Об утверждении Перечня видов заболеваний и отдельных категорий населения, при амбулаторном лечении которых лекарственные средства и специализированные продукты детского и лечебного питания отпускаются бесплатно Күшін жойған
Басқа 0
Амбулаториялық емдеу кезінде дәрілік заттар мен балаларға арналған және шипалы тағамдық арнаулы азық-түлік тегін босатылатын науқастар түрлерінің және тұрғындардың жекелеген санаттарының тізбесін бекіту туралы
"Денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Амбулаториялық емдеу кезінде дәрілік заттар мен балаларға арналған және шипалы тағамдық арнаулы азық-түлік тегін босатылатын науқастар түрлерінің және тұрғындардың жекелеген санаттарының тізбесі бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Фармация, фармацевтика және медицина өнеркәсібі комитеті (Пак Л.Ю.) осы бұйрықты белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге жіберсін.
Тармақ 3
3. Әкімшілік департаменті (Шабдарбаев А.Т.) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оны бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауды қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі А.Ақановқа жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген сәтінен бастап күшіне енеді және 2004 жылдың 21 сәуірден бастап пайда болған қатынастарға қолданылады.
Басқа 6. Амбулаториялық емдеу кезінде дәрілік заттар мен балаларға арналған және шипалы тағамдық арнаулы азық-түлік тегін босатылатын науқастар түрлерінің және тұрғындардың жекелеген санаттарының тізбесі
"Амбулаториялық емдеу кезінде
дәрілік заттар мен балаларға
арналған және шипалы тағамдық
арнаулы азық-түлік тегін
босатылатын науқастар түрлерінің
және тұрғындардың жекелеген
санаттарының тізбесін
бекіту туралы"
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
2004 жылғы 23 шілдедегі
N 554 бұйрығымен
бекітілген
Амбулаториялық емдеу кезінде дәрілік заттар мен балаларға арналған және шипалы тағамдық арнаулы азық-түлік тегін босатылатын науқастар түрлерінің және тұрғындардың жекелеген санаттарының тізбесі
Тармақ 1
1. Амбулаториялық емдеу кезінде дәрілік заттар мен балаларға арналған және шипалы тағамдық арнаулы азық-түлік тегін босатылатын науқастар түрлерінің тізбесі:
Тармақша 1
1) онкологиялық аурулар;
Тармақша 2
2) гематологиялық аурулар (темір тапшылықты анемиядан басқа);
Тармақша 3
3) психикалық аурулар;
Тармақша 4
4) эпилепсия;
Тармақша 5
5) туберкулез;
Тармақша 6
6) қант диабеті және қантсыз диабет;
Тармақша 7
7) мерез;
Тармақша 8
8) ЖҚТБ, АҚТҚ жұқтырған адамдар;
Тармақша 9
9) бруцеллездің ауыр түрі;
Тармақша 10
10) жүйелі (жіті) қызыл жегі;
Тармақша 11
11) жүйелі, созылмалы, ауыр тері аурулары;
Тармақша 12
12) бронх демікпесі;
Тармақша 13
13) Бехтерев ауруы;
Тармақша 14
14) Аддисонов ауруы;
Тармақша 15
15) Гипофизар ергежейлілігі;
Тармақша 16
16) жыныстық ерте даму;
Тармақша 17
17) фенилкетонурия;
Тармақша 18
18) муковисцидоз;
Тармақша 19
19) балалар церебральды сал ауруы;
Тармақша 20
20) Паркинсон ауруы;
Тармақша 21
21) бұлшық ет әлсіздігі;
Тармақша 22
22) ет дерттері;
Тармақша 23
23) Мари мишық қимыл үйлесімсіздігі;
Тармақша 24
24) Жіті ауыспалы порфирия;
Тармақша 25
25) Миокард инфаркті (алғашқы 6 ай);
Тармақша 26
26) балалар гемофилиясы.
Тармақ 2
2. Амбулаториялық емдеу кезінде дәрілік заттар мен балаларға арналған және шипалы тағамдық арнаулы азық-түлік тегін босатылатын тұрғындардың жекелеген санаттарының тізбесі:
бір жасқа дейінгі балалар.
Тармақ 3
3. Шипалы тағамдық арнаулы азық-түлікпен қамтамасыз етілетін тұрғындардың жекелеген санаттары:
Тармақша 1
1) ерте жастан жасанды немесе қоспалармен қоректендіретін бір жасқа дейінгі балалар;
Тармақша 2
2) медициналық айғақтар бойынша шипалы тағамға мұқтаж үш жасқа дейінгі балалар.