Вопросы Агентства Республики Казахстан по государственным закупкам Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 02.09.1999. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сатып алу жөніндегі агенттігінің мәселелері 📌 Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 03.09.1999 № 1301 (қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді) қаулысымен. Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу жөніндегі агенттігін құру туралы" 1998 жылғы 14 желтоқсандағы N 4173 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. 📌 ЕСКЕРТУ. 1-тармақ және ережемен құрылым күшін жойды - ҚР Үкіметінің 1999.03.26. N 304 қаулысымен.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу жөніндегі агенттігі қызметкерлерінің штат саны 23 адам болып белгіленсін.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу жөніндегі агенттігінің төрағасына бір орынбасары, сондай-ақ 5 адам санында алқа болуға рұқсат етілсін.
Тармақ 4
4. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу жөніндегі агенттігі үшін 2 қызметтік жеңіл автокөлік лимиті белгіленсін.
Тармақ 5
5. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі республикалық бюджетте орталық атқарушы органдарды ұстауға көзделген қаржының есебінен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу жөніндегі агенттігін қаржыландыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 6
6. Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлігінің Мемлекеттік сатып алу жөніндегі департаменті туралы ережені бекіту туралы" 1998 жылғы 16 қыркүйектегі N 903 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., N 33, 293-құжат) күші жойылған деп танылсын.
Тармақ 7
7. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.