О льготном проезде отдельных категорий пассажиров Бурлинского района для проезда на внутригородском общественном транспорте (кроме такси) Қолданыста
Басқа 0
Бөрлі ауданы жолаушыларының жекелеген санаттарының қала ішіндегі қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңілдікпен жол жүруі туралы
«Қазақстан Республикасындағы көлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес Бөрлі ауданның әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Бөрлі аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Ақсай қаласы ішіндегі қоғамдық көліктерде (таксиден басқа) тегін жол жүру Бөрлі ауданының келесі санаттағы жолаушыларына белгіленсін:
Тармақша 1
1) бірінші және екінші топ мүгедектігі бар адамдарға;
Тармақша 2
2) 7 (жеті) жасқа дейінгі балаларға.
Тармақ 2
2. Ақсай қаласы ішіндегі қоғамдық көліктерде (таксиден басқа) тариф құнының 50 (елу) пайызы көлемінде жеңілдетілген Бөрлі ауданының келесі санаттағы жолаушыларына белгіленсін:
Тармақша 1
1) мектеп тарифі – 7 (жеті) жастан 18 (он сегіз) жасқа дейінгі балаларға;
Тармақша 2
2) бірінші және екінші топ мүгедектігі бар адамдарды ертіп жүргендерге;
Тармақша 3
3) жасы бойынша зейнеткерлерге;
Тармақша 4
4) 1988-1989 жылдары Чернобыль AЭC-сындағы апаттың зардаптарын жоюға қатысушылар, қоныс аудару күнiнде құрсақта болған балаларды қоса алғанда, оқшаулау және көшіру аймағынан Қазақстан Республикасына қоныс аударылғандар (өз еркімен кеткендер) қатарындағы адамдарға;
Тармақша 5
5) басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне және жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлерге;
Тармақша 6
6) «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған көп балалы аналарға;
Тармақша 7
7) есту қабілеті нашар мүгедектігі бар адамдарға.
Тармақ 3
3. Қаржыландыру көзі ретінде аудандық бюджет анықталсын.
Тармақ 4
4. Осы бірлескен шешім мен қаулының орындалуын бақылау аудан әкiмiнiң жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсiн.
Тармақ 5
5. Осы бірлескен шешім мен қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.