Об утверждении "Инструкции по раскрытию и публикации информации о деятельности накопительных пенсионных фондов в Республике Казахстан" Күшін жойған

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 06.05.2003. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасында жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметi туралы ақпараттарды ашу және жариялау жөнiндегi Нұсқамасы Ескерту: Нормативтiк құқықтық актiнiң аталуы жаңа редакцияда жазылды - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 2000 жылғы 6 қазандағы N 117-ө бұйрығымен. Ескерту: Нұсқамаға толассыз нөмірлеу енгізілді - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 2000 жылғы 6 қазандағы N 117-ө бұйрығымен .
Тармақ 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Ережемен "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 20 маусымдағы N 136-1 Заңына  сәйкес жинақтаушы зейнетақы қорларының (бұдан әрі - Қор) қызметі туралы ақпараттарды ашу және жариялау жөніндегі негізгі талаптар белгіленеді.
Тармақ 2. 2. Ақпараттарды ашу тәртібі
2. Ақпараттарды ашу тәртібі
Тармақ 2
2. Қорлар өзінің қызметі туралы бұқаралық ақпарат құралдарында - бас басылымдарында, радиода және теледидарда мемлекеттік және орыс тілдерінде осы Ережеде белгіленген тәртіпке сәйкес ақпарат жариялауға міндетті.
Тармақ 3
3. Ақпаратты ашудағы мақсат Қор қызметінің айқындығын белгілеу болып табылады.
Тармақ 3-1
3-1. "Бұқаралық ақпарат құралдары туралы" Қазақстан Республикасының" 1999 жылғы 23 шiлдедегi N 451-1 Заңына сәйкес, бұқаралық ақпарат құралдары деп оқтын-оқтын баспа басылымдары, радио-және телебағдарламалар, кинодокументалистика, тыңдап-көру жазбалары және тұлғалардың шектелмеген шеңберiне арналған бұқаралық ақпаратты оқтын-оқтын немесе үзбей көпшiлiкке таратудың өзге нысандары танылады. Оқтын-оқтын баспа басылымдары болып газет-журналдар, альманахтар, бюллетендер және тұрақты атауы, ағымдық нөмiрi бар, жарты жылда бiр реттен сирек емес шығарылатын оларға қосымша басылымдар есептеледi. Ескерту: 2-тарау толықтырылды - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 2000 жылғы 6 қазандағы N 117-ө бұйрығымен .
Тармақ 3. 3. Жариялануға жататын ақпараттар
3. Жариялануға жататын ақпараттар
Тармақ 4
4. Қор жылдық есептi тапсырғаннан кейiн, бiр айдың iшiнде аудиттiң қорытындысын ескере отырып, жыл сайын мыналарды:
Тармақша 1
1) өз қаражаты бойынша - бухгалтерлiк теңгерiм және қаржы-шаруашылық қызметiнiң есебiн;
Тармақша 2
2) зейнетақы жинақтары бойынша - жинақталған зейнетақы қаражаты бойынша есеп беру үлгiлерiн. Ескерту: 4-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 2000 жылғы 6 қазандағы N 117-ө бұйрығымен .
Тармақ 5
5. Мiндеттi түрде жарияланатын қаржылық, статистикалық және өзге есептер жөнiндегi ақпарат өкiлеттi орган белгiлеген бұқаралық ақпарат құралдарында басылуы тиiс. Ескерту: 5-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 2000 жылғы 6 қазандағы N 117-ө бұйрығымен .
Тармақ 4. 4. Жарнамалық қызмет
4. Жарнамалық қызмет
Тармақ 6
6. Жарияланатын және таратылатын жарнамалар мен ақпараттарда алушының пайдасына инвестициядан түсетін табыс ставкасына және сақтандырылуға кепілдік немесе уәде берілмеуі (бекітілмеуі немесе меңзелмеуі) тиіс. Ескерту: 6-тармақ толықтырылды - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 2000 жылғы 6 қазандағы N 117-ө бұйрығымен .
Тармақ 7
7. Қордың жарнамасында қызметінің басқа жинақтаушы зейнетақы қорлары қызметінің көрсеткіштерімен салыстырылған көрсеткіштерін пайдалануға жол берілмейді.
Тармақ 8
8. Қорларға олардың оны жариялаған күнгі шындыққа сәйкес келмейтін қызметін жарнамалауға тыйым салынады.
Тармақ 5. 5. Жарнамалық қызметке бақылау жасау
5. Жарнамалық қызметке бақылау жасау Ескерту: 5-тарау өзгертілді - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 2000 жылғы 6 қазандағы N 117-ө бұйрығымен .
Тармақ 9
9. Қордың жарнама қызметіне бақылауды Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметiн реттеу жөнiндегi Комитеті (бұдан әрі - Комитет) жүзеге асырады.
Тармақ 10
10. Қор, бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жарияламай тұрып, жарнамалық материалдардың толық мәтiнiн келiсу үшiн, Комитетке ұсынуы тиiс." Комитет жарнамалық материалдарды алған күннен бастап, 15 күнтiзбелiк күн iшiнде қарап, жарнамалық өнiмдердiң Нұсқаулық талаптарына сәйкес екендiгi туралы, немесе жiберiлген кемшiлiктердi жою жөнiнде қорытынды бередi. Қор жарнамалық материалды таратуды тек қана Комитеттiң оң қорытындысын алғаннан кейiн жүргiзуге тиiс. Ескерту: 10-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 2000 жылғы 6 қазандағы N 117-ө бұйрығымен , өзгертілді - 2001 жылғы 20 шілдедегі N 73-Ө бұйрығымен .
Тармақ 11
11. Комитет шындыққа сәйкес келмейтін жарнамаға және жарияланымға өзгеріс енгізуді, оны болдырмау үшін тоқтатуды немесе жалған екендігіне түсінік беруді талап етуге құқылы. Ескерту: 11-тармақ толықтырылды - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 2000 жылғы 6 қазандағы N 117-ө бұйрығымен .
Тармақ 6. 6. Қорытынды ережелер
6. Қорытынды ережелер
Тармақ 12
12. Осы Ережелермен реттелмеген мәселелер Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес шешілуге жатады.