Об утверждении Правил осуществления платных видов деятельности по реализации услуг государственным учреждением в сфере агрохимического обслуживания сельскохозяйственного производства, использования им денег от реализации услуг, остающихся в его распоряжении Мәртебесі расталмаған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.07.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Ауыл шаруашылығы өндірісіне агрохимиялық қызмет көрсету саласындағы мемлекеттiк мекеменiң көрсетiлетін қызметтердi өткiзуі бойынша ақылы қызмет түрлерiн жүзеге асыру, оның көрсетiлетiн қызметтердi өткiзуінен түскен, өз иелігінде қалатын ақшаны пайдалану қағидаларын бекiту туралы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 102-бабының 5-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Ауыл шаруашылығы өндірісіне агрохимиялық қызмет көрсету саласындағы мемлекеттiк мекеменiң көрсетiлетін қызметтердi өткiзуі бойынша ақылы қызмет түрлерiн жүзеге асыру, оның көрсетiлетiн қызметтердi өткiзуінен түскен, өз иелігінде қалатын ақшаны пайдалану қағидалары бекiтiлсiн.
Тармақ 2
2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
Тармақша 1
1) «Ауыл шаруашылығы өндірісіне агрохимиялық қызмет көрсету саласындағы мемлекеттiк мекеменiң көрсетiлетін қызметтердi өткiзу бойынша ақылы қызмет түрлерiн көрсету және оның көрсетiлетiн қызметтердi өткiзуден түскен ақшаны жұмсау қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 2 наурыздағы № 4-6/181 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10618 болып тіркелген);
Тармақша 2
2) «Ауыл шаруашылығы өндірісіне агрохимиялық қызмет көрсету саласындағы мемлекеттiк мекеменiң көрсетiлетін қызметтердi өткiзу бойынша ақылы қызмет түрлерiн көрсету және оның көрсетiлетiн қызметтердi өткiзуден түскен ақшаны жұмсау қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 2 наурыздағы № 4-6/181 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 24 желтоқсандағы № 455 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19835 болып тіркелген).
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі және 2025 жылғы 1 шілдеге дейін қолданылады. «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
Басқа 0. Ауыл шаруашылығы өндірісіне агрохимиялық қызмет көрсету саласындағы мемлекеттiк мекеменiң көрсетiлетін қызметтердi өткiзуі бойынша ақылы қызмет түрлерiн жүзеге асыру, оның көрсетiлетiн қызметтердi өткiзуінен түскен, өз иелігінде қалатын ақшаны пайдалану қағидалары
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушы 2025 жылғы 30 сәуірдегі № 136 бұйрығымен бекітілген Ауыл шаруашылығы өндірісіне агрохимиялық қызмет көрсету саласындағы мемлекеттiк мекеменiң көрсетiлетін қызметтердi өткiзуі бойынша ақылы қызмет түрлерiн жүзеге асыру, оның көрсетiлетiн қызметтердi өткiзуінен түскен, өз иелігінде қалатын ақшаны пайдалану қағидалары
Тармақ 1
1. Осы Ауыл шаруашылығы өндірісіне агрохимиялық қызмет көрсету саласындағы мемлекеттiк мекеменiң көрсетiлетін қызметтердi өткiзуі бойынша ақылы қызмет түрлерiн жүзеге асыру, оның көрсетiлетiн қызметтердi өткізуінен түскен, өз иелігінде қалатын ақшаны пайдалану қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің (бұдан әрі – Бюджет кодексі) 102-бабының 5-тармағына сәйкес әзірленді және ауыл шаруашылығы өндірісіне агрохимиялық қызмет көрсету саласындағы мемлекеттiк мекеменiң көрсетiлетін қызметтердi өткiзу бойынша ақылы қызмет түрлерiн жүзеге асыру, оның көрсетiлетiн қызметтердi өткiзуінен түскен, өз иелігінде қалатын ақшаны пайдалану тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Ауыл шаруашылығы өндірісіне агрохимиялық қызмет көрсету саласындағы мемлекеттік мекеме (бұдан әрі – мемлекеттік мекеме) ақылы негізде мынадай көрсетілетін қызметтерді жүзеге асырады:
Тармақша 1
1) топыраққа агрохимиялық зерттеп-қарау жұмыстарын жүргізу;
Тармақша 2
2) өсімдік шаруашылығы өнімінің және оны қайта өңделген өнімдерінің сапасын бағалау;
Тармақша 3
3) жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардың өтініші бойынша топырақтың құрамында макро-, микроэлементтердің, ауыр металдардың, су сорындысының болуына қосымша зерттеп-қараулар жүргізу;
Тармақша 4
4) агрохимия саласындағы аспаптар мен зертханалық жабдықтарды, химиялық талдау әдістемелерін байқаудан өткізу, сынақ нәтижелері бойынша қорытындылар беру;
Тармақша 5
5) топыраққа, өсімдік шаруашылығы өніміне және оның қайта өңделген өнімдеріне химиялық талдау жүргізу, тыңайтқыштар жүйесін құру, жер учаскелерін пайдалану әдістері мен қағидалары бойынша консультациялық қызметтер көрсету.
Тармақ 3
3. Көрсетілетін қызметтерді өткізу жөніндегі ақылы қызмет түрлерінің тізбесі және ұсынылатын көрсетілетін қызметтердің баға прейскуранты мемлекеттік мекеменің аумағында (үй-жайларында) арнайы бөлінген жерде орналастырылады, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарында және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында жарияланады.
Тармақ 4
4. Мемлекеттік мекеме жеке және заңды тұлғалардың (бұдан әрі – өтініш беруші) еркін түрде жасалған жазбаша өтініші негізінде көрсетілетін қызметтерді өткізу жөніндегі ақылы қызмет түрлерін жүзеге асырады.
Тармақ 5
5. Өтінішті қабылдауды және тіркеуді мемлекеттік мекеменің жауапты қызметкері жүзеге асырады, мыналарды көрсете отырып, өтініш берушіге өтiнiштiң қабылданғаны туралы қолхат береді:
Тармақша 1
1) өтiнiштiң тiркеу нөмiрi мен оның қабылданған күнi;
Тармақша 2
2) көрсетілетін қызмет атауы;
Тармақша 3
3) өтінішті қабылдаған мемлекеттік мекеменің жауапты қызметкерінің аты, әкесінің аты (бар болса), тегі.
Тармақ 6
6. Көрсетілетін қызметтерді өткізу бойынша ақылы қызмет түрлері мемлекеттік мекемеде белгіленген жұмыс режиміне сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, күн сайын көрсетіледі.
Тармақ 7
7. Жеке және заңды тұлғалардың қолма қол нысанда жүзеге асырылатын есеп айырысулары мемлекеттік мекеменің кассалары арқылы фискалдық жады бар бақылау-кассалық машиналарды пайдалана отырып және бақылау түбіртегін бере отырып не «Ақылы қызметтердің қолма-қол ақшаны бақылау шоты» мемлекеттік мекемесінің ағымдағы шотына аудару жолымен қолма қол ақшасыз есеп айыру бойынша жүргізіледі.
Тармақ 8
8. Мемлекеттік мекеменің ақылы қызмет түрлерін жүзеге асырудан алған қаражаты көрсетілетін қызметтерді өткізуден түскен ақшаны есепке алу үшін ашылған шотқа аударылады және Бюджет кодексінің 101-бабының 8-тармағына сәйкес бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган бекіткен бюджеттің қазынашылық атқарылуы және оларға кассалық қызмет көрсету рәсімдеріне сәйкес ресімделген және ұсынылған төлемшоты негізінде пайдаланылады.
Тармақ 9
9. Ақылы қызмет түрлерін жүзеге асырудан түскен қаражат мемлекеттiк мекеменің көрсетiлетiн қызметтерді өткізуден түскен, өз иелігінде қалған ақшаның кіріс және шығыс жоспарларына (бұдан әрі – жоспар) сәйкес жоспарланады және пайдаланылады.
Тармақ 10
10. Мемлекеттік мекеменің ақылы қызмет түрлерін жүзеге асырудан алған қаражаты мынадай жоспарларға сәйкес пайдаланылады:
Тармақша 1
1) зертханалық зерттеулердi жүргiзу;
Тармақша 2
2) техника, ауыл шаруашылығы және зертханалық жабдықтарды, сондай-ақ мемлекеттiк мекеменiң материалдық-техникалық базасын жарақтандыруға арналған механизмдерді сатып алу;
Тармақша 3
3) ауыл шаруашылығы өндірісіне агрохимиялық қызмет көрсету саласындағы ғылыми зерттеулерді жүргiзу;
Тармақша 4
4) ауыл шаруашылығы өндірісіне агрохимиялық қызмет көрсету саласында ауыл шаруашылығы және зертханалық жұмыстар жүргiзу үшiн мемлекеттiк мекеме тартатын штаттан тыс маусымдық қызметкерлер мен жұмысшылардың көрсететін қызметтерi мен жұмысына еңбекақы төлеу;
Тармақша 5
5) тауарлық материалдық құндылықтарды: жанар-жағармайды, химиялық реактивтердi, қосалқы бөлшектердi, байланыс құралдарын, метеорологиялық деректердi, еңбектi қорғауды, өрт қауiпсiздiгi мен гигиенаны қамтамасыз ету үшiн арнайы қорғану құралдарын, сондай-ақ мемлекеттiк мекеменiң ағымдағы мақсаттары үшiн қажетті заттар мен материалдарды сатып алу;
Тармақша 6
6) көлiк, байланыс қызметiне, коммуналдық қызметке, әкiмшiлiк және қойма үй-жайларын жалға алу, көлiк құралдарын техникалық байқау және мiндеттi сақтандыру, мемлекеттiк мекеменiң мамандандырылған жабдықтарын тексеру бойынша көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу;
Тармақша 7
7) жазылым баспаларын, ғылыми, әдiстемелiк және арнайы әдебиеттердi сатып алу;
Тармақша 8
8) ғылыми және әдiстемелiк материалдарды, сондай-ақ мемлекеттiк мекеменiң ресми бюллетендерiн шығару;
Тармақша 9
9) мемлекеттiк мекеменiң мамандарын даярлау және олардың бiлiктiлiгiн арттыру;
Тармақша 10
10) ауыл шаруашылығы өндірісіне агрохимиялық қызмет көрсету саласындағы деректерді автоматты түрде өңдейтін арнайы бағдарламалық қамтылымды сатып алу және енгiзу;
Тармақша 11
11) мемлекеттiк мекемеге арналған шетелдiк хат-хабарлар мен ғылыми құжаттамаларды аудару үшін аудармашылардың көрсететін қызметтеріне ақы төлеу;
Тармақша 12
12) жарнамалау мен насихаттау жөнiндегi бұқаралық iс-шараларды өткiзу (танап күнi, семинарлар, көрмелер, саяхаттар мен презентациялар);
Тармақша 13
13) мемлекеттiк мекеменiң жұмыс iстеуiне байланысты ғимараттарды, құрылысжайларды және өзге де объектiлердi жөндеу;
Тармақша 14
14) мемлекеттiк мекеме қызметкерлерiнiң іссапарлары, оның iшiнде Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге iссапарлары шығыстары;
Тармақша 15
15) мемлекеттiк мекеменiң қызметкерлерiн еңбек көрсеткiштерi үшiн көтермелеу.