Об утверждении Правил сертификации должностных лиц администраторов бюджетных программ и уполномоченных органов по исполнению республиканского бюджета, бюджета столицы, области, города республиканского значения, районного (города областного значения) бюджета, уполномоченных на ведение бухгалтерского учета и составление финансовой отчетности Қолданыста
Басқа 0
Бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің және республикалық бюджетті, астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың бюджетін, аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органдардың бухгалтерлік есепті жүргізуге және қаржылық есептілікті жасауға уәкілеттік берілген лауазымды адамдарын сертификаттау қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 130-бабының 7-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің және республикалық бюджетті, астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың бюджетін, аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органдардың бухгалтерлік есепті жүргізуге және қаржылық есептілікті жасауға уәкілеттік берілген лауазымды адамдарын сертификаттау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) бекітілсін.
Тармақ 2
2. «Республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің және облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органдарының бухгалтерлік есепті жүргізуге және қаржылық есептілікті жасауға уәкілеттік берілген лауазымды адамдарын сертификаттау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 21 қыркүйектегі № 840 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17413 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бухгалтерлік есеп, аудит және бағалау әдіснамасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрықтың ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
Тармақша 3
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін осы Қағидалардың 1-тарауының 1-тармағының 2) тармақшасын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 1. Бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің және республикалық бюджетті, астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың бюджетін, аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органдардың бухгалтерлік есепті жүргізуге және қаржылық есептілікті жасауға уәкілеттік берілген лауазымды адамдарын сертификаттау қағидалары
Қазақстан Реcпубликасының
Қаржы министрі
2025 жылғы 29 сәуірдегі
№ 210 бұйрығымен
бекітілген
Бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің және республикалық бюджетті, астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың бюджетін, аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органдардың бухгалтерлік есепті жүргізуге және қаржылық есептілікті жасауға уәкілеттік берілген лауазымды адамдарын сертификаттау қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің және республикалық бюджетті, астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың бюджетін, аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органдардың бухгалтерлік есепті жүргізуге және қаржылық есептілікті жасауға уәкілеттік берілген лауазымды адамдарын сертификаттау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 130-бабының 7-тармағына сәйкес әзірленді және бухгалтерлік есепті жүргізуге және қаржылық есептілікті жасауға уәкілеттік берілген лауазымды адамдарын сертификаттау тәртібін:
Тармақша 1
1) республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің және республикалық бюджетті, астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың бюджетін атқару жөніндегі уәкілетті органдар;
Тармақша 2
2) жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері және аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган айқындайды.
Тармақ 2
2. Осы Қағидалардың мақсаттары үшін мынадай ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган - республикалық бюджеттің және өз құзыреті шегінде жергілікті бюджеттердің, бюджеттен тыс қорлардың атқарылуы бойынша бюджетті атқару, бухгалтерлік есепті, бюджеттік есепті және бюджеттік есептілікті жүргізу саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
Тармақша 2
2) емтихан жұмысы – кандидат тапсырған емтиханның нәтижесі;
Тармақша 3
3) емтихан модулі (бұдан әрі – модуль) – осы Қағидалардың 5-тармағында көрсетілген әрбір пән бойынша жауап нұсқалары бар тест сұрақтарынан және ахуалдық тапсырмалардан тұратын тапсырмалар көлемі;
Тармақша 4
4) кандидат – сертификат алуға үміткер республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің және республикалық бюджетті, астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың бюджетін атқару жөніндегі уәкілетті органдардың, жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің және аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджетті, аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органның бухгалтерлік есепті жүргізуге және қаржылық есептілікті жасауға уәкілеттік берілген лауазымды адамы;
Тармақша 5
5) қадағалаушылар – емтихан өткізу тәртібінің сақталуын қадағалайтын мүдделі мемлекеттік органдар қызметкерлерінің, жоғары оқу орындары оқытушыларының тәуелсіз сыртқы өкілдері;
Тармақша 6
6) сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – СН) – білімді растаушы ұйым әрбір кандидатқа беретін жеке нөмірі;
Тармақша 7
7) сертификаттау – кандидаттардың білімін және кәсіби, іскерлік қасиеттері мен әлеуетті мүмкіндіктерінің объективтік сипаттамаларын растау арқылы кандидаттың сертификат алу мақсатында емтихандар тапсыру рәсімі;
Тармақша 8
8) ұйым – жарғылық қызметінде бухгалтерлік есеп бойынша оқыту және біліктілікті арттыру көзделген бар ұйым.
Тарау 2. 2-тарау. Бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің және республикалық бюджетті, астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, бюджетін, аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органдардың бухгалтерлік есепті жүргізуге және қаржылық есептілікті жасауға уәкілеттік берілген лауазымды адамдарын сертификаттауды өткізу тәртібі
2-тарау. Бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің және республикалық бюджетті, астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, бюджетін, аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органдардың бухгалтерлік есепті жүргізуге және қаржылық есептілікті жасауға уәкілеттік берілген лауазымды адамдарын сертификаттауды өткізу тәртібі
Тармақ 3
3. Ұйым бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган әзірлеген және Мемлекеттік органдардың интернет–ресурстарының бірыңғай платформасында «www.gov.kz/memleket/entities/minfin» орналастырған оқу бағдарламалары бойынша оқыту жүргізеді.
Тармақ 4
4. Модульдер бюджет заңнамасын және бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік саласындағы заңнаманы ескере отырып, қазақ және орыс тілдерінде жасалады және бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісілуі тиіс.
Емтихан кандидаттардың таңдауы бойынша мемлекеттік немесе орыс тілдерінде тапсырылады.
Тармақ 5
5. Кандидаттар мынадай пәндер бойынша емтихан тапсырады:
Тармақша 1
1) қоғамдық сектор үшін халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есеп жүргізу және қаржылық есептілікті жасау;
Тармақша 2
2) халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес квазимемлекеттік секторда бухгалтерлік есеп жүргізу және қаржылық есептілікті жасау.
Тармақ 6
6. Кандидаттар сертификаттауға тіркелу үшін мынадай құжаттарды ұсынады:
Тармақша 1
1) пәндердің атауларын көрсете отырып, емтихандарға жіберу туралы өтініш;
Тармақша 2
2) жеке басын куәландыратын қағаз жеткізгіштегі құжаттың көшірмесі немесе цифрлық құжат;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 35-бабында көзделген еңбек қызметін растайтын құжаттардың бірі;
Тармақша 4
4) осы Қағидалардың 8-тармағында көрсетілген құжаттар (болған жағдайда).
Тармақ 7
7. Ұсынылған құжаттар пакеті осы Қағидалардың 6-тармағында белгіленген талаптарға сәйкес келмеген кезде немесе ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі анықталған жағдайда кандидатты сертификаттауға тіркеу жүргізілмейді.
Тармақ 8
8. Бухгалтерлік есеп және аудит саласында ұлттық және (немесе) халықаралық кәсіби біліктілікке кандидаттар мынадай сертификаттау пәндері бойынша жекелеген емтихандар тапсырудан босатылады:
Тармақша 1
1) кандидаттар мынадай:
«Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы заң) сәйкес Мемлекеттік аудиторды сертификаттау жөніндегі ұлттық комиссия берген «Мемлекеттік аудитор» сертификаты;
және (немесе) IPSAS АССА (Certificate in International Public Sector Accounting Standards) халықаралық сертификаты (Мемлекеттік сектордағы бухгалтерлік есептің халықаралық стандарттары бойынша сертификат);
және (немесе) халықаралық CIPFA сертификаты (The Chartered Institute of Public Finance and Accountancy) (Мемлекеттік секторға арналған халықаралық қаржылық есептілік стандарттары бойынша диплом);
және (немесе) CIPFA DipIPSAS (Diploma in international public sector accounting standards) халықаралық сертификаты (Дипломды мемлекеттік қаржы және бухгалтерлік есеп институты мемлекеттік аудитор) болған кезде «Қоғамдық сектор үшін халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есеп жүргізу және қаржылық есептілікті жасау» пәні бойынша емтихан тапсырудан босатылады;
Тармақша 2
2) кандидаттар мынадай:
«Аудиторлық қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес аттестатталған Біліктілік комиссиясы берген «Аудитор» біліктілік куәлігі;
және (немесе) Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы заңға сәйкес Мемлекеттік аудиторды сертификаттау жөніндегі ұлттық комиссия берген «Мемлекеттік аудитор» сертификаты;
және (немесе) «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес аккредиттелген ұйым берген «Кәсіби бухгалтер» сертификаты;
және (немесе) АССА (Association of Chartered Certified Accountants) (Сертификатталған алқа бухгалтерлер қауымдастығы) біліктілігі;
және (немесе) АСА (Associated Chartered Accountant) біліктілігі (Қауымдастырылған дипломы бар бухгалтер);
және (немесе) DipIFR (Diploma in International Financial Reporting) халықаралық сертификаты (Халықаралық қаржылық есептілік бойынша диплом) болған кезде «Халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес квазимемлекеттік секторда бухгалтерлік есеп жүргізу және қаржылық есептілікті жасау» пәні бойынша емтихан тапсырудан босатылады.
Тармақ 9
9. Емтихан өткізуге арналған үй-жай бейне тіркеу құралдарымен жарақтандырылады.
Тармақ 10
10. Емтихан комиссиясын ұйым әрбір пән бойынша тақ санда (кемінде үш адам) комиссия төрағасы сайланатын мамандар санынан қалыптастырады.
Тармақ 11
11. Ұйымның емтихан өткізуі кезінде байқаушылар қатысады.
Тармақ 12
12. Емтиханның ұзақтығы үш сағатты (180 минут) құрайды.
Тармақ 13
13. Емтихан тапсыру үшін жалпы жиынтық балл («өту» балы) ықтимал жүз (100) балдан кемінде елу (50) балды құрайды.
Тармақ 14
14. Балдардың саны мен емтиханның ұзақтығы олардың күрделілігіне қарай тест сұрақтары және (немесе) ахуалдық тапсырмалар бойынша әрбір модуль бөлінісінде белгіленеді.
Тармақ 15
15. Емтихан жұмыстарына емтихан аяқталған соң жеке нөмiр берiледi, олар кейіннен емтихан комиссиясына жіберіледі.
Тармақ 16
16. Емтихан комиссиясы кандидаттардың емтихан жұмыстарын күнтізбелік он бес күннен аспайтын мерзімде тексеріп бағалайды және мынадай шешімдердің бірін шығарады:
кандидат тапсырған пән бойынша жинақталған «өту балына» қол жеткізсе, емтиханнан өтті (оң нәтиже);
кандидат тапсырған пән бойынша жинақталған «өту балына» қол жеткізе алмаса, емтиханнан өте алмады (теріс нәтиже).
Емтихан нәтижелері комиссия төрағасы мен оның барлық мүшелерінің қолы қойылып емтихан комиссиясының хаттамасымен ресімделеді.
Оң нәтиже алған кандидаттарға осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің және астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың бюджетін атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органдардың бухгалтерлік есепті жүргізуге және қаржылық есептілікті жасауға уәкілеттік берілген лауазымды адамдардың оқығаны және емтиханнан өткені туралы сертификат беріледі.
Тармақ 17
17. Емтиханнан өте алмаған кандидаттар теріс нәтиже алған күннен бастап бір айдан кейін оны қайта тапсырады.
Тармақ 18
18. Кандидат емтихан нәтижелерімен келіспеген жағдайда Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 91-бабында белгіленген тәртіппен емтихан комиссиясының шешіміне сотқа шағымданады.
Басқа 1. _____________________________________________________________
ұйымның атауы
Бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің және республикалық бюджетті, астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың бюджетін, аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органдардың бухгалтерлік есепті жүргізуге және қаржылық есептілікті жасауға уәкілеттік берілген лауазымды адамдарын сертификаттау қағидаларына
қосымша
нысан
_____________________________________________________________
ұйымның атауы
Бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің және республикалық бюджетті, астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың бюджетін, аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органдардың бухгалтерлік есепті жүргізуге және қаржылық есептілікті жасауға уәкілеттік берілген лауазымды адамдардың оқығаны және емтиханнан өткені туралы
СЕРТИФИКАТ
№ _____
______________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)) берілді
Емтихан комиссиясының төрағасы
____________ ______________________________________________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда))
Ұйым басшысы
____________ ______________________________________________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда))
_______________ № _____________________________________________
(күні) (сәйкестендіру нөмірі)
___________________
(қаланы көрсету)