О некоторых вопросах Агентства Республики Казахстан по атомной энергии Қолданыста
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің
кейбір мәселелері туралы
«Қазақстан Республикасының Президенті туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 20-бабы 2-тармағының 1) тармақшасына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігі (бұдан әрі – Агенттік) туралы ереже;
Тармақша 2
2) Агенттіктің құрылымы;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының Үкіметі осы Жарлықты іске асыру бойынша, оның ішінде Қазақстан Республикасының тиісті нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнінде өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3. Қазақстан Республикасының
Атом энергиясы жөніндегі агенттігі туралы
ЕРЕЖЕ
3. Осы Жарлық, Қазақстан Республикасының тиісті заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізуді көздейтін Қазақстан Республикасының заңдары қолданысқа енгізілген күннен бастап қолданысқа енгізілетін Агенттіктің атом энергиясын пайдалану саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және уранды барлау жөніндегі операцияларды реттеу бойынша мемлекеттік саясатты іске асыру бойынша функцияларды жүзеге асыруы жөніндегі нормалар мен ережелерді қоспағанда, қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2025 жылғы 28 сәуірдегі
№ 861 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН
Қазақстан Республикасының
Атом энергиясы жөніндегі агенттігі туралы
ЕРЕЖЕ
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігі (бұдан әрі – Агенттік) Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін, атом энергиясын пайдалану, уранды барлау және өндіру бөлігінде жер қойнауын пайдалану, атом өнеркәсібі, халықтың ядролық, радиациялық және ядролық физикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету, ядролық материалдар мен ядролық қондырғыларды физикалық қорғау, Қазақстан Республикасының аумағында ядролық қаруды таратпау режимін қамтамасыз ету, Семей ядролық қауіпсіздік аймағын құру және оның жұмыс істеуі саласындағы (бұдан әрі – реттелетін салалар) мемлекеттік саясатты қалыптастыруды және іске асыруды және мемлекеттік реттеуді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шектерде реттелетін салаларда салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын мемлекеттік орган болып табылады.
Тармақ 2
2. Агенттіктің Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің Атомдық қадағалау және бақылау комитеті деп аталатын ведомствосы бар.
Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің Атомдық қадағалау және бақылау комитеті ядролық, радиациялық және ядролық физикалық қауіпсіздік мәселелері бойынша өз бетінше шешім қабылдайды, өз қызметінде Қазақстан Республикасының заңнамасын, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттық және өзге де міндеттемелерінің нормаларын, оның ішінде Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттікпен келісімдер шеңберіндегі нормаларды басшылыққа алады.
Тармақ 3
3. Агенттік өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне және өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Тармақ 4
4. Агенттік мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрі және өз атауы қазақ және орыс тілдерінде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
Тармақ 5
5. Агенттік азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
Тармақ 6
6. Агенттіктің, егер оған Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілсе, мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
Тармақ 7
7. Агенттік өз құзыретінің мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Агенттік төрағасының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
Тармақ 8
8. Агенттіктің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.
Тармақ 9
9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік Ел даңғылы, 57а.
Тармақ 10
10. Осы Ереже Агенттіктің құрылтай құжаты болып табылады.
Тармақ 11
11. Агенттіктің қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.
Тармақ 12
12. Агенттіктің өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан Агенттікке кәсіпкерлік субъектілерімен шарттық қарым-қатынастарға түсуіне тыйым салынады.
Егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, Агенттікке Қазақстан Республикасының заңдарымен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кірістер мемлекеттік бюджетке жіберіледі.
Тарау 2. 2-тарау. Агенттіктің міндеттері мен өкілеттіктері
2-тарау. Агенттіктің міндеттері мен өкілеттіктері
Тармақ 13
13. Міндеттері:
Тармақша 1
1) реттелетін салаларда мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру және мемлекеттік реттеу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шектерде реттелетін салалардағы салааралық үйлестіру;
Тармақша 2
2) орталық және жергілікті атқарушы органдардың реттелетін салаларда мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметін үйлестіруді жүзеге асыру;
Тармақша 3
3) өз құзыреті шегінде отын-энергетика кешенін дамытуды қамтамасыз етуге қатысу, оның ішінде атом электр станцияларының және ілеспе инфрақұрылымның құрылысын қамтамасыз ету;
Тармақша 4
4) ядролық кластерді құру және дамыту;
Тармақша 5
5) атом өнеркәсібін, оның ішінде уран өнімін барлауды, өндіруді және қайта өңдеуді дамыту;
Тармақша 6
6) реттелетін салалардағы халықаралық ынтымақтастық;
Тармақша 7
7) уран ресурстарының ұдайы өндірілуін және оларды ұтымды пайдалануды қамтамасыз ету;
Тармақша 8
8) реттелетін салаларда мемлекеттік басқару және мемлекеттік бақылауды қамтамасыз ету;
Тармақша 9
9) өз құзыреті шегінде Агенттікке жүктелген өзге де міндеттерді жүзеге асыру.
Тармақ 14
14. Өкілеттіктері:
Тармақша 1
1) құқықтары:
өз құзыреті шегінде консультативтік-кеңесші және сараптама комиссияларын құру;
мемлекеттік органдардан, өзге де ұйымдардың лауазымды адамдарынан және жеке тұлғалардан Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді жария етуге қойылатын талаптарды сақтай отырып, Агенттікке жүктелген функцияларды жүзеге асыруға қажетті ақпаратты сұрату және алу;
сотқа жүгіну;
Қазақстан Республикасының Президентіне Агенттік реттейтін салалардағы қызметті жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізу;
нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу жөнінде ұсыныстар енгізу немесе осындай актілердің бастамашылық жобаларын уәкілетті органдардың қарауына беру;
орталық және жергілікті атқарушы органдарға өздері қабылдаған актілердің күшін жою немесе оларды өзгерту туралы ұсыныстар енгізу;
Агенттікке жүктелген функцияларды жүзеге асыру кезінде мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардың мамандарын, сондай-ақ шетелдік және жергілікті сарапшылар мен мамандарды жұмысқа тарту;
халықаралық шарттар (келісімдер) жасасу жөнінде ұсыныстар енгізу, шет елдердің тиісті ведомстволарымен, халықаралық ұйымдармен және шетелдік заңды тұлғалармен келіссөздер жүргізу, шарттар (келісімдер) жасасу;
тексерілетін субъектілерді тексеру санын, сондай-ақ тексеру парақтарына сәйкес анықталған бұзушылықтарды және оларға қолданылған әкімшілік ықпал ету шараларын ведомстволық есепке алуды жүргізу;
реттелетін салаларда орталық және жергілікті атқарушы органдардың басшыларымен меморандумдар (келісімдер) жасасу;
Агенттіктің, оның ведомствосының, ведомствоның аумақтық бөлімшелерінің және ведомстволық бағынысты ұйымдардың қызметіне қатысты мәселелер бойынша құқықтық актілерді әзірлеу, келісу және бекіту;
Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президенті мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде, Қазақстан Республикасының өзге де заңға тәуелді актілерінде көзделген өзге де құқықтарды пайдалану;
Тармақша 2
2) міндеттері:
өз құзыреті шегінде орындау үшін міндетті нормативтік құқықтық актілерді қабылдау;
Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларды қоспағанда, өз өкілеттіктерін жүзеге асыру кезінде алынған коммерциялық, қызметтік, Заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын ақпаратты жария етпеу;
Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінде белгіленген тәртіппен және мерзімдерде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін, Қазақстан Республикасы азаматтарының петицияларын қабылдау және қарау;
реттелетін салалардағы мәселелер бойынша білімді насихаттау;
Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президенті мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде, Қазақстан Республикасының өзге де заңға тәуелді актілерінде көзделген өзге де міндеттерді орындау.
Тармақ 15
15. Функциялары:
Тармақша 1
1) реттелетін салаларда мемлекеттік саясатты қалыптастыруды және іске асыруды қамтамасыз етеді;
Тармақша 2
2) реттелетін салаларда стратегиялық, реттеушілік, іске асыру және бақылау-қадағалау функцияларын жүзеге асырады;
Тармақша 3
3) реттелетін салалардағы мемлекеттік жоспарлау жүйесіне қатысады;
Тармақша 4
4) реттелетін салаларда мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі нормативтік құқықтық актілерді бекітеді;
Тармақша 5
5) орталық және жергілікті атқарушы органдардың реттелетін салаларда мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметін үйлестіруді жүзеге асырады;
Тармақша 6
6) реттелетін салалардағы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады;
Тармақша 7
7) Қазақстан Республикасы Үкіметінің стратегиялық объектіні сатып алуға басым құқықты іске асыру туралы шешімінің жобасын әзірлейді;
Тармақша 8
8) «Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және серіктестіктің Жарғысына сәйкес «Қазақстан атом электр станциялары» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің (бұдан әрі – серіктестік) жалғыз қатысушысының (қатысушылардың жалпы жиналысының) айрықша құзыретіне жататын функцияларды жүзеге асырады, оның ішінде:
серіктестіктің жарғылық капиталының мөлшерін, орналасқан жерін және фирмалық атауын өзгертуді қоса алғанда, оның Жарғысын өзгерту немесе серіктестіктің Жарғысын жаңа редакцияда бекіту;
серіктестіктің атқарушы органын құру және оның өкілеттіктерін немесе атқарушы органның жекелеген мүшесінің өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату, сондай-ақ серіктестікті немесе оның мүлкін сенімгерлік басқаруға беру туралы шешім қабылдау және осындай беру шарттарын айқындау;
серіктестіктің байқаушы кеңесін және (немесе) ревизия комиссиясын (ревизорын) сайлау және оның өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату, сондай-ақ серіктестіктің ревизия комиссиясының (ревизорының) есептері мен қорытындыларын бекіту;
қаржылық есептілікті бекіту және таза кірісті бөлу;
серіктестіктің өзге де шаруашылық серіктестіктерге, сондай-ақ коммерциялық емес ұйымдарға қатысуы туралы шешім;
серіктестікті қайта ұйымдастыру немесе тарату туралы шешім;
Тармақша 9
9) Агенттіктің қарамағындағы акционерлік қоғамдардың (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің) еншілес және тәуелді кәсіпорындар құруы туралы шешім қабылдайды;
Тармақша 10
10) акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) мемлекеттік пакетін иелену және пайдалану құқықтары Агенттікке берілген акционерлік қоғам (жауапкершілігі шектеулі серіктестік) алған таза кірісті бөлу туралы және аталған заңды тұлғалардың дивидендтерді (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің таза кірісінің бір бөлігін) акционерлік қоғамның мемлекетке тиесілі акцияларына (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғылық капиталға қатысу үлестеріне) аудару туралы шешім қабылдайды;
Тармақша 11
11) Агенттіктің даму жоспарын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 12
12) құзыреті шегінде жеке және заңды тұлғалардың қызметіне бақылау мен қадағалауды жүзеге асырады;
Тармақша 13
13) Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 132-бабының 2-тармағына сәйкес мемлекеттік бақылау және қадағалау субъектілерінің (объектілерінің) қызметіне қойылатын талаптарды белгілейді;
Тармақша 14
14) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органмен бірлесіп тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парақтарын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 15
15) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес реттелетін салаларда тексеру және профилактикалық бақылау нысанында мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
Тармақша 16
16) реттелетін салаларда өз құзыреті шегінде лицензиялауды немесе рұқсат беру рәсімдерін жүзеге асырады;
Тармақша 17
17) реттелетін салаларды рұқсат беру бақылауын жүзеге асырады;
Тармақша 18
18) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінде айқындалған тәртіппен белгіленген құзырет шеңберінде тиісті техникалық регламенттер талаптарының сақталуын мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;
Тармақша 19
19) құзыреті шегінде ғылым мен инновациялардың дамуын қамтамасыз етеді;
Тармақша 20
20) ғылыми-техникалық кеңесті құрады және оның ережесін бекітеді;
Тармақша 21
21) Абай облысының Курчатов қаласында «Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының базасында Ғылыми қалашық, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарында көзделген өзге де ғылыми орталықтар мен кластерлер құруға қатысады;
Тармақша 22
22) университеттер, институттар және колледждер базасында реттелетін салаларда білім беру бағдарламаларын дамытуға қатысады, сондай-ақ құзыреті шегінде іргелі және ғылыми-қолданбалы зерттеулерді қолдауды жүзеге асырады;
Тармақша 23
23) кәсіптік біліктіліктер жөніндегі салалық кеңеспен және кәсіптік сыныптамаларды тану саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша кәсіптік стандарттарды бекітеді;
Тармақша 24
24) реттелетін салаларда кадрларға қажеттілікті айқындайды;
Тармақша 25
25) реттелетін салаларда қазақстандық қамтуды дамытуға қатысады;
Тармақша 26
26) уран өндіру саласындағы, жобалау, құрылыс, жабдықтың пайдалану және техникалық-экономикалық сипаттамалары салаларындағы нормативтік-техникалық құжаттарды әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 27
27) жер қойнауын пайдаланушылардың және олардың мердігерлерінің уран өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 28
28) уран өндіруге қатысты электрондық сатып алу жүйелерінің жұмыстарын жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер және оларды өндірушілер тізілімінің жұмысымен үндестіру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 29
29) уран өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде жер қойнауын пайдаланушылардың тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу тәртібін сақтауын мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
Тармақша 30
30) келісімшарттар талаптарының сақталуын бақылауды жүзеге асыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 31
31) Қазақстан Республикасының уран кен орындарын игеру жөніндегі орталық комиссиясы туралы, оның қызметін ұйымдастыруды, құрамын, жұмыс регламентін және іс қағаздарын жүргізуді айқындайтын ережені әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 32
32) уран өндіру бөлігінде жер қойнауын пайдалану мәселелері жөніндегі сараптама комиссиясы туралы ережені әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 33
33) уран өндіру бөлігінде жер қойнауын пайдалану мәселелері жөніндегі сараптама комиссиясының құрамын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 34
34) тәжірибелік-өнеркәсіптік өндіруді және уран өндіруді жүргізу кезінде есептер нысандары мен оларды ұсыну қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 35
35) уран өндіруге арналған үлгілік келісімшартты әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 36
36) уран өндіру бойынша жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
Тармақша 37
37) уран саласындағы ұлттық компаниямен тікелей келіссөздер жүргізу жөніндегі жұмыс тобы туралы ережені әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 38
38) уран өндіру саласындағы жер қойнауын пайдаланушылардың Қазақстан Республикасының азаматтарын оқыту бойынша келісімшарттық міндеттемелерін есептеу әдістемесін әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 39
39) білім беру саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп өткен жылдың қорытындылары бойынша уран өндіру кезеңінде жер қойнауын пайдаланушы өндіруге жұмсаған шығындардың бір пайызы мөлшерінде қазақстандық кадрларды оқытуды қаржыландыруды жүзеге асыру тәртібін айқындайды;
Тармақша 40
40) ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп өткен жылдың қорытындылары бойынша уран өндіру кезеңінде жер қойнауын пайдаланушы өндіруге жұмсаған шығындардың бір пайызы мөлшерінде уран өндіру саласындағы цифландыру жобаларын қаржыландыруды жүзеге асыру тәртібін айқындайды;
Тармақша 41
41) ғылым саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп өткен жылдың қорытындылары бойынша уран өндіру кезеңінде жер қойнауын пайдаланушы өндіруге жұмсаған шығындардың бір пайызы мөлшерінде ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және (немесе) тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды қаржыландыруды жүзеге асыру тәртібін айқындайды;
Тармақша 42
42) басым тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер тізбесін әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 43
43) аукционды өткізу және оның қорытындылары бойынша уранды барлауға лицензия беру тәртібін айқындайды;
Тармақша 44
44) уранды барлауға лицензия береді;
Тармақша 45
45) уранды барлауға лицензиялар беруге өтініштерді беру және қарау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 46
46) уранды барлауға және өндіруге немесе өндіруге арналған лицензияларды, келісімшарттарды жасасады, мемлекеттік тіркеуді және сақтауды жүзеге асырады;
Тармақша 47
47) уранды барлау және өндіру үшін жер қойнауын пайдалану құқығын береді және тоқтатады, мерзімінен бұрын тоқтатады;
Тармақша 48
48) мемлекеттік жер қойнауы қорын басқару бағдарламаларын келіседі;
Тармақша 49
49) жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша уран бойынша жер қойнауының стратегиялық учаскелерінің тізбесін әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 49-1
49-1) жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша уран бойынша жер қойнауының стратегиялық учаскелерінің тізбесін жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 50
50) уран өндіру бойынша келісімшарттың қолданысы мерзімінен бұрын тоқтатылған жағдайда, уран саласындағы ұлттық компаниямен келісімшарттық аумақты сенімгерлік басқару шартын жасасады;
Тармақша 51
51) уран саласындағы ұлттық компания мен құзыретті орган арасындағы тікелей келіссөздер қорытындылары бойынша немесе Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес жасалған келісімшарттар бойынша жобаларды бірлесіп іске асыру үшін стратегиялық әріптесті келіседі;
Тармақша 52
52) уран өндіру саласындағы банктік салымның кепіл шартын жасасу тәртібін және оның үлгілік нысанын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 53
53) жер қойнауын пайдаланушылардың уран өндіру бөлігінде жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт бойынша міндеттемелерді орындауын мониторингтеуді жүзеге асырады;
Тармақша 54
54) жер қойнауын пайдаланушылардың уран өндіру саласындағы жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттардың талаптарын сақтауын бақылауды жүзеге асырады;
Тармақша 55
55) жер қойнауын пайдаланушылардың уран өндіру саласындағы жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт (лицензия) бойынша міндеттемелерді орындауын мониторингтеу тәртібін айқындайды;
Тармақша 56
56) жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт, уранды барлауға арналған лицензия және өндіруге арналған лицензия, жер қойнауы кеңістігін пайдалануға арналған лицензия негізінде туындаған жер қойнауын пайдалану құқығының (жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлестің) ауысуына, сондай-ақ жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілердің ауысуына рұқсат береді;
Тармақша 57
57) жер қойнауын пайдалану мәселелері жөніндегі сараптама комиссиясының ұсыныстары негізінде жер қойнауын пайдалану құқығын (жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлесті) және (немесе) уран өндіру саласындағы жер қойнауын пайдалану құқығына байланысты объектілерді иеліктен шығаруға рұқсат береді;
Тармақша 58
58) Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен және жер қойнауын пайдаланушылармен уран өндіру саласындағы кәсіпкерлікті ынталандыру туралы келісімдер жасасады;
Тармақша 59
59) көмірсутектер және қатты пайдалы қазбалар саласындағы уәкілетті органдармен бірлесіп, кәсіпкерлікті ынталандыру туралы келісімді жасасу, оған өзгерістер, толықтырулар енгізу және бұзу, сондай-ақ олардың орындалуын мониторингтеу қағидаларын, кәсіпкерлікті ынталандыру туралы келісімнің үлгілік нысанын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 60
60) жер қойнауын пайдаланушылардың электрондық сатып алу жүйелеріне қолжетімділікті қамтамасыз ету арқылы ұсынатын мәліметтері негізінде Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен және көмірсутектер және қатты пайдалы қазбалар саласындағы уәкілетті органдармен бірлесіп кәсіпкерлікті ынталандыру туралы келісімдер шарттарының орындалуына мониторингті жүзеге асырады;
Тармақша 61
61) уран өндіру саласындағы жер қойнауын пайдаланушылардың қазақстандық өндірушілерден тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу, қазақстандық кадрларды тарту, қазақстандық кадрларды оқыту, ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және (немесе) тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды қаржыландыру, сондай-ақ жер қойнауын пайдаланушылар мен олардың мердігерлерінің уран өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуы бойынша міндеттемелерді орындауын мониторингтеуді жүзеге асырады;
Тармақша 62
62) уран өндіру бойынша операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің және оларды өндірушілердің тізілімін, осы тізілімге енгізу үшін оларды бағалау өлшемшарттарын қоса алғанда, қалыптастыруды және жүргізуді жүзеге асырады;
Тармақша 63
63) уран өндіру саласындағы жер қойнауын ұтымды және кешенді пайдалану жөніндегі бірыңғай қағидаларды әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 64
64) уран өндіру кезінде жер қойнауын ұтымды және кешенді пайдалану жөніндегі талаптарды бұзу салдарынан келтірілген залалдың мөлшерін айқындау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 65
65) уран өндіру кезінде жер қойнауын ұтымды және кешенді пайдалану жөніндегі талаптарды бұзу салдарынан келтірілген залалдың мөлшерін айқындайды;
Тармақша 66
66) көмірсутектер және қатты пайдалы қазбалар саласындағы уәкілетті органдармен бірлесіп, жер қойнауы ресурстарына залалды экономикалық бағалау әдістемесін әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 67
67) уран өндіруді жүргізу кезінде консервациялау және жою қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 68
68) уран кен орындарын барлау жөніндегі ең төменгі талаптарды әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 69
69) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп, уранды барлау жоспарын жасау жөніндегі нұсқаулықты әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 70
70) өтініш берушіге уранды барлау жөніндегі операциялардың салдарын жою жөніндегі міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз етуді ұсыну қажеттілігі туралы хабарлама жібереді;
Тармақша 71
71) уран өндіру саласындағы жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялардың салдарын жою бойынша мемлекеттік орган қабылдаған міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз етуді ұсыну және есепке алу тәртібін айқындайды;
Тармақша 72
72) тәуелсіз сарапшыларды тарту және біліктілік тұрғысынан іріктеу, сондай-ақ уран өндіру саласындағы тәуелсіз сараптамаға ақы төлеу тәртібін айқындайды;
Тармақша 73
73) уран өндіру бойынша операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің және оларды өндірушілердің тізілімін қалыптастыру және жүргізу қағидаларын тізілімге енгізу үшін оларды бағалау өлшемшарттарын қоса алғанда, әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 74
74) уран өндіру саласындағы жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша келіссөздер жүргізу жөніндегі жұмыс тобы туралы ережелерді әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 75
75) уран өндіру саласындағы жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша келіссөздер жүргізу жөніндегі жұмыс тобының құрамын бекітеді;
Тармақша 76
76) уран өндіруге арналған келісімшарттың жұмыс бағдарламасының мазмұны мен нысанын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 77
77) уранды барлау мен өндіру бойынша жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды реттейді;
Тармақша 78
78) уран өндіру жөніндегі жобалау құжаттары ережелерінің сақталуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
Тармақша 79
79) уранды барлау мен өндіру кезінде жер қойнауының ұтымды және кешенді пайдаланылуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
Тармақша 80
80) уран өндіруге жасалған келісімшарттардың және уранды барлауға берілген лицензиялардың тізілімін жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 81
81) басым құқықты іске асыру туралы мәселені қарау және ол бойынша шешім қабылдау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 82
82) уранды барлау мен өндіру жөніндегі операциялардың жүргізілуіне мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
Тармақша 83
83) уран өндіру саласындағы жер қойнауын пайдаланушының үстінен бақылауды өзгерту туралы хабарлама нысандарын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 84
84) ақпараттық жүйелерді пайдалана отырып хабарлау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 85
85) Үкіметке ядролық қондырғылар мен көму пункттері құрылысының ауданы, құрылысы және құрылысын тоқтату туралы ұсыныс енгізеді;
Тармақша 86
86) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен атом электр станцияларын, ілеспе инфрақұрылымды, қауіпсіздік жүйелерін салу, ғылыми-зерттеу жұмыстары жобалары, кадрлар және қоршаған ортаны қорғау жүйелерін даярлау бойынша тікелей келіссөздер жүргізеді;
Тармақша 87
87) атом электр станциялары мен ілеспе инфрақұрылым салу жобаларын іске асырады;
Тармақша 88
88) атом энергиясын пайдалану саласында мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асырады;
Тармақша 89
89) атом энергиясын пайдалану объектілерінің ядролық, ядролық физикалық және радиациялық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
Тармақша 90
90) өз құзыреті шегінде қоршаған ортаны қорғау, су қорын ұтымды пайдалану және қорғау жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыруға қатысады, оның ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес су объектілерін қорғау, олардың ластануын, қоқыстануын және сарқылуын болғызбау жөнінде, сондай-ақ аталған құбылыстардың салдарын жою жөнінде шаралар қабылдайды;
Тармақша 91
91) өз құзыреті шегінде пайдаланылған отынмен немесе радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеуді мемлекеттік реттеуді жүзеге асырады;
Тармақша 92
92) радиоактивті қалдықтар мен пайдаланылған ядролық отынды сақтауды, қайта өңдеуді, кәдеге жаратуды және көмуді ұйымдастыруды қамтамасыз етеді;
Тармақша 93
93) ядролық материалдар мен ядролық қондырғыларды физикалық қорғау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 94
94) иондаушы сәулелену көздері мен сақтау пункттерін физикалық қорғау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 95
95) ядролық қауіпсіздік және (немесе) радиациялық қауіпсіздік және (немесе) ядролық физикалық қауіпсіздік сараптамасын жүзеге асыратын ұйымдарды аккредиттеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 96
96) ядролық материалдарды мемлекеттік есепке алу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 97
97) иондаушы сәулелену көздерін мемлекеттік есепке алу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 98
98) радионуклидті көздермен жұмыс істеу кезінде қауіпсіздік қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 99
99) ядролық материалдарды, радиоактивті заттар мен радиоактивті қалдықтарды тасымалдау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 100
100) атом энергиясын пайдалану объектілерінде жұмыс істейтін персоналдың біліктілігін арттыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 101
101) атом энергиясын пайдалану объектілерінде жұмыс істейтін персоналды аттестаттау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 102
102) атом электр станциялары мен ілеспе инфрақұрылымды жобалау және салу кезінде тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 103
103) көліктік буып-түю жиынтықтарының конструкцияларын бекіту тәртібін айқындайды және көліктік буып-түю жиынтықтарының конструкцияларын бекітеді, сондай-ақ оларға Қазақстан Республикасының аумағында басқа елдердің уәкілетті органдары бекіткен сертификат-рұқсаттардың күшін қолданады;
Тармақша 104
104) радиоактивті қалдықтар мен пайдаланылған ядролық отынды жинауды, сақтауды және көмуді ұйымдастыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 105
105) радиоактивті қалдықтарға арналған нормативтерді белгілейді;
Тармақша 106
106) атом энергиясы пайдаланылатын объектілерде жұмыс істейтін персоналға қойылатын біліктілік талаптарын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 107
107) иондаушы сәулелену көздерінің болуы, орналасқан жері және орын ауыстыруы туралы алынған ақпаратты талдауды және салыстырып тексеруді жүзеге асырады және оны иондаушы сәулелену көздерінің тізіліміне енгізеді;
Тармақша 108
108) «Атом энергиясын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 21-бабының 3-тармағына сәйкес атом энергиясы пайдаланылатын объектілерде жұмыс істейтін персоналды аттестаттауды жүргізеді;
Тармақша 109
109) ядролық қауіпсіздік және (немесе) радиациялық қауіпсіздік және (немесе) ядролық физикалық қауіпсіздік сараптамасын жүзеге асыратын ұйымдарды аккредиттеуді жүргізеді;
Тармақша 110
110) ядролық қауіпсіздік және (немесе) радиациялық қауіпсіздік және (немесе) ядролық физикалық қауіпсіздік сараптамасын жүзеге асыратын аккредиттелген ұйымдардың тізілімін жүргізеді және оны Агенттіктің интернет-ресурсында орналастырады;
Тармақша 111
111) ядролық физикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жоспарына түзетулерді қарайды және келіседі;
Тармақша 112
112) пайдаланушы ұйымның оқиғаның, оның мән-жайлары мен салдары, сондай-ақ қабылданған немесе қабылданатын түзету шаралары туралы және рұқсатсыз кіруге әрекетке немесе нақты кіруге, рұқсатсыз алуға немесе диверсияға байланысты оқиғаның себептері туралы есебін қарайды;
Тармақша 113
113) пайдаланушы ұйымнан иондаушы сәулелену көздерін және сақтау пункттерін физикалық қорғауды қамтамасыз етудің жай-күйі туралы ақпарат алады;
Тармақша 114
114) ядролық материалдарды тасымалдаудың арнайы шарттарын келіседі;
Тармақша 115
115) радиоактивті заттарды және (немесе) радиоактивті қалдықтарды тасымалдаудың арнайы шарттарын келіседі;
Тармақша 116
116) Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттікке Қазақстан Республикасының халықаралық міндеттемелеріне сәйкес ядролық материалдар мен уран өнімі туралы дерекқорда қамтылған мәліметтерді ұсынады;
Тармақша 117
117) жеке және заңды тұлғалар алдын ала хабарламаларда, хабарламалар мен есептерде ұсынатын уран өнімі мен ядролық материалдардың болуы, орын ауыстыруы және орналасқан жері туралы деректерді алдыңғы деректермен салыстырып тексеруді жүргізеді;
Тармақша 118
118) жеке және заңды тұлғалар алдын ала хабарламаларда, хабарламаларда және есептерде ұсынатын уран өнімі мен ядролық материалдардың болуы, орын ауыстыруы және орналасқан жері туралы, жеке немесе заңды тұлғаның тіркеу деректері, атом энергиясын пайдалану саласындағы тиісті қызмет түріне лицензияның болуы, экспортқа немесе импортқа лицензияның болуы туралы ақпаратқа тексеру жүргізеді;
Тармақша 119
119) атом энергиясын пайдалану объектілерінде жұмыс істейтін персоналды аттестаттаудан өткізу үшін тест сұрақтарының тізбесін әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 120
120) пайдаланушы ұйым ұсынатын жергілікті жобалық қауіп-қатерді келіседі;
Тармақша 121
121) радиациялық қауіпсіздікті бағалауды жүзеге асырады;
Тармақша 122
122) радиациялық қауіпсіздікті бағалау нәтижелерін талдайды және бекітеді;
Тармақша 123
123) пайдаланушы ұйым белгілеген ықтимал радиациялық қауіптілік санатын және радиациялық объектінің қауіпсіздігін келіседі;
Тармақша 124
124) техникалық регламенттер талаптарына немесе халықаралық талаптарға немесе олар шығарылған елде бекітілген талаптарға сәйкес келетін ядролық қондырғылардың конструкциялары, жүйелері мен элементтері үшін қолданылатын инженерлік-техникалық нормалар мен қағидалардың тізбесін келіседі;
Тармақша 125
125) қауіпсіздікті талдау жөніндегі алдын ала есепті қарау нәтижелері бойынша қорытынды береді;
Тармақша 126
126) қауіпсіздікті талдау жөніндегі есептің құрамы мен мазмұнын белгілейді;
Тармақша 127
127) ядролық қондырғыларды пайдаланудың технологиялық регламентін келіседі;
Тармақша 128
128) техникалық регламенттердің талаптары қолданылатын жабдықтар мен құбырларды қоса алғанда, ядролық, радиациялық және электрофизикалық қондырғылардың қауіпсіздігіне әсер ететін жүйелер мен элементтерді тіркеуді жүзеге асырады, сондай-ақ тіркеуден алады;
Тармақша 129
129) ядролық қондырғының жобалау пайдалану құжаттамасын және оған ядролық, радиациялық немесе ядролық физикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қатысты кез келген өзгерістерді, сондай-ақ ядролық қондырғыларды орналастыру алаңдарын таңдауды негіздейтін материалдарды келіседі;
Тармақша 130
130) ядролық қондырғыны физикалық іске қосу процесінде эксперименттер жүргізу әдістемесін келіседі;
Тармақша 131
131) ядролық қондырғыны физикалық іске қосу бағдарламасын келіседі;
Тармақша 132
132) ядролық қондырғы әкімшілігі әзірлеген энергетикалық іске қосу бағдарламаларын келіседі;
Тармақша 133
133) пайдаланушы ұйым дайындаған белгіленген нысандағы ядролық қондырғыға паспортты бекітеді;
Тармақша 134
134) бекітілген жобалау құжаттамасынан ауытқуды, атом электр станциясының қауіпсіздігіне әсер ететін құрамның, конструкцияның және (немесе) сипаттамалар мен жүйелердің өзгеруін, сондай-ақ техникалық шешімдермен ресімделген, атом электр станциясының жобасында белгіленген пайдалану шектері мен шарттарының өзгеруін келіседі;
Тармақша 135
135) арнайы қабылдап алуға жататын жабдық пен құбырларға конструкторлық құжаттаманы (және оған барлық өзгерістерді) келіседі;
Тармақша 136
136) әзірлеуші кәсіпорын белгілеген жабдыққа паспорттардың және өзге де куәліктердің нысандарын келіседі;
Тармақша 137
137) қолданыстағы жабдықтар мен құбырларда пайдаланудың технологиялық регламентінде көзделмеген әртүрлі зерттеулер мен эксперименттер жүргізуді келіседі;
Тармақша 138
138) атом электр станциясының әкімшілігі бекіткен атом электр станциясының жүйелерін, жабдықтары мен құбырларын пайдалану жөніндегі жөндеу мерзімдерін ауыстыруды және жұмыстар көлемін азайтуды келіседі;
Тармақша 139
139) жабдықтар мен құбырларды жұмыс параметрлеріне шығарумен байланысты іске қосу-жөндеу жұмыстарын жүргізуге және жұмыс параметрлері кезінде атом электр станциялары жүйелерін пайдалануға рұқсат береді;
Тармақша 140
140) атом электр станциялары жабдығының белгіленген жұмыс параметрлерін өзгерту туралы техникалық шешімдерді келіседі;
Тармақша 141
141) отынды және атом электр станциялары белсенді аймағының құрамдастарын сынақтан өткізу бағдарламаларын келіседі;
Тармақша 142
142) ядролық, радиациялық және электрофизикалық қондырғылардың қауіпсіздігі үшін сапаны қамтамасыз ету бағдарламаларының үлгілік мазмұнын және оны бекіту тәртібін айқындайды;
Тармақша 143
143) радиациялық қауіпсіздікке, ядролық материалдар мен иондаушы сәулелену көздерін физикалық қорғауға және аварияға қарсы жоспарлауға, есепке алу мен бақылауға қатысты нормалар мен қағидаларды әзірлейді және келіседі;
Тармақша 144
144) ядролық және радиациялық қондырғыларды пайдаланудан шығару қағидаларын бекітеді;
Тармақша 145
145) Қазақстан Республикасының аумағында Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің инспекцияларын ұйымдастыру тәртібін әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 146
146) ядролық және радиациялық аварияларға ден қоюдың ұлттық жоспарын әзірлейді;
Тармақша 147
147) ядролық қондырғыларды және көму пункттерін орналастыру алаңын таңдау қағидаларын әзірлейді;
Тармақша 148
148) ядролық қауіпсіздікке және (немесе) радиациялық қауіпсіздікке және (немесе) ядролық физикалық қауіпсіздікке сараптама жүргізу қағидаларын бекітеді;
Тармақша 149
149) Қазақстан Республикасының Үкіметіне халықтың және (немесе) қоршаған ортаның қауіпсіздігіне қатер төнген жағдайда ядролық қондырғыларды пайдаланудан мерзімінен бұрын шығару немесе көму пунктерін жабу туралы ұсыныс енгізеді;
Тармақша 150
150) Ядролық және радиациялық аварияларға ден қоюдың ұлттық жоспарын енгізу туралы шешім қабылдайды;
Тармақша 151
151) ядролық материалдарды, иондаушы сәулелену көздерін мемлекеттік есепке қою немесе мемлекеттік есептен шығару туралы шешім қабылдайды;
Тармақша 152
152) өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органның ядролық және арнайы ядролық емес материалдардың, жабдықтардың, қондырғылардың, технологиялардың, иондаушы сәулелену көздерінің, қосарлы қолданылатын (мақсаттағы) жабдықтар мен тиісті тауарлардың және технологиялардың, оларды шығаруға байланысты жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің экспортына және импортына лицензия беруін келіседі;
Тармақша 153
153) атом энергиясын пайдалану саласында тергеп-тексеру жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 154
154) бұзылуы жедел ден қою шараларын қолдануға алып келетін талаптардың тізбесін айқындайды, сондай-ақ талаптарды нақты бұзушылықтарға қатысты жедел ден қою шарасының нақты түрін осы шараның қолданылу мерзімін (қажет болған кезде) көрсете отырып айқындайды;
Тармақша 155
155) Қазақстан Республикасының атом энергиясын пайдалану саласындағы заңнамасының талаптарын бұзушылықтарға қатысты жедел ден қою шараларын қолданады;
Тармақша 156
156) ядролық қондырғылардың, радиациялық көздердің, радиоактивті материалдарды сақтау пункттерінің терроризмге қарсы қорғалуының жай-күйін, ядролық материалдарды, радиоактивті заттарды, радиоактивті қалдықтарды бірыңғай мемлекеттік есепке алу мен бақылау жүйелерін бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады, өндірістік объектілердің терроризмге қарсы қорғалуының жай-күйін мониторингтеуді ұйымдастыруға қатысады;
Тармақша 157
157) радиациялық қауіпсіздік нормалары мен қағидаларының, лицензиялар шарттарының сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
Тармақша 158
158) халықтың радиациялық қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету саласындағы бақылауды жүзеге асырады;
Тармақша 159
159) атом энергиясын пайдалану саласында өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылауды жүзеге асырады;
Тармақша 160
160) өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруға қатысады;
Тармақша 161
161) «Өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау туралы» Қазақстан Республикасының Заңында және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құзыреті шегінде өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылауды жүзеге асырады;
Тармақша 162
162) ядролық материалдар мен иондаушы сәулелену көздерінің мемлекеттік есебін жүргізеді;
Тармақша 163
163) атом энергиясын пайдалану саласындағы қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар үшін атом энергиясын пайдалану объектісінің Қазақстан Республикасының атом энергиясын пайдалану саласындағы заңнамасында белгіленген ядролық, радиациялық және ядролық физикалық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігін растау әдістері мен тәсілдеріне қатысты әдістемелік ұсынымдарды әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 164
164) атом энергиясын пайдалану және радиациялық қауіпсіздік саласындағы ведомстволық бағынысты ұйымдардың қызметін үйлестіреді;
Тармақша 165
165) ядролық, радиациялық және ядролық физикалық қауіпсіздік, ядролық қаруды таратпау режимін қамтамасыз ету және ядролық сынақтарды мониторингтеу бойынша зерттеулерді ұйымдастырады;
Тармақша 166
166) атом энергиясын пайдалану саласында лицензиялануға жататын ядролық материалдар, радиоактивті заттар және электрофизикалық қондырғылар үшін алып қою деңгейлерін белгілейді;
Тармақша 167
167) ядролық мұра объектілерін консервациялауды және жоюды жүзеге асырады;
Тармақша 168
168) Семей ядролық қауіпсіздік аймағын құру және оның жұмыс істеуі саласындағы қызметті салааралық үйлестіруді жүзеге асырады;
Тармақша 169
169) ядролық қару сынақтары жүргізілген аумақтарға кешенді экологиялық зерттеп-қарау жүргізуді ұйымдастыруды жүзеге асырады;
Тармақша 170
170) Семей ядролық қауіпсіздік аймағы жер учаскелерінің шекаралары мен аудандарын белгілеуді және оларды өзгертуді негіздейтін кешенді экологиялық зерттеп-қарау материалдарын келіседі;
Тармақша 171
171) босалқы жерлерді ядролық қауіпсіздік аймағының жерлеріне ауыстыру қағидаларын әзірлейді және Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге ұсынады;
Тармақша 172
172) Қазақстан Республикасының Үкіметіне Семей ядролық қауіпсіздік аймағын құру, оның жер учаскелерінің шекаралары мен алаңдарын белгілеу және өзгерту, босалқы жерлерді ядролық қауіпсіздік аймағының жерлеріне ауыстыру туралы ұсыныс енгізеді;
Тармақша 173
173) Қазақстан Республикасының Үкіметіне Семей ядролық қауіпсіздік аймағының жұмыс істеуін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті ұйымды айқындау туралы ұсыныс енгізеді;
Тармақша 174
174) Семей ядролық қауіпсіздік аймағының жұмыс істеуін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті ұйымның Семей ядролық қауіпсіздік аймағы жер учаскелерінің шекаралары мен алаңдарын өзгерту туралы ұсыныстарын келіседі;
Тармақша 175
175) Семей ядролық қауіпсіздік аймағы аумағының паспортын әзірлеу және тіркеу (қайта тіркеу) қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 176
176) Семей ядролық қауіпсіздік аймағы аумағының паспортын тіркеуді (қайта тіркеуді) жүзеге асырады;
Тармақша 177
177) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша ядролық қару сынақтары жүргізілген аумақтарға кешенді экологиялық зерттеп-қарау жүргізу әдістемесін әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 178
178) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша ядролық қару сынақтарының салдарынан нормативтен артық радиоактивті ластануға ұшыраған бұрынғы Семей ядролық сынақ полигонына іргелес аумақтарда кешенді экологиялық зерттеп-қарауды жүргізу әдістемесін әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 179
179) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша Семей ядролық қауіпсіздік аймағында атмосфералық ауаның, жерасты және жерүсті суларының, топырақ пен өсімдіктердің радиоактивті ластану деңгейіне тұрақты мониторинг жүргізу, сондай-ақ радионуклидтердің таралу параметрлерін айқындау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 180
180) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құзыреті шегінде терроризмге қарсы іс-қимылды жүзеге асырады;
Тармақша 181
181) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік, мемлекеттік құпияларды қорғау, азаматтық қорғау, жұмылдыру дайындығы және жұмылдыру саласындағы заңдары мен өзге де нормативтік құқықтық актілерінің сақталуын қамтамасыз етеді;
Тармақша 182
182) өз құзыреті шегінде жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру жөніндегі іс-шаралар кешенінің орындалуын қамтамасыз етеді;
Тармақша 183
183) өз құзыреті шегінде азаматтық қорғау іс-шараларын жүзеге асыруды қамтамасыз етеді;
Тармақша 184
184) төтенше жағдайлардың туындауының алдын алу және оларды жою, олар туындаған жағдайда залал мен ысырап мөлшерін азайту, сондай-ақ төтенше жағдайларда объектілердің жұмыс істеуінің орнықтылығы мен қауіпсіздігін арттыру жөнінде жедел шаралар қабылдайды;
Тармақша 185
185) ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды жоспарлау және өткізу бойынша ведомстволық бағынысты ұйымдардың қызметіне басшылықты жүзеге асырады;
Тармақша 186
186) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президенті мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде, өзге де заңға тәуелді актілерде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Тарау 3. 3-тарау. Агенттік төрағасының мәртебесі, өкілеттіктері
3-тарау. Агенттік төрағасының мәртебесі, өкілеттіктері
Тармақ 16
16. Агенттікті басқаруды Агенттіктің төрағасы жүзеге асырады, ол Агенттікке жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.
Тармақ 17
17. Агенттіктің төрағасы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.
Тармақ 18
18. Агенттік төрағасының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын төрт орынбасары болады.
Тармақ 19
19. Агенттік төрағасының өкілеттіктері:
Тармақша 1
1) Агенттіктің қызметіне басшылықты, ведомствоның қызметін бақылауды және үйлестіруді жүзеге асырады;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Агенттік аппаратының басшысын лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;
Тармақша 2-1
2-1) Агенттік ведомствосының басшысын лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тәртіптік жаза қолданады және Агенттіктің және оның ведомствосының жұмыскерлерін (қызметкерлерін) көтермелеу мәселелерін, оның құзыретіне жатқызылған еңбек қатынастарының мәселелерін шешеді;
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасының Президентіне Агенттіктің, оның ведомствосы мен ведомстволық бағынысты ұйымдарының жұмыскерлерін және өзге де адамдарды мемлекеттік наградалармен наградтау және оларға Қазақстан Республикасының құрметті атақтарын беру туралы ұсынулар енгізеді;
Тармақша 5
5) Агенттіктің құқықтық актілеріне қол қояды, қарамағындағы жұмыскерлерге нұсқаулар мен тапсырмалар береді, Агенттіктің құзыретіне жатқызылған мемлекеттік функцияларды жүзеге асыру бойынша өзге де ұйымдастырушылық-өкімдік шаралар қабылдайды;
Тармақша 6
6) Агенттіктің ведомствосы туралы ережені бекітеді;
Тармақша 7
7) Қазақстан Республикасының Президенті бекіткен жалпы штат санының лимиті шегінде Агенттік ведомствосының құрылымын бекітеді;
Тармақша 8
8) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік органдармен және өзге де ұйымдармен қатынастарда Агенттіктің атынан өкілдік етеді;
Тармақша 9
9) Агенттік жанынан консультативтік-кеңесші органдар мен сараптама комиссияларын құрады;
Тармақша 10
10) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады;
Тармақша 11
11) Агенттік төрағасы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін орындауды оны алмастыратын адам Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырады.
Тармақ 20
20. Агенттік төрағасы өз орынбасарларының өкілеттіктерін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айқындайды.
Тармақ 21
21. Агенттіктің аппаратын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын аппарат басшысы басқарады.
Тарау 4. 4-тарау. Агенттіктің мүлкі
4-тарау. Агенттіктің мүлкі
Тармақ 22
22. Агенттіктің Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
Агенттіктің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
Тармақ 23
23. Агенттікке бекітіп берілген мүлік республикалық меншікке жатады.
Тармақ 24
24. Егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, Агенттік өзіне бекітіп берілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқылы емес.
Тарау 5. 5-тарау. Агенттікті қайта ұйымдастыру және тарату
5-тарау. Агенттікті қайта ұйымдастыру және тарату
Тармақ 25
25. Агенттікті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Агенттіктің қарамағындағы ұйымдардың тізбесі
Тармақ 1
1. «Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.
Тармақ 2
2. «Ядролық физика институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.
Тармақ 3
3. «Қазақстандық атом электр станциялары» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.
Агенттіктің қарамағындағы аумақтық органдардың және оның ведомствосының аумақтық бөлімшелерінің тізбесі
Тармақ 1
1. «Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігі Атомдық қадағалау және бақылау комитетінің Батыс өңіраралық инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесі.
Тармақ 2
2. «Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігі Атомдық қадағалау және бақылау комитетінің Оңтүстік өңіраралық инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесі.
Тармақ 3. Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің
ҚҰРЫЛЫМЫ
3. «Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігі Атомдық қадағалау және бақылау комитетінің Шығыс өңіраралық инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесі.
__________________________
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2025 жылғы 28 сәуірдегі
№ 861 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН
Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің
ҚҰРЫЛЫМЫ
Басшылық
Төраға хатшылығы
Ядролық энергетика департаменті
Атом өнеркәсібі және жер қойнауын пайдалану департаменті
Ғылым және инновациялар департаменті
Радиоактивті қалдықтар және қоршаған ортаны қорғау департаменті
Халықаралық ынтымақтастық департаменті
Стратегиялық жоспарлау департаменті
Қазақстандық қамту департаменті
Заң қызметі департаменті
Персоналды дамыту және кадрлар даярлау департаменті
Әкімшілік жұмыс және цифрландыру департаменті
Бюджет және қаржылық рәсімдер департаменті
Қауіпсіздік департаменті
Ішкі аудит басқармасы
Жұртшылықпен байланыс басқармасы
Әдеп жөніндегі уәкіл
Мемлекеттік құпияларды қорғау басқармасы
________________________
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2025 жылғы 28 сәуірдегі
№ 861 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН
Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне енгізілетін
ӨЗГЕРІСТЕР МЕН ТОЛЫҚТЫРУЛАР
Тармақ 1
1. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары жүйесін одан әрі оңтайландыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 22 қаңтардағы № 29 Жарлығында:
жоғарыда аталған Жарлыққа 1-қосымша мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
«
Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігі
120
».
Тармақ 2
2. «Мемлекеттік органдардың мәліметтерді Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларына жатқызу жөніндегі өкілеттіктер берілген лауазымды тұлғаларының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 13 сәуір № 371 Жарлығында:
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Мемлекеттік органдардың мәліметтерді Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларына жатқызу жөніндегі өкілеттіктер берілген лауазымды тұлғаларының тізбесінде:
3-тармақ мынадай мазмұндағы 6-1) тармақшамен толықтырылсын:
«6-1) Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің төрағасы – «Мемлекеттік құпиялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 7), 9), 12), 13), 19), 20) тармақшалары, 12-бабының 1), 2), 11), 12), 14), 20), 21), 24), 28), 29), 30), 35) тармақшалары, 13-бабының 1), 2), 3), 4), 6), 7), 8) тармақшалары, 14-бабының 16), 17), 19) тармақшалары;».
Тармақ 3
3. «Шетелде кадрлар даярлау жөнiндегi республикалық комиссия туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 12 қазандағы № 470 Жарлығында:
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Шетелде кадрлар даярлау жөнiндегi республикалық комиссияның құрамы «Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) төрағасы» деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
«Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің төрағасы».
Тармақ 4
4. «Орталық мемлекеттік органдар мен облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 954 Жарлығында:
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қызметінің тиімділігіне бағалау жүргізілетін орталық мемлекеттік органдардың тізбесі «Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі «Мемлекеттік органның жеке және заңды тұлғалармен өзара іс-қимылы» блогы бойынша» деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
«Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігі «Мақсаттарға қол жеткізу» блогы бойынша».
Тармақ 5
5. «Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Энергетикалық кеңес туралы» 2012 жылғы 14 наурыздағы № 285 Жарлығында:
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Энергетикалық кеңестің құрамы «Самұрық-Энерго» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісім бойынша)» деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
«Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің төрағасы».
Тармақ 6
6. «Қазақстан Республикасы Президентінің жанынан «Жасыл экономикаға» көшу жөніндегі кеңес құру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 26 мамырдағы № 823 Жарлығында:
жоғарыда аталған Жарлықпен құрылған Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы «Жасыл экономикаға» көшу жөніндегі кеңестің құрамы «Қазақстан Республикасының Экология жəне табиғи ресурстар вице-министрі, хатшы» деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
«Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің төрағасы».
Тармақ 7
7. «Мемлекеттік саяси және әкімшілік қызметшілер лауазымдарының тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 150 Жарлығында:
«Мемлекеттік әкімшілік лауазымдар» деген 2-тарауда:
«А» корпусы» деген бөлімде:
1-санатта:
«Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы, Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы, Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасы, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі, Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі, Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі аппараттарының басшылары» деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы, Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы, Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасы, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі, Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі, Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі, Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігі аппараттарының басшылары»;
«Б» корпусы» деген бөлімде:
В санаттарының тобында:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы Парламенті палаталарының аппараттары, Қазақстан Республикасы Үкіметінің Аппараты, Қазақстан Республикасының Сот әкімшілігі, Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының Аппараты, Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің аппараты, Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының аппараты, Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасы, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі, Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет), Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі, Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі, Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы, Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі, Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігі және оның ведомствосы, Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық»;
В-3 санатында:
«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі, Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет), Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігi, Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының, Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі басқармасының (қызметтің) басшысы» деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі, Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет), Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігi, Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының, Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі, Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігі және оның ведомствосы басқармасының (қызметтің) басшысы»;
«Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің баспасөз хатшысы» деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің, Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің баспасөз хатшысы»;
В-4 санатында:
«Қазақстан Республикасының Президенті Іс басқарушысының, Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасы, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі, Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет), Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі, Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағаларының көмекшісі, кеңесшісі» деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының Президенті Іс басқарушысының, Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасы, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі, Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет), Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі, Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі, Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігі төрағаларының көмекшісі, кеңесшісі».
Тармақ 8
8. «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын арнайы біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 151 Жарлығында:
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын арнайы біліктілік талаптарында 3-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы, Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы, Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасы, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі, Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі, Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі, Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігі аппараттарының басшылары, орталық атқарушы органдар аппараттарының басшылары, Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың басшысы;».
Тармақ 9
9. «Қазақстан Республикасы Президентінің жанынан Қазақстан Республикасында цифрландыруды енгізу мәселелері жөніндегі комиссия құру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 10 қаңтардағы № 621 Жарлығында:
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан Республикасында цифрландыруды енгізу мәселелері жөніндегі комиссияның құрамы «Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) төрағасы» деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
«Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің төрағасы».
Тармақ 10
10. «Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымымен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңес туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 12 ақпандағы № 266 өкімінде:
жоғарыда көрсетілген өкіммен бекітілген Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымымен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңестің лауазымдық құрамы «Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының орынбасары» деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
«Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігі төрағасының орынбасары».
____________________________