Қолданыстағы ред. 03.08.2004

Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу жөніндегі комиссия туралы от 03.08.2004 г. № 112/2 (Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу жөніндегі комиссия туралы)

0

Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу жөніндегі комиссия туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі «Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтар туралы» Заңының 3 бабының 2 тармағының 2 тармақшасына сәйкес және қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу жөніндегі комиссиясы құрылып, құрамы заңнамаға сәйкес аудандық мәслихатқа енгізілсін.

2

2. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу жөніндегі комиссиясының Ережесі қосымшаға сәйкес бекітілсін.

3

3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Т.Әлжановқа жүктелсін.

4. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу жөніндегі комиссиясының ЕРЕЖЕСІ

Май ауданы әкімдігінің 2004 жылғы
«4» тамыздағы «Қоғамдық тәртіпті
қамтамасыз етуге қатысатын
азаматтарды көтермелеу жөніндегі
комиссия туралы», № 112/2 қаулысымен
бекітілген
Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын
азаматтарды көтермелеу жөніндегі комиссиясының
ЕРЕЖЕСІ

1. 1. Жалпы ережелер

1. Жалпы ережелер

1

1. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды
көтермелеу жөніндегі комиссиясы – консультативтік – кеңесші орган болып табылады.

2

2. Комиссия қызметінің құқықтық негізгі Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі «Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтар туралы» Заңы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларымен, сондай-ақ осы Ереже құрайды.

2. 2. Комиссияның мақсаты мен міндеттері

2. Комиссияның мақсаты мен міндеттері

3

3. Комиссияның негізгі мақсаты:
Қылмыстың алдын алуға және жолын кесуге жәрдемдескен, қоғамдық тәртіпті қорғауға қатысқан азаматтарды көтермелеу.

4

4. Комиссияның міндеттері:
Қоғамдық тәртіптің сақталуына, қылмыстың алдын алуға және жолын кесуге жәрдемдесуге қатысқан азаматтарды көтермелеу жөніндегі ұсыныстарды қарау.

3. 3. Комиссия ұйымдастыру және жұмыс тәртібі

3. Комиссия ұйымдастыру және жұмыс тәртібі

5

5. Комиссия мәжілістері қажет болғанда, өткізіледі.

6

6. Комиссия мүшелерінің үштен екі бөлегі қатыса, оның мәжілістері құқықты болып саналады.

7

7. Мәжіліске қатысқан мүшелерінің көпшілік даусымен қабылданып, ұсыныс сипатында болады. Комиссия мәжіліске қатысып отырған мүшелердің көпшілігі дауыс берсе, шешім қабылданған болып саналады.

4. 4. Комиссияның құрамы

4. Комиссияның құрамы

8

8. Комиссияның құрамына жергілікті өкілетті органның, жергілікті атқарушы органның және ішкі істер органның өкілдері кіреді.

5. 5. Комиссияның құқығы

5. Комиссияның құқығы

9

9. Комиссия құқылы қоғамдық тәртіпті сақталуына және қылмыстың алдын алуға қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеуге.

10

10. Ішкі істер бөлімімен тиісті жұмыстар жасау.

20. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды мадақтау жөніндегі комиссиясының құрамы

Май ауданы әкімдігінің 2004 жылғы
«4» тамыздағы «Қоғамдық тәртіпті
қамтамасыз етуге қатысатын
азаматтарды көтермелеу жөніндегі
комиссия туралы», № 112/2 қаулысымен
қосымша
Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын
азаматтарды мадақтау жөніндегі комиссиясының құрамы
1.
Әлжанов Темірғали
Әукенұлы
аудан әкімінің орынбасары, комиссия төрағасы
2.
Андеров Марат Қалымұлы
аудандық ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары, комиссия төрағасының орынбасары (келісім бойынша)
Комиссия мүшелері:
3.
Шакарғали Болат Шөкенұлы
аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы
4.
Сүлейменов Жомарт Нұртайұлы
аудандық білім беру бөлімінің бастығы
5.
Тулев Ерғанат Шайғалиұлы
аудандық денсаулық сақтау бөлімінің бастығы
6.
Құрмашев Қалкен Данилұлы
аудандық мәслихат аппаратының жетекші маманы (келісім бойынша)
7.
Литвинова Надежда Викторовна
аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы