларға мәслихаттың жұмысы, оның тұрақты комиссиялары мен өзге де органдарының қызметі, мәслихат шешімдерінің орындалуы туралы ұдайы хабарлап отыруға, мәслихат шешімдерінің орындалуын ұйымдастыруға және бақылау жасауға қатысуға;
Тармақша 3
3) сайлаушылардан өзіне келіп түскен өтініштерін қарауға, азаматтарды жеке қабылдауды ұдайы жүргізуге міндетті.
Тармақ 57
57. Мәслихат депутаты жалпы мемлекеттік мүдделерді ескере отырып, тиісті әкімшілік-аумақтық бөліністегі халықтың еркін білдіреді.
Тармақ 58
58. Мәслихат депутатының өкілеттігі тиісті аумақтық сайлау комиссиясы оны депутат ретінде тіркелген кезден басталып, мәслихат өкілеттігі тоқталған кезден бастап тоқтайды.
Тармақ 59
59. Депутат өз міндеттерін жүйелі түрде орындамаса, оның ішінде мәслихат сессиясының жалпы отырыстарына дәлелді себептерсіз қатарынан үш реттен артық қатыспаса, депутаттық өкілеттілігі мерзімінен бұрын тоқтатылады.
Тармақ 60
60. Депутат:
Тармақша 1
1) Сайлауға және мәслихат сессиясының төрағасы, мәслихат хатшысы, тексеру комиссиясының төрағасы, тұрақты комиссияның төрағасы немесе мүшесі болып сайлануға, мәслихаттың өзге де органдарына сайлануға;
Тармақша 2
2) Мәслихат сессиясы мен оның тұрақты комиссияларында және өзге де органдарда қарау үшін мәселелер ұсынуға, оларды қарауға және шешімдер қабылдауға қатысуға;
Тармақша 3
3) тиісті мәслихаттың аумағында орналасқан жергілікті атқарушы органдар мен ұйымдарға мәслихаттың құзыретіне жатқызылатын мәселелер бойынша сауалдар беруге және жолданымдар жіберуге;
Тармақша 4
4) сессияда тиісті мәслихат аумағында орналасқан жергілікті атқарушы орган мен ұйымдардың лауазымды адамдарының мәслихаттың құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша есептерін тыңдау туралы ұсыныстар енгізуге;
Тармақша 5
5) тиісті әкімият отырыстарының жұмысына қатысуға;
Тармақша 6
6) мәслихат пен оның органдары отырыстарының стенограммаларымен және хаттамаларымен танысуға;
Тармақша 7
7) саяси партиялардың депутаттық тобы түрінде депутаттық бірлестіктер құруға құқылы. Саяси партияның депутаттық тобы мәслихаттың кемінде бес депутатын біріктіруге тиіс. Саяси партиялардың депутаттық тобын тіркеу мәслихат сессиясында жүзеге асырылады.
Тармақша 8
8) заңдарда және мәслихат регламентінде көзделген өзге де іс-әрекеттерді жүзеге асыруға құқылы.
Тармақ 61
61. Депутаттық қызметті мәселелері бойынша депутат мемлекеттік органдарда, қоғамдық бірлестіктерге, мемлекеттік мекемелерге кіруге, сонымен қатар олардың басшыларының және лауазымды тұдғалардың міндетті қабылдауында кедергісіз болуына құқығы бар. Кіру депутаттық куәлік бойынша жүргізіледі.
Тармақ 62
62. Депутат регламентте белгіленген тәртіппен мәслихат сессияларын, тұрақты комиссияларының және өзге де органдарының отырыстарын өткізу кезеңінде, депутаттық өкілеттіктерді жүзеге асыру уақытында оған негізгі жұмыс орны бойынша жергілікті бюджеттің қаражаты есебінен орташа жалақысы, бірақ осы қызметте бір жылға дейінгі жұмыс стажы бар аудан әкімі аппараты басшысының жалақысынан аспайтын мөлшерде және жол жүру уақыты ескеріліп, мәслихат және тұрақты комиссиялардың қызметтеріне қатысты келіп түскен құжаттармен танысу және қарау, сессиялар, мәслихаттың тұрақты комиссиялары мен өзге де органдарының отырыстары өтетін мерзімдегі іссапар шығыстары өтеле отырып, қызметтік міндеттерін орындалудан босатылады.
Тарау 8. 8. Депутаттық сауал. Бақылау өкілеттігін жүзеге асыру
8. Депутаттық сауал. Бақылау өкілеттігін жүзеге асыру
Тармақ 63
63. Депутаттық сауал - депутаттың мәслихат сессиясында мемлекеттік органдарының лауазымды адамдарына осы органның немесе лауазымды адамның құзыретіне кіретін мәселелер бойынша негізделген түсінік беру немесе айқындама баяндау жөніндегі талабы ресми үндеу болып табылады. Депутат қойылған сауалда өзі жүгініп отырған нақты лауазымды тұлғаны және күтілетін жауаптың (ауызша немесе жазбаша) нысанын көрсетуі міндетті. Мәслихат аппараты сауалдың сессияда жариялаған сәттен бастап, үш күн мерзім ішінде тиісті мемлекеттік органның лауазымды тұлғасына жазбаша сауал жібереді. Депутаттық сауал аудандық мәслихаттың сессиясында мынандай тәртіппен қаралады:
Тармақша 1
1) депутаттық сауалмен сөйлеген сөзі - 5 минутқа дейін;
Тармақша 2
2) депутаттық сауалға лауазымды адамның жауабы - 15 минутқа дейін. Сауалға жауап беру жөнінде ашық жарыс сөз болуы мүмкін. Сауалдың жауабын тыңдап болғаннан соң, депутаттық сауал авторы, сондай-ақ, басқа да депутаттар сауалдағы қойылған мәселе бойынша сұрақтар қоюы мүмкін. Лауазымды тұлғаға қойылған депутаттық сауал бойынша депутаттардың сұрақтарына жауаптар 10 минутқа дейін беріледі. Депутаттық сауалға қайтарған жауаптың және оны талқылаудың нәтижесі бойынша сессия шешімі қабылданады. Сауалға және оған жауап бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануы мүмкін.
Тармақ 64
64. Аудандық мәслихаттың шешімдерін атқарылуына бақылау жасауды оның хатшысы жүзеге асырады. Атқарушы органдарының басшылары және ведомстволардың, ұйымдардың өзге де лауазымды тұлғалары шешімдерін іске асыру туралы есеп береді.
Тармақ 65
65. Мәслихат депутаттарынан сессияға түскен ұсыныстар мен ескертулер, мәслихат аппараты жинақтап қорытынды және атқарушы органдар, мекемелер мен ұйымдардың басшыларына жіберіледі, олар қабылданған шаралар туралы бір айдын ішінде мәслихат хатшысына ақпарат беруге міндетті.
Тармақ 66
66. Аудандық мәслихаттың шешімдерінің, депутаттар мен сайлаушылардың сауалдарының, өтініштерінің орындау барысы туралы мәслихат хатшысы депутаттарға сессияларда ұдайы хабарлап отырады.
Тармақ 67
67. Аудандық мәслихатқа келіп түсетін хаттар тіркеледі. Орындаушыларға нұсқаулар әдетте, мәслихат хатшысының қарары нысанында беріледі. Азаматтардың өтініштері мәслихатқа түскен күннен бастап бір айға дейінгі мерзімде, ал қосымша зерделеу мен талап етілмейтіндері - 15 күннен кешіктірілмей қаралып және солар бойынша шешімдер қабылданады. Қосымша тексеру қажет жағдайларда мәслихат хатшысы мерзімді ұзартуы мүмкін, бірақ ол бір айдан аспауға тиіс, ол бір айдан аспауға тиіс, ол жайлы өтініш берушіге хабарланады. Мәслихат құзыретіне кірмейтін өтініштердің шешімдері тиісті органдарға 5 күннің ішінде жіберіледі, ол жайлы өтініш берушіге хабарланады.
Тармақ 68
68. Азаматтарды жеке қабылдауды мәслихат хатшысы мен депутаттар бекітілген кесте бойынша жүзеге асырады. Мекемелер мен ұйымдардағы азаматтарды қабылдауды жеке кесте бойынша жүргізеді.
Тарау 9. 9. Жітіқара аудандық мәслихатының депутаттарын сайлау бойынша Жітіқара аудандық, округтік және учаскелік сайлау комиссияларын құру және сайлау
9. Жітіқара аудандық мәслихатының депутаттарын сайлау бойынша Жітіқара аудандық, округтік және учаскелік сайлау комиссияларын құру және сайлау
Тармақ 69
69. Сайлау комиссияларының жаңа құрамын құру және сайлау - сайлау комиссияларының өкілеттік мерзімі аяқталардан кемінде екі ай бұрын басталады және өкілеттік мерзімінің бітуіне кемінде үш күн қалғанда аяқталады.
Тармақ 70
70. Бұқаралық ақпарат құралдарында, сайлау комиссияларының құрылғандығы туралы хабарлама жарияланғанға дейін кемінде үш күн қалғанда аудандық мәслихаттың хатшысы өз өкімімен депутаттардан және аппарат қызметшілерінен тұратын сайлау комиссияларының құрамын құру жөніндегі Жұмысшы тобын құрады.
Тармақ 71
71. Мәслихаттың Жұмысшы тобы саяси партиялардан және өзге де қоғамдық бірлестіктерден, олардың құрылымдық бөлімшелерінен, жоғары тұрған комиссиялардан құрылатын сайлау комиссия құрамына ұміткерлер туралы келіп түсетін ұсыныстарды жинаумен және өңдеумен айналысады. Әрбір саяси партия тиісті сайлау комиссиясының құрамына өзінің бір өкілін ұсынады. Саяси партиялар, сондай-ақ олардың құрылымдық бөлімшелері осы саяси партияның мүшесі болып табылмайтын кандидатураларды да ұсынуға құқылы. Саяси партиялардың және өзге де қоғамдық бірлестіктердің, жоғары тұрған комиссиялардың Жұмысшы тобына ұсынатын құжаттардың тізбесіне төмендегілер кіреді:
Тармақша 1
1) саяси партияны және өзге де қоғамдық бірлестікті, олардың құрылымдық бөлімшелерін әділет органдарында тіркеу туралы құжаттың көшірмесі;
Тармақша 2
2) саяси партияның және өзге де қоғамдық бірлестікті, олардың құрылымды бөлімшелерінің органы, жоғары тұрған сайлау комиссиялары отырысының кандидатты тиісті сайлау комиссиясына ұсыну туралы хаттамасынан көшірме;
Тармақша 3
3) әр кандидатқа нысан бойынша жеке іс парағы: тегі, аты, әкесінің аты, туған уақыты, ұлты (көрсетпеуге құқылы), білімі, саяси партияға қатыстылығы (көрсетпеуге құқылы), жұмыс орны, атқаратын қызметі, тұратын жері паспорт (жеке куәлігі), № ____, кім және қашан берілді, байланыс телефоны;
Тармақша 4
4) кандидаттың мәслихат атына жазылған сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісімі туралы өтініші және кандидат жайлы өмірбаян мәліметтері.
Тармақ 72
72. Сайлау комиссиялары құрамының жобасын дайындау кезінде Жұмысшы тобы бірінші кезекте саяси партиялардан келіп түскен ұсыныстарды басшылыққа алады, одан кейін, келіп түскен ұсыныстар жеті мүшеден кем болған жағдайда, өзге де қоғамдық бірлестіктердің және жоғары тұрған сайлау комиссияларының кандидатуралары есепке алынады.
Тармақ 73
73. Жаңа сайлау комиссияларының құрамына келіп түскен ұсыныстардың мерзімі аяқталған кезде Жұмысшы тобы сессия шешімдерінің жобасын және сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау бойынша бюллетеньдер дайындайды.
Тармақ 74
74. Шешімдер және бюллетеньдердің жобалары бөлек дайындалынады:
Тармақша 1
1) аудандық сайлау комиссиясы бойынша;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарын сайлау жөніндегі округтік сайлау комиссияларын сайлау бойынша;
Тармақша 3
3) облыстық мәслихатқа депутаттарды сайлау жөнінде округтік сайлау комиссиялары бойынша.
Тармақ 75
75. Саяси партиялардың, өзге де қоғамдық бірлестіктердің және жоғары тұрған сайлау комиссияларының, сайлау комиссиялары құрамына ұсынылған барлық кандидатуралар, олардан келіп түскен кезек бойынша шешімдердің және бюллетеньдердің жобасына енгізіледі және Жүмысшы тобының арнайы журналына тіркеледі.
Тармақ 76
76. Сайлау комиссияларының мүшелері көрсетілген бюллетеньдерді, сессияға қатысып отырған аудандық мәслихаттың барлық депутаттары алады және оларды жеке өздері толтырады. Дауыс берудің қорытындысын сессияда құрылған Есептеу комиссиясы шығарады. Есептеу комиссиясының сандық құрамы және төрағасы мәслихат сессиясында белгіленеді.
Тармақ 77
77. Саяси партиялардан тиісті сайлау комиссиясы мүшелерінің санына (жеті) тең ұсыныстар түскен жағдайда Жұмысшы тобы мәслихат сессиясына осы сайлау комиссияның құрамына дауыс беру ұсынысын енгізеді. Сессияға қатысушы депутаттардың көпшілігі дауыс берген комиссия мүшелері сайланған болып саналады. Саяси партиялардан тиісті сайлау комиссиясының мүшелерінің санынан артық (жетіден артық) ұсыныс түскен кезде, Жұмысшы тобы мәслихат сессиясына осы сайлау комиссияны сайлау жөнінде рейтингілік дауыс беруді ұсынады. Басқаларға қарағанда көпшілік дауыстар санын жинаған кандидатуралар сайланған болып саналады. Саяси партиялардан тиісті сайлау комиссиясы мүшелерінің санынан (жетіден кем) ұсыныс түскен кезде Жұмысшы тобы бюллетеньдегі бос орынға басқа да қоғамдық бірлестіктерден келіп түскен кандидатуралар енгізіледі, ал егер аталған кандидатуралар болмаған жағдайда, жоғары тұрған сайлау комиссияларымен ұсынылады кандидатуралар (тиісті келіп түсу кезектілігі тәртібінде). Бос орынға олардың санына тең ұсыныстар түскен жағдайда Жұмысшы тобы мәслихат сессиясына осы комиссияның құрамына дауыс беру ұсынысын енгізеді. Бос орынға олардың санынан артық ұсыныс түскен кезде, Жұмысшы тобы мәслихат сессиясында комиссия құрамына саяси партиялардың өкілдерін сайлауды ұсынады, ал бос орындарға рейтингілік дауыс беруді өткізуді ұсынады. Егер дауыс беру барысында сайлау комиссиясының құрамына ұсынылған кандидатуралар саны жетіге сәйкес болғанда, мәслихат депутаттары нақты бір кандидатураға қарсылығын білдірсе, ол сол саяси партияны не қоғамдық бірлестікті танытатын кандидатураға ауыстырылады. Бүл рәсімді бір реттен артық жүргізбеу ұсынылады.
Тармақ 78
78. Бюллетеньге кандидатураның қандай саяси партиялардан (өзге де қоғамдық бірлестіктерден, жоғары тұрған сайлау комиссияларынан) ұсынғаны көрсетіле отырып, үміткердің тегі, аты, әкесінің аты енгізіледі. Бюллетеньде үміткерлер тектерінің оң жағында, депутаттар белгі қоятын шаршы бейнеленеді. Депутаттар жеті шаршыға белгі қояды.
Тармақ 79
79. Дауыс берудің нәтижелерін мәслихаттың сессиясында Есептеу комиссиясының төрағасы жариялайды.
Тармақ 80
80. Есептеу комиссиясының төрағасы сайлау комиссиясының төрағасын, орынбасарын және хатшысын сайлау жөніндегі сайлау комиссиясының ұйымдастырушылық отырысын өткізу мерзімі туралы жариялайды (оларды құрған уақыттан бастап жеті күн аралығынан кешіктірмей). Есептеу комиссиясының төрағасы сайлау комиссиясының ұйымдастырушылық отырысын жүргізетін сайлау комиссиясының мүшесі туралы жариялайды. Осы кандидатура саны жағынан ең көп дауыс алғандығы бойынша анықталады. Депутаттар дауыстары тең болған жағдайда осы кандидатура бюллетеньде орналасқан орны бойынша анықталады.
Тармақ 81
81. Мәслихат хатшысы бұқаралық ақпарат құралдарында тиісті сайлау комиссияларының құрамын жариялауды қамтамасыз етеді. Материалдар оған қосымшасымен басылымның бір номерінде басылуы керек.
Тармақ 82
82. «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында көрсетілген жағдайда, мәслихат тиісті сайлау комиссиясының мүшесін босату туралы және шығып кеткеннің орнына сайлау туралы шешім қабылдайды. Сайлау комиссиясы мүшесінің босаған қызметін ауыстыруға осы сайлау комиссиясына олардың өкілдері кірмейтін саяси партиялардан және өзге де қоғамдық бірлестіктерден ұсыныстар қабылданады.
Тармақ 83
83. Сайлау комиссияларын сессияда сайлағанда «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңынан туындаған негізге орай, мәслихаттар олардың бір ғана ұйымдардан құрылуына жол бермеуі керек, міндетті түрде тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктіқ аумағында тұрып жатқанын міндетті түрде ескеруі қажет. Президенттікке, Парламенттің, мәслихаттардың депутаттығына, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелігіне кандидаттар, кандидаттардың сенім білдірген адамдары, кандидаттардың жұбайы (зайыбы) мен жақын туыстары, сондай-ақ кандидаттарға тікелей бағынышты адамдар сайлау комиссияларының мүшелері бола алмайды.
Тарау 10. 10. Қорытынды ережелер
10. Қорытынды ережелер Регламент әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуден өткен сәтінен бастап қолданысқа енгізіледі. Мәслихат депутаттарымен Регламентке өзгерістер және толықтырулар туралы ұсыныстар енгізілуі мүмкін және егер сессияда қатысқан депутаттардың жартысынан артығы осыған дауыс берсе қабылданды деп есептеледі.