О реализации пилотного проекта взаимодействия государственных органов и организаций при исключении в проактивной форме услугополучателей в рамках оказания государственных услуг «Постановка на учет нуждающихся в служебном жилище военнослужащих Вооруженных Сил Республики Казахстан» и «Постановка на учет нуждающихся в служебном жилище лиц гражданского персонала (работников) Вооруженных Сил Республики Казахстан» Мәртебесі расталмаған
Басқа 0
«Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің қызметтік тұрғынжайға мұқтаж әскери қызметшілерін есепке қою» және «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің қызметтік тұрғынжайға мұқтаж азаматтық персонал адамдарын (қызметкерлерін) есепке қою» мемлекеттік қызметін көрсету шеңберінде көрсетілетін қызметті алушыларды проактивті нысанда шығару кезінде мемлекеттік органдар мен ұйымдардың өзара іс-қимылы пилоттық жобасын іске асыру туралы
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 22-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
Тармақ 1
1. «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің қызметтік тұрғынжайға мұқтаж әскери қызметшілерін есепке қою» және «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің қызметтік тұрғынжайға мұқтаж азаматтық персонал адамдарын (қызметкерлерін) есепке қою» мемлекеттік қызметін көрсету шеңберінде көрсетілетін қызметті алушыларды проактивті нысанда шығару кезінде мемлекеттік органдар мен ұйымдардың өзара іс-қимылы пилоттық жобасы (бұдан әрі – пилоттық жоба) іске қосылсын.
Тармақ 2
2. Қоса беріліп отырған «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің қызметтік тұрғынжайға мұқтаж әскери қызметшілерін есепке қою» және «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің қызметтік тұрғынжайға мұқтаж азаматтық персонал адамдарын (қызметкерлерін) есепке қою» мемлекеттік қызметін көрсету шеңберінде көрсетілетін қызметті алушыларды проактивті нысанда шығарғанда пилоттық жобаны іске асыру кезінде мемлекеттік органдар мен ұйымдардың өзара іс-қимыл жасау алгоритмі бекітілсін.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі және ұйымдар пилоттық жоба кезеңі аяқталғаннан кейін және өзінің ақпараттық жүйесін өнеркәсіптік пайдалануға енгізгенге дейін «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 38-бабы 2-тармағының 1) және 5-1) тармақшаларына, 49-бабы 2-тармағының 4) және 6) тармақшаларына, 54-бабы 3-тармағының 3-2) тармақшасына сәйкес:
Тармақша 1
1) ақпарат қауіпсіздігі талаптарына сәйкестігіне оң нәтижесі бар сынау актісінің/хаттамасының болуын;
Тармақша 2
2) мемлекеттік және мемлекеттік емес ақпараттық жүйенің ақпарат қауіпсіздігі бойынша бірлескен жұмыс шартының болуын;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес меншікті ақпарат қауіпсіздігі жедел орталығының (бұдан әрі – АҚЖО) Ақпараттық қауіпсіздікті ұлттық үйлестіру орталығымен өзара іс-қимылын қамтамасыз етіп, АҚЖО-ның болуын және оның жұмыс істеуін немесе үшінші тұлғалардан АҚЖО-ның көрсетілетін қызметін сатып алуды;
Тармақша 4
4) ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпарат қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптарға сәйкестігі бойынша шаралар қабылдауды қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Әскери инфрақұрылым бас басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрыққа мемлекеттік орган басшыларының соңғысы қол қойған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның көшірмесін ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты ресми жарияланғанынан кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 5
5. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің жетекшілік ететін орынбасарына және жетекшілік ететін Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 6
6. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі және Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі осы бірлескен бұйрықты өздерінің мүдделі ведомстволық бағынысты ұйымдарына жеткізсін.
Тармақ 7
7. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2026 жылғы 1 сәуірге дейін қолданылады.
Басқа 0. «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің қызметтік тұрғынжайға мұқтаж әскери қызметшілерін есепке қою» және «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің қызметтік тұрғынжайға мұқтаж азаматтық персонал адамдарын (қызметкерлерін) есепке қою» мемлекеттік қызметін көрсету шеңберінде көрсетілетін қызметті алушыларды проактивті нысанда шығару кезінде мемлекеттік органдар мен ұйымдардың өзара іс-қимыл жасау алгоритмі
Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрінің
2025 жылғы «6» мамырдағы
№ 529 Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі
министрінің 2025 жылғы
«12»мамырдағы № 212/НҚ
бірлескен бұйрығымен
бекітілген
«Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің қызметтік тұрғынжайға мұқтаж әскери қызметшілерін есепке қою» және «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің қызметтік тұрғынжайға мұқтаж азаматтық персонал адамдарын (қызметкерлерін) есепке қою» мемлекеттік қызметін көрсету шеңберінде көрсетілетін қызметті алушыларды проактивті нысанда шығару кезінде мемлекеттік органдар мен ұйымдардың өзара іс-қимыл жасау алгоритмі
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Алгоритм «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің қызметтік тұрғынжайға мұқтаж әскери қызметшілерін есепке қою» және «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің қызметтік тұрғынжайға мұқтаж азаматтық персонал адамдарын (қызметкерлерін) есепке қою» мемлекеттік қызметін көрсету шеңберінде көрсетілетін қызметті алушыларды проактивті нысанда шығару кезінде мемлекеттік органдар мен ұйымдардың өзара іс-қимылын айқындайды.
Тармақ 2
2. Осы Алгоритмде мынадай негізгі ұғымдар мен қысқартулар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) «АХАЖ» ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – «АХАЖ» АЖ) – Қазақстан Республикасы халқының азаматтық хал актілерін белгілі бір оқиға (туу, қайтыс болу, неке қию/бұзу, бала асырап алу, әке болуды анықтау және тегін, атын, әкесінің атын өзгерту) бойынша тіркеу үшін арналған, бұл ретте жеке тұлғалардың тууы мен қайтыс болуы туралы мәліметтер жеке тұлғалар туралы ақпаратты тіркеу мен сақтаудың бірыңғай жүйесіне беріледі;
Тармақша 2
2)«ЖМБМК» ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – «ЖМБМК» АЖ) – жүргізу тәртібі Қазақстан Республикасының Жер кодексінде және «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңында айқындалатын жер және құқықтық кадастр мәліметтерін қамтитын «Жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры» ақпараттық жүйесі;
Тармақша 3
3) ЖР АЖ ИШ ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – ЖР АЖ ИШ) – Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі «Жұмылдыру ресурсы автоматтандырылған жүйесінің интеграциялық шлюзі» ақпараттық жүйесі;
Тармақша 4
4) «ЖТ МДҚ» ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – «ЖТ МДҚ» АЖ) – жеке тұлғалар туралы ақпаратты тіркеу мен сақтаудың бірыңғай жүйесі;
Тармақша 5
5) «Қазтізілім» ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – «Қазтізілім» АЖ) – негізгі мақсаты үлестік қатысу туралы шарттарды (ҮҚШ) және олар бойынша талап ету құқықтарын қайта табыстау туралы шарттарды орталықтандырылған есепке алу болып табылатын мемлекеттік ақпараттық жүйе;
Тармақша 6
6) «Мемлекеттік тізілім» ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – «Мемлекеттік тізілім» АЖ) – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің «Мемлекеттік мүлік тізілімі» ақпараттық жүйесі;
Тармақша 7
7) «Smart Data Ukimet» ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – SDU) – мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйесінде жинақталатын деректерді жинауға, сақтауға және кешенді талдауға арналған ақпараттық жүйе. Деректерге негізделген тиімді басқарушылық шешім қабылдау үшін мемлекеттік органдарға талдамалық ақпарат береді.
Алгоритмде қолданылатын барлық өзге де термин «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» Қазақстан Республикасының Заңында, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңында, «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңында, «Халықтың көші-қоны туралы» Қазақстан Республикасының Заңында және өзге де нормативтік құқықтық актілерде қолданылатын мағынада пайдаланылады.
Тармақ 3
3. Жобаға қатысушылар «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 20 желтоқсандағы № 832 қаулысымен бекітілген Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптардың шарттарын сақтайды.
Тарау 2. 2-тарау. «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің қызметтік тұрғынжайға мұқтаж әскери қызметшілерін есепке қою» және «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің қызметтік тұрғынжайға мұқтаж азаматтық персонал адамдарын (қызметкерлерін) есепке қою» мемлекеттік қызметін көрсету шеңберінде көрсетілетін қызметті алушыларды проактивті нысанда шығару кезінде мемлекеттік органдар мен ұйымдардың өзара іс-қимыл жасау тәртібі
2-тарау. «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің қызметтік тұрғынжайға мұқтаж әскери қызметшілерін есепке қою» және «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің қызметтік тұрғынжайға мұқтаж азаматтық персонал адамдарын (қызметкерлерін) есепке қою» мемлекеттік қызметін көрсету шеңберінде көрсетілетін қызметті алушыларды проактивті нысанда шығару кезінде мемлекеттік органдар мен ұйымдардың өзара іс-қимыл жасау тәртібі
Тармақ 4
4. SDU көрсетілетін қызметті алушылардың дербес деректерді жинауға және өңдеуге берген келісімі шеңберінде Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2020 жылғы 26 мамырдағы № 232 бұйрығымен бекітілген «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің қызметтік тұрғынжайға мұқтаж әскери қызметшілерін есепке қою» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына және Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2024 жылғы 22 шілдедегі № 765 бұйрығымен бекітілген «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің қызметтік тұрғынжайға мұқтаж азаматтық персонал адамдарын (қызметкерлерін) есепке қою» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу кезінде ЖР АЖ ИШ-дан алынған мәліметтер негізінде қызмет көрсету үшін қолданыстағы шарттарға сәйкес Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің қызметтік тұрғынжайға мұқтаждар есебінде тұрған әскери қызметшілері мен азаматтық персонал адамдарының (қызметкерлердің) тізімін сегменттейді және қалыптастырады.
Тармақ 5
5. SDU Алгоритмнің 4-тармағының нәтижесі бойынша көрсетілетін қызметті алушыларға қатысты «АХАЖ» АЖ-да көрсетілетін қызметті алушының некеде тұруын немесе тұрмауын және балаларының болуын немесе болмауын тексереді.
Тармақ 6
6. SDU Алгоритмнің 5-тармағының нәтижесі бойынша көрсетілетін қызметті алушылар мен оның отбасы мүшелеріне (бар болса) қатысты «Мемлекеттік тізілім» АЖ-да тұрғынжайды жекешелендіру туралы шарттың болуын тексереді. Тұрғынжайды жекешелендіру туралы шарт алынбағанда адамдар тізімі келесі тексеруге жатады.
Тармақ 7
7. SDU Алгоритмнің 6-тармағының нәтижесі бойынша көрсетілетін қызметті алушылар мен оның отбасы мүшелеріне (бар болса) қатысты «Қазтізілім» АЖ-да тұрғын үй салуға үлестік қатысу туралы шарттың болуын тексереді. Тұрғын үй салуға үлестік қатысу туралы шарт болмағанда адамдар тізімі келесі тексеруге жатады.
Тармақ 8
8. SDU Алгоритмнің 7-тармағының нәтижесі бойынша көрсетілетін қызметті алушылар мен оның отбасы мүшелеріне (бар болса) қатысты ЖР АЖ ИШ-да, егер көрсетілетін қызметті алушыға тұрғынжай берілсе, бұрынғы қызмет орны бойынша қызметтік тұрғынжайдың болуын тексереді. Бұрынғы қызмет орны бойынша қызметтік тұрғынжай болмағанда адамдар тізімі келесі тексеруге жатады.
Тармақ 9
9. SDU Алгоритмнің 8-тармағының нәтижесі бойынша көрсетілетін қызметті алушылар мен оның отбасы мүшелеріне (бар болса) қатысты «ЖМБМК» АЖ-да көрсетілетін қызметті алушы мен оның отбасы мүшелерінде осы елді мекенде мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрақты пайдалануда тұрғынжайдың болуын немесе болмауын тексереді.
Тармақ 10
10. SDU Алгоритмнің 9-тармағының нәтижесі бойынша көрсетілетін қызметті алушыларға қатысты «ЖТ МДҚ» АЖ-да және «АХАЖ» АЖ-да мынадай өлшемшартқа тексеру жүргізеді:
Тармақша 1
1) көрсетілетін қызметті алушының не оның отбасы мүшесінің (бар болса) хабар-ошарсыз кетті деп танылмауы немесе қайтыс болды деп жариялануы;
Тармақша 2
2) көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатыны;
Тармақша 3
3) көрсетілетін қызметті алушының басқа елде тұрақты тұрғылықты жерінде болмауы;
Тармақша 4
4) көрсетілетін қызметті алушының әрекетке қабілетсіз болып табылмайтыны (психикалық ауру немесе жарыместігі салдарынан өз іс-әрекетінің мәнін түсіне алмайтын немесе оны басқара алмайтын азаматты сот әрекетке қабілетсіз деп тануы мүмкін, осыған байланысты оған қорғаншылық белгіленеді);
Тармақша 5
5) көрсетілетін қызметті алушының не оның отбасы мүшесінің (бар болса) бас бостандығынан айыру орнында болмауы.
«Мемлекеттік тізілім» АЖ-да, «Қазтізілім» АЖ-да, ЖР АЖ ИШ-да, «ЖМБМК» АЖ-да жылжымайтын мүлікке мәліметтер болғанда және өлшемшартқа сәйкес келмегенде 10-тармақта көрсетілген адамдар Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің қызметтік тұрғынжайға мұқтаж әскери қызметшілері мен азаматтық персоналы (қызметкерлері) есебінен шығарылады.
Тармақ 11
11. SDU Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери қызметшілері мен азаматтық персоналын (қызметкерлерін) қызметтік тұрғынжайға мұқтаждар есебінен шығару үшін ЖР АЖ ИШ-ға көрсетілетін қызметті алушылардың қалыптастырылған тізімін жібереді.
Тармақ 12
12. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери қызметшілері мен азаматтық персоналын (қызметкерлерін) қызметтік тұрғынжайға мұқтаждар есебінен шығарғаны туралы хабарлама Алгоритмге қосымшаға сәйкес нысан бойынша есептен шығару негізін көрсетіп, шешім қабылданғаннан кейін ЖР АЖ ИШ арқылы көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» жіберіледі.
Тармақ 13
13. Мемлекеттік орган ақпараттық жүйесінің иесі ұсынылатын деректердің дұрыстығына жауапты болады.
Тармақ 14
14. Мемлекеттік органдар мен ұйымдардың өзара іс-қимылы көрсетілетін қызметтің үздіксіз және дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін тұрақты негізде жүргізіледі.
Тарау 3. 3-тарау. Мемлекеттік органдардың жауапкершілігі
3-тарау. Мемлекеттік органдардың жауапкершілігі
Тармақ 15
15. Мемлекеттік органдар мен ұйымдардың өзара іс-қимылы іске қосылған ақпараттық жүйенің үздіксіз және дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін тұрақты негізде жүргізіледі.
Тармақ 16
16. Берілетін деректердің толықтығын, түпнұсқалығын, дұрыстығын және бұрмаланбауын ақпараттық жүйенің тараптары – ақпарат беретін сервис иелері қамтамасыз етеді.
Тармақ 17
17. Мемлекеттік органдар мен ұйымдар ақпараттандыру, ақпарат қауіпсіздігі саласындағы заңнама талаптарының сақталуын және ақпараттық жүйені пайдаланушы қалыптастырған мәліметтердің қауіпсіздігін және өзгермеуін және форматтық-логикалық бақылауды уақтылы орнатуды қамтамасыз етеді.
Басқа 1. Құрметті көрсетілетін қызметті алушы!
«Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің қызметтік тұрғынжайға мұқтаж әскери қызметшілерін есепке қою» және «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің қызметтік тұрғынжайға мұқтаж азаматтық персонал адамдарын (қызметкерлерін) есепке қою» мемлекеттік қызметін көрсету шеңберінде көрсетілетін қызметті алушыларды проактивті нысанда шығару кезінде мемлекеттік органдар мен ұйымдардың өзара іс-қимыл жасау алгоритміне
қосымша
Құрметті көрсетілетін қызметті алушы!
Қызметтік тұрғынжайға мұқтаждар есебін түгендеу шеңберінде Сізден ________________анықталды.
Осыған байланысты Сіз қызметтік тұрғынжайға мұқтаждар (себеп атауы)
есебінен шығарылдыңыз.
Барлық мәселе бойынша ҚР ҚМ ресми сайтында көрсетілген «Жедел желі» телефондары арқылы хабарласа аласыз.