Об утверждении положения государственного учреждения «Управление предпринимательства и промышленности Восточно-Казахстанской области» Күшін жойған
Басқа 0
«Шығыс Қазақстан облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы»
мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 40-бабы 2-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 2-тармағына, «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабы 7) тармақшасына, 164-бабына және «Жергілікті атқарушы органдардың құрылымы мен штат саны лимиттерінің кейбір мәселелері туралы» Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2025 жылғы 11 сәуірдегі № 85 қаулысына сәйкес Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес «Шығыс Қазақстан облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы» мемлекеттік мекемесінің ережесі бекітілсін.
Тармақ 2
2. Шығыс Қазақстан облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы:
Тармақша 1
1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес күн ішінде оның мемлекеттік және орыс тілдеріндегі көшірмелерін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жариялау үшін «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына электрондық түрде жіберуді;
Тармақша 2
2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
Тармақ 3
3. «Шығыс Қазақстан облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы» Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2022 жылғы 10 ақпандағы № 28 қаулысының күші жойылсын.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау кәсіпкерлік және өнеркәсіп мәселелеріне жетекшілік ететін облыс әкімінің орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 8. «Шығыс Қазақстан облысының кәсіпкерлік және
өнеркәсіп басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы
ереже
Шығыс Қазақстан
облысы әкімдігінің
2025 жылғы «30» сәуір
№ 104 қаулысына
қосымша
«Шығыс Қазақстан облысының кәсіпкерлік және
өнеркәсіп басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы
ереже
Тарау 1. 1 тарау. Жалпы ережелер
1 тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. «Шығыс Қазақстан облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Басқарма) өнеркәсіптік әлеуетті, жеке кәсіпкерлікті және сауданы дамыту салаларында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
Тармақ 2
2. Басқарма өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Тармақ 3
3. Басқарма Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрі және мемлекеттік және орыс тілдерінде өз атауы жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады.
Тармақ 4
4. Басқарма азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
Тармақ 5
5. Басқарма, егер оған Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген болса, мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
Тармақ 6
6. Басқарма өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Басқарма басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
Тармақ 7
7. Басқарманың құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.
Тармақ 8
8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 070019, Қазақстан Республикасы, Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы, М.Горький көшесі, 40.
Тармақ 9
9. Мемлекеттік органның толық атауы: «Шығыс Қазақстан облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы» мемлекеттік мекемесі.
Тармақ 10
10. Осы Ереже осы Басқарманың құрылтай құжаты болып табылады.
Тармақ 11
11. Басқарманың қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес республикалық және (немесе) жергілікті бюджеттерден жүзеге асырылады.
Тармақ 12
12. Басқармаға кәсіпкерлік субъектілерімен Басқарма өкілеттігі болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер Басқармаға заңнамалық актілермен табыс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кірістер егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе мемлекеттік бюджетке жіберіледі.
Тарау 2. 2 тарау. Мемлекеттік органның міндеттері мен өкілеттіктері
2 тарау. Мемлекеттік органның міндеттері мен өкілеттіктері
Тармақ 13
13. Міндеттері:
Тармақша 1
1) қолданыстағы заңнамада белгіленген шектерде жеке кәсіпкерлікті, өнеркәсіпті, жер қойнауын пайдалануды, сауданы қолдау және дамыту жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыру;
Тармақша 2
2) экономиканың басым секторларын дамыту процесінде мемлекет пен бизнестің тиімді өзара іс-қимылын қамтамасыз ету.
Тармақ 14
14. Өкілеттіктері:
Тармақша 1
1) Құқықтары:
Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді жария етуге қойылатын талаптарды сақтай отырып, Басқармаға жүктелген функцияларды жүзеге асыру үшін қажетті ақпаратты мемлекеттік органдардан, өзге де ұйымдардың лауазымды тұлғаларынан және жеке тұлғалардан сұратуға және алуға;
реттелетін салалардағы орталық және жергілікті атқарушы органдардың басшыларымен меморандумдар (келісімдер) жасасуға;
Басқармаға жүктелген функцияларды жүзеге асыру кезінде мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардың мамандарын, сондай-ақ шетелдік және жергілікті сарапшылар мен мамандарды жұмысқа тартуға;
Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде айқындалған тәртіппен, сондай-ақ олармен келісім бойынша тиісті мемлекеттік органдардың бірлескен актілері негізінде басқа да мемлекеттік органдармен, коммерциялық емес және халықаралық ұйымдармен өзара ic-қимыл жасауға;
Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі мен мәслихаты бекітетін бағдарламаларды әзірлеуге қатысуға;
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен соттарда және басқа да мемлекеттік органдарда жауапкер, талапкер, үшінші тұлға ретінде, оның ішінде облыс әкімінің, облыс әкімдігінің атынан әрекет етуге;
облыстың жергілікті атқарушы органының шешімі бойынша облыстық коммуналдық мүлік құрамындағы акционерлік қоғамдар акцияларының мемлекеттік пакетін және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердегі қатысу үлестерін иелену және пайдалану құқықтарын жүзеге асыруға;
заңнама актілерінде, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы.
Тармақша 2
2) міндеттері:
Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтауға;
Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларды қоспағанда, өз өкілеттіктерін жүзеге асыру кезінде алынған коммерциялық, қызметтік, заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын ақпаратты жария етпеуге;
Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінде белгіленген тәртіппен және мерзімдерде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қабылдауға және қарауға;
Мемлекет басшысының, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің, сондай-ақ өзге де жоғары тұрған мемлекеттік органдардың тапсырмаларының уақтылы және сапалы орындалуын қамтамасыз етуге;
Басқармаға бөлінген бюджет қаражатының толық, уақтылы және тиімді пайдаланылуын қамтамасыз етуге;
облыс әкіміне реформалар бағытын, басқа да мемлекеттік бағдарламалық құжаттарды түсіндіру барысы туралы талдамалық анықтама дайындау жөніндегі жұмысты үйлестіруге;
мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерге сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсетуге;
мүмкіндіктері шектеулі адамдар мемлекеттік қызметтерді алған кезде олар үшін қажетті жағдайлар жасауға;
көрсетілетін қызметті алушыларға мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы толық және анық ақпаратты қолжетімді нысанда беруге;
орталық мемлекеттік органдарға, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарына, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдеріне, өзге де көрсетілетін қызметті берушілерге, Мемлекеттік корпорацияға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету үшін қажетті құжаттар мен ақпаратты, оның ішінде ақпараттық жүйелерді интеграциялау арқылы ұсыну;
мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыруға, сондай-ақ мүгедектігі бар адамдармен қарым-қатынас жасау дағдыларына үйретуге;
көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдарын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында белгіленген мерзімде қарауға және оларды қараудың нәтижелері туралы хабардар етуге;
көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік көрсетілетін қызметті орындау сатысы туралы ақпарат алу мүмкіндігін қамтамасыз етуге;
көрсетілетін қызметті алушылардың бұзылған құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қалпына келтіруге бағытталған шараларды қабылдауға;
мемлекеттік қызметтер көрсету үшін пайдаланылатын, сондай-ақ оларды көрсету үшін қажетті өзекті мәліметтерді қамтитын ақпараттық жүйелердің үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз етуге;
ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік қызметтер көрсету сатысы туралы деректерді мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етуге;
егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде электрондық цифрлық қолтаңбамен расталған жазбаша келісімді немесе келісімді не көрсетілетін қызметті алушының ұялы байланыс абоненттік құрылғысы арқылы ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісімін алуға;
мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерде көзделген жағдайларда мемлекеттік қызметтер көрсету үшін цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжаттарды пайдалануға;
Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуден бас тартуға;
заңнама актілерінде, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де міндеттерді жүзеге асыруға міндетті.
Тармақ 15
15. Функциялары:
Тармақша 1
1) жеке кәсіпкерлікті қолдау және дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асырады;
Тармақша 2
2) жеке кәсіпкерлікті дамыту үшін жағдайлар жасайды;
Тармақша 3
3) жеке кәсіпкерлікті қолдау және дамыту саласындағы мемлекеттік бағдарламалардың іске асырылуы мен орындалуын қамтамасыз етеді және жауапты болады;
Тармақша 4
4) өңірде шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау инфрақұрылымы объектілерін құруды және дамытуды қамтамасыз етеді;
Тармақша 5
5) жергілікті атқарушы органдардың жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерімен, Ұлттық палатамен және нарықтық инфрақұрылым объектілерімен өзара қарым-қатынастарын дамыту стратегиясын айқындау жөнінде ұсыныстар енгізеді;
Тармақша 6
6) сараптама кеңесінің қызметін ұйымдастырады;
Тармақша 7
7) жергілікті деңгейде шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдауды қамтамасыз етеді;
Тармақша 8
8) шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері үшін мамандар мен персоналды оқытуды, даярлауды, қайта даярлауды және олардың біліктілігін арттыруды ұйымдастырады;
Тармақша 9
9) құзыреті шегінде шикізаттық емес экспортты ілгерілетуді жүзеге асырады;
Тармақша 10
10) шикізаттық емес экспортты дамыту үшін құзыреті шегінде жағдайлар жасайды;
Тармақша 11
11) экономиканың басым секторларын айқындау бойынша мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға ұсыныстар енгізеді;
Тармақша 12
12) реттеушілік әсерді талдау нәтижелерін қарайды және жобаларды әзірлеушілердің өңірлік маңызы бар актілерді, өңірлік палатаның және басқа да мүдделі тұлғалардың белгіленген рәсімдерді сақтауы туралы қорытынды береді;
Тармақша 13
13) кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органға реттеушілік әсерді талдау жөніндегі жұмыстың жай-күйі туралы есептерді ұсынады;
Тармақша 14
14) реттеушілік әсерді талдау қорытындыларымен келіспеген жағдайда реттеушілік әсерге балама талдау жүргізеді;
Тармақша 15
15) бизнес-эмигранттардың уақытша тұруына рұқсаттардың қолданылу мерзімін ұзартуға немесе қысқартуға өтінішхат береді;
Тармақша 16
16) Бірыңғай есеп күнін ұйымдастырады және өткізеді;
Тармақша 17
17) кең таралған пайдалы қазбаларды өндіру және кен іздеушілік жөніндегі операцияларды жүргізу үшін жер қойнауын пайдалану құқығын береді;
Тармақша 18
18) қатты пайдалы қазбалар саласындағы уәкілетті орган айқындаған тәртіпте жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті органның және қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерінің келісімі бойынша жазбаша рұқсат беру жолымен ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын, мемлекеттік меншіктегі темір жолдарды салу (реконструкциялау) және жөндеу үшін, сондай-ақ гидроқұрылыстар мен гидротехникалық құрылыстарды реконструкциялау және жөндеу үшін пайдаланылатын кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндіруге құқық береді;
Тармақша 19
19) жер қойнауын пайдаланушылардың кең таралған пайдалы қазбаларды өндіруге, кен іздеушілікке арналған лицензиялардың және «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі қолданысқа енгізілгенге дейін жасалған келісімшарттардың талаптарын сақтауын бақылауды жүзеге асырады;
Тармақша 20
20) кең таралған пайдалы қазбаларды өндіру, кен іздеушілік жөніндегі операциялардың жүргізілуіне мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
Тармақша 21
21) жер қойнауын пайдаланушылардың «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде және кен іздеушілікке арналған лицензияда көзделген еңбек шарттарының сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
Тармақша 22
22) пайдалы қазбалар жатқан аумақтардағы құрылысты реттейді;
Тармақша 23
23) жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен пайдалы қазбалар жатқан аумақтарда құрылыс салуға рұқсат береді;
Тармақша 24
24) кең таралған пайдалы қазбаларды өндіруге берілген лицензиялар және кен іздеушілікке арналған лицензиялар туралы ақпаратқа қол жеткізуді қамтамасыз етеді;
Тармақша 25
25) құзыреті шегінде стандарттау жөніндегі құжаттардың жобаларын қарайды, сондай-ақ стандарттау саласындағы уәкілетті органға енгізу үшін ұлттық, мемлекетаралық стандарттарды, техникалық-экономикалық ақпараттың ұлттық жіктеуіштерін және стандарттау жөніндегі ұсынымдарды әзірлеу, өзгерістер енгізу, қайта қарау және олардың күшін жою жөнінде ұсыныстар дайындайды;
Тармақша 26
26) жер қойнауын пайдалану құқығын және жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілерді ауыстыруға рұқсат береді;
Тармақша 27
27) жылжымалы мүлік кепілін тіркеу саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен жер қойнауын пайдалану құқығының кепілін (жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлесті) тіркеуді жүргізеді;
Тармақша 28
28) жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттарға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнінде келіссөздер жүргізу жөніндегі жұмыс тобының жұмысын ұйымдастырады;
Тармақша 29
29) жер қойнауын пайдалану мәселелері жөніндегі сараптама комиссиясының жұмысын ұйымдастырады;
Тармақша 30
30) кең таралған пайдалы қазбаларды өндіруге арналған келісімшарттар жөніндегі комиссияның жұмысын ұйымдастырады;
Тармақша 31
31) кең таралған пайдалы қазбаларды өндіру жөніндегі операциялардың салдарын жою жөніндегі комиссияның жұмысын ұйымдастырады;
Тармақша 32
32) кен іздеушілік салдарын жою жөніндегі комиссияның жұмысын ұйымдастырады;
Тармақша 33
33) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық органдарымен келісім бойынша кен іздеушілікке арналған лицензиялар үшін аумақты айқындайды;
Тармақша 34
34) негіздер болған жағдайда кен іздеушілікке арналған лицензияларды қайтарып алады;
Тармақша 35
35) заңды тұлғалардың түстi және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын жинауы (дайындауы), сақтауы, қайта өңдеуi және өткiзуi жөнiндегi қызметтiң басталғаны туралы рұқсаттар берудi жүзеге асырады;
Тармақша 36
36) сауда саясатын жүргізуді қамтамасыз етеді;
Тармақша 37
37) өз құзыреті шегінде сауда қызметі субъектілерінің қызметін реттеуді жүзеге асырады;
Тармақша 38
38) Шығыс Қазақстан облысының аумағында сауда қызметіне қолайлы жағдайлар жасау жөніндегі шараларды әзірлейді;
Тармақша 39
39) халықтың сауда алаңының ең төменгі нормативтерімен қамтылуы бойынша ұсыныстар әзірлейді;
Тармақша 40
40) халықтың сауда алаңының ең төменгі нормативімен қамтылуына қол жеткізу жөніндегі шараларды әзірлейді және іске асырады;
Тармақша 41
41) көрмелер мен жәрмеңкелерді ұйымдастыруды жүзеге асырады;
Тармақша 42
42) өз құзыреті шегінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына шекті рұқсат етілген бөлшек сауда бағаларын бекітеді;
Тармақша 43
43) Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес хабарламаларды қабылдауды ұйымдастырады;
Тармақша 44
44) реттеушілік әсерге баламалы талдау жүргізеді;
Тармақша 45
45) кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органға реттеушілік әсерді талдау жөніндегі жұмыстың жай-күйі туралы есептер ұсынады;
Тармақша 46
46) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына рұқсат етілген шекті бөлшек сауда бағаларының мөлшерінің сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
Тармақша 47
47) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына сауда үстемесі мөлшерінің сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
Тармақша 48
48) Қазақстан Республикасының сауда қызметін реттеу туралы заңнамасында белгіленген сыйақы мөлшерінің сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
Тармақша 49
49) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті мәндерін және әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына рұқсат етілген шекті бөлшек сауда бағаларының мөлшерін бекіту жөнінде ұсыныстар енгізеді;
Тармақша 50
50) сауда инфрақұрылымын дамытуға бағытталған инвестициялық жобаларды әзірлейді және іске асырады
Тармақша 51
51) ішкі сауда субъектілерін, оның ішінде отандық өндірістің азық-түлік тауарларымен сауданы жүзеге асыратын субъектілерді экономикалық ынталандыру шараларын қолданады;
Тармақша 52
52) электрондық сауданы дамытады;
Тармақша 53
53) шекара маңындағы сауданы дамытады;
Тармақша 54
54) отандық сауда желілерін дамытады;
Тармақша 55
55) сауда қызметі саласындағы көрмелерді, жәрмеңкелерді ұйымдастыру және өткізу арқылы ішкі сауда субъектілерінің іскерлік белсенділігін ынталандырады;
Тармақша 56
56) Шығыс Қазақстан облысы өнеркәсіп кәсіпорындарының проблемалық мәселелерін шешу үшін ғылыми кеңестің жұмысын ұйымдастырады;
Тармақша 57
57) өңірде ғылымды дамытудың басым бағыттарын айқындайды және өңірде іске асырылатын ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларды қаржыландыруды ұйымдастырады;
Тармақша 58
58) ғылым және ғылыми-техникалық қызмет саласындағы ұсыныстарды әзірлеуге және мемлекеттік саясатты іске асыруға, өңірде қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргізу жөніндегі жұмысты үйлестіруге қатысады;
Тармақша 59
59) тиісті аумақта ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру саласында мемлекеттік саясат жүргізуді қамтамасыз етеді;
Тармақша 60
60) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру жобаларын қаржыландыру үшін жеке кәсіпкерлік субъектілерінің гранттары мен инвестицияларын тарту бойынша жәрдем көрсетеді, оларды қоса қаржыландыруға қатысады;
Тармақша 61
61) өнім шығаруды және (немесе) жаңа технологиялар енгізуді жүзеге асыратын бірлескен өндірістер құру мақсатында жеке кәсіпкерлік, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерімен өзара іс-қимылын қамтамасыз ету жөніндегі шараларды жүзеге асырады;
Тармақша 62
62) жеке кәсіпкерлік (оның ішінде шетелдік), квазимемлекеттік сектор субъектілерінің ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерімен өзара іс-қимылын қамтамасыз ету үшін ғылым жөнінде кеңестер құрады;
Тармақша 63
63) қызметі ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру (практикалық қолдану) болып табылатын заңды тұлғаларды, оның ішінде стартап-компанияларды құруға және (немесе) жарғылық капиталына қатысады;
Тармақша 64
64) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыруға жәрдемдесу бағдарламаларының іске асырылу мониторингін жүзеге асырады;
Тармақша 65
65) уәкілетті органмен және салалық уәкілетті органдармен бірлесіп, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыруды әдістемелік қамтамасыз етуге қатысады;
Тармақша 66
66) ғылымды дамытудың басым бағыттары бойынша ұсыныстар енгізеді;
Тармақша 67
67) мемлекеттік тапсырыс шеңберінде қолданбалы ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларды әзірлеуді ұйымдастырады және оларды іске асыруды жүзеге асырады;
Тармақша 68
68) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органының мемлекеттік тапсырысы шеңберінде орындалған қолданбалы ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламалар бойынша есептерді бекітеді;
Тармақша 69
69) қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінде жазасын өтеп жатқан сотталғандарды жұмыспен қамтуға, оның ішінде қылмыстық-атқару жүйесінің кәсіпорындары мен мекемелері өндіретін, орындайтын және көрсететін тауарларға, жұмыстар мен қызметтерге тапсырыстар орналастыру жолымен, сондай-ақ қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің аумағында сотталғандардың еңбегін пайдаланатын өндірістерді ашуға, кеңейтуге және жаңғыртуға кәсіпкерлік субъектілерін тарту жолымен жәрдемдеседі;
Тармақша 70
70) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Тарау 3. 3-тарау. Мемлекеттік орган басшысының мәртебесі, өкілеттіктері
3-тарау. Мемлекеттік орган басшысының мәртебесі, өкілеттіктері
Тармақ 16
16. Басқармаға басшылықты Басқармаға жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болатын басшы жүзеге асырады.
Тармақ 17
17. Басқарма басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.
Тармақ 18
18. Басқарма басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасары болады.
Тармақ 19
19. Басқарма басшысының өкілеттіктері:
Тармақша 1
1) Басқарманың жұмысын ұйымдастырады және оған басшылық жасайды және Басқармаға жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз функцияларын жүзеге асыруына дербес жауапты болады;
Тармақша 2
2) Басқарма орынбасарының, Басқарма бөлімдері басшыларының міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды;
Тармақша 3
3) Басқармада сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға қарсы іс-қимылға бағытталған шараларды қабылдайды және осы шаралардың әрекетсіздігі үшін дербес жауапты болады;
Тармақша 4
4) қолданыстағы заңнамаға сәйкес Басқарма қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
Тармақша 5
5) қолданыстағы заңнамада белгіленген тәртіппен Басқарма қызметкерлерін көтермелейді, тәртіптік жаза қолданады;
Тармақша 6
6) облыс әкімінің ұйымдастыру қызметі мәселелері бойынша келіп түскен петицияларды Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінде белгіленген тәртіппен қарайды;
Тармақша 7
7) өз өкілеттігі шегінде бұйрықтар шығарады;
Тармақша 8
8) бөлімдер туралы ережелерді және Басқарма қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді;
Тармақша 9
9) мемлекеттік органдарда, өзге де ұйымдарда Басқарма мүдделерін білдіреді;
Тармақша 10
10) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Басқарма басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін орындауды қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.
Тармақ 20
20. Басшы өз орынбасарының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес айқындайды.
Тарау 4. 4-тарау. Мемлекеттік органның мүлкі
4-тарау. Мемлекеттік органның мүлкі
Тармақ 21
21. Басқарманың заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
Басқарманың мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
Тармақ 22
22. Басқармаға бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
Тармақ 23
23. Егер заңнамада өзгеше белгіленбесе, Басқарма өзіне бекітілген мүлікті және оған қаржыландыру жоспары бойынша берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті дербес иеліктен шығаруға немесе оған өзге тәсілмен билік етуге құқылы емес.
Тарау 5. 5-тарау. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
5-тарау. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
Тармақ 24
24. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Басқарманың қарамағындағы ұйымдардың тізбесі:
Тармақ 25
25. «Ертіс» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамы.