Об утверждении Правил деятельности службы психолого-педагогического сопровождения в организациях образования Қолданыста

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.05.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Білім беру ұйымдарындағы психологиялық-педагогикалық қолдау қызметінің жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 36) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Білім беру ұйымдарындағы психологиялық-педагогикалық қолдау қызметінің жұмыс істеу қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес кейбір бұйрықтардың күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Инклюзивті және арнайы білім беру департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
Тармақша 3
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 1. Білім беру ұйымдарындағы психологиялық-педагогикалық қолдау қызметінің жұмыс істеу қағидалары
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрі 2025 жылғы 29 сәуірдегі № 92 Бұйрыққа 1-қосымша Білім беру ұйымдарындағы психологиялық-педагогикалық қолдау қызметінің жұмыс істеу қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Білім беру ұйымдарындағы психологиялық-педагогикалық қолдау қызметінің жұмыс істеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 5-бабының 36) тармақшасына сәйкес әзірленді және білім беру ұйымдарындағы психологиялық-педагогикалық қолдау қызметінің (бұдан әрі – ППҚҚ) жұмыс істеу тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) білім алу үшін арнаулы жағдайлар – ерекше білім беруді қажет ететін адамдардың (балалардың), сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі балалардың оларсыз білім беру бағдарламаларын меңгеруі мүмкін болмайтын, оқу, сондай-ақ арнаулы, жеке дамыту мен түзеу-дамыту бағдарламаларын және оқыту әдістерін, техникалық, оқу және өзге де құралдарды, тыныс-тіршілік ортасын, психологиялық-педагогикалық қолдауды, медициналық, әлеуметтік және өзге де көрсетілетін қызметтерді қамтитын жағдайлар;
Тармақша 2
2) ерекше білім беруді қажет ететін адамдар (балалар) – тиісті деңгейде білім алу және қосымша білім алу үшін арнаулы жағдайларға тұрақты немесе уақытша қажеттілік көріп жүрген адамдар (балалар);
Тармақша 3
3) ерекше білім беру қажеттіліктерін бағалау – білім алу үшін қажетті арнаулы жағдайларды айқындау;
Тармақша 4
4) психологиялық-педагогикалық қолдап отыру – білім беру ұйымдарында іске асырылатын, процесінде білім алушыларды, оның ішінде ерекше білім беру қажеттіліктерін бағалау негізінде ерекше білім беруді қажет ететін адамдарды (балаларды) ойдағыдай оқыту және дамыту үшін әлеуметтік және психологиялық-педагогикалық жағдайлар жасалатын жүйелі-ұйымдастырылған қызмет.
Тармақ 3
3. ППҚҚ-ның қызметі мынадай деңгейлерде ұйымдастырылады:
Тармақша 1
1) бастауыш білім беру деңгейінде – әрбір білім алушыны оқу іс-әрекетіне бейімдеу, әлеуметтендіру және шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру кезінде танымдық және оқу ұмтылысын, өздігінен жұмыс істеуін және өзін-өзі реттеуді дамытуда білім алушыларға, оның ішінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар адамдарға (балаларға) қолдау көрсету;
Тармақша 2
2) негізгі орта білім беру деңгейінде – оқытудың жаңа жағдайларына бейімдеу, білім алушылардың, оның ішінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар адамдардың (балалардың) белсенді танымдық және оқу іс-әрекетін дамыту, жеке және құндылық-мағыналық өзін-өзі дамыту, өзін-өзі тану және өзін-өзі анықтау міндеттерін шешуде қолдау көрсету, танымдық процестерге және әлеуметтенуге төзімділікті қалыптастыру;
Тармақша 3
3) жалпы орта білім беру деңгейінде – білім алушыға, оның ішінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар адамдарға (балаларға) тұлғалық бірегейлікке, кәсіби тұрғыдан өзін-өзі анықтауға көмек көрсету, мақсат қою және дербес шешімдер қабылдау қабілетін дамытуға, тұрақты дүниетанымды қалыптастыруға және әлеуметтендіруге жәрдемдесу;
Тармақша 4
4) техникалық және кәсіптік білім беру, орта білімнен кейінгі білім беру деңгейінде – білім алушыларды, оның ішінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар адамдарды (балаларды) оқыту және кәсіп алу және әлеуметтендіру процесінде психологиялық-педагогикалық қолдау.
Тармақ 4
4. ППҚҚ білім беру ұйымының білім алушылардың, оның ішінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар адамдардың (балалардың) психологиялық салауаттылығын қамтамасыз етуге, олардың оқу ұмтылысын, үлгерімін, шығармашылық өзін-өзі іске асыруын, кәсіби бағдарын қалыптастыруға, білім беру процесінің қатысушыларын психологиялық-педагогикалық сүйемелдеуге жауапты алқалы органы болып табылады. Білім беру ұйымының басшысы бекітетін ППҚҚ құрамына басшылардың орынбасарлары, педагог-психологтар, әлеуметтік педагогтер, арнайы педагогтер, педагог-ассистенттер, педагог-кәсіби бағдар берушілер кіреді. ППҚҚ қызметін білім беру ұйымдары басшыларының орынбасарлары үйлестіреді. Білім беру ұйымының әкімшілігі, ППҚҚ мамандары, сондай-ақ барлық мамандықтардың пән мұғалімдері «Педагог лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі № 338 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5750 болып тіркелген) бекітілген лауазымдық міндеттеріне сәйкес білім алушыларды психологиялық-педагогикалық қолдау процесіне қатысады. Құрылымы, мамандардың құрамы, жылдық жұмыс жоспары білім беру ұйымдарының типімен, түрімен және міндеттерімен айқындалады.
Тармақ 5
5. ППҚҚ қызметі:
Тармақша 1
1) кәсіби әдепті сақтау;
Тармақша 2
2) білім алушылардың жеке басына эмпатия және құрмет көрсету;
Тармақша 3
3) білім алушының жеке, жас ерекшеліктері мен ерекше білім беру қажеттіліктері;
Тармақша 4
4) психологиялық және педагогикалық білімді интеграциялау, педагогикалық психология негіздерін қолдану;
Тармақша 5
5) білім алушылардың құқықтары мен мүдделерін сақтай отырып, ақпараттың құпиялылығы;
Тармақша 6
6) білім алушылардың денсаулығына, ар-намысы мен қадір-қасиетіне зиян келтіру мүмкіндігін болғызбау;
Тармақша 7
7) білім алушыларды білім беру процесінде психологиялық-педагогикалық қолдаудың ғылымилығы, кешенділігі, бірізділігі, кезеңділігі және үздіксіздігі ескеріле отырып жүзеге асырылады.
Тарау 2. 2-тарау. Білім беру ұйымдарындағы психологиялық-педагогикалық қолдау қызметінің жұмыс істеу тәртібі
2-тарау. Білім беру ұйымдарындағы психологиялық-педагогикалық қолдау қызметінің жұмыс істеу тәртібі
Тармақ 6
6. ППҚҚ мамандарының қызметі диагностикалық, консультативтік, дамыту (түзету), психологиялық-педагогикалық ағарту және ұйымдастыру-әдістемелік бағыттарды қамтиды:
Тармақша 1
1) диагностикалық бағыт оқытудың бүкіл кезеңі ішінде білім алушылардың, оның ішінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар адамдардың (балалардың) жеке және топтық қызметін, психологиялық-педагогикалық зерделеуін, олардың жеке ерекшеліктері мен бейімділіктерін, оқыту және тәрбиелеу процесіндегі, өзін-өзі кәсіптік тұрғыдан айқындаудағы әлеуетті мүмкіндіктерін анықтауды, сондай-ақ оқудағы, дамудағы, әлеуметтенудегі қиындықтардың себептерін анықтауды көздейді;
Тармақша 2
2) консультативтік бағыт білім беру процесіне қатысушыларға психологиялық проблемаларды талдау мен шешуде; тұлғалық ерекшеліктерді өзектендіруде көмек көрсету нысанында жеке және топтық қызметті; жаңа әлеуметтік тәжірибені саналы және белсенді игеруге жәрдемдесуді; жаңа көзқарастарды қалыптастыруға және өз шешімдерін қабылдауға көмектесуді; тұлғааралық қатынастардағы, өзін-өзі тану және өзін-өзі дамытудағы қиындықтарға байланысты әртүрлі психологиялық проблемаларды шешуді; ата-аналарға немесе өзге де заңды өкілдерге білім алушыларды, оның ішінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар адамдарды (балаларды) тәрбиелеу және дамыту мәселелерінде көмек көрсетуді қарастырады;
Тармақша 3
3) дамытушылық (түзету) бағыт білім алушылармен, оның ішінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар адамдармен (балалармен) білім беру кеңістігін қалыптастыру, оқуға ынталандыру, сондай-ақ білімді, іскерлікті және дағдыларды, оларды тәрбиелеу-білім беру, оқу және танымдық қызметте игеру және таныту мүмкіндіктері мен тәсілдерін дамыту бойынша жеке, кіші топтық, топтық жұмыс жүргізуді көздейді. ППҚҚ мамандарының (педагог-психологтар, әлеуметтік педагогтер, арнайы педагогтер, педагог-ассистенттер) кешенді өзара іс-қимылы негізінде ерекше білім беру қажеттіліктерін бағалау барысында анықталған білім алушыларды тәрбиелеудегі, оқытудағы және мінез-құлқындағы қиындықтарды анықтау және еңсеру бойынша педагогтердің жұмысын ұйымдастыруды қамтиды;
Тармақша 4
4) психологиялық-педагогикалық ағарту білім алушылардың, оның ішінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар адамдардың (балалардың), педагогтердің жеке кәсіби өсуіне, өзін-өзі анықтауына жәрдемдесуді; педагогтердің, ата-аналардың немесе өзге де заңды өкілдердің психологиялық-педагогикалық білімге қажеттілігін қалыптастыруға және оларды білім алушылардың оқуындағы, тәрбиесі мен дамуындағы қиындықтарды болдырмау үшін пайдалануға деген ұмтылысын қалыптастыруға жәрдемдесуді көздейді (сынып сағаттары, семинарлар, ата-аналар жиналыстары, педагогикалық кеңестер, педагогтер мен ата-аналарға немесе өзге де заңды өкілдерге арналған интерактивті әдістер мен дәрістер);
Тармақша 5
5) ұйымдастыру-әдістемелік бағыт ұйымдастыру-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмыс жүргізуді: білім беру және дамыту ортасының жағдайына мониторинг жүргізуді, әлеуметтік, психологиялық-педагогикалық қолдау нәтижелерін талдауды және оны қолдау бойынша ұсынымдар әзірлеуді, білім алушыларды, оның ішінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар адамдарды (балаларды) қолдауда пәнаралық тәсілді әзірлеуді; білім беру ұйымдарында психологиялық-педагогикалық, әлеуметтік қолдаудағы озық инновациялық технологияларды зерделеу, білім алушыларды, оның ішінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар адамдарды (балаларды) психологиялық-педагогикалық және әлеуметтік қолдау технологияларын меңгеру бойынша семинарлар, тренингтер мен консультациялар ұйымдастыруды және өткізуді көздейді.
Тармақ 7
7. Психологиялық-педагогикалық қолдау мыналарды қамтиды:
Тармақша 1
1) білім алушыларды, оның ішінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар адамдарды (балаларды) оқытудағы, тәрбиелеудегі және дамытудағы қиындықтарды анықтау және ерекше білім беру қажеттіліктерін бағалау;
Тармақша 2
2) педагогтерге және білім алушылардың, оның ішінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар адамдардың (балалардың) отбасыларына консультациялық-әдістемелік көмек көрсету;
Тармақша 3
3) білім алушыларды, оның ішінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар адамдарды (балаларды) табысты оқыту, дамыту және әлеуметтендіру үшін әлеуметтік және психологиялық-педагогикалық жағдайлар жасау.
Тармақ 8
8. Психологиялық-педагогикалық қолдау білім алушылар, оның ішінде мынадай ерекше білім беру қажеттіліктері бар адамдар (балалар) үшін жүзеге асырылады:
Тармақша 1
1) мінез-құлық және эмоционалдық проблемалары, қолайсыз психологиялық факторлары бар;
Тармақша 2
2) әлеуметтік-психологиялық, экономикалық, тілдік және мәдени сипаттағы кедергілері бар;
Тармақша 3
3) мүмкіндіктері шектеулі.
Тармақ 9
9. Психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу Заңының 5-бабының 72) тармақшасына сәйкес әзірленген ерекше білім беру қажеттіліктерін бағалау қағидалары мен бағдарламаларының негізінде:
Тармақша 1
1) сынып деңгейінде педагогтердің білім алушыларға қатысты оқытуда жеке және сараланған тәсілдерді қолдануы арқылы;
Тармақша 2
2) білім беру ұйымының ППҚҚ мамандары деңгейінде жеке-дамыту және түзету-дамыту бағдарламаларын қолдана отырып;
Тармақша 3
3) білім беру ұйымы деңгейінде бейінді мамандар (сурдопедагог, тифлопедагог) тартыла отырып, сондай-ақ мүдделі органдармен және ұйымдармен өзара іс-қимыл жасала отырып жүзеге асырылады.
Тармақ 10
10. Психологиялық-педагогикалық қолдауды:
Тармақша 1
1) білім алушылар, оның ішінде осы Қағидалардың 8-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген ерекше білім беру қажеттіліктері бар адамдар (балалар) үшін оқыту/сабақ беру, факультативтер, пәндік үйірмелер және пәндер бойынша қосымша сабақтар процесінде педагогтер, сондай-ақ ерекше білім беру қажеттіліктерін бағалау негізінде педагог-психологтар, әлеуметтік педагогтер;
Тармақша 2
2) мүмкіндіктері шектеулі балалар үшін оқыту/сабақ беру, факультативтер, пәндік үйірмелер және пәндер бойынша қосымша сабақтар процесінде педагогтер, сондай-ақ ерекше білім беру қажеттіліктерін бағалау және психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялардың (бұдан әрі – ПМПК) ұсынымдары негізінде арнайы педагогтер, психологтар, әлеуметтік педагогтер, педагог-ассистенттер жүзеге асырады.
Тармақ 11
11. Білім алушылармен, оның ішінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар адамдармен (балалармен) психологиялық диагностика, консультация және тренингтер (топтық, жеке) «Мектепке дейінгі ұйымдар, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін білім беру қызметтерін көрсетудің үлгілік шартының, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін кәсіптік практиканы өткізуге арналған үлгілік шарттың және дуальды оқыту туралы үлгілік шарттың нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 93 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13227 болып тіркелген) сәйкес ата-аналардың немесе өзге де заңды өкілдердің жазбаша келісімімен өткізіледі. Білім алушының психологиялық-педагогикалық сүйемелдеуін жүргізуге ата-аналарының немесе өзге де заңды өкілдерінің келісімі осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша ресімделеді.
Тармақ 12
12. Осы қағидалардың 8-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген ерекше білім беру қажеттіліктері бар адамдарды (балаларды) психологиялық-педагогикалық қолдаудың мазмұны қолайсыз факторлардың әсерін азайтуға, оқу жетістіктерін жақсартуға, жеке және әлеуметтік дағдыларды дамытуға, сондай-ақ әлеуметтенуге жәрдемдесуге бағытталған іс-шаралар кешенін қамтиды:
Тармақша 1
1) оқу жоспарлары мен оқу бағдарламаларын өзгертусіз тәрбиелеу мен оқытуда жеке тәсілді іске асыру;
Тармақша 2
2) үлгілік оқу жоспарының вариативтік компоненті есебінен қосымша сабақтарды ұйымдастыру (тілдік және мәдени кедергілерді еңсеруге бағытталған сабақтарды қосқанда);
Тармақша 3
3) педагог-психологпен, әлеуметтік педагогпен жеке жұмыс;
Тармақша 4
4) кәсіби бағдар беру жұмысы;
Тармақша 5
5) әлеуметтік көмек көрсету;
Тармақша 6
6) тынығу іс-шараларын ұйымдастыру;
Тармақша 7
7) ата-аналармен немесе өзге де заңды өкілдермен жұмыс жүргізу.
Тармақ 13
13. Мүмкіндігі шектеулі балаларды психологиялық-педагогикалық қолдаудың мазмұны мынадай әлеуметтік және психологиялық-педагогикалық жағдайларды қамтиды:
Тармақша 1
1) жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын бейімдеу, жеке даму бағдарламаларын, жеке оқу жоспарлары мен бағдарламаларын жасау;
Тармақша 2
2) тәрбие мен оқыту нәтижелерін (білім алушының жетістігі) бағалау тәсілдерін өзгерту. Бағалау тәсілдері өзгерген кезде бақылау тапсырмалары мен бағалау өлшемшарттары білім алушының жеке мүмкіндіктері мен іске асырылатын оқу бағдарламасының мазмұны ескеріле отырып таңдалады;
Тармақша 3
3) вариативтік, арнайы және баламалы тәрбиелеу және оқыту әдістерін қолдану. Тәрбиелеу және оқыту әдістерін қолдану нысаны немесе әдісі білім алушының жеке ерекшеліктеріне бейімделеді (тапсырмалардың көлемін және санын азайту, тапсырмаларды орындау уақытын қысқарту немесе ұлғайту, оқу тапсырмаларын жеңілдету, қысқа және қадамдық нұсқауларды қолдану, тапсырмаларды дауыстап айту, тапсырма үлгілерін, кестелерді, анықтамалық материалдарды ұсыну). Тәрбиелеу мен оқытудың баламалы әдістері мен технологияларын педагог-психологтар мен арнайы педагогтер жекелеген психикалық функциялардың (қабылдау, жады, назар) бұзылуынан туындаған ерекше оқу қиындықтары бар білім алушылармен жеке дамытушы жұмыс жүргізу барысында қолданады;
Тармақша 4
4) оқулықтарды, оқу құралдарын таңдау, жеке оқу материалдарын дайындау. Көру қабілеті (үлкейтілген қаріпті кітаптар, Брайль қарпімен басылған зағиптарға арналған оқу құралдары; бедерлі суреттер, сызбалар, арнайы муляждар), тірек-қимыл аппараты (ірі қаріптермен жазылған жазбалар), есту қабілеті (символдарды пайдаланатын оқу құралдары (ыммен сөйлеу), титрі бар бейнематериалдар; оқу компьютерлік бағдарламалар), зияты бұзылған балаларға арналған арнайы оқулықтар, жұмыс дәптерлері және оқу материалдары (тиісті үлгідегі арнайы мектептер үшін шығарылған оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендер);
Тармақша 5
5) мүмкіндіктері шектеулі: қозғалысы шектелген (мектепке тасымалдау, пандустар, қоршаулар, көтергіштер, лифт, арнайы жабдықталған орын (үстел, орындық), жалпы пайдалану орны (дәретхана, асхана), көру қабілеті нашар (соқырлар, нашар көретіндер) (тактильді жолдар, тактильді көрсеткіштер, қоршаулар), есту қабілеті нашар (көру кестелері, дыбыс күшейтетін жабдық) балалардың білім беру ұйымына физикалық қол жеткізуін қамтамасыз ету үшін кедергісіз орта құру және оқыту орнын бейімдеу. Оқитын орынды бейімдеу мүмкіндіктері шектеулі балалардың жеке ерекшеліктертеріне (дене ерекшеліктері (есту, көру), мінез-құлық ерекшеліктері) байланысты оқу ортасын бейімдеуді көздейді;
Тармақша 6
6) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 70 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13272 болып тіркелген) (бұдан әрі – № 70 Бұйрық) бекітілген Мектепке дейінгі, орта білім беру ұйымдарын, сондай-ақ арнайы білім беру ұйымдарын жабдықтармен және жиһазбен жарақтандыру нормаларына сәйкес жабдықтар мен жиһаздарды пайдалану;
Тармақша 7
7) ПМПК қорытындысы мен ұсынымы негізінде мүмкіндіктері шектеулі балаларды арнайы психологиялық-педагогикалық қолдау (педагог-психолог, арнайы педагог, педагог-ассистент).
Тармақ 14
14. Білім беру ұйымдарындағы психологиялық-педагогикалық қолдау екі кезеңнен тұрады: Бірінші кезең: Жалпы білім беру ұйымының басшысы ППҚҚ құру туралы бұйрық шығарады және оның құрамын бекітеді. Білім беру ұйымы басшысының орынбасарлары білім алушылардың, оның ішінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар адамдардың (балалардың) білім беру қажеттіліктерін бағалау процесін ұйымдастырады, білім беру қажеттіліктерін бағалау кезеңінде және психологиялық-педагогикалық қолдау процесінде педагогтердің, мамандардың және ата-аналардың немесе өзге де заңды өкілдердің өзара іс-қимылын реттейді, психологиялық-педагогикалық қолдауды жүзеге асыратын мамандардың құжаттамаларын жинау мен қалыптастыруды бақылайды. Сынып жетекшілері педагогтер мен ата-аналардың немесе өзге де заңды өкілдердің өзара іс-қимылын ұйымдастырады, білім беру ұйымының әлеуметтік педагогімен бірге баланың дамуының әлеуметтік жағдайын зерделейді, сабақта және сабақтан тыс уақытта қолайлы эмоционалдық-психологиялық ахуал қалыптастыру үшін жағдай жасайды. Білім беру ұйымының педагогтері білім алушылардың, оның ішінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар адамдардың (балалардың) жеке қабілеттерін, мүдделерін, бейімділігі мен қажеттіліктерін зерделейді, оқу бағдарламаларын меңгерудегі қиындықтарын анықтау мақсатында оқу жетістіктеріне мониторинг жүргізеді, ата-аналарға немесе өзге де заңды өкілдерге кеңес береді, білім алушылардың, оның ішінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар адамдардың (балалардың) жеке ерекшеліктеріне қатысты кәсіби этика мен құпиялылықты сақтайды, қажет болған жағдайда, кеңес алу үшін психологтарға, әлеуметтік педагогтерге немесе білім беру ұйымының арнайы педагогтеріне жүгінеді. Педагог-психологтар білім алушылардың, оның ішінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар адамдардың (балалардың) ерекше білім беру қажеттіліктерін бағалауға қатысады және жеке-дамыту бағдарламаларын әзірлейді, консультациялар, жеке, кіші топтық және топтық дамыту сабақтары нысанында психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетеді, білім беру іс-әрекетіндегі қиындықтарға байланысты психологиялық проблемаларды шешуде білім алушыларға, педагогтерге, ата-аналарға немесе өзге де заңды өкілдерге консультациялық көмек және психологиялық қолдау көрсетеді. Әлеуметтік педагогтер білім алушылардың, оның ішінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар адамдардың (балалардың) мүдделері мен қажеттіліктерін анықтайды, әлеуметтік-педагогикалық жұмыстың міндеттерін, нысандарын, әдістерін, баланың жеке және әлеуметтік проблемаларын шешу тәсілдерін айқындайды, білім алушылардың жеке басының құқықтары мен бостандықтарын іске асыруда әлеуметтік қорғау және әлеуметтік көмек көрсету жөнінде шаралар қабылдайды, білім алушыларды білім беру ұйымдарында және тұрғылықты жері бойынша жеке тұлғаның қоғамдағы өмірге бейімделуін қамтамасыз ететін тәрбиелеу, дамыту және әлеуметтік қорғау жөніндегі шаралар кешенін жүзеге асырады. Екінші кезең: Ерекше білім беру қажеттіліктерін бағалау немесе ПМПК ұсынымы негізінде білім беру ұйымының басшысы зияты зақымдалған балаларға арналған жеке оқу жоспарлары мен бағдарламаларын, ерекше білім беру қажеттіліктері бар (адамдарға) балаларға арналған жеке-дамыту және түзету-дамыту бағдарламаларын, психологиялық-педагогикалық қолдау үшін ерекше білім беру қажеттіліктері бар (адамдардың) балалардың тізімін қамтитын ерекше білім беру қажеттіліктері бар (адамдарды) балаларды психологиялық-педагогикалық қолдаудың жеке даму бағдарламаларын бекітеді. Білім беру ұйымы басшысының орынбасарлары психологиялық-педагогикалық қолдау процесін ұйымдастырады және бақылайды, жеке оқу жоспарлары мен бағдарламаларын, жеке-дамыту және түзету-дамыту бағдарламаларын жасауға, қолдау нәтижелерін, білім алушының оқу жетістіктерін талқылауға қатысады, мүмкіндіктері шектеулі балаларды сыныптан тыс және бос уақыттағы іс-шараларға қосады. Білім беру ұйымының педагогтері оқу бағдарламаларын бейімдеуді орындайды, білімдегі, іскерліктегі, дағдылардағы олқылықтарды толтыра отырып, ерекше білім беру қажеттіліктері бар адамдарды (балаларды) оқыту және жетістіктерін бағалау процесін даралайды, оқулықтарды, оқу материалдарын таңдайды, ерекше білім беру қажеттіліктері бар адамдардың (балалардың) жеке даму ерекшеліктерін ескере отырып, оқу-тәрбие процесін ұйымдастырады, ерекше білім беру қажеттіліктері бар адамдардың (балалардың) физикалық, психикалық саулығы мен адамгершілік саламаттылығын сақтау мақсатында оқуда/сабақта және сыныптан тыс жұмыстарда эмоционалдық жайлы ахуал құрады. Арнайы педагогтер білім алушылардың, оның ішінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар адамдардың (балалардың) ерекше білім беру қажеттіліктерін бағалауды жүзеге асырады, жеке оқу, түзету-дамыту бағдарламаларын әзірлейді және іске асырады және мүмкіндіктері шектеулі балалармен жеке, кіші топтық, топтық сабақтар өткізеді, педагогтерге, ата-аналарға немесе өзге де заңды өкілдерге мүмкіндіктері шектеулі балаларды оқыту мен тәрбиелеу бойынша кеңес береді. Педагог-ассистенттер мүмкіндігі шектеулі балаларға дербес оқу іс-әрекеті дағдыларын қалыптастырғанға дейін білім беру процесінде жеке қолдау көрсетеді, білім беру қажеттіліктерін бағалауға, жеке оқу жоспарлары мен бағдарламаларын, сондай-ақ жеке-дамыту және түзету-дамыту бағдарламаларын құрастыруға қатысады. Педагог-ассистенттің жеке қолдауы ПМПК ұсынымдары негізінде жүзеге асырылады. ППҚҚ отырысының шешімімен педагог-ассистент бір тоқсанға тағайындалады. Педагог-ассистент көмегінің одан әрі қажеттілігін ПМПК айқындайды.
Тармақ 15
15. ППҚҚ шешімі бойынша білім беру ұйымының әкімшілігі білім алушыларды, оның ішінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар адамдарды (балаларды) сондай-ақ олардың ата-аналарын немесе өзге де заңды өкілдерін терең психологиялық-педагогикалық қолдау үшін білім беру саласындағы жергілікті атқарушы органдар жанындағы Психологиялық қолдау орталықтарына жібереді.
Тармақ 16
16. Кіші топтық (2-4 бала), топтық (6-8 бала) сабақтарды өткізу үшін арнайы педагогтер мүмкіндіктері шектеулі балаларды дамуындағы бұзушылықтардың бірегейлігі қағидаты бойынша біріктіреді. Мүмкіндігі шектеулі балалар үшін аптадағы жеке, кіші топтық, топтық сабақтардың саны олардың жеке білім беру қажеттіліктері мен мүмкіндіктері ескеріле отырып белгіленеді.
Тармақ 17
17. Мүмкіндіктері шектеулі балаларға арналған жеке, кіші топтық және топтық сабақтар «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29031 болып тіркелген) сәйкес түзету компоненті шеңберінде арнайы педагогтер әзірлеген түзету-дамыту бағдарламалары негізінде жүргізіледі. Білім алушыларға, оның ішінде осы Қағидалардың 8-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген ерекше білім беру қажеттіліктері бар адамдарға (балаларға) арналған жеке, кіші топтық және топтық сабақтар ППҚҚ мамандары әзірлеген жеке-дамыту бағдарламаларына сәйкес жүргізіледі. Мектепке дейінгі жастағы балаларға кіші топтық және топтық сабақтың ұзақтығы 35-тен 45 минутқа дейінгі уақытты, мектеп жасындағыларға 45 минутты құрайды. Мектепке дейінгі жастағы балаларға жеке сабақтардың ұзақтығы 20 минутты, мектеп жасындағы балаларға 30 минутты құрайды.
Тармақ 18
18. ППҚҚ мамандары білім беру ұйымдарында ерекше білім беру қажеттіліктері бар адамдармен (балалармен) жеке, кіші топтық, топтық сабақтарды өткізу үшін №70 Бұйрыққа сәйкес жабдықтармен және жиһазбен жарақтандырылған кабинеттер көзделеді.
Тармақ 19
19. Психологиялық-педагогикалық қолдаудың мазмұны мен көлемі білім алушылардың, оның ішінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар адамдардың (балалардың) ерекше білім беру қажеттіліктерін бағалаудың негізінде айқындалады.
Тармақ 20
20. Ерекше білім беру қажеттіліктерін бағалау негізінде білім алушыларды, оның ішінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар адамдарды (балаларды) психологиялық-педагогикалық қолдау оқу жылы ішінде жүзеге асырылады.
Тармақ 21
21. Білім беру ұйымдарындағы психологиялық-педагогикалық қолдау барысында 1 (бір) арнайы педагогке мүмкіндігі шектеулі балалардың саны 12-14 баладан аспайды. Педагог-ассистент баланың оқу жүктемесін ескере отырып, 1 (бір) білім алушыны жеке сүйемелдеуді жүзеге асырады.
Тармақ 22
22. Арнайы білім беру ұйымдары жалпы білім беру ұйымдарының педагогтеріне мүмкіндіктері шектеулі балаларды тәрбиелеу, оқыту және дамыту мәселелері бойынша консультативтік және әдістемелік көмек көрсетеді.
Тармақ 23
23. ППҚҚ мамандары жүргізу үшін міндетті құжаттардың тізбесі «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту, орта, арнаулы, қосымша, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері жүргізу үшін міндетті құжаттардың тізбесін және олардың нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 6 сәуірдегі № 130 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20317 болып тіркелген) анықталған. ППҚҚ қызметі білім беру ұйымының оқу-тәрбие жұмысының жоспарында көрініс табады.
Басқа 1-1. Ата-ананың немесе өзге де заңды өкілдің психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетуге келісімі
Білім беру ұйымдарындағы психологиялық-педагогикалық қолдау қызметінің жұмыс істеу қағидаларына қосымша Нысан Ата-ананың немесе өзге де заңды өкілдің психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетуге келісімі Мен _________________________________________________________ (Ата-ананың немесе өзге де заңды өкілдің толық аты-жөні (ол болған жағдайда)) балам _____________________________________________________________ (баланың толық аты-жөні (ол болған жағдайда), сынып) психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетуге келісім беремін. «____» _______________ 20__ жыл Қолы _____________
Басқа 2. Күші жойылған кейбір бұйрықтардың тізбесі
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрі 2025 жылғы 29 сәуірдегі № 92 Бұйрыққа 2-қосымша Күші жойылған кейбір бұйрықтардың тізбесі
Тармақ 1
1. «Мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру, қосымша білім беру ұйымдарында психологиялық-педагогикалық қолдап отыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 12 қаңтардағы № 6 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26513 болып тіркелген).
Тармақ 2
2. «Кейбір бұйрықтарға өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 29 қыркүйектегі № 300 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33498 болып тіркелген) бекітілген Өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтар тізбесінің 2-тармағы.
Тармақ 3
3. «Кейбір бұйрықтарға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің міндетін атқарушының 2024 жылғы 28 маусымдағы № 165 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 34642 болып тіркелген) бекітілген Өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтар тізбесінің 5-тармағы.
Тармақ 4
4. «Орта білім беру ұйымдарындағы психологиялық қызметтің жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің міндетін атқарушының 2022 жылғы 25 тамыздағы № 377 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29288 болып тіркелген).
Тармақ 5
5. «Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы № 186 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32978 болып тіркелген) бекітілген Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтары тізімінің 6-тармағы.