Об утверждении Правил использования средств резерва акимата Шемонаихинского района Күшін жойған

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 22.07.2004. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Шемонаиха ауданы әкімияты резервіндегі қаржыны пайдалану Ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасыныың 1999 жылғы 1 сәуірдегі "Бюджеттік жүйе туралы" 57-1 Заңына сәйкес Шемонаиха ауданының әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Шемонаиха ауданы әкімияты резервіндегі қаржыны пайдалану Ережесі бекітілсін.
Тармақ 2. Шемонаиха ауданы әкімияты резервіндегі қаржыны пайдалану
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары М.В.Шаламовқа жүктелсін. Шемонаиха ауданы әкімияты резервіндегі қаржыны пайдалану ЕРЕЖЕСІ Осы Ереже Шемонаиха ауданы әкімияты резервіндегі қаржыны қолдану мен бөлу тәртібін анықтайды.
Тарау 1. 1. Жалпы үғымдар
1. Жалпы үғымдар
Тармақ 1
1. Осы Ережеде келесі ұғымдар қолданылады:
Тармақша 1
1) Шемонаиха ауданы әкмиятының резерві - қаржы жылына сәйкес аудандық бюджетте кюалған және бірыңғай уақыт сипатындағы қаралмаған шығыстарды қаржыландыру үшін Шемонаиха ауданы әкімиятының қаулысы бойынша бөлінген қаржы.
Тармақша 2
2) Қаралмаған шығыстар - жыл ағымында кідіртпей қаржыландыруды талап ететін, аудандық бюджетті қалыптастыру кезінде жоспарлау мүмкін емес шығыстар.
Тармақша 3
3) Жергілікті атқару органдары, аудандық бөлімдер мен басқармалардың міндеттерін өтеу үшін Шемонаиха ауданы әкімияты резерв қүрамындағы қаржы - сот шешімі бойынша міндеттерді өтеу үшін аудандық бюджеттік бағдарламалардың әкімдерімен бөлінген және Шемонаиха ауданы әкімияты резерв қүрамында қарастырылатын қаржы.
Тармақша 4
4) Өкілетті орган - Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха аудандық қаржы бөлімі.
Тармақша 5
5) Шемонаиха ауданы әкімият резервіндегі қаржыны алушы - аудандық бюджеттік бағдарламалардың әкімдері.
Тармақ 2
2. Шемонаиха ауданы әкімияты резервіндегі қаржы есебінен қаржьландырылатын, біріңғай уақыт сипатындағы болжауға келмейтін шығыстарға келесі іс-шаралар қатысты:
Тармақша 1
1) Табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайларды жою, олар: Төтенше жағдайлар нәтижесінде зардап шеккендерге материалдық көмек көрсету. зардап шеккендерге тамақ пен уақытша түру пунктін қамтамасыз ету; Апаттық қалпына келтіру бөлімшелерін техникалық құтқару құралдарымен, жабдықтармен, керек-жарақтармен жабдықтау; Төтннше жағдайлар аумағына күштер мен құралдарды жіберуді қамтамасыз ету; Төтенше жағдайларды жою мен сақтандыру бойынша шүғыл, маңызды, қорғау шараларын өткізу;
Тармақша 2
2) Соттардың шешімі бойынша жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын Шемонаиха ауданының жергілікті атқару органдары, ауданның қала, кент, селолық округ әкімдері аппараттары, аудандық бөлім және басқармалар міндетін өтеу.
Тармақша 3
3) Жыл ағымында кідіртпей қаржыландыруды талап ететін, аудандық бюджетті қалыптастыру кезінде жоспарлау мүмкін емес басқа шығыстар.
Тарау 2. 2. Шемонаиха ауданы әкімияты резервіндегі қаржыны бөлу және қолдану тәртібі
2. Шемонаиха ауданы әкімияты резервіндегі қаржыны бөлу және қолдану тәртібі
Тармақша 3
3) Шемонаиха ауданы әкімияты резервінен қаржыны бөлу оларды бөлу мақсаты. бөлінетін қаражаттың мөлшері, алушы көрсетілетін Шемонаиха ауданы әкімиятының қаулысы негізінде қаржыландыруды ашу арқылы осы мақсатқа қаржы жылына сәйкес аудандық бюджеттің шығыстар қүрамында бекітілген мөлшер шегінде өкілетті органмен жүзеге асырылады.
Тармақ 4
4. Шемонаиха ауданы әкімияты резервіндегі қаржы қатаң мақсатта қолданылады және о сы Ережемен қаралмаған мұқтаждықтарға пайдаланылмайды.
Тармақ 5
5. Қаржы бөлу туралы Шемонаиха ауданы әкімияты қаулысын даярлау кезінде келесі шарттарды ескеру қажет:
Тармақша 1
1) Қаржы жылы ағымында аудандық бюджетте қаржының бөлінбеуі;
Тармақша 2
2) Шемонаиха ауданы әкімияты резервіндегі қаражатты талап ету қаржы жылының ағымында туды және соттардың шешімі бойынша жергілікті атқару органдарьі міндетін өтеу жағдайын қоспағанда оларға қажеттілік алушының бұрынғы міндетіне байланысты емес.
Тармақ 6
6. Қаржыландыру сомасын толық қайтару негізінде қаржы бөлу туралы шешімді коспағанда қаржьшандыру сомасынан тәуелсіз жылдың аяқталуы бойынша Шемонаиха ауданы әкімиятының қаржы бөлу туралы қаулысының күші жойылады.
Тармақ 7
7. Орынсыз қолданылған немесе қолданылмаған Шемонаиха ауданы әкімияты резервіндегі қаржы аудандық бюджетке қайтаруға жатады.
Тарау 3. 3. Табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға қаржы бөлу
3. Табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға қаржы бөлу
Тармақ 8
8. Табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайлар туған жағдайда Шемонаиха . дуданы әкімияты резервінен қаржы бөлу туралы қала, кент, селолық округ әкімдерінің, 'асқармалар мен аудандық бөлімдердің өтінішін төтенше жағдайлар жөніндегі аудандық комиссия қарастырады.
Тармақ 9
9. Дәлелдейтін материалдарды беру тәртібі және олардың тізімін төтенше жағдайлар жөніндегі аудандық комиссия анықтайды.
Тармақ 10
10. Табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайларды жою қажеттілігі кезінде тетенше жағдайлар жөніндегі аудандық комиссия Шемонаиха ауданы әкімиятына зандармен белгіленген тәртіпте төтенше жағдайларды жоюға қаржы бөлу туралы хаулының жобасын тапсырады.
Тарау 4. 4. Сот шешімі бойынша міндеттерді өтеуге қаржы бөлу
4. Сот шешімі бойынша міндеттерді өтеуге қаржы бөлу
Тармақ 11
11. Сот шешімі бойынша міндеттерді өтеу ІІІемонаиха ауданы экімияты резерві есебінен сот атқару құжаттары негізінде қамтамасыз етіледі. Ауданның қала, кент, село округі әкімдерінің аппараттары, аудандық бөлім және басқарма негіз болған жағдайда сот шешімі бойынша төлем жүргізуге міндетті, каралған заңдармен қөрсетілген заң актілерін барлық сот инстанцияларына шағымдануға міндетті. Ауданның қала, кент, село округі әкімдерінің аппараттары, аудандық бөлім және басқарма шағым берілген сот актілерінің көшірмелерін өкілетті органға тапсыруы керек. Ауданның қала, кент, село округі әкімдерінің аппараттары, аудандық бөлім және басқарма өздерінің заңсыз қабылданған актілеріне, сонымен қатар өздерінің лауазымдық тұлғасының заңсыз қызметіне облыстағы әкімшілік басқармаға "Қызметті хамтамасыз ету" бағдарламасы бойынша оларға бөлінген қаржымен жауап береді.
Тармақ 12
12. Сот шешімі бойынша міндеттерді өтеуге резервтен қаржы бөлу туралы Шемонаиха ауданы әкімияты қаулысының жобасы белгіленген тәртіпте өкілетті органмен дайындалады.
Тарау 5. 5. Алдын ала болжау мүмкін емес басқа шығыстарға қаржы бөлу
5. Алдын ала болжау мүмкін емес басқа шығыстарға қаржы бөлу
Тармақ 13
13. Алдын ала болжау мүмкін емес басқа шығыстарға Шемонаиха ауданы әкімияты резервінен қаржы бөліну үшін аудандық бюджеттік бағдарламалардың әкімдері, ауданның қала, кент, селолық округ әкімдері сәйкес дәлелдеулермен қаржы бөлу өтінішті өкілетті органға тапсырады.
Тармақ 14
14. Өкілетті орган берілген өтініш негізінде Шемонаиха ауданы әкімияты резервінен қаржы бөлу мүмкіндігі немесе мүмкін еместігі туралы қорытынды береді.
Тармақ 15
15. Аудандық бюджеттік бағдарламалардың әкімдері, ауданның қала, кент, селолық округ әкімдерінің өтініші бойынша оң қорытындымен Шемонаиха ауданы әкімияты резервінен қаржы бөлу туралы Шемонаиха ауданы әкімияты қаулысының жобасы белгіленген тәртіпте өкілетті органмен дайындалады.
Тарау 6. 6. Бақылау және есеп беру
6. Бақылау және есеп беру
Тармақ 16
16. Шемонаиха ауданы резервінен белінген қаржыны алушы өкілетті органға оларды қолдану, орындалған жүмыстың қүны және көлемі жөнінде есеп тапсыруы керек.
Тармақ 17
17. Өкілетті орган ай сайын аудан әкіміне сәйкес кезеңге резерв қаржысының қалдығы мен бағыты туралы ақпарат береді.
Тармақ 18
18. Шемонаиха ауданы әкімияты резервінен бөлінген қаржыны орынсыз паайдаланғанына Қазақстан Республикасы заңдарымен қарастырылған тәртіпте алушы жауапты.