О некоторых вопросах лицензирования и проведения экологического аудита Күшін жойған
Басқа 0
Экологиялық аудиттi лицензиялаудың және жүргiзудiң кейбiр мәселелерi туралы
Қазақстан Республикасының " Лицензиялау туралы " 1995 жылғы 17 сәуiрдегi және " Қоршаған ортаны қорғау туралы " 1997 жылғы 15 шiлдедегi Заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
Тармақ 1
1. Қоса берiлiп отырған:
Тармақша 1
1) Экологиялық аудиторлық қызметтi лицензиялауға қойылатын біліктiлік талаптары;
Тармақша 2
2) Экологиялық аудиторлық қызметтi лицензиялау ережесi;
Тармақша 3
3) Экологиялық аудитті жүргiзу ережесi бекiтiлсiн.
Тармақ 2
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi және жариялануға тиіс.
Басқа 0. Экологиялық аудиторлық қызметтi лицензиялауға қойылатын біліктілік талаптары
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2004 жылғы 23 тамыздағы
N 889 қаулысымен
бекiтiлген
Экологиялық аудиторлық қызметтi лицензиялауға қойылатын біліктілік талаптары
Тармақ 1
1. Жеке тұлғаларға арналған бiлiктiлiк талаптарына мыналар кiредi:
Тармақша 1
1) жоғарғы кәсіптiк немесе орта кәсiптiк бiлiм;
Тармақша 2
2) қоршаған ортаны қорғау саласында кемiнде 3 жыл, оның iшiнде табиғатты қорғауды жобалау, нормалау және экологиялық сараптама саласында кемiнде бір жыл жұмыс тәжiрибесінің болуы (тиiсті лицензияны қоса бере отырып);
Тармақша 3
3) экологиялық аудитор бiлiктiлiк куәлiгiнің нотариалды куәландырылған көшiрмелерi;
Тармақша 4
4) тиiстi материалдық-техникалық база:
экологиялық аудиторлық қызметтi жүзеге асыруға арналған компьютерлiк және электронды техника;
тiркелген сынау зертханасы бар ұйыммен шарт;
экологиялық аудиттi жүргізу үшін қажетті анықтамалық және әдiстемелiк әдебиет, нормативтiк құқықтық кесiмдер мен нормативтік-техникалық құжаттар;
Тармақша 5
5) аттестациядан өткенін растайтын құжат;
Тармақ 2
2. Заңды тұлғаларға арналған бiлiктiлiк талаптарына мыналар кіреді:
Тармақша 1
1) ұйым басшысында жоғарғы кәсіптік бiлімінiң болуы;
Тармақша 2
2) қоршаған ортаны қорғау саласында кемiнде 3 жыл, оның iшiнде табиғатты қорғауды жобалау, нормалау және экологиялық сараптама саласында кемiнде бір жыл жұмыс тәжiрибесiнiң (тиiстi лицензияны қоса бере отырып), экологиялық аудиторлардың бiлiктiлiк куәлiктерiнің және осы заңды тұлғаның штатында тұрақты негізде жұмыс iстейтiн екі маманның болуы;
Тармақша 3
3) тиiстi материалдық-техникалық база:
экологиялық аудиторлық қызметтi жүзеге асыруға арналған компьютерлiк және электронды техника;
экологиялық аудиттi жүргiзу үшiн қажеттi анықтамалық және әдiстемелiк әдебиет, нормативтiк құқықтық кесiмдер мен нормативтiк-техникалық құжаттар;
тiркелген сынау зертханалары немесе тиiсті зертханалары бар ұйымдармен шарт.
Басқа 1. Экологиялық аудиторлық қызметтi лицензиялау ережесi
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнің
2004 жылғы 23 тамыздағы
N 889 қаулысымен
бекiтілген
Экологиялық аудиторлық қызметтi лицензиялау ережесi
Тармақ 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Экологиялық аудиторлық қызметтi лицензиялау ережесi (бұдан әрі - Ереже) заңды және жеке тұлғаларға экологиялық аудиторлық қызметтi жүзеге асыру құқығына лицензиялар беру тәртiбi мен шарттарын айқындайды.
Тармақ 2
2. Лицензиялар Қазақстан Республикасының заңды және жеке тұлғаларына олар белгіленген талаптарды сақтаған жағдайда берiледi.
Тармақ 3
3. Экологиялық аудиторлық қызметті жүзеге асыруға лицензияны қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган бередi.
Тармақ 2. 2. Лицензияны алу тәртiбi
2. Лицензияны алу тәртiбi
Тармақ 4
4. Экологиялық аудиторлық қызметтi жүзеге асыру құқығына лицензияны бiлiктiлiк деңгейi осы қызмет түрiне қойылатын талаптарға сәйкес келетiн субъектiге қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган бередi.
Тармақ 5
5. Лицензия қатаң есептiлік құжаты болып табылады әрi мемлекеттік және орыс тiлдерiнде бір данада ресiмделедi.
Тармақ 6
6. Лицензияны алу үшiн өтiнiм иесi лицензиарға "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1995 жылғы 29 желтоқсандағы N 1894 қаулысымен бекiтiлген нысан бойынша белгiленген үлгiдегі өтiніштi ұсынады.
Өтiнішке мыналар қоса берiледi:
Тармақша 1
1) заңды тұлғаларды мемлекеттік тiркеу туралы куәліктiң көшiрмесi;
Тармақша 2
2) жеке кәсiпкердi мемлекеттік тiркеу туралы куәлiктiң көшiрмесi және жеке кәсiпкерлiкпен айналысатын жеке тұлғаның жеке басы куәлігінің көшiрмесi;
Тармақша 3
3) салық төлеушi куәлiгiнің көшiрмесi (СТН);
Тармақша 4
4) бюджетке лицензиялық алымды төлегендігін растайтын құжат;
Тармақша 5
5) өтiнiш иесiнің бiлiктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттар;
Тармақша 6
6) осы тармақта көрсетiлген құжаттардың көшiрмесi нотариалды расталған болуы тиiс.
Тармақ 7
7. Лицензиялар, егер заңнамалық кесiмдерде өзгеше мерзiм белгіленбеген болса, барлық қажетті құжаттармен бiрге өтiнiш берiлген күннен бастап - бiр ай мерзiмнен кешіктiрмей, ал шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi үшiн - он күндiк мерзiмнен кешіктiрмей берiледi.
Тармақ 8
8. Лицензияға лицензиардың басшысы не осыған уәкiлеттік берiлген адам қол қояды және ол лицензиардың мөрiмен расталады.
Тармақ 9
9. Лицензия өтiнiш иесiне немесе оның уәкілеттік берiлген өкiлiне сенiм хат негiзiнде беріледi.
Тармақ 10
10. Лицензияны беруден бас тарту, лицензияны керi қайтарып алу, оның қолданылуын тоқтата тұру және тоқтату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 3. 3. Лицензияланатын қызметті бақылау
3. Лицензияланатын қызметті бақылау
Тармақ 11
11. Лицензияларды есепке алуды, сондай-ақ осы Ереженің сақталуын бақылауды лицензиар жүзеге асырады.
Тармақ 12
12. Біліктілік талаптарының сақталуын тексеру лицензияны қолдану мерзiмi iшiнде заңнамада белгiленген тәртіппен жүргiзiледi. K010155 Z952200
Тексеру нәтижелерi бойынша бұзушылықтардың болмағаны туралы не нақты бұзушылықтар мен оларды жою мерзiмiн көрсете отырып тексеру актісi жасалады.
Бұзушылықтарды көрсетiлген мерзiмде жоймаған жағдайда, тексеру актiсінің негiзiнде лицензиар заңнамада белгiленген тәртiппен лицензияның қолданылуын тоқтата тұру немесе керi қайтарып алу туралы шешiм қабылдайды.
Лицензиат лицензиарға лицензияның қолданылуын тоқтата тұру себептерiн жою туралы жазбаша нысанда хабарлайды.
Басқа 2. Экологиялық аудиттi жүргiзу ережесi
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнің
2004 жылғы 23 тамыздағы
N 889 қаулысымен
бекiтілген
Экологиялық аудиттi жүргiзу ережесi
Тармақ 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Ереже "Қоршаған ортаны қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 15 шiлдедегi Заңына сәйкес әзiрлендi және заңнамада белгiленген тәртiппен экологиялық аудиторлық қызметті жүзеге асыру құқығына лицензия алған экологиялық аудиторлар мен экологиялық аудиторлық ұйымдардың экологиялық аудит жүргiзу тәртiбiн айқындайды.
Тармақ 2
2. Мiндеттi экологиялық аудит және бастамашылық экологиялық аудит экологиялық аудит түрлерi болып табылады.
Тармақ 2-1
2-1. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілеттi орган мiндеттi экологиялық аудит жүргізу туралы шешiм қабылдайды.
Тармақ 2-2
2-2. Бастамашылық экологиялық аудит аудиттелетiн субъектiнің не оған қатысушының бастамасы бойынша бастамашы мен экологиялық аудитор немесе экологиялық аудиторлық ұйым арасындағы экологиялық аудит жүргiзуге арналған шартта көзделген экологиялық аудиттiң нақты мiндеттерi, мерзiмi мен көлемi ескеріле отырып жүргiзіледі.
Тармақ 2. 2. Экологиялық аудиттi жүргiзу тәртiбi
2. Экологиялық аудиттi жүргiзу тәртiбi
Тармақ 3
3. Экологиялық аудит мынадай бiрнеше кезеңде жүргiзiледi:
Тармақша 1
1) экологиялық аудиттiң мақсаттарын белгiлеу;
Тармақша 2
2) тексерiлетiн адамның құжаттамасын алдын ала талдау;
Тармақша 3
3) экологиялық аудиттi жүргiзуге шарт жасасу;
Тармақша 3-1
3-1) аудит жүргiзу жоспарын жасау;
Тармақша 4
4) экологиялық аудиттi жүргiзу;
Тармақша 5
5) аудиторлық есептi жасау.
Тармақ 4
4. Экологиялық аудитті жүргiзу туралы шартты жасасу алдында аудиттелетiн субъект оны алдын ала талдау жүргiзу үшiн дайындалып жатқан субъект бойынша құжаттаманы ұсынады, соның iшiнде:
Тармақша 1
1) шаруашылық жүргiзуші субъектінің менеджмент жүйесi жөнiндегі құжаттама;
Тармақша 2
2) экологиялық аудит жөніндегi алдыңғы қорытындылар;
Тармақша 3
3) аудиторға экологиялық аудитті жүргiзу мүмкіндігін анықтау үшін қажетті техникалық құжаттама.
Ұсынылған құжаттаманы алдын ала талдау экологиялық aудитті жүргiзудiң мүмкiн еместігi туралы куәландыратын жағдайда, аудитор бұл туралы экологиялық аудит тапсырысшысын хабардар етедi және аудиттелетiн адам бар кедергiлердi жойғанға дейiн aудитті жүргiзуден бас тарта алады.
Тармақ 5
5. Экологиялық аудит экологиялық аудитор жасайтын және тапсырысшымен және аудиттелетiн субъектiмен келiсiлетiн экологиялық аудит жүргiзу жоспарына сәйкес жүргiзiледi.
Тармақ 6
6.
Тармақ 7
7. Экологиялық аудит нәтижелерi бойынша аудитор экологиялық аудиторлық есеп жасайды.
Жеке кәсіпкер болып табылатын аудитор жасаған экологиялық аудиторлық есепке өзi қол қояды және оны жеке мөрiмен куәландырады.
Аудиторлық ұйымның экологиялық аудиторлық есебiне орындаушы аудитор қол қояды, оның жеке мөрiмен расталады, аудиторлық ұйым басшысы бекiтедi және оның мөрiмен куәландырылады.
Экологиялық аудиторлық есепте, сондай-ақ, аудиторлық ұйым лицензиясының нөмiрi мен берiлген күнi көрсетiледi.
Тармақ 7-1
7-1. Экологиялық аудиторлық есеп болып ресiмделетін мiндетті экологиялық аудит нәтижелері бір ай мерзімнен кешiктiрiлмей қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға табыс етіледi.
Тармақ 3. 3. Қорытынды ережелер
3. Қорытынды ережелер
Тармақ 8
8. Экологиялық аудитті жүргізу нәтижесiнде туындайтын даулар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртiппен шешiледi.