О положении о дисциплинарном совете Южно-Казахстанской области Күшін жойған
Басқа 0
Оңтүстік Қазақстан облысы тәртіптік кеңесінің ережесі туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Облыстардың, Астана және Алматы қалалары тәртіптік кеңестерінің кейбір мәселелері туралы" 2002 жылғы 13 желтоқсандағы N1311 және "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 13 желтоқсандағы N 1311 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2004 жылғы 19 мамырдағы N556 қаулыларын жүзеге асыру мақсатында :
Тармақ 1
1. Оңтүстік Қазақстан облысының тәртіптік кеңесі туралы. Ереже бекітілсін (қоса тіркеледі).
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыстық тәртіптік кеңестің төрағасы Р.С.Халмұрадовқа жүктелсін.
Басқа 3
"Оңтүстік Қазақстан облысы
Тәртіптік кеңесінің ережесі
туралы" облыс әкімиятының
2004 жылғы 9 шілдедегі
№ 358 қаулысымен бекітілген
Оңтүстік Қазақстан облысының Тәртіптік кеңесі туралы Ереже
Осы Ереже Оңтүстік Қазақстан облысы Тәртіптік кеңесінің мәртебесін, өкілеттіктерін және оларды ұйымдастыруды әрі қызметінің тәртібін айқындайды.
Тармақ 1
1. Оңтүстік Қазақстан облысының Тәртіптік кеңесі (бұдан әрі - Кеңес) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі (бұдан әрі - Агенттік) қызметін үйлестіретін, бақылайтын және тексеретін консультативтік-кеңесші орган болып табылады.
Тармақ 2
2. Кеңес өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы үкіметінің кесімдеріне, өзге де нормативтік-құқықтық кесімдерге, осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады және заңдылық, ақиқаттылық әрі әділдік қағидаттарын басшылыққа алады.
Тармақ 3
3. Кеңестің негізгі міндеттері мыналар:
Тармақша 1
1) облыс, қала және аудан әкімдерінің, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдар, құқық қорғау органдары және басқа да аумақтық мемлекеттік органдар (бұдан әрі - мемлекеттік органдар) және мемлекеттік ұйымдар басшыларының қарауына осы Ереженің 10-тармағында көрсетілген адамдарды тәртіптік жауапкершілікке әкеп соқтыратын қызметтік этика ережесін бұзғаны немесе сыбайлас жемқорлық жасап құқық бұзғаны үшін тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы ұсынымдар енгізу;
Тармақша 2
2) әкімдер мен мемлекеттік органдардың басшыларына тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің шегінде мемлекеттік тәртіпті нығайту, осы Ереженің 10-тармағында аталған адамдардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама мен қызметтік этика ережесі талаптарын сақтауы жөнінде ұсынымдар мен ұсыныстар әзірлеу;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және мемлекеттік қызметшілердің қызметтік этиканы сақтауы мәселелері жөніндегі комиссияның және Агенттіктің тапсырмаларын, азаматтардың арыздарын, бұқаралық ақпарат құралдарының хабарламаларын, сондай-ақ өзге де көздерден алынған сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама мен қызметтік этика ережесінің бұзылу фактілері туралы ақпаратты қарау;
Тармақша 4
4) Агенттіктің қарауына сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті ұйымдастырудың және осы Ереженің 10-тармағында аталған адамдардың қызметтік этика ережесін сақтауының тиімділігін арттыруға бағытталған ұсыныстар енгізу.
Тармақ 4
4. Кеңесті әкімдік құрады әрі ол төраға мен мәслихаттар депутаттары, жергілікті жұртшылық өкілдері және аумақтық мемлекеттік органдар басшылары болып табылатын Кеңестің мүшелерінен тұрады. Кеңес мүшелерінің саны тақ болуға және 7 адамнан кем болмауға тиіс.
Кеңестің төрағасын облыс әкімі Агенттік төрағасымен келісім бойынша қызметке тағайындайды және қызметтен босатады әрі ол облыс әкімінің орынбасары лауазымына теңестіріледі.Кеңес төрағасы мен Кеңес хатшылығының қызметкерлері мемлекеттік қызметшілер болып табылады.
Әкім аппараты жалпы санының есебінен құралатын оның хатшылығы Кеңестің жұмыс органы болып табылады. Хатшылықтың санын әкім Агенттік төрағасының ұсынысы бойынша белгілейді.
Облыс әкімі аппаратының бөлім меңгерушісі лауазымына теңестірілетін Кеңестің хатшысы Кеңес хатшылығының меңгерушісі болып табылады.
Хатшылықтың қызметкерлері мемлекеттік қызмет туралы заңнамаға сәйкес қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.
Кеңестің мүшелері өз міндеттерін қоғамдық негізде жүзеге асырады және мәжілістерге ауыстыру құқығынсыз қатысады.
Тармақ 5
5. Кеңестің төрағасы:
Тармақша 1
1) Кеңестің жеке құрамы бойынша ұсыныстарын әкімнің қарауына енгізеді;
Тармақша 2
2) Кеңес қызметін ұйымдастырады және оған басшылықты жүзеге асырады;
Тармақша 3
3) Кеңес мәжілістерінің күн тәртібін белгілейді;
Тармақша 4
4) Кеңес мәжілістерін шақырады және оларға төрағалық етеді;
Тармақша 5
5) Кеңес мүшелері ішінен Кеңес мәжілісінде қаралатын нақты мәселе бойынша баяндамашы белгілейді;
Тармақша 6
6) тоқсан сайын Агенттік алдында жұмысының қорытындысы туралы, соның ішінде мемлекеттік қызметшілер жасаған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық бойынша қабылданған шаралар туралы есеп береді;
Тармақша 7
7) тоқсан сайын әкімді Кеңес жұмысының қорытындылары туралы хабардар етеді;
Тармақша 8
8) Қазақстан Республикасының заңнамасымен оған берілген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Тармақ 6
6. Кеңестің мәжілістері:
Тармақша 1
1) егер оларға Кеңес мүшелері жалпы санының кемінде үштен екісі қатысса, құқылы болып саналады;
Тармақша 2
2) қажеттілігіне қарай, бірақ кемінде екі айда бір рет өткізіледі;
Тармақша 3
3) ашық өткізіледі, қажет болған жағдайда, егер қаралатын мәселелер мемлекеттік құпияларды қозғаса, Кеңес төрағасының шешімі және Агенттікпен келісім бойынша жабық өткізілуі мүмкін.
Тармақ 7
7. Кеңес оның мүшелерінің мәжіліске қатысқан санының қарапайым көпшілік дауысымен шешімдер қабылдайды. Дауыстар тең болған жағдайда төрағалық етушінің дауысы шешуші болып табылады.
Кеңес төрағасы болмаған жағдайда оның тапсырмасы бойынша мәжіліске Кеңес мүшелерінің біреуі төрағалық етеді.
Тармақ 8
8. Кеңес өз құзыреті шегінде мыналарға құқылы:
Тармақша 1
1) өз мәжілістеріне мемлекеттік органдардың, олардың бөлімшелері мен мәслихаттар аппараттарының басшылары мен лауазымды адамдарын тыңдауға;
Тармақша 2
2) қолданыстағы заңнамаға сәйкес жергілікті атқарушы, құқық қорғау және аумақтық мемлекеттік органдардан, мәслихаттар аппараттарынан, сондай-ақ өзге де ұйымдардан олардың алдына қойылған міндеттерді орындау үшін қажетті құжаттарды, материалдарды және ақпаратты сұратуға;
Тармақша 3
3) осы Ереженің 10-тармағында көрсетілген адамдардан ауызша және жазбаша түсіндірме талап етуге;
Тармақша 4
4) осы Ереженің 10-тармағында көрсетілген адамдардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңнама нормаларын және қызметтік этика ережесін бұзуы фактілері бойынша тексерулер және қызметтік тергеулер жүргізу туралы мемлекеттік органдар басшыларына ұсыныстар енгізуге;
Тармақша 5
5) қорытынды беру үшін сарапшылар мен мамандарды, мемлекеттік органдар қызметшілерін тартуға;
Тармақша 6
6) Агенттіктің аумақтық органдарымен бірге сыбайлас жемқорлыққа қарсы теріс қылықтарды қарау мәселелері бойынша өзара іс-қимылды жүзеге асыруға.
Тармақ 9
9. Кеңестің жұмыс органы өз құзыреті шегінде Кеңес төрағасының өкімімен тексерулер жүргізеді, осы Ереженің 10-тармағында көрсетілген адамдарға қатысты тәртіптік істерді қарау үшін материалдар дайындайды және Кеңес алдында тұрған міндеттерді қамтамасыз ету үшін өзге де функцияларды жүзеге асырады.
Тармақ 10
10. Кеңес сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы және қызметтік этика ережесін бұзуға жол берген аудандардың, қалалардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың (селолардың), ауылдық (селолық) округтердің әкімдеріне; орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінің және жергілікті сот кеңселерінің (басшылар мен олардың орынбасарларынан басқа), жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік органдардың әкімшілік мемлекеттік қызметшілеріне, сондай-ақ тәртіптік жауапкершілікке әкеп соғатын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығын жасаған мемлекеттік органдардағы, жергілікті басқару органдары мен мемлекеттік ұйымдардағы немесе жарғылық капиталындағы мемлекеттік меншіктің жалпы үлесі кемінде отыз бес пайыз құрайтын ұйымдардағы мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілетті өзге де адамдарға және оларға теңестірілетін адамдарға қатысты тәртіптік істерді қарайды. Кеңес прокуратура, ұлттық қауіпсіздік органдары, Президенттің Күзет қызметі мен Республикалық ұлан қызметкерлеріне қатысты тәртіптік істерді қарамайды.
Тармақ 11
11. Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және мемлекеттік қызметшілердің қызметтік этиканы сақтауы мәселелері жөніндегі комиссияның және Агенттіктің тапсырмаларын, азаматтар мен заңды тұлғалардың арыздарын, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарының хабарламаларын қараудың қорытындылары бойынша Кеңес уәкілетті органға немесе лауазымды тұлғаға тексеру жүргізуді ұсынуы мүмкін.
Тармақ 12
12. Кеңес төрағасы қозғаған тәртіптік істі ол іс қозғауға қабылданған күнінен бастап екі аптаға дейінгі мерзімде Кеңес қарауы тиіс.
Кеңестің отырысында тәртіптік істі қарағанға дейін оның хатшылығымен алдын ала бір айға дейінгі мерзімде іске қатысты мән-жайлар мен мәліметтер зерделенетін тексеру жүргізіледі, тәртіптік жауапкершілікке тартылатын адамдардан жазбаша түсініктемелер талап етіледі, ал Кеңестің отырысында тәртіптік істі қарау, әдетте, олардың қатысуымен өтеді.
Тармақ 13
13. Тәртіптік істі қараудың қорытындылары бойынша Кеңес мынадай шешімдердің біреуін шығаруы мүмкін:
Тармақша 1
1) мемлекеттік органдар мен мемлекеттік ұйымдардың басшыларына осы Ереженің 10-тармағында көрсетілген адамдарға тиісті тәртіптік жаза қолдануды ұсынады;
Тармақша 2
2) шын мәнінде шешім қабылдау үшін тәртіптік іс материалдарын құзыретті мемлекеттік органның немесе лауазымды адамның қарауына жібереді;
Тармақша 3
3) тәртіптік істі тоқтатады.
Тармақ 14
14. Осы Ереженің 10-тармағында көрсетілген адамның іс-әрекетінде қылмыс белгілері болған жағдайда Кеңес тиісті құжаттар мен материалдарды белгіленген тәртіппен осы адамды қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы мәселені шешу үшін құқық қорғау органдарына жібереді. Кеңес материалдар мен құжаттардың құқық қорғау органдарына жіберілгені туралы Агенттікті хабардар етеді.
Тармақ 15
15. Кеңес қабылдаған шешіммен келіспеген мемлекеттік қызметшілер мен осы Ереженің 10-тармағында көрсетілген өзге де адамдар оған Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес шағым беруге құқылы.
Тармақ 16
16. Кеңес пен оның хатшылығы қызметін материалдық-техникалық, ұйымдастырушылық және ақпараттық-талдамалық қамтамасыз етуді облыс әкімінің аппараты жүзеге асырады.