Об утверждении Правил и формы предоставления информации субъектами квазигосударственного сектора об использовании средств чистого дохода, оставшихся после выплаты дивидендов или отчислений в соответствующий бюджет Қолданыста

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 18.06.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Квазимемлекеттік сектор субъектілерінің тиісті бюджетке аударымдардан немесе дивидендтер төленгеннен кейін қалған таза кіріс қаражатын пайдалануы туралы ақпарат беру қағидалары мен нысанын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 56-бабы 4-тармағына және «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Квазимемлекеттік сектор субъектілерінің тиісті бюджетке аударымдардан немесе дивидендтер төленгеннен кейін қалған таза кіріс қаражатын пайдалануы туралы ақпарат беру қағидалары мен нысаны бекітілсін.
Тармақ 2
2. Мемлекеттік активтерді басқару саясаты департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оны Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде орналастыру үшін және ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыру үшін жіберуді қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі
Басқа 0. Квазимемлекеттік сектор субъектілерінің тиісті бюджетке аударымдардан немесе дивидендтер төленгеннен кейін қалған таза кіріс қаражатын пайдалануы туралы ақпарат беру қағидалары мен нысаны
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі 2025 жылғы 30 сәуірдегі № 20 бұйрығымен бекітілген Квазимемлекеттік сектор субъектілерінің тиісті бюджетке аударымдардан немесе дивидендтер төленгеннен кейін қалған таза кіріс қаражатын пайдалануы туралы ақпарат беру қағидалары мен нысаны
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Квазимемлекеттік сектор субъектілерінің тиісті бюджетке аударымдардан немесе дивидендтер төленгеннен кейін қалған таза кіріс қаражатын пайдалануы туралы ақпарат беру қағидалары мен нысандары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 56-бабы 4-тармағына және «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес әзірленді және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің тиісті бюджетке аударымдардан немесе дивидендтер төленгеннен кейін қалған таза кіріс қаражатын пайдалануы туралы ақпарат беру тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган – бюджетті атқару, республикалық бюджеттің және өз құзыреті шегінде жергілікті бюджеттердің, бюджеттен тыс қорлардың атқарылуы бойынша бухгалтерлік есепке алуды, бюджеттік есепке алу мен бюджеттік есептілікті жүргізу саласында басшылықты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шектерде салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
Тармақша 2
2) бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті орган – бюджетті атқару, жергілікті бюджеттің атқарылуы бойынша бухгалтерлік есепке алуды, бюджеттік есепке алу мен бюджеттік есептілікті жүргізу саласындағы функцияларды жүзеге асыратын, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы орган;
Тармақша 3
3) квазимемлекеттік сектор субъектілері – мемлекеттік кәсіпорындар, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер, акционерлік қоғамдар, оның ішінде мемлекет құрылтайшысы, қатысушысы немесе акционері болып табылатын Ұлттық әл-ауқат қоры, ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар, сондай-ақ еншілес, тәуелді және Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiне сәйкес олармен үлестес болып табылатын өзге де заңды тұлғалар, әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры, «Астана» халықаралық қаржы орталығы органдарының, олардың ұйымдарының және қатысушыларының қызметі үшін жағдайларды қамтамасыз ететін коммерциялық емес ұйым;
Тармақша 4
4) тиісті бюджетке аударымдардан немесе дивидендтер төленгеннен кейін қалған таза кіріс қаражатының пайдаланылуы туралы ұйымның есебі (бұдан әрі – Есеп) – ұйымның тиісті бюджетке аударымдардан немесе дивидендтер төленгеннен кейін қалған таза кіріс қаражатын пайдалануы туралы ақпаратын қамтитын құжат;
Тармақша 5
5) ұйым – тиісті бюджетке дивидендтер немесе аударымдар төлейтін квазимемлекеттік сектор субъектісі;
Тармақша 6
6) ұйымның атқарушы органы – алқалы орган немесе атқарушы органның функцияларын жеке-дара жүзеге асыратын тұлға.
Тарау 2. 2-тарау. Квазимемлекеттік сектор субъектілерінің тиісті бюджетке аударымдардан немесе дивидендтер төленгеннен кейін қалған таза кіріс қаражатын пайдалануы туралы ақпаратты қалыптастыру тәртібі мен нысаны
2-тарау. Квазимемлекеттік сектор субъектілерінің тиісті бюджетке аударымдардан немесе дивидендтер төленгеннен кейін қалған таза кіріс қаражатын пайдалануы туралы ақпаратты қалыптастыру тәртібі мен нысаны
Тармақ 3
3. Есепті ұйымның атқарушы органы есепті жылдан кейінгі екінші жылдың 1 (бірінші) ақпанынан кешіктірмей ұйымның жылдық қаржылық есептілігі, мемлекеттік кәсіпорынның және мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамның немесе жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің даму жоспарының орындалуы туралы есеп, сондай-ақ ұйымның басқару органдарының таза кірісті бөлу тәртібі бойынша шешімдері негізінде қалыптастырады. Есеп ұйым тиісті бюджетке аударымдардан немесе дивидендтер төлеуден босатылған жағдайда да қалыптастырылады.
Тармақ 4
4. Ұйым есепті жылдан кейінгі екінші жылдың 5 (бесінші) ақпанынан кешіктірілмейтін мерзімде тиісті бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есептің құрамына енгізу үшін акциялардың мемлекеттік пакетін (жарғылық капиталға қатысу үлестерін) иелену және пайдалану құқықтарын жүзеге асыратын тиісті мемлекеттік органға, жергілікті атқарушы органға немесе аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппаратына осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша Квазимемлекеттік сектор субъектілерінің тиісті бюджетке аударымдардан немесе дивидендтер төленгеннен кейін қалған таза кіріс қаражатын пайдалануы туралы есепті, тиісті бюджетке аударымдардан немесе дивидендтер төленгеннен кейін қалған таза кіріс қаражатын пайдалануы туралы ақпаратты береді. Есепке түсіндірме жазба қоса беріледі, ол тиісті бюджетке аударымдардан немесе дивидендтер төленгеннен кейін қалған таза кіріс қаражатын пайдаланудың әрбір бағыты бойынша ақпаратты қамтиды және оның ажырамас бөлігі болып табылады. Есепте тиісті бюджетке аударымдардан немесе дивидендтер төленгеннен кейін қалған таза кірістің бір бөлігінің нақты пайдаланылғаны туралы ақпарат көрсетіледі. Есеп пен оған түсіндірме жазбаға ұйымның атқарушы органының басшысы қол қояды.
Тармақ 5
5. Акционерлік қоғам (жауапкершілігі шектеулі серіктестік) акцияларының мемлекеттік пакетін (жарғылық капиталға қатысу үлестерін) иелену және пайдалану не мемлекеттік кәсіпорындарды басқару құқықтарын жүзеге асыратын мемлекеттік органдар есепті жылдан кейінгі екінші жылдың 10 (оныншы) ақпанынан кешіктірілмейтін мерзімде ұйымдардың есептерін бюджетті атқару жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті органға ұсынады.
Тармақ 6
6. Ұйымның есептері Кодекстің 56-бабының 4-тармағында көзделген тәртіппен республикалық немесе жергілікті бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепке қосылады.
Басқа 2. Квазимемлекеттік сектор субъектілерінің тиісті бюджетке аударымдардан немесе дивидендтер төленгеннен кейін қалған таза кіріс қаражатын пайдалануы туралы ақпарат беру қағидалары мен нысандары
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрінің 2025 жылғы 30 сәуірдегі № 20 бұйрығымен бекітілген Квазимемлекеттік сектор субъектілерінің тиісті бюджетке аударымдардан немесе дивидендтер төленгеннен кейін қалған таза кіріс қаражатын пайдалануы туралы ақпарат беру қағидалары мен нысандары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Квазимемлекеттік сектор субъектілерінің тиісті бюджетке аударымдардан немесе дивидендтер төленгеннен кейін қалған таза кіріс қаражатын пайдалануы туралы ақпарат беру қағидалары мен нысандары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 56-бабы 4-тармағына сәйкес әзірленді және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің тиісті бюджетке аударымдардан немесе дивидендтер төленгеннен кейін қалған таза кіріс қаражатын пайдалануы туралы ақпарат беру тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган – бюджетті атқару, республикалық бюджеттің және өз құзыреті шегінде жергілікті бюджеттердің, бюджеттен тыс қорлардың атқарылуы бойынша бухгалтерлік есепке алуды, бюджеттік есепке алу мен бюджеттік есептілікті жүргізу саласында басшылықты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шектерде салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
Тармақша 2
2) бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті орган – бюджетті атқару, жергілікті бюджеттің атқарылуы бойынша бухгалтерлік есепке алуды, бюджеттік есепке алу мен бюджеттік есептілікті жүргізу саласындағы функцияларды жүзеге асыратын, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы орган;
Тармақша 3
3) квазимемлекеттік сектор субъектілері – мемлекеттік кәсіпорындар, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер, акционерлік қоғамдар, оның ішінде мемлекет құрылтайшысы, қатысушысы немесе акционері болып табылатын Ұлттық әл-ауқат қоры, ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар, сондай-ақ еншілес, тәуелді және Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiне сәйкес олармен үлестес болып табылатын өзге де заңды тұлғалар, әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры, «Астана» халықаралық қаржы орталығы органдарының, олардың ұйымдарының және қатысушыларының қызметі үшін жағдайларды қамтамасыз ететін коммерциялық емес ұйым;
Тармақша 4
4) тиісті бюджетке аударымдардан немесе дивидендтер төленгеннен кейін қалған таза кіріс қаражатының пайдаланылуы туралы ұйымның есебі (бұдан әрі – Есеп) – ұйымның тиісті бюджетке аударымдардан немесе дивидендтер төленгеннен кейін қалған таза кіріс қаражатын пайдалануы туралы ақпаратын қамтитын құжат;
Тармақша 5
5) ұйым – тиісті бюджетке дивидендтер немесе аударымдар төлейтін квазимемлекеттік сектор субъектісі;
Тармақша 6
6) ұйымның атқарушы органы – алқалы орган немесе атқарушы органның функцияларын жеке-дара жүзеге асыратын тұлға.
Тарау 2. 2-тарау. Квазимемлекеттік сектор субъектілерінің тиісті бюджетке аударымдардан немесе дивидендтер төленгеннен кейін қалған таза кіріс қаражатын пайдалануы туралы ақпаратты беру тәртібі мен нысаны
2-тарау. Квазимемлекеттік сектор субъектілерінің тиісті бюджетке аударымдардан немесе дивидендтер төленгеннен кейін қалған таза кіріс қаражатын пайдалануы туралы ақпаратты беру тәртібі мен нысаны
Тармақ 3
3. Есепті ұйымның атқарушы органы есепті жылдан кейінгі екінші жылдың 1 (бірінші) ақпанынан кешіктірмей ұйымның жылдық қаржылық есептілігі, мемлекеттік кәсіпорынның және мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамның немесе жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің даму жоспарының орындалуы туралы есеп, сондай-ақ ұйымның басқару органдарының таза кірісті бөлу тәртібі бойынша шешімдері негізінде қалыптастырады. Есеп ұйым тиісті бюджетке аударымдардан немесе дивидендтер төлеуден босатылған жағдайда да қалыптастырылады.
Тармақ 4
4. Ұйым есепті жылдан кейінгі екінші жылдың 5 (бесінші) ақпанынан кешіктірілмейтін мерзімде тиісті бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есептің құрамына енгізу үшін акциялардың мемлекеттік пакетін (жарғылық капиталға қатысу үлестерін) иелену және пайдалану құқықтарын жүзеге асыратын тиісті мемлекеттік органға, жергілікті атқарушы органға немесе аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппаратына осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша Квазимемлекеттік сектор субъектілерінің тиісті бюджетке аударымдардан немесе дивидендтер төленгеннен кейін қалған таза кіріс қаражатын пайдалануы туралы есепті, тиісті бюджетке аударымдардан немесе дивидендтер төленгеннен кейін қалған таза кіріс қаражатын пайдалануы туралы ақпаратты береді. Есепке түсіндірме жазба қоса беріледі, ол тиісті бюджетке аударымдардан немесе дивидендтер төленгеннен кейін қалған таза кіріс қаражатын пайдаланудың әрбір бағыты бойынша ақпаратты қамтиды және оның ажырамас бөлігі болып табылады. Есепте тиісті бюджетке аударымдардан немесе дивидендтер төленгеннен кейін қалған таза кірістің бір бөлігінің нақты пайдаланылғаны туралы ақпарат көрсетіледі. Есеп пен оған түсіндірме жазбаға ұйымның атқарушы органының басшысы қол қояды.
Тармақ 5
5. Акционерлік қоғам (жауапкершілігі шектеулі серіктестік) акцияларының мемлекеттік пакетін (жарғылық капиталға қатысу үлестерін) иелену және пайдалану не мемлекеттік кәсіпорындарды басқару құқықтарын жүзеге асыратын мемлекеттік органдар есепті жылдан кейінгі екінші жылдың 10 (оныншы) ақпанынан кешіктірілмейтін мерзімде ұйымдардың есептерін бюджетті атқару жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті органға ұсынады.
Тармақ 6
6. Ұйымның есептері Кодекстің 56-бабының 4-тармағында көзделген тәртіппен республикалық немесе жергілікті бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепке қосылады.
Басқа 1.1. Тиісті бюджетке аударымдардан немесе дивидендтер төленгеннен кейін қалған таза кіріс қаражатын пайдалануы туралы есеп
Бұйрыққа қосымша Квазимемлекеттік сектор субъектілерінің тиісті бюджетке аударымдардан немесе дивидендтер төленгеннен кейін қалған таза кіріс қаражатын пайдалануы туралы ақпарат беру қағидалары мен нысандарына қосымша Нысан Ұсынылады: акциялардың мемлекеттік пакетін (жарғылық капиталға қатысу үлестерін) иелену және пайдалану құқықтарын жүзеге асыратын мемлекеттік органға, жергілікті атқарушы органға немесе аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппаратына; Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысан интернет-ресурста орналастырылған: www.gov.kz. Әкімшілік нысанның атауы: «Тиісті бюджетке аударымдардан немесе дивидендтер төленгеннен кейін қалған таза кіріс қаражатын пайдалануы туралы есеп»; Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанның индексі (нысан атауының қысқаша әріптік-цифрлық көрінісі): 1-ТКҚПЕ Кезеңділік: жыл сайынғы; Есепті кезең: 20__жылғы; Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсынатын тұлғалар тобы: мемлекеттік кәсіпорындар, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер, акционерлік қоғамдар, оның ішінде мемлекет құрылтайшысы, қатысушысы немесе акционері болып табылатын Ұлттық әл-ауқат қоры, ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар, сондай-ақ еншілес, тәуелді және Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiне сәйкес олармен үлестес болып табылатын өзге де заңды тұлғалар, әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры, «Астана» халықаралық қаржы орталығы органдарының, олардың ұйымдарының және қатысушыларының қызметі үшін жағдайларды қамтамасыз ететін коммерциялық емес ұйым; Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсыну мерзімі: есепті жылдан кейінгі екінші жылдың 5 (бесінші) ақпанынан кешіктірілмейтін мерзімде; Жеке сәйкестендіру нөмірі/ Бизнес-сәйкестендіру нөмірі Жинау әдісі: электрондық түрде. Тиісті бюджетке аударымдардан немесе дивидендтер төленгеннен кейін қалған таза кіріс қаражатын пайдалануы туралы есеп Р/с № Ұй­ым­ның ата­уы Есеп­ті жыл ____________ Ти­іс­ті бюд­жет­ке ауда­рым­дар­дан неме­се ди­ви­денд­тер тө­лен­ген­нен кей­ін қал­ған та­за кі­ріс, мың тең­ге Оның ішін­де пай­да­ла­ну­дың негіз­гі ба­ғыт­та­ры: өн­ді­рі­сті да­мы­ту­ға, мың тең­ге ин­ве­сти­ци­я­лық жо­ба­ны іс­ке асы­ру­ға, мың тең­ге ре­зерв­тер­ді қа­лып­та­сты­ру­ға, мың тең­ге өзге ба­ғыт­тар­ға (то­лық жа­зыл­сын), мың тең­ге 1 2 3 4 5 6 Атауы_____________________________________ ___________________________________________ Мекенжайы______________________________ ________________________________________ Телефоны _____________________________________________________________ Электрондық пошта мекенжайы ___________________________________________ Орындаушы____________________________________________ ________________ тегі, аты және әкесінің аты (бар болса) қолы, телефоны Басшы немесе оның міндетін атқарушы адам _______________________________________________________________________ _______________________________________________________________________ тегі, аты және әкесінің аты (бар болса) қолы Мөрдің орны (жеке кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын тұлғаларды қоспағанда) _______________________________________________________________________
Басқа 1.2. «Тиісті бюджетке аударымдардан немесе дивидендтер төленгеннен кейін қалған таза кіріс қаражатын пайдалануы туралы есеп» әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды толтыру жөніндегі түсіндірме (1-ТКҚПЕ, жылдық)
«Тиісті бюджетке аударымдардан немесе дивидендтер төленгеннен кейін қалған таза кіріс қаражатын пайдалануы туралы есеп» әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанға қосымша «Тиісті бюджетке аударымдардан немесе дивидендтер төленгеннен кейін қалған таза кіріс қаражатын пайдалануы туралы есеп» әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды толтыру жөніндегі түсіндірме (1-ТКҚПЕ, жылдық)
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы түсіндірме «Тиісті бюджетке дивидендтер немесе аударымдар төленгеннен кейін қалған таза кіріс қаражатын пайдалануы туралы есеп» әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды (бұдан әрі – Нысан) толтыру бойынша бірыңғай талаптарды айқындайды.
Тармақ 2
2. Нысанға басшы немесе оның міндетін атқарушы адам оның тегі мен аты-жөнін көрсете отырып қол қояды.
Тармақ 3
3. Нысан мемлекеттік және орыс тілдерінде толтырылады.
Тарау 2. 2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме
2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме
Тармақ 4
4. Нысанның 1-бағанында реттік нөмірі көрсетіледі.
Тармақ 5
5. Нысанның 2-бағанында ұйымның атауы көрсетіледі.
Тармақ 6
6. Нысанның 3-бағанында ұйымның тиісті бюджетіне дивидендтер немесе аударымдар төленгеннен кейін қалған таза кіріс көрсетіледі.
Тармақ 7
7. Нысанның 3, 4, 5 және 6-бағандарында таза кірістің негізгі бағыттары (өндірісті дамытуға, инвестициялық жобаны іске асыруға, резервтерді қалыптастыруға, өзге де бағыттарға) көрсетіледі.