Жылыой аудандық әкімиятының резерв қаражатын пайдалану ережесін бекіту туралы Қолданыста

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 21.07.2004. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Жылыой аудандық әкімиятының резерв қаражатын пайдалану ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 сәуірдегі №357-І «Бюджет жүйесі туралы» Заңының 13-бабына және Атырау облыстық әкімиятының 2004 жылғы 29 маусымдағы №141 «Атырау облысы әкімиятының резерв қаражатын пайдалану ережесін бекіту туралы» қаулысына сәйкес аудандық әкімият ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Жылыой аудандық әкімиятының резерв қаражатын пайдалану Ережесі бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Қ.Шәлиевке жүктелсін.
Басқа 3
Аудандық әкімияттың 2004 жылғы 22 шілдедегі № 171 қаулысымен бекітілген Жылыой аудандық әкімиятының резерв қаражатын пайдалану ережесі. Осы Ереже Жылыой аудандық әкімиятының резерв қаражатын бөлу және пайдаланудың тәртібін белгілейді.
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Ережелерде төмендегідей түсініктер пайдаланылады:
Тармақша 1
1) Жылыой ауданы әкімиятының резерві (әрі қарай аудан әкімиятының резерві) аудандық бюджетке тиісті қаржы жылына көзделген және аудан әкімияты қаулысы бойынша бір жолғы сипаттағы көлденең шығыстарды қаржыландыру үшін бөлінетін қаражат;
Тармақша 2
2) көлденең шығыстар – ағымдағы қаржы жылына арналған аудандық бюджетті қалыптастыру кезінде күні бұрын жоспарлауға мүмкін болмаған және ағымдағы қаржы жылында кейінге қалдырмай қаржыландыруды талап ететін шығыстар;
Тармақша 3
3) аудан әкімиятының және жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын жергілікті атқарушы органдардың (әрі қарай - жергілікті мемлекеттік органдар) міндеттемелерін өтуге арналған әкімият резерві құрамындағы қаражат – аудан әкімияты резервінің құрамында көзделген және сот шешімдері бойынша аудан әкімиятының немесе жергілікті мемлекеттік органдардың міндеттемелерін өтеу үшін жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілеріне бөлінетін қаражат;
Тармақ 2
2. Аудан әкімиятының резерв қаражаты есебінен қаржыландырылатын біржолғы сипаттағы көлденең шығыстарға мынадай шаралар жатады:
Тармақша 1
1) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою және алдын алу, бұлар: төтенше жағдайлардың пайда болуы нәтижесінде зардап шеккендерге материалдық көмек көрсету; шұғыл қимыл жасайтын апаттық-құтқару және апаттық келтіру бөлімшелерді құтқару техникалық құралдармен, жабдықтармен және жарақаттармен қосымша жарақтандыру;
Тармақша 2
2) сот шешімдері бойынша аудан әкімияты мен жергілікті мемлекеттік органдардың міндеттемелерін өтеу;
Тармақша 3
3) аудан әкімиятының қаулысымен айқындалатын өзге де күтілмеген шығыстар.
Тармақ 2
2. Жылыой ауданы әкімиятының резерв қаражатын бөлу және пайдалану тәртібі
Тармақ 3
3. Аудан әкімиятының резерв қаражаты қатаң түрде мақсатты болады және осы Ереже аудан әкімиятының резервінен қаражат бөлу туралы қаулысымен көзделмеген мұқтаждарға пайдаланылмайды.
Тармақ 4
4. Аудан әкімияты резервінен қаржы бөлу туралы қаулы дайындалған кезде төмендегі шарттар ескеріледі:
Тармақша 1
1) ағымдағы қаржы жылында жергілікті бюджеттен қаражаттың болмауы;
Тармақша 2
2) сот шешімдері бойынша жергілікті мемлекеттік органдар мен аудан әкімиятының міндеттерін өтеу жағдайларын қоспағанда әкімият резерв қаражатында қажеттілік ағымдағы қаржы жылында пайда болуы және олардың қажеттілігі алушының бұрынғы міндеттемелерімен байланысты болмауы ескеріледі.
Тарау 3. 3. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға және өзге көлденең шығыстарға қаражат бөлу
3. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға және өзге көлденең шығыстарға қаражат бөлу
Тармақ 5
5. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған кезде аудан әкімиятының резервінен қаражат бөлу туралы ұсынысты аудандық төтенше жағдайлар жөніндегі комиссия қарайды. Бұл ретте туындаған төтенше жағдайлар аймақтық ауқымы болуы керек.
Тармақ 6
6. Негіздемелік материалдарды берудің тәртібін және олардың тізбесін аудандық төтенше жағдайлар жөніндегі комиссия айқындайды.
Тармақ 7
7. Аймақтық ауқымдағы табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою қажет болған жағдайда, төтенше жағдайлар жөніндегі жоюға арналған қаражатты бөлу туралы қаулының жобасын аудандық әкімиятқа енгізеді.
Тарау 4. 4. Сот шешімдері бойынша аудан әкімиятының және жергілікті атқарушы органдардың міндеттемелерін өтеуге қаржы бөлу
4. Сот шешімдері бойынша аудан әкімиятының және жергілікті атқарушы органдардың міндеттемелерін өтеуге қаржы бөлу
Тармақ 8
8. Сот шешімдері бойынша аудан әкімиятының және жергілікті атқарушы органдардың міндеттемелерін өтеу, соттың орындау құжаттары болған жағдайда аудан әкімиятының резерв қаражаты есебінен қамтамасыз етіледі. Жергілікті мемлекеттік органдар сот шешімдері бойынша төлем бойынша жүргізулері міндетті, қолда бар негіз болған жағдайда, көрсетілген шешімдер мен қолданыстағы заңнамаға сәйкес жоғары тұрған сотқа арыздануға тиіс.
Тармақ 9
9. Аудан әкімиятының міндеттемелерін өтеу үшін аудан әкімиятының резервінен қаражат бөлу туралы аудан әкімиятының қаулы жобасын заңнамада белгіленген тәртіппен аудандық қаржы бөлімі әзірлейді.
Тармақ 10
10. Жергілікті мемлекеттік органдардың міндеттемелерін өтеу үшін аудан әкімиятының резервінен қаражат бөлу туралы аудан әкімиятының қаулы жобасы заңнамада белгіленген тәртіппен атқарушы органдар дайындайды.
Тарау 5. 5. Өзге қарастырылмаған шығындарға қаражат бөлу
5. Өзге қарастырылмаған шығындарға қаражат бөлу
Тармақ 11
11. Өзге қарастырылмаған шығындарға қаражат бөлу үшін жергілікті бюджеттік бағдарлама әкімшілері аудандық қаржы бөлімінен тиісті негіздемелермен есептермен бірге жергілікті атқарушы органдары резервінен қаржы бөлу туралы өтініш тапсырады.
Тармақ 12
12. Аудандық қаржы бөлімі берілген өтініштің негізінде аудан әкімиятының резервінен қаражат бөлудің мүмкіндігі не мүмкін еместігі туралы қорытынды береді.
Тармақ 13
13. Жергілікті бюджеттік бағдарлармалар әкімшілерінің өтініші бойынша оң қорытынды болған кезде аудан әкімияты резервінің қаражаттың өзге де қарастырылмаған шығындарға бөлу туралы қаулының жобасы заңнамада белгіленген тәртіпте осы жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшісімен дайындалады.
Тарау 6. 6. Бақылау және есептілік
6. Бақылау және есептілік
Тармақ 14
14. Аудан әкімиятының резервінен бөлінген қаражатты алушылар аудандық қаржы бөлімі белгілеген тәртіпте және мерзімде олардың пайдалануын, орындалған жұмыстардың көлемі мен кұны туралы есеп беруі тиіс.
Тармақ 15
15. Аудандық қаржы бөлімі ай сайын аудан әкіміне аудан әкімияты резерв қаражатының пайланылуы және оның тиісті кезеңдегі қалдықтары туралы ақпаратты ұсынады.
Тармақ 16
16. Аудан әкімиятының резервінен бөлінген қаражатты мақсатсыз пайдаланғаны үшін жауапкершілік Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіпте алушыға жүктеледі.
Тармақ 17
17. Аудан әкімиятының резерв қаражатының мақсатты пайдаланылуына бақылауды тиісті мемлекеттік органдар жүзеге асырады.