Кәсіпорындардың отелмеген төлемдерін өзара берешектерін азайту, оларды сауықтыру, тарату жөніндегі аудандық комиссия құру туралы Қолданыста
Басқа 0
Зайсан ауданы әкімдігінің 2004 жылғы 23 шілдедегі N 987 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2004 жылғы 12 тамызда N 1917 тіркелді Кәсіпорындардың отелмеген төлемдерін өзара берешектерін азайту, оларды сауықтыру, тарату жөніндегі аудандық комиссия құру туралы
Ауданның шаруашылық жүргізетін субъектілерінің қаржы-шаруашылык қызметін карау және қаржы-шаруашылық қаблетсіз кәсіпорындарды сауықтыру және тарату жөнінде шешімдер қабылдау, дебиторлық және кредиторлық, оның ішінде барлық деңгейдегі бюджеттер- бойынша, еңбекақы бойынша, зейнетақы қорына берешектерді азайту, берешектердің құрылымдарын қайта өзгерту. Сондай-ақ, олардың пайда болу себептерін жолдау үшін, олардың өтелуі жөніңде мәселелерді шүғыл шешу мақсатында Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-11 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31 бабындағы 1 тармағының 17 тармақшасына және Шығыс Қазақстан облысы әкімиятының 2003 жылғы 11 сәуірдегі, № 40 «Кәсіпорындардың өтелмеген төлемдерін, өзара берешектерін азайту, оларды сауықтыру, тарату жөнінде облыстық комиссия құру туралы» қаулысының 4-тармағын сәйкес Зайсан ауданы әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Шығыс Қазақстан облысы Әкімиятының 2003 жылғы 11-сәуірдегі № 40 «Кәсіпорындардың өтелмеген төлемдерін, өзара берешектерін азайту, оларды сауықтыру, тарату жөнінде облыстық комиссия құру туралы» қаулысы басшылыққа алынсын.
Тармақ 2
2. Аудан аумағындағы кәсіпорыпдардың өтелмегсн төлемдерін, өзара берешектерін азайту, оларды сауықтыру, тарату жөнінде аудандык комиссия құрамы (бұдан әрі комиссия) № 1 қосымшаға сәйкес құрылсын.
Тармақ 3
3. Кәсіпорындардың өтелмеген төлемдерін, өзара берешектерін азайту, оларды сауыктыру, тарату жөніндегі комиссия жұмысы туралы ереже» № 2 қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 4
4. Аудандық комиссия өз жұмыстарының нәтижсі жөнінде айына бір рет облыстық комиссияға ақпарат тапсырсын.
Тармақ 5
5. Зайсан ауданы әкімиятының 2004 жылғы 14 мамырдағы № 823 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 6
6. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Б.Қ.Қинашевқа жүктелсін.
Тармақ 7
7. Осы қаулы облыстық әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді.
Басқа 8. Аудан аумағындағы кәсіпорындардың өгелмеген төлемдерін, өзара берешектерін азайту, оларды сауықтыру, тарату жөнінде аудандык комиссия
Зайсан ауданы әкімиятының
2004 жылғы 23 шілдедегі № 987
қаулысына № 1 қосымша
Аудан аумағындағы кәсіпорындардың өгелмеген төлемдерін, өзара берешектерін азайту, оларды сауықтыру, тарату жөнінде аудандык комиссия
Аппарат басшысы
Б. Түстікбаев
Басқа 9. Аудан кәсіпорындардың өтелмеген төлемдерін, өзара берешектерін азайту, оларды сауықтыру, тарату жөнінде
комиссиянын жұмысы туралы
Зайсан ауданы әкімиятының
2004 жылғы 23 шілдедегі
№ 987 қаулысына № 2 қосымша
Аудан кәсіпорындардың өтелмеген төлемдерін, өзара берешектерін азайту, оларды сауықтыру, тарату жөнінде
комиссиянын жұмысы туралы
Е Р Е Ж Е
Тармақ 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Кәсіпорындрдың өтелмеген төлемдерін, өзара берешектерін азайту, оларды сауықтыру, тарату жөніндегі (бұдан әрі Комиссия) - аудан экономикасының нақты сапасын қаржылық сауықтыру, шағын кәсіпкерліктің салалық құрылымдарын дамыту және жетілдіруге қолайлы жағдайлар жасау мақсатында, сондай-ақ, “банкроттық туралы” Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 21-қаңтардағы № 67-1 Заңын, “Таратуға ұсынылған мемлекетік кәсіпорындарды, мемлекеттің катысуындағы шаруашылык серіктестіктерін іріктеудің тәртібі туралы” Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 12- мамырдағы № 652 қаулысын және “Жалақы төлеу жөніндегі берешекке талдау жасау үшін жұмыс тобын құру” Қазақстан Респубикасы Премьер-Министрінің 1998 жылғы 1-казандағы № 189-ө өкімін аудан деңгейінде іске асыру үшін құрылған алқалық орган.
Тармақ 2
2. Комиссия өз қызметінде Қазақстан Республикасының Азаматтык кодексін, “Банкроттық туралы” Қазақстан Республикасының Заңын, заңнамалық актілерді,әкімияттың қаулыларын және әкімнің шешімдерін басшылыққа алады.
Тармақ 3
3. Аудандық статистика бөлімі арқылы аудан бойынша салық комитет арқылы Шығыс Қазақстан облысы бойынша салық комитетінің және ҚР ҚМ Қабілетсіз борышкерлермен жұмыс жөніндегі комитетінің ШҚО бойынша басқармасының мәліметтері негізінде алдын-ал жасалған талдау нәтижесінде комиссия мына топтар бойынша кәсіпорындардың тізбесін құрайды:
Тармақша 1
1) өз кызметінің тиімділігін арттыра алатын, бірақ, бюджетке төлемдер бойынша және еңбекақы бойынша берешектері бар қабілеті барлар;
Тармақша 2
2) оңалту шараларын қабылдауды, саралау өткізуді, кәсіпорындардың бизнес-жоспарларына сәйкес өндірісті әртараптандыруды, берешектерді қайта құрылымдауды және қаржылық қолдауды және тағы басқаларды талап ететін төлем төлеу қабілеті жоқтар;
Тармақша 3
3) каржылык-экономикалық сауықтыру болашағы жоқ, банкроттаудың сот және соттан тыс шараларын қабылдауды талап ететін қабілетсіздер.
Тармақ 4
4. Қалыптасқан экономикалық және қаржылық жағдайдың себептерін анықктау үшін комиссия кәсіпорынның өндірістік және қаржылық көрсеткіштері, бюджетке төлем төлеу туралы салық органдарының есептері және қәсіпорын тапсырған өндірістік-қаржылық есеп, оған
косымшалармен бухгалтерлік баламас туралы аудандық статистика бөлімі арқылы алынған облыстық статистика басқармасының мәліметтері бойынша кәсіпорынның қызметін қарайды.
Баланстың жойылуын анықтайтын өлшем болып қаржылық коэффициенттер - ағымдық жойылу кэффициенті, өз қаражаттарымен қамтамасыз етілу коэффициенті, толем төлеу қабілетін қалпына келтіру (жоғалту) коэффициенті табылады.
Кәсіпорындарды қабілетсіз деп тану үшін негіз болып: Борышкер-кәсіпорынның ақшалай міндеттемелері, еңбекақыны төлеу бойынша, адам өміріне және денсаулығына келтірген зиянның орнын толтыру туралы талаптарын қосқанда, кредит берушінің талаптарын қанағаттандыра алмауы, бюджеттке. жинақтаушы зейнетақы корларына міндетті төлемдерін қамтамасыз ете алмауы, кәсіпорынның балансын қанағаттанғысыз деп бағалау саналады.
Кәсіпорындарды кабілетсіз және ақша төлем қабілетсіз деп тану үшін, банкроттаудың сот және соттан тыс рәсімдерін талап ететін негіз болып жоғарыда аталған жәйіттер, сондай-ақ мүдделі ведомстволардың сауықтырудың қандай да болсын нысандарын колдауға болмайтындығы туралы қорытындысы саналады.
Тармақ 2. 2. Комиссия міндеттері мен кызметтері.
2. Комиссия міндеттері мен кызметтері.
Тармақ 5
5. Комиссияның басты міндеті кәсіпорындардың өндірісін оңалтуға және қалпына келтіруге көмектесетін, дебиторлық және кредиторлық, оның ішінде бюджетке және еңбекақы бойынша берешектерді азайтатын кешенді шараларды әзірлеу болып табылады.
Тармақ 6
6. Комиссияның негізгі қызметтері:
Тармақша 1
1) аудан кәсіпорындарының каржылық-экономикалық жағдайын сауықтыруға бағытталған қайта ұйымдастыру шараларын жүргізгенде және қабілетсіз кәсіпорындарды таратқанда мемлекет мүдделерінің сақталуын камтамасыз ету жөніндегі бірыңғай мемлекеттік саясатгы жүргізу;
Тармақша 2
2) ауданның төлем қабілетсіз қәсіпорындары туралы ақпараттарды жинау және қорыту, оларды есепке алу және сараптау, олардың қаржылық- экономикалық жағдайын талдау, төлем төлемеудің болуы себептерін анықтау, олардың алдын-алу бойынша шаралар әзірлеу;
Тармақша 3
3) аудан кәсіпорындарын қаржылық сауықтыру тәсілін анықтау және таңдаған тәсілді іске асыру мәселелерінде Министрліктермен, ведомстволармен және жергілікті атқарушы органдармен өзара әрекеттесу;
Тармақша 4
4) төлем төлемеу дағдарысын жою, берешектерді өтеу жөніндегі, кәсіпорындарды қалпына келтіру және реанимациялау бойынша іс- қимыл стратегиясын және әдіс-тәсілін әзірлеу;
Тармақша 5
5) кабылданған шешімдердің орындалуына бақылау жасау болып табылалы.
Тармақ 3. 3. Комиссияның құқыктары және өкілеттері
3. Комиссияның құқыктары және өкілеттері
Өзіне жүктелген міндеттерді іске асыру үшін комиссияның:
Тармақ 7
7. Өзінің отырыстарында мемлекеттік кәсіпорындар мемлекеттік пакет акциялары бар кәсіпорындардың, сондай-ақ, жергілікті бюджетке, жинақтаушы зейнетақы қорларына төлем және еңбекақы бойынша берешектері бар меншіктің басқа да түріндегі кәсіпорындарының қаржылық-шаруашылық қызметерін қарауға;
Тармақ 8
8. Жоғарыда аталған міндеттерді іске асыру және орындау үшін кәсіпорындардан, меншіктің барлық түрі ұйымдарынан, шаруашылық басқару органдарынан, аудандық статистика бөлімімен және аудан бойынша салық органдарынан белгіленген тәртіпте қажетті ақпарат сұрауға;
Тармақ 9
9. Қазакстан Республикасының заңнамасына сәйкес қабілетсіз және ақша төлем қабілетсіз кәсіпорындарды оңалту, саралау жөнінде ұсыныстар енгізу, ауданның кәсіпорындарына сыртқы және ішкі инвесторларды тарту жөнінде шешімдер қабылдауға;
Тармақ 10
10. Олардың ұйымдастыру-құқыктық түріне және меншік түріне қарамастан кәсіпорындар бюджетке төлем төлеу, еңбекақы төлеу бойынша қарыздарын өтеу бойынша міндеттемелерін орындамаған және өндірісті қалпына келтіру мен берешекті өтеу болашағы болмаған жағдайда аудан бойынша салық комитеті арқылы ШҚО бойынша салық комитетіне және ҚР ҚМ қабілетсіз борышкерлермен жұмыс жөніндегі комитетінің ІІІҚО басқармасына кәсіпорындарды банкроттау рәсімін бастау туралы ұсыныс енгізуге;
Тармақ 11
11. Өзінің отырыстарында комиссияның қүзырына кіретін мәселелер төңірегінде ауданның мемлекеттік және шаруашылық басқару органдарының ақпаратын тыңдауға құқығы бар.
Тармақ 4. 4. Комиссияның жұмысын аяқтау түрі.
4. Комиссияның жұмысын аяқтау түрі.
Комиссияның қабылданған шешімдері аудан бойынша салық комитеті арқылы ШҚО бойынша салық комитеті және ҚР ҚМ қабілетсіз борышкерлермен жұмыс жөніндегі комитетінің ШҚО бойынша басқармасы үшін ұсыныс, аудандық атқарушы органдары үшін міндетті сипатта болады және комиссия отырысының хаттамасымен ресімделеді.
Қабылданған шешімдерді орындау жөніндегі ақпарат комиссияның
хатшысына тапсырылады.
Аппарат басшысы
Б. Түстікбаев