Об утверждении перечня финансовых инструментов для инвестирования активов Государственного фонда социального страхования Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 13.11.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының активтерiн инвестициялауға арналған қаржы құралдарының тiзбесiн бекiту туралы "Мiндеттi әлеуметтік сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 25 сәуiрдегi Заңын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
Тармақ 1
1. Қоса берiліп отырған Мемлекеттiк әлеуметтік сақтандыру қорының активтерiн инвестициялауға арналған қаржы құралдарының тiзбесi бекiтiлсiн.
Тармақ 2
2. Осы қаулы 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi.
Басқа 0. Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорының активтерiн инвестициялауға арналған қаржы құралдарының тiзбесi
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 20 тамыздағы N 877 қаулысымен бекiтiлген Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорының активтерiн инвестициялауға арналған қаржы құралдарының тiзбесi
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк бағалы қағаздары - 50%-дан кем емес.
Тармақ 2
2. Агенттiк бағалы қағаздары 25%-дан асырмай.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiндегi салымдар (депозиттер) 30%-дан кем емес.
Тармақ 4
4. Орналастыру күнiне бағалы қағаздары сауда ұйымдастырушылардың ресми тiзiмiне "A" санаты бойынша енгізiлген екiншi деңгейдегi банктердегi немесе резидент емес банкiнiң "А" санатынан ("Standard&Poor's және "Fitch" рейтинг агенттiктерiнiң жiктемесi бойынша) немесе "А2" санатынан ("Мооdу's Investors Service" рейтинг агенттіктерiнiң жiктемесi бойынша) төмен емес ұзақ мерзiмдi, қысқа мерзiмдi және жеке рейтингi бар еншілес резидент-банктегi салымдар (депозиттер) - 10%-дан кем емес.
Тармақ 5
5. Мемлекеттік бағалы қағаздармен керi РЕПО операциялары 50%-дан кем емес.
Тармақ 6
6. Агенттiк бағалы қағаздарымен керi РЕПО операциялары 25%-дан кем емес.