Об утверждении Правил формирования и ведения Национального словарного фонда казахского языка Қолданыста
Басқа 0
Қазақ тілінің ұлттық сөздік қорын қалыптастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы
«Мәдениет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 24-4-бабы 4-тармағына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 580 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 160-2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Қазақ тілінің ұлттық сөздік қорын қалыптастыру және жүргізу қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Мәдениет және ақпарат министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
Басқа 0. Қазақ тілінің ұлттық сөздік қорын
қалыптастыру және жүргізу қағидалары
Қазақстан Республикасының
Ғылым және жоғары
білім министрі
2025 жылғы 30 сәуірдегі
№ 226
Бұйрығымен бекітілген
Қазақ тілінің ұлттық сөздік қорын
қалыптастыру және жүргізу қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Қазақ тілінің ұлттық сөздік қорын қалыптастыру және жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Мәдениет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 24-4-бабы 4-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 580 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 160-2) тармақшасына сәйкес әзірленді және Қазақ тілінің ұлттық сөздік қорын (бұдан әрі – Ұлттық сөздік қор) қалыптастыру мен жүргізу тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) генерация – деректер мен алдын ала белгіленген ережелер негізінде жаңа контентті (мәтін, сурет, дыбыс) автоматты түрде құру процесі;
Тармақша 2
2) жасанды интеллект моделі – арнаулы міндеттерді орындау үшін әзірленген және өзгеріп отыратын жағдайларға бейімделе алатын, жинақталған тәжірибе негізінде оқып-үйренуге болатын және өз қызметінің процестері мен нәтижелерін оңтайландыра білетін бағдарламалық өнім;
Тармақша 3
3) табиғи тілді өңдеу – компьютерлерге адам тілін түсінуге, түсіндіруге және өңдеуге мүмкіндік беретін машиналық оқыту технологиясы.
Тармақ 3
3. Ұлттық сөздік қорды құрудың мақсаты қазақ тілін мәдени құндылық ретінде сақтау, қорғау және дамыту, сондай-ақ мемлекеттік тіл мәртебесін нығайту, қазақ тілінің барлық қолданыс аясын қамтитын ресурстарды жинақтау, тілдің қолданыстағы лексикалық құрамын ретке келтіру, цифрландыру, генерациялау, оны жасанды интеллект пен заманауи технологияларға бейімдеу, өңдеу процестерін автоматтандыру болып табылады.
Тарау 2. 2-тарау. Ұлттық сөздік қорды қалыптастыру тәртібі
2-тарау. Ұлттық сөздік қорды қалыптастыру тәртібі
Тармақ 4
4. Заңның 24-4-бабының 4-тармағына сәйкес Ұлттық сөздік қорды қалыптастыруды және жүргізуді тілдерді дамыту саласындағы уәкілетті орган айқындаған заңды тұлға іске асырады.
Тармақ 5
5. Ұлттық сөздік қорды қалыптастыру жүйені пайдаланушыларға функционалдық және цифрлық сервистерге қолжетімділік беруді көздейді.
Тармақ 6
6. Ұлттық сөздік қор академиялық және аударма сөздіктер, Қазақ тілінің ұлттық корпусы, терминологиялық база және түрлі форматтағы мәліметтер жиынтығы болып табылатын датасет негізінде қалыптастырылады.
Тармақ 7
7. Ұлттық сөздік қорды қалыптастырудың негізгі міндеттері:
Тармақша 1
1) пайдаланушыларға сөздер туралы кешенді мәліметтер алуға мүмкіндік беретін сөздіктер жиынтығын қалыптастыру;
Тармақша 2
2) қазақ әдеби тілінің нормасы туралы ақпаратты орналастыруды, жаңартуды және таратуды қамтамасыз ету;
Тармақша 3
3) пайдаланушыларға түрлі сипаттағы тексерілген сөздіктердің электрондық нұсқасын қолдануға мүмкіндік беру;
Тармақша 4
4) пайдаланушыларға қазақ әдеби тілі нормасының даму динамикасы туралы ақпарат ұсыну.
Тармақ 8
8. Ұлттық сөздік қорды қалыптастыру:
Тармақша 1
1) Ұлттық сөздік қорды құру және дамыту мәселелері жөнінде кезеңдік іс-шаралар жоспарын әзірлеуді;
Тармақша 2
2) Ұлттық сөздік қорға қойылатын функционалдық және техникалық талаптарды, деректерді жинауға, өңдеуге және жүйелеуге арналған цифрлық жүйенің техникалық ерекшеліктерін және техникалық қызмет көрсету кестесін бекітуді;
Тармақша 3
3) интерактивті пайдаланушының интерфейсін, іздеу жүйесін және деректерді экспорттау мүмкіндігін қамтамасыз етуді;
Тармақша 4
4) Ұлттық сөздік қорды құру және жетілдіру саласындағы субъектілердің іс-қимылын үйлестіруді;
Тармақша 5
5) Ұлттық сөздік қормен интеграциялануға қабілетті цифрлық ресурстардың тізбесін қалыптастыруды;
Тармақша 6
6) ашық деректер платформаларын пайдалануды және цифрлық технологиялар мен киберқауіпсіздік саласындағы мемлекеттік стандарттарға сәйкес келуін қамтамасыз етуді қамтиды.
Тармақ 9
9. Ұлттық сөздік қорды қалыптастыру кезінде тілдерді дамыту саласындағы уәкілетті орган айқындаған заңды тұлға:
Тармақша 1
1) ғылыми негізділік, қоғамдық-гуманитарлық және жаратылыстану-математикалық ғылымдар саласындағы барлық лексикалық бірліктердің ғылыми зерттеулер мен нақты деректерге негізделу қажеттілігі;
Тармақша 2
2) жүйелілік, бірегей жүйе ретінде толық және әрі қарай жетілдірілу қажеттілігі;
Тармақша 3
3) әдеби тіл нормасын сақтауды қамтамасыз ету;
Тармақша 4
4) дәстүр мен жаңашылдықты үйлестіру, қазақ тілінің лексикалық нормасы мен қазіргі заман талаптарына сәйкес жаңа сөздер мен терминдерді үйлесімді түрде бейімдеу, енгізу қажеттілігі;
Тармақша 5
5) барлық деректердің тілдік ресурстарды пайдаланушылар үшін қолжетімділігі және инклюзивтілігі принциптерін басшылыққа алады.
Ұлттық сөздік қорды қалыптастыру аталған қорды құруға және жетілдіруге қатысты ұсыныстарды жария талқылауды ескере отырып жүзеге асырылады. Қоғамдық талқылау барлық мүдделі тараптардың ұсыныстары мен түсініктемелерін енгізу мүмкіндігімен ашық онлайн платформалар немесе қоғамдық іс-шаралар арқылы жүзеге асырылады. Ұлттық сөздік қорды қалыптастыруға және жетілдіруге қоғамдық-гуманитарлық және жаратылыстану-математикалық ғылымдар саласындағы тәуелсіз сарапшылар тартылады.
Тарау 3. 3-тарау. Ұлттық сөздік қорды жүргізу тәртібі
3-тарау. Ұлттық сөздік қорды жүргізу тәртібі
Тармақ 10
10. Ұлттық сөздік қорды жүргізу:
Тармақша 1
1) сөздердің мағынасын, этимологиясын және жалпы қолдану үлгілерін қамтитын сөздіктер базасын әзірлеуді;
Тармақша 2
2) тіл корпустарының орталықтандырылған жүйесін құруды;
Тармақша 3
3) қазақ тілінің терминологиялық базасын жетілдіруді;
Тармақша 4
4) қазақ тілін қолданудың барлық саласын қамтитын датасет жинауға арналған техникалық талаптарды әзірлеуді;
Тармақша 5
5) ғылыми зерттеулер үшін қолжетімді платформа ұсынуды;
Тармақша 6
6) қазақ тіліндегі жасанды интеллект модельдерін, заманауи технологияларды интеграциялауды;
Тармақша 7
7) интерактивті іздеу жүйесін әзірлеуді;
Тармақша 8
8) цифрлық жүйеге енгізілетін деректер қорын жинауды, өңдеуді, сақтауды жүзеге асыруды;
Тармақша 9
9) жалпыға қолжетімді ақпараттың Интернеттің ашық кеңістігінде болуын;
Тармақша 10
10) цифрлық жүйенің субъектілері арасында мәліметтермен ақпараттық алмасуды
Тармақша 11
11) мәтіндік материалдарды цифрлық форматта беруді;
Тармақша 12
12) сенімді және жоғары өнімді бағдарламалармен қамтамасыз етілуді;
Тармақша 13
13) тілдік деректердің реляциялық және семантикалық байланыстарын құруды;
Тармақша 14
14) киберқауіпсіздік шараларын сақтауды;
Тармақша 15
15) цифрлық жүйені жаңарту және жетілдіру бойынша жұмыс жүргізуді;
Тармақша 16
16) Ұлттық сөздік қорды өзектендіруде оны тестілеу және сынақтан өткізу бойынша шаралардың қабылдануын;
Тармақша 17
17) пайдаланушылар үшін цифрлық жүйені өздігінен оқуға арналған нұсқаулықтың әзірленуін;
Тармақша 18
18) Ұлттық сөздік қорға енгізілетін тіл нормасына сәйкес келетін сөздерді, терминдер мен сөз тіркестерін сұрыптау және сараптау қызметін қамтамасыз етуді;
Тармақша 19
19) Ұлттық сөздік қор бойынша жүйеден тыс жүзеге асырылатын алқалы әрекеттер қызметін үйлестіруді қамтиды.