Об определении и утверждении мест размещения нестационарных торговых объектов на территории города Алатау Күшін жойған

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 04.07.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Алатау қаласы аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын айқындау және бекіту туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабының 1-тармағының 4-2) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 «Ішкі сауда қағидаларын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11148 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес, Алатау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Алатау қаласы аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары осы қаулының қосымшасына сәйкес айқындалсын және бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Алатау қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. А. Утенов
Басқа 4
Алатау қаласы әкімдігінің 2025 жылғы 15 мамырдағы № 196 қаулысына қосымша Алатау қаласының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары № Сауда объектілерінің орналастыру орындары Аумағы (шаршы метр) Сауда қызметін жүзеге асыру мерзімі Өнім түрі 1 Алматы-Қонаев автожолы бағытында 44-ші шақырымы 11000 м2 2 жыл Ауыл шаруашылығы өнімдерінің саудасы 2 Алматы-Жетіген автожолы бағытында 46-ші шақырымы 8500 м2 2 жыл Ауыл шаруашылығы өнімдерінің саудасы 3 Қонаев-Алматы автожолы бағытында 48-ші шақырымы 8500 м2 2 жыл Ауыл шаруашылығы өнімдерінің саудасы 4 Алатау қаласы, Қоянқұс ы.а. 1000 м2 2 жыл Ауыл шаруашылығы өнімдерінің саудасы 5 Алатау қаласы, Заречный ы.а. 1500 м2 2 жыл Ауыл шаруашылығы өнімдерінің саудасы