Об утверждении разрешительных требований и перечня документов, подтверждающих соответствие им, форм заявлений для получения разрешения второй категории, форм разрешений второй категории, правил осуществления разрешительных процедур и правил осуществления деятельности операторов технического осмотра Қолданыста

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 04.05.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Рұқсат беру талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесін, екінші санаттағы рұқсат алу үшін өтініш нысандарын, екінші санаттағы рұқсат нысандарын, рұқсат беру рәсімдерін жүзеге асыру қағидаларын және техникалық қарап-тексеру операторларының қызметін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 1-тармағының 2-1) тармақшаларына және «Жол жүрісі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 89-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: Қоса беріліп отырған:
Тармақша 1
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес техникалық байқау операторының қызметін жүзеге асыруға рұқсат алу үшін өтініш нысаны;
Тармақша 2
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес рұқсат беру талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесі;
Тармақша 3
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес техникалық байқау операторының қызметін жүзеге асыруға рұқсат нысаны;
Тармақша 4
4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес Рұқсат беру рәсімдерін жүзеге асыру қағидалары және Техникалық байқау операторларының қызметін жүзеге асыру қағидалары.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Көлік вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
Басқа 1. Техникалық қарап-тексеру операторларының қызметін жүзеге асыруға рұқсат алу үшін өтініш
Қазақстан Республикасы Көлік министрінің міндетін атқарушы 2025 жылғы 16 мамырдағы № 152 Бұйрыққа 1-қосымша Нысан Техникалық қарап-тексеру операторларының қызметін жүзеге асыруға рұқсат алу үшін өтініш ___________________________________________________________________ (көрсетілетін қызметті алушының толық атауы) Заңды тұлғаның мекенжайы ____________________________________________ (пошта индексі, ел, облыс, қала, аудан, елді мекен, көше атауы, үй/ғимарат нөмірі (стационарлық үй-жай) Электрондық пошта______________________________________________ Телефон________________________________________________________
Тармақ 1
1. Стационарлық желі техникалық қарап-тексеру желісін ашуға арналған жылжымайтын мүлік туралы мәліметтер: Меншік құқығындағы үй-жайлар немесе ғимараттар немесе жалға алу шарты немесе жылжымайтын мүлікті өтеусіз пайдалану шарты (несие) немесе мүлікті сенімгерлік басқару немесе мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты: Жылжымайтын мүлік объектісін (өндірістік базаны) тіркеу туралы мәліметтер:
Тармақша 1
1) Кадастрлық нөмір _____________________________________________
Тармақша 2
2) Орналасқан жері_______________________________________________
Тармақша 3
3) Жалдау туралы шарттың нөмірі: ______________________________________
Тармақша 4
4) Жалдау туралы шарттың күні_________________(шарттың мерзімі көрсетіледі)
Тармақ 2
2. Техникалық байқаудың ұтқыр желісін ашуға арналған көлік құралы туралы мәліметтер автокөлік құралының мемлекеттік нөмірі және автомобиль маркасы.
Тармақ 3
3. Станция мәлімделген қызмет түрін орындау үшін қажетті жабдықтармен жабдықталған: роликті тежегіш стенді; люфтомер; газ анализаторы және түтін өлшегіш; фаралардың жарығын тексерудің электронды құралы; руль мен суспензия бөлшектеріндегі ойынды тексеруге арналған тестер; сызғыш; рулетка; штангенциркуль; секундомер; көлік құралдарының газбен қоректендіру жүйесінің герметикалығын тексеруге арналған аспап; әйнектің жарық өткізгіштігін тексеруге арналған аспап; 📌 Ескерту. 3-тармағы он екінші абзацының осы редациясы 01.01.2027 дейін тоқтатылсын - ҚР Көлік министрінің м.а. 04.05.2026 № 110 бұйрығымен. шу өлшегіш сипаттамасы, бар _______________________________________________
Тармақ 4
4. Кәсіпорынның штат кестесіне сәйкес қолданылатын жабдықта жұмыс істеу үшін білікті персоналдың болуы:
Тармақша 1
1) тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) ___________________________
Тармақша 2
2) осы ұйымда __ бастап жұмыс істейді (күнін, айын, жылын көрсету)
Тармақша 3
3) аттестатталған, кәсіпорында оқытылған (күні, айы, жылы) ___________
Тармақ 5
5. Стационарлық техникалық қарап-тексеру желісін ашу кезінде «Міндетті техникалық қарап-тексеру» «Автомотокөлік құралдары» ҚР СТ 1811-2018 талаптарына сәйкес келетін жабдығы бар жылжымайтын ғимарат (ғимараттың сыртынан және ішінен 10 фотосурет санымен қоса).
Тармақ 6
6. Техникалық қарап-тексеру ұтқыр желісін ашу кезінде «Міндетті техникалық қарап-тексеру» «Автомотокөлік құралдары» ҚР СТ 1811-2018 талаптарына сәйкес келетін жабдығы бар көлік құралы (сыртынан және ішінен 10 фотосурет санымен қоса). Сипаттамасы, бар _______________________________________________
Тармақ 7
7. Ұсынылған құжаттардың болуын және дұрыстығын өтініш беруші растайды.
Тармақ 8
8. Көрсетілетін қызметті алушы рұқсат беру кезінде заңмен қорғалатын құпияны құрайтын, ақпараттық жүйелердегі қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді пайдалануға келіседі. _______________________________________________________________ Басшы _________________________________________________________ (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) Толтыру күні: «___» _________ 20 _____жыл
Басқа 2. Рұқсат беру талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесі
Қазақстан Республикасы Көлік министрінің міндетін атқарушы 2025 жылғы 16 мамырдағы № 152 Бұйрыққа 2-қосымша Рұқсат беру талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесі 1 Та­лап­тар­ға мы­на­лар кі­ре­ді Та­лап­тар­ға сәй­кест­і­гі Ес­кер­ту 2 заң­ды тұ­лға­лар мен же­ке кә­сіп­кер­лер үшін-мен­шік құқы­ғын­да­ғы үй-жай­лар неме­се ғи­ма­рат­тар неме­се жал­ға алу шар­ты неме­се жы­л­жы­май­тын мү­лік­ті өте­у­сіз пай­да­ла­ну шар­ты (несие) неме­се мү­лік­ті се­нім­гер­лік бас­қа­ру неме­се мін­дет­ті тех­ни­ка­лық бай­қа­уды ұй­ым­да­сты­ру стан­дарт­та­ры­на сәй­кес ке­ле­тін мем­ле­кет­тік-же­ке­ше­лік әріп­те­стік шар­ты жы­л­жы­май­тын мү­лік ҚР СТ 1811-2018 «Ав­то­мо­то­кө­лік құ­рал­да­ры» «Мін­дет­ті тех­ни­ка­лық қа­рап-тек­се­ру» та­лап­та­ры­на сәй­кес бо­луы ти­іс мен­шік құқы­ғын ку­әлан­ды­ра­тын құ­жат­тар ту­ра­лы мә­лі­мет­тер­ді көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші жал­ға алу шар­тта­рын, жы­л­жы­май­тын мү­лік­ті өте­у­сіз пай­да­ла­ну шар­тын (несие), мү­лік­ті се­нім­гер­лік бас­қа­ру шар­тта­рын, бір жыл­дан кем мер­зім­ге жа­сал­ған мем­ле­кет­тік-же­ке­ше­лік әріп­те­стік шар­тын қо­с­па­ған­да, «Жы­л­жы­май­тын мү­лік­тің бі­рың­ғай мем­ле­кет­тік ка­даст­ры» ақ­па­рат­тық жүй­е­сі­нен, «Е ли­цен­зи­я­лау» ин­те­гра­ци­я­лан­ған де­рекқо­ры­нан ала­ды, олар құ­жат­тың элек­трон­дық кө­шір­ме­сі тү­рін­де 3 мін­дет­ті тех­ни­ка­лық қа­рап-тек­се­ру­ді ұй­ым­да­сты­ру стан­дарт­та­ры­на сәй­кес заң­ды тұ­лға­лар мен же­ке кә­сіп­кер­лер үшін – жұ­мыс іс­теп тұр­ған жаб­дық­тар, ап­па­ра­ту­ра­лар мен құ­рал­дар, ас­пап­тар, Кө­лік және бас­қа да құ­рал­дар (қа­жет болған жағ­дай­да) Жаб­дық ҚР СТ 1811-2018 «Ав­то­мо­то­кө­лік құ­рал­да­ры» «Мін­дет­ті тех­ни­ка­лық қа­рап-тек­се­ру» та­лап­та­ры­на сәй­кес бо­луы ти­іс 4 ме­ха­ни­ка­лық кө­лік құ­рал­да­ры мен олар­дың тір­ке­ме­ле­ріне мін­дет­ті тех­ни­ка­лық қа­рап-тек­се­ру жүр­гі­зу­ді жү­зе­ге асы­ра­тын тех­ни­ка­лық бай­қау опе­ра­то­ры­ның бі­лік­ті қыз­мет­ке­рі қыз­мет­кер­дің ор­та бі­лі­мі (тех­ни­ка­лық неме­се кә­сіп­тік бі­лі­мі) неме­се тех­ни­ка­лық бай­қау ма­ма­ны кур­сын аяқ­та­ға­ны ту­ра­лы сер­ти­фи­ка­ты бо­луы ке­рек ор­та бі­лім ту­ра­лы мә­лі­мет­тер­ді көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші 2015 жы­л­ға дей­ін бі­тір­ген адам­дар­ды, сон­дай-ақ бі­лім ту­ра­лы құ­жат­тың элек­трон­дық кө­шір­ме­сін ұсы­на­тын Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ау­ма­ғы­нан тыс жер­лер­де бі­тір­ген адам­дар­ды қо­с­па­ған­да, Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Оқу-ағар­ту ми­ни­стр­лі­гі­нің ақ­па­рат­тық жүй­е­сі­нен (2015 жыл­дан ба­стап мә­лі­мет­тер­ді) ала­ды 5 жаб­дық­тар мен өл­шеу құ­рал­да­ры: ро­лик­ті те­же­гіш стен­ді; люф­то­мер; газ ана­ли­за­то­ры және тү­тін өл­ше­гіш; фа­ра­лар­дың жа­ры­ғын тек­се­ру­дің элек­трон­ды құ­ра­лы; руль мен сус­пен­зия бөл­шек­те­рін­де­гі ой­ын­ды тек­се­ру­ге ар­нал­ған те­стер; сыз­ғыш; ру­лет­ка; штан­ген­цир­куль; се­кун­до­мер; кө­лік құ­рал­да­ры­ның га­з­бен қо­рек­тен­ді­ру жүй­е­сі­нің гер­ме­ти­ка­лы­ғын тек­се­ру­ге ар­нал­ған ас­пап; әй­нек­тің Жа­рық өт­кіз­гіш­ті­гін тек­се­ру­ге ар­нал­ған ас­пап; шу өл­ше­гіш Жаб­дық ҚР СТ 1811-2018 «Ав­то­мо­то­кө­лік құ­рал­да­ры» «Мін­дет­ті тех­ни­ка­лық қа­рап-тек­се­ру» та­лап­та­ры­на сәй­кес бо­луы ти­іс бар­лық жаб­дық­та құ­жат­тың элек­трон­дық кө­шір­ме­сі тү­рін­де ұсы­ны­ла­тын тек­се­ру сер­ти­фи­кат­та­ры бо­луы ке­рек
Басқа 3
Қазақстан Республикасы Көлік министрінің міндетін атқарушы 2025 жылғы 16 мамырдағы № 152 Бұйрыққа 3-қосымша Нысан Тіркеу №_________________________ «____» __________ 20___ жылғы Куәлік иесі____________________________________________________________ _____________________________________________________________________ _____________________________________________________________________ (Жеке тұлға мен заңды тұлғаның атауы және ұйымдастырушылық-құқықтық нысаны) Орналасқан мекенжайы бойынша_______________________________________ ____________________________________________________________________ (Заңды тұлға мен жеке кәсіпкер үшін – заңды мекенжайы) Осы рұқсат оның иесін техникалық байқау операторының қызметін жүзеге асыруға растайды. Рұқсат берілді ____________________________________________________________________ (уәкілетті органның атауы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), берілген уақыты) Рұқсаттың қолданылу мерзімі мерзімсіз
Басқа 4. Рұқсат беру рәсімдерін жүзеге асыру қағидалары және техникалық қарап-тексеру операторларының қызметін жүзеге асыру қағидалары
Қазақстан Республикасы Көлік министрінің міндетін атқарушы 2025 жылғы 16 мамырдағы № 152 Бұйрыққа 4-қосымша Рұқсат беру рәсімдерін жүзеге асыру қағидалары және техникалық қарап-тексеру операторларының қызметін жүзеге асыру қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Рұқсат беру рәсімдерін және техникалық байқау операторларының қызметін жүзеге асыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі – ҚР ӘРПК) 73, 91-баптарына, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және «Техникалық байқау операторының қызметіне рұқсат беру» (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Қағидалар рұқсат беру бақылауын жүзеге асыруға рұқсат беру рәсімдерін, сондай-ақ өтініш берушілерге техникалық бақылау операторының қызметіне рұқсат алу үшін жүгінген кезде қойылатын рұқсат беру талаптарын регламенттейді.
Тармақ 3
3. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар қолданылады:
Тармақша 1
1) техникалық қарап-тексеру операторының қызметіне рұқсат көлік және коммуникация саласындағы уәкілетті орган берген иеліктен шығарылмайтын, мерзімсіз рұқсат;
Тармақша 2
2) көрсетілетін қызметті алушы – жеке кәсіпкер немесе заңды тұлғалар;
Тармақша 3
3) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитетінің аумақтық органдары;
Тармақша 4
4) уәкілетті орган – Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитеті;
Тармақша 5
5) техникалық қарап-тексеру орталығының маманы – орта білімі (техникалық және кәсіптік білім) немесе техникалық қарап-тексеру маманы курсын аяқтағаны туралы сертификаты бар механикалық көлік құралдарын және олардың тіркемелерін міндетті техникалық қарап-тексеруді жүргізуді жүзеге асыратын техникалық қарап-тексеру операторының қызметкері;
Тармақша 6
6) «электрондық үкіметтің» веб-порталы (бұдан әрі – Портал) – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, бүкіл шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерге және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтеріне қол жеткізудің бірыңғай терезесі болатын ақпараттық жүйе;
Тармақша 7
7) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – ЭЦҚ құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар жиынтығы.
Тарау 2. 2-тарау. Техникалық байқау операторларының рұқсат беру рәсімдерін жүзеге асыру тәртібі
2-тарау. Техникалық байқау операторларының рұқсат беру рәсімдерін жүзеге асыру тәртібі
Тармақ 4
4. «Техникалық қарап тексеру операторының қызметіне рұқсат беру» мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 1-қосымшада баяндалған (бұдан әрі – Тізбе).
Тармақ 5
5. Қазақстан Республикасының аумағында қызметті жүзеге асыру үшін дара кәсіпкерлер немесе заңды тұлғалар (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) Тізбеде көрсетілген және электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған құжаттарды қоса бере отырып, осы Бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша техникалық байқау операторының қызметін жүзеге асыруға рұқсат алу үшін өтінішті Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитетінің аумақтық органдарына (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) www.egov.kz, www.elicense.kz «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы (бұдан әрі – портал) жібереді.
Тармақ 6
6. Көрсетілетін қызметті беруші құжаттар келіп түскен күні оларды қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады. Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген жағдайда, өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
Тармақ 7
7. Көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден, «электрондық үкімет» шлюзі (бұдан әрі – ЭҮШ) арқылы және цифрлық құжаттар сервисінен мәліметтер алады:
Тармақша 1
1) көрсетілетін қызметті алушыны заңды тұлға не дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы;
Тармақша 2
2) меншік құқығын немесе жалға алу шартын немесе жылжымайтын мүлікті өтеусіз пайдалану шартын (несие) немесе мүлікті сенімгерлік басқару шартын немесе мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартын (ЭҮШ мәліметтері болған жағдайда) куәландыратындар;
Тармақша 3
3) орта білімнің болуы туралы (техникалық немесе кәсіптік білім).
Тармақ 8
8. Тізбеде көрсетілген ұсынылған құжаттардың және портал арқылы келіп түскен цифрлық құжаттар сервисінен алынған мәліметтердің толықтығын көрсетілетін қызметті беруші құжаттар тіркелген кезден бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде тексереді.
Тармақ 9
9. Тізбеде көзделген тізбеге сәйкес ұсынылған құжаттардың және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттардың толық болмау фактісі анықталған кезде көрсетілетін қызметті беруші құжаттарды тіркеген сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасымен расталған өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тартуды (еркін нысанда) береді.
Тармақ 10
10. Егер құжаттар Тізбеге сәйкес толық көлемде ұсынылса, көрсетілетін қызметті беруші «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 51-бабына сәйкес тәртіп бойынша қызметті жүзеге асыруға алғаш рет мәлімделген өндірістік базада 4 (төрт) жұмыс күні ішінде (рұқсат берілгенге дейін) рұқсат беру бақылауын жүргізеді.
Тармақ 11
11. Тізбеге сәйкес мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер анықталған кезде көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушыға алдын ала шешім бойынша ұстанымын білдіру мүмкіндігі үшін тыңдауды өткізудің уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабарлайды. Тыңдау туралы хабарлама мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 жұмыс күні бұрын жіберіледі. Тыңдау хабарлама берілген күннен бастап 2 жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі. Тыңдау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші техникалық байқау операторының қызметіне рұқсат беруді жүзеге асырады не мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тартуды қалыптастырады.
Тармақ 12
12. Көрсетілетін қызметті беруші Заңның 21-бабының 2-тармағына сәйкес қажетті құжаттардың тізбесі және осындай құжаттарды ресімдеу туралы толық және анық ақпаратты қолжетімді нысанда ұсынады.
Тармақ 13
13. Рұқсат беру бақылауы қызметті жүзеге асыруға алғаш рет мәлімделген бақылау объектісіне шыға отырып, профилактикалық бақылау тәртібінде жүзеге асырылады. Бақылау объектісіне барудың уақыты мен күні туралы көрсетілетін қызметті алушыға ұялы байланыстың абоненттік нөмірі бойынша немесе өтініште көрсетілген электрондық мекенжай бойынша мәтіндік хабарлама жіберу арқылы не хабарламаны немесе шақыруды тіркеуді қамтамасыз ететін өзге де байланыс құралдарын пайдалана отырып, бару басталғанға дейін кемінде бір тәулік бұрын хабарланады.
Тармақ 14
14. Рұқсат беру бақылауы барысында (өндірістік базаға бару кезінде) көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының біліктілік талаптарына, оның ішінде Тізбеге сәйкес ұсынылған құжаттар мен мәліметтер бойынша сәйкестігін тексереді.
Тармақ 15
15. Рұқсат беру бақылауы аудио-, фото-немесе бейнетіркеуді қолдана отырып жүргізіледі, жазбалар көрсетілетін қызметті берушінің «лицензиялау порталы» ішкі ақпараттық жүйесінде сақталады.
Тармақ 16
16. Осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш берушінің біліктілік және рұқсат беру талаптарына сәйкестігі немесе сәйкес еместігі туралы қорытынды жасай отырып, Тізбеге сәйкес нысан бойынша рұқсат беру бақылауының қорытындысында көрсетілетін қызметті берушінің атауы, рұқсат беру бақылауын жүргізген маманның деректері (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), жұмыс орны, лауазымы), бақылау объектісінің деректері (орналасқан жерінің мекенжайы, көрсетілетін қызметті алушының уәкілетті тұлғасы) көрсетіледі.
Тармақ 17
17. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі не мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тарту электрондық нысанда 2 (екі) жұмыс күні ішінде ресімделеді, көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ-мен куәландырылады, порталға жіберіледі және көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» сақталады.
Тармақ 18
18. Көрсетілетін қызметті беруші Заңның 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне деректерді енгізуді қамтамасыз етеді.
Тармақ 19
19. Рұқсат берген көрсетілетін қызметті беруші осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Excel нысанындағы техникалық байқау операторының қызметіне берілген рұқсаттар бойынша электрондық есепке алу журналын жүргізеді.
Тарау 3. 3-тарау. Техникалық байқау операторларының қызметті жүзеге асыру тәртібі
3-тарау. Техникалық байқау операторларының қызметті жүзеге асыру тәртібі
Тармақ 20
20. Техникалық байқауды техникалық байқаудың стационарлық және (немесе) мобильді желілерін пайдалана отырып, техникалық байқау операторы жүргізеді.
Тармақ 21
21. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 наурыздағы № 329 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11333 болып тіркелген) Көлік құралдарын техникалық қарап тексеруді Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін қоспағанда, механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін міндетті техникалық қарап-тексеруді ұйымдастыру және жүргізу қағидаларына сәйкес көлік құралдарын техникалық қарап тексеру операторының қызметіне екінші санаттағы рұқсатты алған күннен бастап техникалық қарап тексеру операторлары жүзеге асырады.
Тарау 4. 4-тарау. Көрсетілген қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
4-тарау. Көрсетілген қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
Тармақ 22
22. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша Көрсетлетін қызметті берушінің шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым (көрсетілетін қызметті берушінің) атына, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға беріледі. Шағым ҚР ӘРПК 91-бабының 4-тармағына сәйкес келіп түскен жағдайда көрсетілетін қызметті беруші оны шағымды қарайтын органға (жоғары тұрған әкімшілік органға (немесе) лауазымды адамға) келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күннен кешіктірмей жібереді. Шағымды көрсетілетін қызметті беруші шағымды қарайтын органға (жоғары тұрған әкімшілік органға және (немесе) лауазымды адамға) қолайлы акт қабылдаған, шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын әкімшілік іс-әрекет жасалған жағдайда жібермейді.
Тармақ 23
23. Шағым мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес (көрсетілетін қызметті алушының) қаралуға тиіс: Көрсетілетін қызметті беруші – ол тіркелген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде: мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган – ол тіркелген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы Заңының 25-бабының 4-тармағына сәйкес Көрсетілетін қызметті берушінің, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның шағымды қарау мерзімі қажет болған жағдайларда 10 (он) жұмыс күннен аспайтын мерзімге ұзартылады:
Тармақша 1
1)шағым бойынша қосымша зерделеу немесе тексеру не жергілікті жерге барып тексеру жүргізу;
Тармақша 2
2)қосымша ақпарат алу. Шағымды қарау мерзімі ұзартылған жағдайда шағымды қарау мерзімі ұзартылған сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымды қарау өкілеттігі берілген лауазымды адам жазбаша нысанда (шағымды қағаз жеткізгіште берген кезде) немесе электрондық нысанда (шағымды электрондық түрде берген кезде) шағым берген көрсетілетін қызмет алушыға ұзарту себептерін көрсете отырып, шағымды қарау мерзімін ұзарту туралы хабардар етеді. Егер заңда өзгеше көзделмесе, ҚР ӘРПК 91-бабының 5-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін сотқа жүгінуге жол беріледі.
Басқа 4.1
Рұқсат беру рәсімдерін жүзеге асыру қаидалары және техникалық қарап-тексеру операторларының қызметін жүзеге асыру қағидаларына 1-қосымша 1 Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы «Техникалық қарап-тексеру операторының қызметіне рұқсат беру» 2 Көрсетілетін қызметті берушінің атауы Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитетінің аумақтық органдары. 3 Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері www.egov.kz, www.elicense.kz «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы қабылдау және беру 4 Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі Құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап техникалық қарап-тексеру операторының қызметіне рұқсат немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап – 8 (сегіз) жұмыс күні. 5 Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны Электрондық (ішінара автоматтандырылған). 6 Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі Техникалық қарап-тексеру операторының қызметіне рұқсат не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап. 7 Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері Тегін. 8 Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі 1) Көрсетілетін қызметті берушінің – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін. 2) порталда – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы. Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады. Мемлекеттік қызмет көрсетілетін қызметті алушының тіркелген жері бойынша көрсетіледі. 9 Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін қажетті құжаттар тізбесі мен мәліметтері 1) Электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған электрондық нысандағы өтініш. 2) Бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес рұқсат беру талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесі. 3) Жеке куәлік құжаттары, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтер, мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған орта білімнің (техникалық немесе кәсіптік білімнің) болуы туралы меншік құқығындағы жылжымайтын мүлікті көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден электрондық үкімет шлюзі арқылы алады. 10 Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер: 1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігін анықтау; 2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі; 3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты белгілі бір мемлекеттік қызметті алуды талап ететін қызметке немесе жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы; 4) «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге ұсынылатын келісімнің болмауы.
Басқа 4.2
Рұқсат беру рәсімдерін жүзеге асыру қаидалары және техникалық қарап-тексеру операторларының қызметін жүзеге асыру қағидаларына 2-қосымша Нысан қала______________ «___»____________20___жыл Техникалық қарап-тексеру операторының атауы ____________________________ Объектінің орналасқан мекенжайы _______________________________________ Техникалық қарап-тексеру операторының жабдық пен ғимараттың (мобильді автокөлік құралының) болуы бойынша осы бұйрықтың талаптарына «Міндетті техникалық қарап-тексеру» «Автомотокөлік құралдары» ҚР СТ 1811-2018 стандартының талаптарына сәйкестігін тексерді. р/с № Жабдық, ғимарат Сәйкес Сәйкес емес 1 Ғимарат, стационарлық желі 2 Мобильді желі (автокөлік) 3 Роликті тежегіш стенді 4 Люфтомер 5 Газ анализаторы 6 Түтін өлшегіш 7 Фаралардың жарығын тексерудің электронды құралы 8 Рульмен басқару және ілгіштің бөлшектерінде люфтілерді тексеру тестілері 9 Сызғыш 10 Рулетка 11 Штангенциркуль 12 Секундомер 13 Көлік құралдарының газбен қоректендіру жүйесінің герметикалығын тексеруге арналған аспап 14 Көлік құралдарының газбен қоректендіру жүйесінің герметикалығын тексеруге арналған аспап 📌 Ескерту. 14-жолының осы редациясы 01.01.2027 дейін тоқтатылсын - ҚР Көлік министрінің м.а. 04.05.2026 № 110 бұйрығымен. 15 Шу өлшегіш 16 Нәтижесінде қорытынды бағалау Уәкілетті органның өкілдері: 1. ТАӘ ____________________________ ________________ қолы _________ сәйкес/сәйкессіздік 2. ТАӘ ____________________________ _______________ қолы _________ сәйкес/сәйкессіздік 3. ТАӘ ____________________________ _______________ қолы _________ сәйкес /сәйкессіздік
Басқа 4.3
Рұқсат беру рәсімдерін жүзеге асыру қағидалары және техникалық қарап-тексеру операторларының қызметін жүзеге асыру қағидаларына 3-қосымша р/с № Тех­ни­ка­лық қа­рап-тек­се­ру­опе­ра ла­ры­ның ата­уы Ме­кен­жайы (ин­дек­сі, об­лы­сы, ауда­ны, қа­ла­сы (кент, ауыл), кө­ше, үй), Бай­ла­ныс те­ле­фон­да­ры, опе­ра-лық тек­се­ру элек­трон­дық по­шта­сы­ның ме­кен­жайы Тех­ни­ка­лық қа­рап-тек­се­ру­дің ста­ци­о­нар­лық же­лі­сі­нің ор­на­лас­қан же­рі Тех­ни­ка­лық қа­рап-тек­се­ру­дің ста­ци­о­нар­лық неме­се мо­биль­ді же­лі­сі­нің жұ­мыс ре­жи­мі Ба­стап­қы тек­се­ру­дің нө­мі­рі мен кү­нін көр­се­те оты­рып, кон-троль­дік-ди­а­гно­сти­ка­лық жаб­дық, сон­дай-ақ өл­шем құ­рал­да­рын тек­се­ру­ді ұй­ым­да­сты­ру­дың ор­ны мен ата­уын көр­се­те оты­рып, өл­шем құ­рал­да­рын тек­се­ру ту­ра­лы сер­ти­фи­кат­тың нө­мі­рі мен кү­нін көр­се­те оты­рып, ке­зең­дік тек­се­ру­лер бой­ын­ша мә­лі­мет­тер Ста­ци­о­нар­лық тех­ни­ка­лық қа­рап-тек­се­ру же­лі­сі­нің жер­ге ка­дастр­лық нө­мі­рі, үй-жай­ды жал­ға ал­ған жағ­дай­да жал­ға алу шар­ты­ның нө­мі­рі мен жа­сал­ған кү­ні, жал­ға алу мер­зі­мі және жал­ға алын­ған үй-жай­дың же­ріне ка­дастр­лық нө­мі­рі көр­се­ті­ле­ді Тех­ни­ка­лық қа­рап-тек­се­ру опе­ра­то­ры­ның қыз­ме­тіне бе­рі­л­ген рұқ­сат­тың нө­мі­рі мен кү­ні Тех­ни­ка­лық қа­рап-тек­се­ру опе­ра­то­ры­ның қыз­ме­тіне рұқ­сат­тың қол­да­ны­сы тоқ­та­ты­л­ған күн 1 2 3 4 5 6 7 8 9