Об утверждении Правил использования средств, предусмотренных в областном бюджете по программе "Представительские затраты", и норм представительских затрат Күшін жойған
Басқа 0
Облыстық бюджетте қарастырылған "Өкілдік шығындар" бағдарламасы бойынша қаржыны қолдану ережесін және өкілдік шығын нормаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының " Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы N№148, " Бюджеттік жүйе туралы" 1999 жылғы 1 сәуірдегі N 357-1 заңдарына, Қазақстан Республикасы Экономика және бюджетті жоспарлау министрінің "Қазақстан Республикасының бірыңғай бюджеттік классификациясын бекіту туралы" 2003 жылғы 29 желтоқсандағы N№201 бұйрығына сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Мыналар бекітілсін:
Тармақша 1
1) облыстық бюджетте қарастырылған "Өкілдік шығындар" бағдарламасы бойынша қаржыны қолдану ережесі (қосымша 1);
Тармақша 2
2) өкілдік шығын нормалары (қосымша 2).
Тармақ 2
2. Осы қаулы Ақмола облысының әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуден өткен сәттен бастап күшіне енеді және ресми жариялануға тиіс.
Басқа 5
Облыс әкімдігінің 2004 ж. 28.06
N а-6/137 "Облыстық бюджетте қарастырылған
"Өкілдік шығындар" бағдарламасы бойынша
қаржыны қолдану ережесін және өкілдік
шығын нормаларын бекіту туралы" қаулысына
қосымша 1.
Облыстық бюджетте қарастырылған "Өкілдік шығындар" бағдарламасы бойынша қаржыны қолдану ережесі
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Облыстық бюджетте қарастырылған "Өкілдік шығындар" бағдарламасы бойынша қаржыны қолдану ережесі (бұдан әрі - Ереже) қаржыны қолдану тәртібін белгілейді.
Тармақ 2
2. Өкілдік шығындар - тиісті қаржылық жылдың облыстық бюджетінде қарастырылған және облыстық бюджет бағдарламаларының әкімшілеріне шет ел делегацияларын қабылдауға, жиналыстар, семинарлар, салтанатты және ресми іс-шаралар өткізуге, сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы, Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі және басқа да ресми тұлғалар келген кезде өкілдік мақсаттарға жұмсауға арналған облыстық бюджетте қарастырылған қаржылар.
Өкілдік шығындарға мыналар жатады:
Тармақша 1
1) Ақмола облысы әкімінің шешімінде қарастырылған жағдайларда іс-шараларға қатысу үшін Ақмола облысына шақырылған қонақтардың жатар орны мен белгіленген пунктке дейінгі көлік шығындарын өтеу;
Тармақша 2
2) ресми қонақасы, кешкі ас, кофе-брейктер, фуршеттер;
Тармақша 3
3) ресми қабылдау кезінде музыкалық қызмет көрсету;
Тармақша 4
4) ескерткіштер, естелік сыйлықтар сатып алу;
Тармақша 5
5) автокөлік қызметі;
Тармақша 6
6) аудармашылардың қызметін өтеу;
Тармақша 7
7) залды жалға алу;
Тармақша 8
8) облыс әкімі рұқсат еткен басқа да шығындар.
Тарау 2. 2. Облыстық бюджеттен өкілдік шығындарға бөлінетін қаржыны қолдану тәртібі
2. Облыстық бюджеттен өкілдік шығындарға бөлінетін қаржыны қолдану тәртібі
Тармақ 3
3. Облыстық бюджеттен өкілдік шығындарға қаржы бөлу облыс әкімінің өкімі негізінде жүзеге асырылады.
Тармақ 4
4. Облыстық бюджетте өкілдік шығындарға қарастырылған қаржыны бөлу туралы облыстық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің өтініштері қаралып төмендегі құжаттар болған жағдайда облыс әкімінің бекітуіне ұсынылады:
Тармақша 1
1) іс-шараларды өткізу қажеттігінің негіздемесі;
Тармақша 2
2) келетін делегацияның деңгейі мен форматы жөніндегі бағдарламалар;
Тармақша 3
3) іс-шараларды дайындау және өткізу жөніндегі жұмыс жоспары;
Тармақша 4
4) іс-шараларға қатысушылардың нақты санын растайтын құжаттар;
Тармақша 5
5) әрбір шығын ерекшелігі негізделген қаржыландыру жоспары;
Тармақша 6
6) Ақмола облыстық қаржы басқармасының шығындар сметасы бойынша қорытындысы.
Бюджеттік бағдарлама әкімшілері өтініш білдірген жағдайда Ақмола облыстық қаржы басқармасы белгіленген тәртіп бойынша облыстық бюджеттік қаржыландырудың жиынтық жоспарына өзгерістер енгізеді.
Тармақ 5
5. Осы ереженің екінші тармағындағы 3), 4), 7) тармақшаларында көрсетілген өкілдік шығындар бойынша облыстық бюджет бағдарламаларының әкімшілері көрсетілген тауарлар мен қызмет түрлерін ұсынатын ұйымдардың мекен-жайы, атауы, тауарлары мен көрсететін қызмет түрлерінің бағалары көрсетілген белгіленген заңды тәртіп сақталуын растайтын құжаттар тапсырады.
Тарау 3. 3. Есеп беру және бақылау
3. Есеп беру және бақылау
Тармақ 6
6. Ақмола облыстық қаржы басқармасы өкілдік шығындарға бөлінген қаржының жұмсалуын бақылауды жүзеге асырады.
Тармақ 7
7. Облыстық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері және өкілдік шығындарға арналған қаржыны алған тұлғалар іс-шараларды өткізгеннен кейін 5 күнтізбелік күнде облыстық қаржы басқармасына бірінші басшының қолы қойылған, сатып алынған тауарлардың, жұмыстардың және қызмет түрлерінің бағалары мен көлемі (түбіртектер, счет-фактуралар, жетекші құжаттар) көрсетілген, тиісті тауарларды сатушы, қызмет түрлерін көрсетуші ұйымдардың мөрлерімен расталған бөлінген қаржының қолданылуы туралы есеп тапсыруы қажет.
Тармақ 8
8. Өкілдік шығындарға бөлінген қаржы орынды және тиімді қолданылуы үшін жауапкершілік облыстық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілеріне жүктеледі.
Басқа 31
Облыс әкімдігінің 2004 ж. 28.06.
N а-6/137 "Облыстық бюджетте қарастырылған
"Өкілдік шығындар" бағдарламасы бойынша
қаржыны қолдану ережесін және өкілдік
шығын нормаларын бекіту туралы" қаулысына
қосымша 2
Өкілдік шығын нормалары
№
Шығындардың атаулары
Құны теңгемен
1.
делегацияларға ресми қонақасы, кешкі ас беруге арналған шығындар, күніне бір адамға шаққанда
6000-ға дейін
2.
Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы, Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі және басқа да ресми тұлғалардың қатысуымен өткізілетін ресми қонақасы, кешкі ас беруге арналған шығындар, күніне бір адамға шаққанда
12000-ға дейін
3.
Келіссөздер, мәдени іс-шаралар бағдарламасы кезінде буфеттік қызмет көрсету күніне бір адамға шаққанда
800-ге дейін
4.
Делегацияны қабылдаушы мемлекеттік органның штатында жоқ аудармашыға (леспе аударма жүргізуден өзге) еңбекақы төлеу, әр сағатына
600-ге дейін
5.
Ресми делегацияларға автомобиль көлігімен қызмет көрсетуге арналған көлік шығындарын өтеу қаржыландыру жоспарында сағатына төлеу есебінен қарастырылған
1000-ға дейін
Ескерту:
Тармақ 1
1. Ресми қонақасын, кешкі ас беру кезінде Ақмола облысы әкімдігі тарапынан қатысушылар саны шет ел делегациясы тарапынан қатысушылар санынан аспауға тиіс.
Тармақ 2
2. Делегация құрамы бес адамнан асса қызмет көрсетушілер мен аудармашылар санын (леспе аудармадан басқа) делегацияның әрбір бес мүшесіне бір қызметші немесе бір аудармашы есебінен белгіленуі қажет.