О внесении изменений в некоторые решения Правительства Республики Казахстан Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.07.2011. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдеріне өзгерістер енгiзу туралы Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Yкiметінің кейбiр шешімдерiне енгізiлетiн өзгерiстер бекiтiлсiн.
Тармақ 2
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
Басқа 0. Қазақстан Республикасы Үкiметiнің кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерістер
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 24 тамыздағы N 891 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Үкiметiнің кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерістер
Тармақ 1
1. "Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншiктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінiң 1999 жылғы 12 сәуiрдегі N 405 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1999 ж., N 13, 124-құжат): көрсетiлген қаулыға 2-қосымшада: реттік нөмiрлерi 21-28 ("Қазақстан" республикалық телерадиокорпорациясы" ЖАҚ) және 111-жолдарда "ЖАҚ" деген аббревиатура "AҚ" деген аббревиатурамен ауыстырылсын; реттік нөмiрi 123-29-жол мынадай редакцияда жазылсын: "123-29 "Мектеп" баспасы" ЖШС".
Тармақ 2
2. "Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттiк пакеттерi мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөнiндегі құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы N 659 қаулысына: көрсетілген қаулыға қосымшада: "Қазақстан Республикасының Ақпарат министрлiгіне" деген бөлiмде: реттiк нөмiрлерi 223, 224-16-жолдарда "ЖАҚ" деген аббревиатура "АҚ" деген аббревиатурамен ауыстырылсын; реттік нөмiрi 224-4-жол мынадай редакцияда жазылсын: "224-4 "Мектеп" баспасы" ЖШС".
Тармақ 3
3. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2011.07.01 № 747 Қаулысымен.
Тармақ 4
4. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2004.10.29 N 1130 қаулысымен.
Тармақ 5
5. "Қазақстан Республикасында телерадио хабарларын таратуды дамытудың 2004-2006 жылдарға арналған бағдарламасын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінің 2004 жылғы 9 сәуiрдегi N 398 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2004 ж., N 16, 209-құжат): 3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: "3. Осы Бағдарламаның iске асырылу барысын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Б.С.Әйтімоваға жүктелсiн."; көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасында телерадио хабарларын таратуды дамытудың 2004-2006 жылдарға арналған бағдарламасында: мәтіндегі "Хабар" агенттігі" ЖАҚ" деген сөздер "Xaбap" агенттігі" АҚ" деген сөздермен ауыстырылсын; "Қазақстан Республикасында телерадио хабарларын таратуды дамытудың 2004-2006 жылдарға арналған бағдарламасын iске асыру жөнiндегі iс-шаралар жоспары" деген 8-бөлiмде: 7-бағанда, реттік нөмiрлерi 3.1. және 3.9-жолдарда "Қазақстан" РТРК" ЖАҚ" деген сөздер "Қазақстан" РТРК" AҚ" деген сөздермен ауыстырылсын.