О реализации пилотного проекта по оказанию некоторых государственных услуг в сферах образования, социальной защиты населения, жилищных отношений и физической культуры на цифровой платформе Министерства труда и социальной защиты населения Республики Казахстан Мәртебесі расталмаған
Басқа 0
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің цифрлық платформасында білім беру, халықты әлеуметтік қорғау, тұрғын-үй қатынастары және дене шынықтыру салаларындағы кейбір мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету бойынша пилоттық жобаны жүзеге асыру туралы
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 22-бабына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Е.Б.Көшербаевтың төрағалығымен өткен Әлеуметтік мәселелер жөніндегі 2025 жылғы 24 наурыздағы кеңестің № 16-14/Б-426 хаттамасының 2.2-тармағының екінші абзацына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің цифрлық платформасында:
«Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында білім алушыларға жатақхана беру»;
«Жоғары білім беру ұйымдарында білім алатын және тәрбиеленетін жекелеген санаттағы азаматтарға, сондай-ақ қорғаншылықтағы (қамқоршылықтағы) және патронаттағы адамдарға тегін тамақтандыруды ұсыну»;
«Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу»;
«Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарын тегін және жеңілдікпен тамақтандыруды ұсыну»;
«Мемлекеттік білім беру мекемелеріндегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерде демалуы үшін құжаттар қабылдау және жолдама беру»;
«Білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне қаржылық және материалдық көмек көрсету»;
«Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында білім алушыларға жатақхана беру»;
«Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарындағы тәрбиеленушілер мен білім алушылардың жекелеген санаттағы азаматтарына, сондай-ақ, қорғаншылық (қамқоршылықтағы) пен патронаттағы тұлғаларына тегін тамақтандыруды ұсыну»;
«Жеке тұрғын үй қорынан жалға алынған тұрғынжай үшін жалдау ақысының бір бөлігін субсидиялау»;
«Тұрғын үй көмегін тағайындау»;
«Спортшылар мен жаттықтырушыларға өмір бойы ай сайынғы материалдық қамсыздандыруды төлеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметтерін және (немесе) қызметті көрсету бойынша пилоттық жоба жүзеге асырылсын.
Тармақ 2
2. Осы бұйрыққа қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің цифрлық платформасында білім беру, халықты әлеуметтік қорғау, тұрғын-үй қатынастары және дене шынықтыру салаларындағы кейбір мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету бойынша пилоттық жобаны іске асыру кезінде мемлекеттік органдардың өзара іс қимыл алгоритмі бекітілсін.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Цифрландыру және мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру департаменті, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Электрондық денсаулық сақтауды дамыту департаменті, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Цифрландыру және мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру департаменті, Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Мемлекеттік қызметтерді цифрландыру және автоматтандыру департаменті, Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Цифрлық трансформация және мемлекеттік қызметтерді дамыту департаменті, Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Цифрландыру және мемлекеттік көрсетілетін қызметтер департаменті пилотқа қатысушы жергілікті атқарушы органмен бірлесе отырып:
Тармақша 1
1) осы бірлескен бұйрықты өзінің мүдделі аумақтық бөлімшелерінің, ведомстволық бағынысты ұйымдарының назарына жеткізсін;
Тармақша 2
2) осы бірлескен бұйрық ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім, Денсаулық сақтау, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, Оқу-ағарту, Өнеркәсіп және құрылыс, Туризм және спорт министрліктерінің интернет-ресурстарында орналастырсын;
Тармақша 3
3) пилотты іске асыру үшін ақпараттық жүйелерді техникалық даярлауды және уәкілетті органдардың қызметкерлерін оқытуды жүргізуді қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Әлеуметтік көмек департаменті, Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті, Техникалық және кәсіптік білім департаменті, Тәрбие жұмысы және қосымша білім беру департаменті, Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» акционерлік қоғамымен бірлесіп:
Тармақша 1
1) білім беру ұйымдарының қызметкерлерін «Е-Собес» ААЖ және «Әлеуметтік көмек» ААЖ жұмысына оқытсын және кеңес берсін;
Тармақша 2
2) пилоттық жобаны іске асыру және жүргізудің ай сайынғы мониторингін жүргізсін.
Тармақ 5
5. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Әлеуметтік көмек департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрыққа мемлекеттік органдар басшыларының соңғысы қол қойған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберсін;
Тармақша 2
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 6
6. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, Ғылым және жоғары білім, Өнеркәсіп және құрылыс, Туризм және спорт вице-министрлеріне жүктелсін.
Тармақ 7
7. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және қолданысқа енгізілген күннен бастап бір жыл ішінде қолданылады.
«КЕЛІСІЛДІ»
Шымкент қаласының әкімі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қарағанды облысының әкімі
Басқа 15. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің цифрлық платформасында білім беру, халықты әлеуметтік қорғау, тұрғын-үй қатынастары және дене шынықтыру салаларындағы кейбір мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету бойынша пилоттық жобаны іске асыру кезінде мемлекеттік органдардың өзара іс-қимыл алгоритмі
Қазақстан Республикасы
Ғылым және жоғары
білім министрлігінің
2025 жылғы «20» мамырдағы
№ 262
Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрлігінің
2025 жылғы «19» мамырдағы
№ 151
Қазақстан Республикасы
Оқу-ағарту министрлігінің
2025 жылғы «21» мамырдағы
№ 116
Қазақстан Республикасы
Өнеркәсіп және
құрылыс министрлігінің
2025 жылғы «21» мамырдағы
№ 174
Қазақстан Республикасы
Туризм және спорт министрлігінің
2025 жылғы «20» мамырдағы
№ 71
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш
өнеркәсібі министрлігінің
2025 жылғы «19» мамырдағы
№ 235/НҚ бірлескен
бұйрығына қосымша
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің цифрлық платформасында білім беру, халықты әлеуметтік қорғау, тұрғын-үй қатынастары және дене шынықтыру салаларындағы кейбір мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету бойынша пилоттық жобаны іске асыру кезінде мемлекеттік органдардың өзара іс-қимыл алгоритмі
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің цифрлық платформасында білім беру, халықты әлеуметтік қорғау, тұрғын-үй қатынастары және дене шынықтыру салаларындағы кейбір мемлекеттік көрсетілетін қызметтер және (немесе) қызметті көрсету бойынша пилоттық жобаны іске асыру кезінде мемлекеттік органдардың өзара іс қимыл алгоритмі (бұдан әрі – Алгоритм) пилоттық жобаны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің бірыңғай цифрлық платформасы арқылы іске асыру кезінде мемлекеттік органдардың өзара іс-қимыл тәртібін жүргізуді айқындайды.
Тармақ 2
2. Пилоттық жобаны іске асыру аумағы Шымкент қаласы және Қарағанды облысы болып табылады.
Тармақ 3
3. Бұл Алгоритмде келесі негізгі ұғымдар мен қысқартулар қолданылады:
Тармақша 1
1) ақпараттық жүйе (бұдан әрі – АЖ) – ақпараттық өзара іс-қимыл арқылы белгілі бір технологиялық әрекеттерді іске асыратын және нақты функционалдық міндеттерді шешуге арналған ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың, қызмет көрсететін персоналдың және техникалық құжаттаманың ұйымдық-реттелген жиынтығы;
Тармақша 2
2) қызмет алушы – мемлекеттік қызмет және (немесе) қызмет көрсетілетін жеке тұлға және (немесе) баланың заңды өкілі;
Тармақша 3
3) «Е-Собес» автоматтандырылған ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – «Е-Собес» ААЖ) – Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің бірыңғай цифрлық платформа ретінде мемлекеттік қызметтер көрсетуге, оның ішінде осы Алгоритм аясында қарастырылатын мемлекеттік қызметтерді көрсетуге арналған автоматтандырылған ақпараттық жүйесі;
Тармақша 4
4) «Әлеуметтік көмек» автоматтандырылған ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – «Әлеуметтік көмек» ААЖ) – Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мемлекеттік қызметтер көрсетуге, оның ішінде осы Алгоритм аясында қарастырылатын мемлекеттік қызметтерді көрсетуге арналған автоматтандырылған ақпараттық жүйесі;
Тармақша 5
5) қысқа мәтіндік хабарлама (бұдан әрі – SMS-хабарлама) - ұялы байланыс операторы ұялы байланыс желісі арқылы ақпаратты қабылдау және беру бойынша көрсететін қызмет;
Тармақша 6
6) жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласында мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – ЖЖОБҰ) – Шымкент қаласының және Қарағанды облысының жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары;
Тармақша 7
7) білім беру саласында мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – білім беру саласындағы уәкілетті орган) – Шымкент қаласының және Қарағанды облысының білім басқармалары, Шымкент қаласының және Қарағанды облысының орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары;
Тармақша 8
8) халықты әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті орган) – Шымкент қаласының және Қарағанды облысының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы;
Тармақша 9
9) тұрғын үй қатынастары саласында мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – тұрғын үй қатынастары саласындағы уәкілетті орган) – «Отбасы банк» АҚ;
Тармақша 10
10) дене шынықтыру саласындағы мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – дене шынықтыру саласындағы уәкілетті орган) – Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті;
Тармақша 11
11) мобильді азаматтар базасы (бұдан әрі – МАБ) – жылжымалы желінің абоненттік құрылғылары арқылы мемлекеттік қызметтер көрсету және ақпараттық хабарламалар жіберу, сондай-ақ проактивті мемлекеттік қызметтер көрсету үшін пайдаланылатын ұялы байланыс операторлары ұсынған көрсетілетін қызметті алушылардың есептік жазбасына қосылған абоненттік нөмірлерінің базасы;
Тармақша 12
12) «Мониторинг» ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – «Мониторинг» АЖ) - Халыққа қызмет көрсету орталықтарының интеграцияланған АЖ-ның кіші жүйесі;
Тармақша 13
13) отбасының цифрлық картасы (бұдан әрі – ОЦК) – «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық платформасында іске асырылған, отбасылардың (адамдардың) тізімдерін олардың әлеуметтік саламаттылығы деңгейі бойынша қалыптастыруға және сегменттеуге мүмкіндік беретін талдамалық шешім;
Тармақша 14
14) Отбасының (адамның) әл-ауқат деңгейін бағалаудың скорингтік үлгісі (бұдан әрі – Скорингтік үлгі) – ОЦҚ деректері негізінде отбасының (адамның) әлеуметтік-экономикалық сипаттамаларын бағалаудың ресімделген әдісін іске асыратын цифрлық платформа модульі;
Тармақша 15
15) өтініш беруші – мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін жүгінетін адам;
Тармақша 16
16) пилоттық жобаға қатысушылар – Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, Оқу-ағарту, Өнеркәсіп және құрылыс, Туризм және спорт министрліктері, Шымкент қаласының әкімдігі, Қарағанды облысының әкімдігі;
Тармақша 17
17) «Ұлттық білім беру деректер қоры» ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – ҰБДҚ) – Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігінің білім беру саласындағы мәліметтерді жинақтауға, өңдеуге, сақтауға және талдауға арналған ақпараттық жүйесі;
Тармақша 18
18) «Жоғары білім берудің бірыңғай платформасы» ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – «ЖББП» АЖ) – Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігінің білім беру саласындағы мәліметтерді жинақтауға, өңдеуге, сақтауға және талдауға арналған ақпараттық жүйесі;
Тармақша 19
19) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді көрсету үшін, «бір терезе» қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштерді қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, мемлекеттік қызметтерді электрондық нысанда көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;
Тармақша 20
20) «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – веб-портал) – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, бүкіл шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерге және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтеріне қол жеткізудің бірыңғай терезесі болатын ақпараттық жүйе.
Осы алгоритмде пайдаланылатын барлық өзге терминдер Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінде, «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы», «Білім туралы», «Тұрғын үй қатынастары туралы», «Кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы», «Дене шынықтыру және спорт туралы», «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы», «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының заңдарында және басқа да нормативтік-құқықтық актілерде қолданылатын мағынада пайдаланылады.
Тармақ 4
4. Мемлекеттік органдар мен ұйымдардың өзара іс-қимылы іске қосылған ақпараттық жүйелердің үздіксіз және дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін тұрақты негізде жүргізіледі.
Тармақ 5
5. Пилоттық жобаға қатысушылар «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 20 желтоқсандағы № 832 қаулысымен бекітілген ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптарды сақтайды.
Тармақ 6
6. Берілетін деректердің толықтығын, түпнұсқалығын, дұрыстығын және бұрмаланбауын ақпараттық жүйелердің тараптары – ақпаратты беретін сервистердің иелері қамтамасыз етеді.
Тармақ 7
7. Скорингтік үлгі сандық және сапалық деректер негізінде өтініш берушіге әл-ауқат деңгейін береді және осы Алгоритмнің 1-қосымшасына сәйкес әл-ауқат критерийлері бойынша автоматты түрде анықтайды.
Тармақ 8
8. Берілген әл-ауқат деңгейі негізінде пилоттық жобаға қатысушылар осы Алгоритмге сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді ұсыну немесе ұсынудан бас тарту туралы шешім қабылдайды.
Тармақ 9
9. Скорингтік үлгінің 6-деңгейіндегі экономикалық орнықтылықты сипаттайтын әл-ауқат деңгейі бар өтініш берушілер пилоттық жобадағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтермен қамтылуға жатпайды.
Тармақ 10
10. Пилоттық жоба аясында «Е-Собес» ААЖ және «Әлеуметтік көмек» ААЖ мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің мәртебесін «Мониторинг» АЖ-ға жолдамайды.
Тарау 2. 2-тарау. «Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында білім алушыларға жатақхана беру» мемлекеттік қызметін көрсету кезінде мемлекеттік органдардың өзара іс-қимыл тәртібі
2-тарау. «Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында білім алушыларға жатақхана беру» мемлекеттік қызметін көрсету кезінде мемлекеттік органдардың өзара іс-қимыл тәртібі
Тармақ 11
11. «Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында білім алушыларға жатақхана беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметін алу үшін көрсетілетін қызметті алушы уәкілетті органға осы Алгоритмнің 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш береді.
Өтініштерді қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру:
Тармақша 1
1) веб-портал;
Тармақша 2
2) ЖЖОБҰ;
Тармақша 3
3) www. egov. kz-те тіркелген ұялы байланысының абоненттік құрылғысы (бұдан әрі – абоненттік құрылғы) арқылы жүзеге асырылады.
Тармақ 12
12. Көрсетілетін қызметті алушы өтінішке «Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының жатақханаларындағы орындарды бөлу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2022 жылғы 30 желтоқсандағы № 219 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 31540 болып тіркелген) (бұдан әрі – №219 Қағидалар) 2-қосымшада көзделген құжаттарды қоса береді.
Тармақ 13
13. Электрондық өтініштер веб-порталдан, ЖЖОБҰ немесе абоненттік құрылғыдан түседі және «Е-Собес» ААЖ-да тіркеледі.
Тармақ 14
14. «Е-Собес» ААЖ мемлекеттік қызметті көрсету кезінде АЖ-да қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалану үшін өтініш берушіден және отбасы мүшелерінен (өтініште көрсетілген) келісімді дербес деректерге қол жеткізуді мемлекеттік бақылау сервисіне сұрау салуды жолдау арқылы алады.
Тармақ 15
15. «Е-Собес» ААЖ білім беру ұйымының білім алушыларының немесе тәрбиеленушілерінің санаттарына қарай, өтініш берушінің МАБ-да тіркелген ұялы байланысының абоненттік нөмірі арқылы ұсынылған өтініш берушінің келісімі болған жағдайда, мемлекеттік органдар мен ұйымдарға келесі мәліметтерді алу үшін мынадай сұрау салуларды жүзеге асырады:
Тармақша 1
1) ҰБДҚ-дан отбасыларда (жетiм балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың, сондай-ақ кәмелетке толғанға дейін ата-анасынан айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жастардың қатарындағы Қазақстан Республикасы азаматтарының) тәрбиеленетін жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар үшін қорғаншылық (қамқоршылық), патронаттық тәрбие белгілеу туралы уәкілетті органның шешімі;
Тармақша 2
2) өтініш берушінің (отбасының) «Әлеуметтік көмек» ААЖ-дан атаулы әлеуметтік көмек алушыларға (атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан шыққан балалар үшін) тиесілігін растайтын мәліметтер;
Тармақша 3
3) алынған кірістер туралы мәліметтер, оның ішінде жұмыс істейтін ата-аналардың немесе оларды алмастыратын адамдардың жалақысы туралы, кәсіпкерлік және басқа да қызмет түрлерінен түсетін кірістер туралы, балаларға және басқа да асырауындағы адамдарға алимент түріндегі кірістер туралы мәліметтер (жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен атаулы әлеуметтік көмек алмайтын отбасылардан шыққан балалар үшін).
Тармақ 16
16. Ұсынылған құжаттардың толықтығын тексеру № 219 Қағидаларға сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 17
17. ЖЖОБҰ маманы «Е-Собес» ААЖ арқылы осы Алгоритмнің 3-қосымшасына сәйкес ОЦК-нан мәліметтерді және ОЦК-ның Скорингтік үлгісінің бағалау нәтижесін алу үшін сұрау салуды жүзеге асырады.
Тармақ 18
18. ЖЖОБҰ маманы өтініш жүйеде тіркелген күннен кейін 1 (бір) жұмыс күні ішінде ОЦК-нан алынған мәліметтер және қабылданған құжаттар негізінде осы Алгоритмнің 4-қосымшасына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету туралы не көрсетуден бас тарту туралы шешімнің жобасын дайындайды және Жатақханадағы орындарды бөлу жөніндегі конкурстық комиссия төрағасына қол қоюға жолдайды.
Тармақ 19
19. Жатақханадағы орындарды бөлу жөніндегі конкурстық комиссия төрағасы 1 (бір) жұмыс күні ішінде шешім қабылдап, оны «Е-Собес» ААЖ-да электрондық цифрлық қолтаңбамен қол қояды.
Тармақ 20
20. Мемлекеттік қызметті көрсету немесе көрсетуден бас тарту туралы шешім ОЦК-ға және «ЖББП» АЖ-ға беріледі.
Тармақ 21
21. Мемлекеттік қызмет көрсету № 219 Қағидаларға сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 22
22. Көрсетілетін қызметті алушыны мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі туралы хабардар ету № 219 Қағидаларға сәйкес жүзеге асырылады.
Тарау 3. 3-тарау. «Жоғары білім беру ұйымдарында білім алатын және тәрбиеленетін жекелеген санаттағы азаматтарға, сондай-ақ қорғаншылықтағы (қамқоршылықтағы) және патронаттағы адамдарға тегін тамақтандыруды ұсыну» мемлекеттік көрсетілетін қызметін көрсету кезінде мемлекеттік органдардың өзара іс-қимыл тәртібі
3-тарау. «Жоғары білім беру ұйымдарында білім алатын және тәрбиеленетін жекелеген санаттағы азаматтарға, сондай-ақ қорғаншылықтағы (қамқоршылықтағы) және патронаттағы адамдарға тегін тамақтандыруды ұсыну» мемлекеттік көрсетілетін қызметін көрсету кезінде мемлекеттік органдардың өзара іс-қимыл тәртібі
Тармақ 23
23. «Жоғары білім беру ұйымдарында білім алатын және тәрбиеленетін жекелеген санаттағы азаматтарға, сондай-ақ қорғаншылықтағы (қамқоршылықтағы) және патронаттағы адамдарға тегін тамақтандыруды ұсыну» мемлекеттік көрсетілетін қызметін алу үшін көрсетілетін қызметті алушы уәкілетті органға осы Алгоритмнің 5-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш береді.
Өтініштерді қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру:
Тармақша 1
1) Мемлекеттік корпорация;
Тармақша 2
2) веб-портал арқылы жүзеге асырылады.
Тармақ 24
24. Өтініш беруші өтінішке «Жоғары білім беру ұйымдарында білім алатын және тәрбиеленетін жекелеген санаттағы азаматтарға, сондай-ақ қорғаншылықтағы (қамқоршылықтағы) және патронаттағы адамдарға тегін тамақтандыруды ұсыну» мемлекеттік көрсетілетін қызметі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 4 мамырдағы № 180 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20579 болып тіркелген) Жоғары білім беру ұйымдарында білім алатын және тәрбиеленетін жекелеген санаттағы азаматтарға, сондай-ақ қорғаншылықтағы (қамқоршылықтағы) және патронаттағы адамдарға тегін тамақтандыруды ұсыну» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларының (бұдан әрі – № 180 қағидалар) 2-қосымшасына сәйкес құжаттарды қоса береді.
Тармақ 25
25. Электрондық өтінімдер Мемлекеттік корпорация немесе портал арқылы түседі және «Е-Собес» ААЖ-да тіркеледі.
Тармақ 26
26. «Е-Собес» ААЖ мемлекеттік қызметті көрсету кезінде АЖ-да қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалану үшін өтініш берушіден және отбасы мүшелерінен (өтініште көрсетілген) келісімді дербес деректерге қол жеткізуді мемлекеттік бақылау сервисіне сұрау салуды жолдау арқылы алады.
Тармақ 27
27. «Е-Собес» ААЖ білім беру ұйымының білім алушыларының немесе тәрбиеленушілерінің санаттарына қарай, өтініш берушінің МАБ-да тіркелген ұялы байланысының абоненттік нөмірі арқылы ұсынылған өтініш берушінің келісімі болған жағдайда, мемлекеттік органдар мен ұйымдарға келесі мәліметтерді алу үшін мынадай сұрау салуларды жүзеге асырады:
Тармақша 1
1) ҰБДҚ-дан отбасыларда (жетiм балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың, сондай-ақ кәмелетке толғанға дейін ата-анасынан айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жастардың қатарындағы Қазақстан Республикасы азаматтарының) тәрбиеленетін жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар үшін қорғаншылық (қамқоршылық), патронаттық тәрбие белгілеу туралы уәкілетті органның шешімі;
Тармақша 2
2) өтініш берушінің (отбасының) «Әлеуметтік көмек» ААЖ-нен атаулы әлеуметтік көмек алушыларға (атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан шыққан балалар үшін) тиесілігін растайтын мәліметтер;
Тармақша 3
3) алынған кірістер туралы мәліметтер, оның ішінде жұмыс істейтін ата-аналардың немесе оларды алмастыратын адамдардың жалақысы туралы, кәсіпкерлік және басқа да қызмет түрлерінен түсетін кірістер туралы, балаларға және басқа да асырауындағы адамдарға алимент түріндегі кірістер туралы мәліметтер (жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен атаулы әлеуметтік көмек алмайтын отбасылардан шыққан балалар үшін).
Тармақ 28
28. Ұсынылған құжаттардың толықтығын тексеру № 180 Қағидаларға сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 29
29. ЖЖОБҰ маманы «Е-Собес» ААЖ арқылы осы Алгоритмнің 3-қосымшасына сәйкес ОЦК-нан мәліметтерді және ОЦК-ның Скорингтік үлгісінің бағалау нәтижесін алу үшін сұрау салуды жүзеге асырады.
Тармақ 30
30. ЖЖОБҰ маманы өтініш жүйеде тіркелген күннен кейін 1 (бір) жұмыс күні ішінде ОЦК-нан алынған мәліметтер және қабылданған құжаттар негізінде осы Алгоритмнің 4-қосымшасына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету туралы не көрсетуден бас тарту туралы шешімнің жобасын дайындайды және ЖЖОБҰ басшысына қол қоюға жолдайды.
Тармақ 31
31. ЖЖОБҰ басшысы 1 (бір) жұмыс күні ішінде шешім қабылдап, оны «Е-Собес» ААЖ-да электрондық цифрлық қолтаңбамен қол қояды.
Тармақ 32
32. Мемлекеттік қызметті көрсету немесе көрсетуден бас тарту туралы шешім ОЦК-на және «ЖББП» АЖ-ға беріледі.
Тармақ 33
33. Мемлекеттік қызмет көрсету № 180 Қағидаларға сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 34
34. Көрсетілетін қызметті алушыны мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі туралы хабардар ету № 180 Қағидаларға сәйкес жүзеге асырылады.
Тарау 4. 4-тарау. «Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметін көрсету кезінде мемлекеттік органдардың өзара іс-қимыл тәртібі
4-тарау. «Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметін көрсету кезінде мемлекеттік органдардың өзара іс-қимыл тәртібі
Тармақ 35
35. «Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметін алу үшін өтініш беруші әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті органға осы Алгоритмнің 6-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш береді.
Өтініштерді қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру:
Тармақша 1
1) Мемлекеттік корпорация;
Тармақша 2
2) веб-портал;
Тармақша 3
3) ЖЖОБҰ;
Тармақша 4
4) абоненттік құрылғы арқылы жүзеге асырылады.
Тармақ 36
36. Өтініш беруші өтінішке «Әлеуметтік-еңбек саласында мемлекеттік қызметтерді көрсетудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2021 жылғы 25 наурыздағы № 84 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22394 болып тіркелген) (бұдан әрі – № 84 Қағидалар) 2-қосымшасында және жергілікті уәкілетті органдардың шешеімдерінде қарастырылған құжаттарды қоса береді.
Тармақ 37
37. Электрондық өтінімдер Мемлекеттік корпорация, веб-портал, ЖЖОБҰ немесе абоненттік құрылғы арқылы түседі және «Е-Собес» ААЖ-да тіркеледі.
Тармақ 38
38. «Е-Собес» ААЖ-сі мемлекеттік қызметті көрсету кезінде АЖ-да қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалану үшін өтініш берушіден және отбасы мүшелерінен (өтініште көрсетілген) келісімді дербес деректерге қол жеткізуді мемлекеттік бақылау сервисіне сұрау салуды жолдау арқылы алады.
Тармақ 39
39. «Е-Собес» ААЖ білім беру ұйымының білім алушыларының немесе тәрбиеленушілерінің санаттарына қарай, өтініш берушінің МАБ-да тіркелген ұялы байланысының абоненттік нөмірі арқылы ұсынылған өтініш берушінің келісімі болған жағдайда, мемлекеттік органдар мен ұйымдарға келесі мәліметтерді алу үшін мынадай сұрау салуларды жүзеге асырады:
Тармақша 1
1) ҰБДҚ-дан отбасыларда (жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, отбасыларда тұратын балалар үшін) тәрбиеленетін жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар үшін қорғаншылық (қамқоршылық), патронаттық тәрбие белгілеу туралы уәкілетті органның шешімі;
Тармақша 2
2) өтініш берушінің (отбасының) «Әлеуметтік көмек» ААЖ-нен атаулы әлеуметтік көмек алушыларға (атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан шыққан балалар үшін) тиесілігін растайтын мәліметтер;
Тармақша 3
3) алынған кірістер туралы мәліметтер, оның ішінде жұмыс істейтін ата-аналардың немесе оларды алмастыратын адамдардың жалақысы туралы, кәсіпкерлік және басқа да қызмет түрлерінен түсетін кірістер туралы, балаларға және басқа да асырауындағы адамдарға алимент түріндегі кірістер туралы мәліметтер (жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен атаулы әлеуметтік көмек алмайтын отбасылардан шыққан балалар үшін).
Тармақ 40
40. Ұсынылған құжаттардың толықтығын тексеру № 84 Қағидаларға сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 41
41. Әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті орган маманы «Е-Собес» ААЖ-сы арқылы осы Алгоритмнің 3-қосымшасына сәйкес ОЦК-нан мәліметтерді және ОЦК-ның Скорингтік үлгісінің бағалау нәтижесін алу үшін сұрау салуды жүзеге асырады.
Тармақ 42
42. Әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті орган маманы өтініш жүйеде тіркелген күннен кейін 1 (бір) жұмыс күні ішінде ОЦК-нан алынған мәліметтер және қабылданған құжаттар негізінде осы Алгоритмнің 4-қосымшасына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету туралы не көрсетуден бас тарту туралы шешімнің жобасын дайындайды және әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті органның басшысы қол қоюға жолдайды.
Тармақ 43
43. Әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті органның басшысы 1 (бір) жұмыс күні ішінде шешім қабылдап, оны «Е-Собес» ААЖ-сінде электрондық цифрлық қолтаңбамен қол қояды.
Тармақ 44
44. Мемлекеттік қызметті көрсету немесе көрсетуден бас тарту туралы шешім ОЦК-на беріледі.
Тармақ 45
45. Қызмет келесі жағдайларда тоқтатылады:
Тармақша 1
1) баланың өлімі;
Тармақша 2
2) қызмет алушының тұрақты тұруға Шымкент қаласынан және Қарағанды облысынан тыс шығуы;
Тармақша 3
3) баланы арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін орталықтарға тұруға жіберу.
Тармақ 46
46. Мемлекеттік қызмет көрсету № 84 Қағидаларға сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 47
47. Көрсетілетін қызметті алушыны мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі туралы хабардар ету № 84 Қағидаларға сәйкес жүзеге асырылады.
Тарау 5. 5-тарау. «Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарын тегін және жеңілдікпен тамақтандыруды ұсыну», «Мемлекеттік білім беру мекемелеріндегі білім алушылар мен тәрбиенушілердің жекелеген санаттарына қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерде демалуы үшін құжаттар қабылдау және жолдама беру», «Білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне қаржылық және материалдық көмек көрсету» мемлекеттік қызметтерін көрсету кезінде мемлекет
5-тарау. «Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарын тегін және жеңілдікпен тамақтандыруды ұсыну», «Мемлекеттік білім беру мекемелеріндегі білім алушылар мен тәрбиенушілердің жекелеген санаттарына қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерде демалуы үшін құжаттар қабылдау және жолдама беру», «Білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне қаржылық және материалдық көмек көрсету» мемлекеттік қызметтерін көрсету кезінде мемлекеттік органдардың өзара іс-қимыл тәртібі
Тармақ 48
48. «Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарын тегін және жеңілдікпен тамақтандыруды ұсыну», «Мемлекеттік білім беру мекемелеріндегі білім алушылар мен тәрбиенушілердің жекелеген санаттарына қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерде демалуы үшін құжаттар қабылдау және жолдама беру», «Білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне қаржылық және материалдық көмек көрсету» мемлекеттік қызметтерін алу үшін өтініш беруш уәкілетті органға осы Алгоритмнің 7-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш береді.
Өтініштерді қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру:
Тармақша 1
1) Мемлекеттік корпорация;
Тармақша 2
2) веб-портал арқылы жүзеге асырылады.
Тармақ 49
49. Өтініш беруші өтінішке «Отбасы және балалар саласында мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 24 сәуірдегі № 158 бұйрығымен бекітілген «Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарын тегін және жеңілдікпен тамақтандыруды ұсыну» мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларының 2-қосымшасында, «Мемлекеттік білім беру мекемелеріндегі білім алушылар мен тәрбиенушілердің жекелеген санаттарына қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерде демалуы үшін құжаттар қабылдау және жолдама беру» мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларының 2-қосымшасында және «Білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне қаржылық және материалдық көмек көрсету» мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларының 2-қосымшасында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20478 болып тіркелген) көзделген құжаттарды оқу жылында 1 (бір) рет қоса береді (бұдан әрі – № 158 ОАМ Қағидалар).
Тармақ 50
50. Электрондық өтінімдер Мемлекеттік корпорация немесе портал арқылы түседі және «Е-Собес» ААЖ-да тіркеледі.
Тармақ 51
51. «Е-Собес» ААЖ мемлекеттік қызметті көрсету кезінде АЖ-да қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалану үшін өтініш берушіден және отбасы мүшелерінен (өтініште көрсетілген) келісімді дербес деректерге қол жеткізуді мемлекеттік бақылау сервисіне сұрау салуды жолдау арқылы алады.
Тармақ 52
52. «Е-Собес» ААЖ білім беру ұйымының білім алушыларының немесе тәрбиеленушілерінің санаттарына қарай, өтініш берушінің МАБ-да тіркелген ұялы байланысының абоненттік нөмірі арқылы ұсынылған өтініш берушінің келісімі болған жағдайда, мемлекеттік органдар мен ұйымдарға келесі мәліметтерді алу үшін мынадай сұрау салуларды жүзеге асырады:
Тармақша 1
1) ҰБДҚ-дан отбасыларда (жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, отбасыларда тұратын балалар үшін) тәрбиеленетін жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар үшін қорғаншылық (қамқоршылық), патронаттық тәрбие белгілеу туралы уәкілетті органның шешімі;
Тармақша 2
2) өтініш берушінің (отбасының) «Әлеуметтік көмек» ААЖ-дан атаулы әлеуметтік көмек алушыларға (атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан шыққан балалар үшін) тиесілігін растайтын мәліметтер;
Тармақша 3
3) алынған кірістер туралы мәліметтер, оның ішінде жұмыс істейтін ата-аналардың немесе оларды алмастыратын адамдардың жалақысы туралы, кәсіпкерлік және басқа да қызмет түрлерінен түсетін кірістер туралы, балаларға және басқа да асырауындағы адамдарға алимент түріндегі кірістер туралы мәліметтер (жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен атаулы әлеуметтік көмек алмайтын отбасылардан шыққан балалар үшін).
Тармақ 53
53. Ұсынылған құжаттардың толықтығын тексеру № 158 ОАМ Қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 54
54. Білім беру саласындағы уәкілетті органның маманы «Е-Собес» ААЖ-сы арқылы осы Алгоритмнің 3-қосымшасына сәйкес ОЦК-нан мәліметтерді және ОЦК-ның Скорингтік үлгісінің бағалау нәтижесін алу үшін сұрау салуды жүзеге асырады.
Тармақ 55
55. Білім беру саласындағы уәкілетті органның маманы өтініш жүйеде тіркелген күннен кейін 1 (бір) жұмыс күні ішінде ОЦК-нан алынған мәліметтер және қабылданған құжаттар негізінде осы Алгоритмнің 4-қосымшасына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету туралы не көрсетуден бас тарту туралы шешімнің жобасын дайындайды және білім беру саласындағы уәкілетті органның басшысына қол қоюға жолдайды.
Тармақ 56
56. Білім беру саласындағы уәкілетті органның басшысы 1 (бір) жұмыс күні ішінде шешім қабылдап, оны «Е-Собес» ААЖ-сінде электрондық цифрлық қолтаңбамен қол қояды.
Тармақ 57
57. Мемлекеттік қызметті көрсету немесе көрсетуден бас тарту туралы шешім ОЦК-на, «ҰБДҚ» АЖ-ға және «Әлеуметтік әмиянға» беріледі.
Тармақ 58
58. Қызмет келесі жағдайларда тоқтатылады:
Тармақша 1
1) баланың өлімі;
Тармақша 2
2) қызмет алушының тұрақты тұруға Шымкент қаласынан және Қарағанды облысынан тыс шығуы;
Тармақша 3
3) баланы мемлекеттік медициналық-әлеуметтік мекемелерге тұруға жіберу.
Тармақ 59
59. Мемлекеттік қызмет көрсету № 158 ОАМ Қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 60
60. Көрсетілетін қызметті алушыны мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі туралы хабардар ету № 158 ОАМ Қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.
Тарау 6. 6-тарау. «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында білім алушыларға жатақхана беру» мемлекеттік қызметін көрсету кезінде мемлекеттік органдардың өзара іс-қимыл тәртібі
6-тарау. «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында білім алушыларға жатақхана беру» мемлекеттік қызметін көрсету кезінде мемлекеттік органдардың өзара іс-қимыл тәртібі
Тармақ 61
61. «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында білім алушыларға жатақхана беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметін алу үшін өтініш беруші білім беру саласындағы уәкілетті органға осы Алгоритмнің 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш береді.
Өтініштерді қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру:
Тармақша 1
1) Мемлекеттік корпорация;
Тармақша 2
2) веб-портал арқылы жүзеге асырылады.
Тармақ 62
62. Өтініш беруші өтінішке «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының жатақханаларында орындарды бөлу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 66 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13487 болып тіркелген) 2-қосымшасында көзделген құжаттарды қоса береді (бұдан әрі – № 66 Қағидалар).
Тармақ 63
63. Электрондық өтінімдер Мемлекеттік корпорация немесе портал арқылы түседі және «Е-Собес» ААЖ-да тіркеледі.
Тармақ 64
64. «Е-Собес» ААЖ-сі мемлекеттік қызметті көрсету кезінде АЖ-да қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалану үшін өтініш берушіден және отбасы мүшелерінен (өтініште көрсетілген) келісімді дербес деректерге қол жеткізуді мемлекеттік бақылау сервисіне сұрау салуды жолдау арқылы алады.
Тармақ 65
65. «Е-Собес» ААЖ білім беру ұйымының білім алушыларының немесе тәрбиеленушілерінің санаттарына қарай, өтініш берушінің МАБ-да тіркелген ұялы байланысының абоненттік нөмірі арқылы ұсынылған өтініш берушінің келісімі болған жағдайда, мемлекеттік органдар мен ұйымдарға келесі мәліметтерді алу үшін мынадай сұрау салуларды жүзеге асырады:
Тармақша 1
1) ҰБДҚ-дан отбасыларда (жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, отбасыларда тұратын балалар үшін) тәрбиеленетін жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар үшін қорғаншылық (қамқоршылық), патронаттық тәрбие белгілеу туралы уәкілетті органның шешімі;
Тармақша 2
2) өтініш берушінің (отбасының) «Әлеуметтік көмек» ААЖ-нен атаулы әлеуметтік көмек алушыларға (атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан шыққан балалар үшін) тиесілігін растайтын мәліметтер;
Тармақша 3
3) алынған кірістер туралы мәліметтер, оның ішінде жұмыс істейтін ата-аналардың немесе оларды алмастыратын адамдардың жалақысы туралы, кәсіпкерлік және басқа да қызмет түрлерінен түсетін кірістер туралы, балаларға және басқа да асырауындағы адамдарға алимент түріндегі кірістер туралы мәліметтер (жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен атаулы әлеуметтік көмек алмайтын отбасылардан шыққан балалар үшін).
Тармақ 66
66. Ұсынылған құжаттардың толықтығын тексеру № 66 Қағидаларға сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 67
67. Білім беру саласындағы уәкілетті органның маманы «Е-Собес» ААЖ-сы арқылы осы Алгоритмнің 3-қосымшасына сәйкес ОЦК-нан мәліметтерді және ОЦК-ның Скорингтік үлгісінің бағалау нәтижесін алу үшін сұрау салуды жүзеге асырады.
Тармақ 68
68. Білім беру саласындағы уәкілетті органның маманы өтініш жүйеде тіркелген күннен кейін 1 (бір) жұмыс күні ішінде ОЦК-нан алынған мәліметтер және қабылданған құжаттар негізінде осы Алгоритмнің 4-қосымшасына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету туралы не көрсетуден бас тарту туралы шешімнің жобасын дайындайды және білім беру саласындағы уәкілетті органның басшысына қол қоюға жолдайды.
Тармақ 69
69. Білім беру саласындағы уәкілетті органның басшысы 1 (бір) жұмыс күні ішінде шешім қабылдап, оны «Е-Собес» ААЖ-сінде электрондық цифрлық қолтаңбамен қол қояды.
Тармақ 70
70. Мемлекеттік қызметті көрсету немесе көрсетуден бас тарту туралы шешім ОЦК-на, «ҰБДҚ» АЖ-ға және «Әлеуметтік әмиянға» беріледі.
Тармақ 71
71. Қызмет келесі жағдайларда тоқтатылады:
Тармақша 1
1) баланың өлімі;
Тармақша 2
2) қызмет алушының тұрақты тұруға Шымкент қаласынан және Қарағанды облысынан тыс шығуы
Тармақша 3
3) баланы білім беру ұйымынан шығарылуы.
Тармақ 72
72. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету баланың қайтыс болғаны туралы не оны осы мемлекеттік қызметті ұсынатын білім беру ұйымынан шығару туралы мәліметтер келіп түскен кезден бастап тоқтатылады.
Тармақ 73
73. Мемлекеттік қызмет көрсету № 66 Қағидаларға сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 74
74. Көрсетілетін қызметті алушыны мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі туралы хабардар ету № 66 Қағидаларға сәйкес жүзеге асырылады.
Тарау 7. 7-тарау. «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарындағы тәрбиеленушілер мен білім алушылардың жекелеген санаттағы азаматтарына, сондай-ақ, қорғаншылық (қамқоршылықтағы) пен патронаттағытұлғаларына тегін тамақтандыруды ұсыну» мемлекеттік қызметін көрсету кезінде мемлекеттік органдардың өзара іс-қимыл тәртібі
7-тарау. «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарындағы тәрбиеленушілер мен білім алушылардың жекелеген санаттағы азаматтарына, сондай-ақ, қорғаншылық (қамқоршылықтағы) пен патронаттағытұлғаларына тегін тамақтандыруды ұсыну» мемлекеттік қызметін көрсету кезінде мемлекеттік органдардың өзара іс-қимыл тәртібі
Тармақ 75
75. «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарындағы тәрбиеленушілер мен білім алушылардың жекелеген санаттағы азаматтарына, сондай-ақ, қорғаншылық (қамқоршылықтағы) пен патронаттағытұлғаларына тегін тамақтандыруды ұсыну» мемлекеттік көрсетілетін қызметін алу үшін өтініш беруші уәкілетті органға осы Алгоритмнің 5-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш береді.
Өтініштерді қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру:
Тармақша 1
1) Мемлекеттік корпорация;
Тармақша 2
2) веб-портал арқылы жүзеге асырылады.
Тармақ 76
76. Өтініш беруші өтінішке «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарындағы тәрбиеленушілер мен білім алушылардың жекелеген санаттағы азаматтарына, сондай-ақ, қорғаншылық (қамқоршылықтағы) пен патронаттағы тұлғаларына тегін тамақтандыруды ұсыну» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 3 сәуірдегі № 82 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32226 болып тіркелген) 2-қосымшасында көзделген құжаттарды қоса береді (бұдан әрі – № 82 Қағидалар).
Тармақ 77
77. Электрондық өтінімдер Мемлекеттік корпорация немесе портал арқылы түседі және «Е-Собес» ААЖ-да тіркеледі.
Тармақ 78
78. «Е-Собес» ААЖ-сі мемлекеттік қызметті көрсету кезінде АЖ-да қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалану үшін өтініш берушіден және отбасы мүшелерінен (өтініште көрсетілген) келісімді дербес деректерге қол жеткізуді мемлекеттік бақылау сервисіне сұрау салуды жолдау арқылы алады.
Тармақ 79
79. «Е-Собес» ААЖ білім беру ұйымының білім алушыларының немесе тәрбиеленушілерінің санаттарына қарай, өтініш берушінің МАБ-да тіркелген ұялы байланысының абоненттік нөмірі арқылы ұсынылған өтініш берушінің келісімі болған жағдайда, мемлекеттік органдар мен ұйымдарға келесі мәліметтерді алу үшін мынадай сұрау салуларды жүзеге асырады:
Тармақша 1
1) ҰБДҚ-дан отбасыларда (жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, отбасыларда тұратын балалар үшін) тәрбиеленетін жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар үшін қорғаншылық (қамқоршылық), патронаттық тәрбие белгілеу туралы уәкілетті органның шешімі;
Тармақша 2
2) өтініш берушінің (отбасының) «Әлеуметтік көмек» ААЖ-нен атаулы әлеуметтік көмек алушыларға (атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан шыққан балалар үшін) тиесілігін растайтын мәліметтер;
Тармақша 3
3) алынған кірістер туралы мәліметтер, оның ішінде жұмыс істейтін ата-аналардың немесе оларды алмастыратын адамдардың жалақысы туралы, кәсіпкерлік және басқа да қызмет түрлерінен түсетін кірістер туралы, балаларға және басқа да асырауындағы адамдарға алимент түріндегі кірістер туралы мәліметтер (жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен атаулы әлеуметтік көмек алмайтын отбасылардан шыққан балалар үшін).
Тармақ 80
80. Ұсынылған құжаттардың толықтығын тексеру № 82 Қағидаларға сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 81
81. Білім беру саласындағы уәкілетті органның маманы «Е-Собес» ААЖ-сы арқылы осы Алгоритмнің 3-қосымшасына сәйкес ОЦК-нан мәліметтерді және ОЦК-ның Скорингтік үлгісінің бағалау нәтижесін алу үшін сұрау салуды жүзеге асырады.
Тармақ 82
82. Білім беру саласындағы уәкілетті органның маманы өтініш жүйеде тіркелген күннен кейін 1 (бір) жұмыс күні ішінде ОЦК-нан алынған мәліметтер және қабылданған құжаттар негізінде осы Алгоритмнің 4-қосымшасына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету туралы не көрсетуден бас тарту туралы шешімнің жобасын дайындайды және білім беру саласындағы уәкілетті органның басшысына қол қоюға жолдайды.
Тармақ 83
83. Білім беру саласындағы уәкілетті органның басшысы 1 (бір) жұмыс күні ішінде шешім қабылдап, оны «Е-Собес» ААЖ-да электрондық цифрлық қолтаңбамен қол қояды.
Тармақ 84
84. Мемлекеттік қызметті көрсету немесе көрсетуден бас тарту туралы шешім ОЦК-на, «ҰБДҚ» АЖ-ға және «Әлеуметтік әмиянға» беріледі.
Тармақ 85
85. Қызмет келесі жағдайларда тоқтатылады:
Тармақша 1
1) баланың өлімі;
Тармақша 2
2) қызмет алушының тұрақты тұруға Шымкент қаласынан және Қарағанды облысынан тыс шығуы
Тармақша 3
3) баланы білім беру ұйымынан шығарылуы.
Тармақ 86
86. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету баланың қайтыс болғаны туралы не оны осы мемлекеттік қызметті ұсынатын білім беру ұйымынан шығару туралы мәліметтер келіп түскен кезден бастап тоқтатылады.
Тармақ 87
87. Мемлекеттік қызмет көрсету № 82 Қағидаларға сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 88
88. Көрсетілетін қызметті алушыны мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі туралы хабардар ету № 82 Қағидаларға сәйкес жүзеге асырылады.
Тарау 8. 8-тарау. «Жеке тұрғын үй қорынан жалға алынған тұрғынжай үшін жалдау ақысының бір бөлігін субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызметін көрсету кезінде мемлекеттік органдардың өзара іс-қимыл тәртібі
8-тарау. «Жеке тұрғын үй қорынан жалға алынған тұрғынжай үшін жалдау ақысының бір бөлігін субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызметін көрсету кезінде мемлекеттік органдардың өзара іс-қимыл тәртібі
Тармақ 89
89. «Жеке тұрғын үй қорынан жалға алынған тұрғынжай үшін жалдау ақысының бір бөлігін субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызметі Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің міндетін атқарушының 2025 жылғы 30 сәуірдегі № 152 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 36055 болып тіркелген) (бұдан әрі – № 152 Қағида) Жеке тұрғын үй қорынан жалға алынған тұрғынжай үшін жалдау ақысының бір бөлігін субсидиялау қағидасының 6-тармағында көзделген кезекте тұрғандардың бірыңғай республикалық электрондық базасында, «Тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы» электрондық базасында есепте тұрған азаматтардың жекелеген санаттарына көрсетіледі.
Тармақ 90
90. Өтініш беруші тұрғын үй саласындағы уәкілетті органға осы Алгоритмнің 8-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш береді.
Тармақ 91
91. Тұрғын үй саласындағы уәкілетті орган мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалану үшін өтініш берушіден және отбасы мүшелерінен (өтініште көрсетілген) келісімді дербес деректерге қол жеткізуді мемлекеттік бақылау сервисіне сұрау салуды жолдау арқылы алады.
Тармақ 92
92. Тұрғын үй саласындағы уәкілетті орган өтініш берушінің МАБ-да тіркелген ұялы байланысының абоненттік нөмірі арқылы ұсынылған өтініш берушінің келісімі болған жағдайда, іске асырылған интеграция арқылы мемлекеттік органдар мен ұйымдардың АЖ-дан келесі мәліметтерді алады:
Тармақша 1
1) көрсетілетін қызметті алушының (отбасының) кезекте тұрғандардың бірыңғай республикалық электрондық базасында, «Тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы» электрондық базасында есепте тұрған азаматтардың жекелеген санаттарына тиесілігін растайтын мәліметтер;
Тармақша 2
2) алынған кірістер туралы мәліметтер, оның ішінде жұмыс істейтін ата-аналардың немесе оларды алмастыратын адамдардың жалақысы туралы, кәсіпкерлік және басқа да қызмет түрлерінен түсетін кірістер туралы, балаларға және басқа да асырауындағы адамдарға алимент түріндегі кірістер туралы мәліметтер (жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен атаулы әлеуметтік көмек алмайтын отбасылардан шыққан балалар үшін);
Тармақша 3
3) осы Алгоритмнің 3-қосымшасына сәйкес ОЦК-нан мәліметтер.
Тармақ 93
93. Ұсынылған құжаттардың толықтығын тексеру № 152 Қағидаға сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 94
94. Тұрғын үй саласындағы уәкілетті органның маманы мәліметтерді алғаннан және құжаттардың толықтығын тексергеннен кейін өтінішті «Әлеуметтік көмек» ААЖ-ға тіркейді.
Тармақ 95
95. Тұрғын үй саласындағы уәкілетті органның маманы «Әлеуметтік көмек» ААЖ-ға ақпарат келіп түскен сәттен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде ОЦК-нан алынған мәліметтер және қабылданған құжаттар негізінде осы Алгоритмнің 4-қосымшасына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету туралы не көрсетуден бас тарту туралы шешімнің жобасын дайындайды және тұрғын үй саласындағы уәкілетті органның басшысына қол қоюға жолдайды.
Тармақ 96
96. Бұл ретте мемлекеттік көрсетілетін қызмет отбасының (көрсетілетін қызметті алушының) соңғы 6 (алты) айдағы жиынтық табысы отбасының әрбір мүшесі үшін республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төменгі күнкөріс деңгейінің 1 еселенген шамасынан аспаған көрсетілетін қызмет алушыға ұсынылады.
Тармақ 97
97. Тұрғын үй саласындағы уәкілетті органның басшысы 1 (бір) жұмыс күні ішінде шешім қабылдап, оны «Әлеуметтік көмек» ААЖ-да электрондық цифрлық қолтаңбамен қол қояды.
Тармақ 98
98. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету туралы шешім ОЦК-на және «Отбасы» АЖ-ға отбасының цифрлық сипаттамасын және ведомствоаралық есепті өзектендіруге беріледі.
Тармақ 99
99. Қызмет келесі жағдайларда тоқтатылады:
Тармақша 1
1) алушының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мұқтаж деп танылған тұрғын үйге мұқтаж мәртебесін жоғалтуы;
Тармақша 2
2) алушының төлемдерді алудан бас тартуы;
Тармақша 3
3) алушыны жеке тұрғын үй қорынан жалға алынған тұрғын үйден шығару;
Тармақша 4
4) алушы басқа тұрақты тұрғылықты жерге кеткен жағдайда;
Тармақша 5
5) қайтыс болған жағдайда, төлем жасау құқығы онымен бірге есепте тұрған отбасы мүшелеріне өтеді, егер бұл ретте оларды мемлекеттік тұрғын үй қорынан немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж деп тану үшін негіздер жойылмаса;
Тармақша 6
6) кезекте тұрған адамның жалдау (жалға алу) шартында көрсетілген мекенжай бойынша тұрмауы;
Тармақша 7
7) қолдан жасалған және жалған мәліметтер беру;
Тармақша 8
8) жақын туыстарынан тұрғын үйді жалға алу фактісін анықтау.
Тармақ 100
100. «Жеке тұрғын үй қорынан жалға алынған тұрғынжай үшін жалдау ақысының бір бөлігін субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызметін ұсыну осы Алгоритмнің 100-тармағында көрсетілген мәліметтер келіп түскен сәттен бастап тоқтатылады.
Тармақ 101
101. «Отбасы банк» АҚ филиалында мемлекеттік қызмет көрсету № 152 Қағидаға сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 102
102. Көрсетілетін қызметті алушыны мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі туралы хабардар ету № 152 Қағидаларға сәйкес жүзеге асырылады.
Тарау 9. 9-тарау. «Тұрғын үй көмегін тағайындау» мемлекеттік қызметін көрсету кезінде мемлекеттік органдардың өзара іс-қимыл тәртібі
9-тарау. «Тұрғын үй көмегін тағайындау» мемлекеттік қызметін көрсету кезінде мемлекеттік органдардың өзара іс-қимыл тәртібі
Тармақ 103
103. «Тұрғын үй көмегін тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызметін алу үшін өтініш беруші уәкілетті органға осы Алгоритмнің 9-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш береді.
Өтініштерді қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру:
Тармақша 1
1) Мемлекеттік корпорация;
Тармақша 2
2) веб-портал арқылы жүзеге асырылады.
Тармақ 104
104. Өтініш беруші өтінішке «Тұрғын үй көмегін көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2023 жылғы 12 желтоқсандағы № 117 бұйрығына (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2023 жылғы 12 желтоқсанда № 33763 болып тіркелген) 2-қосымшада көзделген құжаттарды (бұдан әрі – № 117 Қағидалар) қоса береді.
Тармақ 105
105. Электрондық өтінімдер Мемлекеттік корпорация немесе портал арқылы түседі және «Әлеуметтік көмек» ААЖ-да тіркеледі.
Тармақ 106
106. «Әлеуметтік көмек» ААЖ мемлекеттік қызметті көрсету кезінде АЖ-да қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалану үшін өтініш берушіден және отбасы мүшелерінен (өтініште көрсетілген) келісімді дербес деректерге қол жеткізуді мемлекеттік бақылау сервисіне сұрау салуды жолдау арқылы алады.
Тармақ 107
107. «Әлеуметтік көмек» ААЖ мәліметтерді алу үшін мемлекеттік органдар мен ұйымдарға сұрау жолдайды.
Тармақ 108
108. Ұсынылған құжаттардың толықтығын тексеру № 117 Қағидаларға сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 109
109. Тұрғын үй саласындағы уәкілетті органның маманы «Әлеуметтік көмек» ААЖ-сы арқылы осы Алгоритмнің 3-қосымшасына сәйкес ОЦК-нан мәліметтерді және ОЦК-ның Скорингтік үлгісінің бағалау нәтижесін алу үшін сұрау салуды жүзеге асырады.
Тармақ 110
110. Тұрғын үй саласындағы уәкілетті органның маманы өтініш жүйеде тіркелген күннен кейін 1 (бір) жұмыс күні ішінде ОЦК-нан алынған мәліметтер және қабылданған құжаттар негізінде осы Алгоритмнің 4-қосымшасына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету туралы не көрсетуден бас тарту туралы шешімнің жобасын дайындайды және тұрғын үй саласындағы уәкілетті органның басшысына қол қоюға жолдайды.
Тармақ 111
111. Тұрғын үй саласындағы уәкілетті органның басшысы 1 (бір) жұмыс күні ішінде шешім қабылдап, оны «Әлеуметтік көмек» ААЖ-да электрондық цифрлық қолтаңбамен қол қояды.
Тармақ 112
112. Мемлекеттік қызметті көрсету немесе көрсетуден бас тарту туралы шешім ОЦК-на беріледі.
Тармақ 113
113. Мемлекеттік қызмет көрсету № 117 Қағидаларға сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 114
114. Көрсетілетін қызметті алушыны мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі туралы хабардар ету № 117 Қағидаларға сәйкес жүзеге асырылады.
Тарау 10. 10-тарау. «Спортшылар мен жаттықтырушыларға өмір бойы ай сайынғы материалдық қамтамасыз етуді төлеу» мемлекеттік қызметін көрсету кезінде мемлекеттік органдардың өзара іс-қимыл тәртібі
10-тарау. «Спортшылар мен жаттықтырушыларға өмір бойы ай сайынғы материалдық қамтамасыз етуді төлеу» мемлекеттік қызметін көрсету кезінде мемлекеттік органдардың өзара іс-қимыл тәртібі
Тармақ 115
115. «Спортшылар мен жаттықтырушыларға өмір бойы ай сайынғы материалдық қамтамасыз етуді төлеу» мемлекеттік қызметін алу үшін көрсетілетін қызметті алушы уәкілетті органға осы алгоритмге 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш береді.
Өтініштерді қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру:
Тармақша 1
1) Мемлекеттік корпорация;
Тармақша 2
2) веб-портал арқылы жүзеге асырылады.
Тармақ 116
116. Өтініш беруші «Спортшылар мен жаттықтырушыларға өмір бойы ай сайынғы материалдық қамтамасыз етуді төлеу» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2020 жылғы 29 мамырдағы № 158 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20784 болып тіркелген) 2 – қосымшада көзделген құжаттарды (бұдан әрі – № 158 МСМ Қағидалар) өтінішке қоса береді.
Тармақ 117
117. Электрондық өтінімдер Мемлекеттік корпорация немесе портал арқылы түседі және «Е-Собес» ААЖ-да тіркеледі.
Тармақ 118
118. «Е-Собес» ААЖ-сі мемлекеттік қызметті көрсету кезінде АЖ-да қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалану үшін өтініш берушіден және отбасы мүшелерінен (өтініште көрсетілген) келісімді дербес деректерге қол жеткізуді мемлекеттік бақылау сервисіне сұрау салуды жолдау арқылы алады.
Тармақ 119
119. «Е-Собес» ААЖ мәліметтерді алу үшін мемлекеттік органдар мен ұйымдарға сұрау жолдайды.
Тармақ 120
120. Ұсынылған құжаттардың толықтығын тексеру № 158 МСМ Қағидаларға сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 121
121. Дене шынықтыру саласындағы уәкілетті органның маманы «Е-Собес» ААЖ арқылы осы Алгоритмнің 3-қосымшасына сәйкес ОЦК-нан мәліметтерді және ОЦК-ның Скорингтік үлгісінің бағалау нәтижесін алу үшін сұрау салуды жүзеге асырады.
Тармақ 122
122. Дене шынықтыру саласындағы уәкілетті органның маманы өтініш жүйеде тіркелген күннен кейін 1 (бір) жұмыс күні ішінде ОЦК-нан алынған мәліметтер және қабылданған құжаттар негізінде осы Алгоритмнің 4-қосымшасына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету туралы не көрсетуден бас тарту туралы шешімнің жобасын дайындайды және дене шынықтыру саласындағы уәкілетті органның басшысына қол қоюға жолдайды.
Тармақ 123
123. Дене шынықтыру саласындағы уәкілетті органның басшысы 1 (бір) жұмыс күні ішінде шешім қабылдап, оны «Е-Собес» ААЖ-да электрондық цифрлық қолтаңбамен қол қояды.
Тармақ 124
124. Мемлекеттік қызметті көрсету немесе көрсетуден бас тарту туралы шешім ОЦК-на беріледі.
Тармақ 125
125. Мемлекеттік қызмет көрсету № 158 МСМ Қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 126
126. Көрсетілетін қызметті алушыны мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі туралы хабардар ету № 158 МСМ Қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.
Басқа 1. Отбасының (азаматтың) әл-ауқат деңгейін бағалаудың скорингтік үлгісі
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің цифрлық платформасында білім беру, халықты әлеуметтік қорғау, тұрғын-үй қатынастары және дене шынықтыру салаларындағы кейбір мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету бойынша пилоттық жобаны іске асыру кезінде мемлекеттік органдардың өзара іс-қимыл алгоритміне
1-қосымша
Отбасының (азаматтың) әл-ауқат деңгейін бағалаудың скорингтік үлгісі
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Отбасының (азаматтың) әл-ауқат деңгейін бағалаудың скорингтік үлгісі (бұдан әрі – Скорингтік үлгі) Отбасының цифрлық картасы арқылы материалдық қамтамасыз ету және әлеуметтік осалдық көрсеткіштері негізінде қалыптастырылатын әл-ауқат шкаласы бойынша отбасын (адамды) автоматты жіктеу үшін қолданылады.
Тармақ 2
2. Скорингтік үлгіде қолданылатын негізгі ұғымдар:
Тармақша 1
1) ең төмен күнкөріс деңгейі – ең төменгі тұтыну себетінің құнына тең бір адамға шаққандағы ең төменгі ақшалай кіріс;
Тармақша 2
2) жан басына шаққандағы орташа табыс – отбасының жиынтық табысының айына отбасының әрбір мүшесіне келетін үлесі;
Тармақша 3
3) жеке қосалқы шаруашылық – ауылдық жерде және қала маңындағы аймақта орналасқан жер учаскесiнде өз мұқтаждарын қанағаттандыруға арналған қызмет түрi;
Тармақша 4
4) жер учаскесі – Қазақстан Республикасының Жер кодексінде белгіленген тәртіппен жер қатынастары субъектілеріне бекітіліп берілетін, тұйық шекараларда бөлінген жер бөлігі;
Тармақша 5
5) кедейлік шегі – мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмектің мөлшерін айқындау үшін өлшемшарт ретінде белгіленетін, бір адамға шаққандағы ақшалай кірістің шекті ең төмен шамасы;
Тармақша 6
6) тұрғын үй – белгіленген құрылыс, санитариялық, экологиялық, өртке қарсы және басқа да міндетті нормалар мен қағидаларға жауап беретін, тұрақты тұруға арналған және пайдаланылатын жеке тұрғын бірлік (жеке тұрғын үй, пәтер, жатақхана бөлмесі, модульдік (жылжымалы) тұрғын үй);
Тармақша 7
7) жеке тұлғаларды мемлекеттік қолдау шарасы – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жеке кәсіпкерлер мен жеке практикамен айналысатын адамдарды, заң консультанттарын қоспағанда, жеке тұлғалардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған мемлекеттік көрсетілетін қызметтер немесе мемлекеттік қолдаудың өзге де нысандары;
Тармақша 8
8) материалдық компонент – үй шаруашылықтарының экономикалық орнықтылығын көрсететін сипаттамалар жиынтығы. Материалдық компонент деп құндық бағалауға жататын және үй шаруашылықтарының мүліктік жағдайының объективті сипаттамаларын көрсететін экономикалық категориялардың жиынтығы түсініледі;
Тармақша 9
9) үй шаруашылығы – өз табыстарын, мүлкін біріктіретін және тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің белгілі бір түрлерін, оның ішінде тұрғын үй мен азық-түлікті бірлесіп тұтынатын, бір тұрғылықты жері бойынша бірге тұратын және тіркелген адамдар тобы не отбасы. Үй шаруашылығы бір адамнан тұруы мүмкін.
Тарау 2. 2-тарау. Әл-ауқат деңгейін анықтау
2-тарау. Әл-ауқат деңгейін анықтау
Тармақ 3
3. Әл - ауқат деңгейі көрсетілетін қызметті алушыларды материалдық қамтамасыз ету деңгейі бойынша жіктеу құралы ретінде әрекет ететін әл-ауқат шкаласы негізінде бағаланады.
Көрсетілетін қызметті алушының әл ауқат деңгейі мынадай формула бойынша балдар сомасынан әл ауқат критерийлерінен айқындалады:
ОӘД = ЖОТД + КМ + КБ + ЖМ + КК + АШТ + АЖҚ + КҚ + ТҚ + КЖМ + ЖҚШ + ЖУ
мұндағы:
ОӘД – отбасының (адамның) әл-ауқат деңгейі;
ЖОТД – «Жан басына шаққандағы орташа табыс деңгейі» критерийі;
КМ – «Ағымдағы кредиттік міндеттемелердің болуы/болмауы» критерийі;
КБ – «Кредиттік міндеттемелер бойынша мерзімі өткен берешектің болуы/болмауы» критерийі;
ЖМ – «Жылжымалы мүліктің болуы / болмауы» критерийі;
КК – «Коммерциялық көліктің (автобус, жүк автокөлігі, шағын автобустар, мамандандырылған автомобильдер) болуы/болмауы» критерийі;
АШТ – «Ауыл шаруашылығы техникасының болуы/болмауы» критерийі;
АЖҚ – «Адамдарды жұмыспен қамту» критерийі;
КҚ – «Кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын тұлғаны тіркеудің болуы/болмауы» критерийі;
ТҚ – «Отбасының (адамның) тұрғын үймен қамтамасыз етілуі» критерийі;
КЖМ – «Коммерциялық жылжымайтын мүліктің болуы/болмауы» критерийі;
ЖҚШ – «Жеке қосалқы шаруашылықтың болуы/болмауы» критерийі;
ЖУ – «Жер учаскесінің болуы/болмауы» критерийі.
Тармақ 4
4. Критерийлердің сандық бағасы олардың маңыздылығын ескере отырып, отбасының (адамның) сапалық параметрлеріне сандық балл беру арқылы анықталады.
Тармақ 5
5. Отбасының (адамның) әл-ауқатын бағалау критерийлері:
Тармақша 1
1) «Жан басына шаққандағы орташа табыс деңгейі» критерийі бойынша балдар былай бөлінді:
табыстың болмауы – минус 1 000 000 ұпай;
жан басына шаққандағы орташа табыс деңгейі 0-ден жоғары, бірақ кедейлік шегінен төмен – минус 100 000 ұпай;
жан басына шаққандағы орташа табыс деңгейі кедейлік шегінен жоғары, бірақ 1 (бір) ең төмен күнкөріс деңгейінен төмен – минус 10 000 балл;
жан басына шаққандағы орташа табыс деңгейі 1-ден 2-ге дейін ең төмен күнкөріс деңгейі – 0 балл;
жан басына шаққандағы орташа табыс деңгейі 2-ден 3-ке дейін ең төмен күнкөріс деңгейі – 10 000 балл;
жан басына шаққандағы орташа табыс деңгейі 3-тен 4-ке дейін ең төмен күнкөріс деңгейі – 100 000 балл;
жан басына шаққандағы орташа табыс деңгейі ең төменгі күнкөріс деңгейінен 4 және одан жоғары – 1 000 000 балл.
Тармақша 2
2) «Ағымдағы кредиттік міндеттемелердің болуы/болмауы» критерийі бойынша балдар былай бөлінеді:
кредиттік міндеттемелердің болмауы – 0 балл;
кредиттік міндеттемелердің болуы – минус 1000 балл.
Тармақша 3
3) «Кредиттік міндеттемелер бойынша мерзімі өткен берешектің болуы/болмауы» критерийі бойынша балдар былай бөлінеді:
кредиттік міндеттемелер бойынша 90 күннен артық және 1000 теңгеден астам берешектің болмауы – 0 балл;
бір кәмелетке толған отбасы мүшесінде (тұлғада) кредиттік міндеттемелер бойынша мерзімі өткен берешектің болуы 90 күннен артық және 1000 теңгеден астам – минус 10 000 балл;
барлық кәмелетке толған отбасы мүшелерінде 90 күннен артық және 1000 теңгеден астам кредиттер бойынша мерзімі өткен берешектің болуы – минус 100 000 балл.
Тармақша 4
4) «Жылжымалы мүліктің болуы / болмауы» критерийі бойынша балдар былай бөлінеді:
отбасының меншігінде жеңіл автокөліктің болмауы – 0 балл;
бір жеңіл автокөліктің болуы – 1 000 балл;
екі жеңіл автокөліктің болуы – 10 000 балл;
үш және одан да көп жеңіл автомобильдердің болуы – 100 000 ұпай.
Тармақша 5
5) «Коммерциялық көліктің (автобус, жүк автокөлігі, шағын автобустар, мамандандырылған автомобильдер) болуы/болмауы» критерийі бойынша балдар былай бөлінеді:
коммерциялық автокөліктің болмауы – 0 балл;
коммерциялық автокөліктің болуы (автобус, жүк автокөлігі, шағын автобустар, мамандандырылған автомобильдер) – 100 000 балл.
Тармақша 6
6) «Ауыл шаруашылығы техникасының болуы/болмауы» критерийі бойынша балдар былай бөлінеді:
ауыл шаруашылығы техникасының болмауы – 0 балл;
ауыл шаруашылығы техникасының бір түрінің болуы – 10 000 балл;
ауыл шаруашылығы техникасының екіден астам түрінің болуы – 100 000 балл.
Тармақша 7
7) «Адамдарды жұмыспен қамту» критерийі бойынша балдар былай бөлінеді:
еңбекке қабілетті адамның болмауы – минус 10 000 балл;
еңбекке қабілетті жұмыс істемейтін адамдардың болуы – минус 100 000 балл;
бір жұмыс істейтін адамның болуы – 0 балл;
екі және одан да көп жұмыс істейтін адамдардың болуы – 100 000 балл.
Тармақша 8
8) «Кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын тұлғаны тіркеудің болуы/болмауы» критерийі бойынша балдар былай бөлінеді:
кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын тұлға ретінде тіркелген тұлғаның болмауы – 0 балл;
жеке кәсіпкер ретінде тіркелген тұлғаның болуы – 10 000 балл;
жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің, акционерлік қоғамның құрылтайшысы ретінде тіркелген тұлғаның (тұлғалардың) болуы – 100 000 балл;
дара кәсіпкер, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің құрылтайшысы, акционерлік қоғам ретінде бір мезгілде тіркелген тұлғаның (тұлғалардың) болуы – 1 000 000 балл.
Тармақша 9
9) «Отбасының (адамның) тұрғын үймен қамтамасыз етілуі» критерийі бойынша балдар былай бөлінеді:
тұрғын үйдің болмауы – минус 100 000 балл;
бір отбасы мүшесіне 18 шаршы метрден кем бір тұрғын үйдің болуы –минус 1 000 балл;
бір отбасы мүшесіне 18 шаршы метрден астам тұрғын үйдің бір бірлігінің болуы – 0 балл;
екі-үш тұрғын үйдің болуы – 100 000 балл;
үш-алты тұрғын үйдің болуы – 1 000 000 балл;
алты - он бір тұрғын үйдің болуы – 1 000 000 балл;
он бір бірліктен астам тұрғын үйдің болуы – 1 000 000 балл.
Тармақша 10
10) «Коммерциялық жылжымайтын мүліктің болуы/болмауы» критерийі бойынша балдар былай бөлінеді:
коммерциялық жылжымайтын мүліктің болмауы – 0 балл;
коммерциялық жылжымайтын мүліктің болуы – 100 000 ұпай.
Тармақша 11
11) «Жеке қосалқы шаруашылықтың болуы/болмауы» критерийі бойынша балдар былай бөлінеді:
жеке қосалқы шаруашылықтың болмауы – 0 балл;
жеке қосалқы шаруашылықтың болуы 500 мың теңгеге дейін – 1000 балл;
жеке қосалқы шаруашылықтың болуы 500 мың теңгеден 1 миллион теңгеге дейін – 1000 балл;
жеке қосалқы шаруашылықтың болуы 1 миллион теңгеден 2 миллион теңгеге дейін – 10 000 балл;
жеке қосалқы шаруашылықтың болуы 2 миллион теңгеден астам – 100 000 балл.
Тармақша 12
12) «Жер учаскесінің болуы/болмауы» критерийі бойынша балдар былай бөлінеді:
жер учаскесінің болмауы – 0 балл;
ЖТҚ үшін жер учаскесінің болуы – 0 балл;
ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесінің болуы (1 гектардан астам) – 10 000 балл;
ЖТҚ үшін жер учаскесінің және ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесінің болуы (1 гектардан астам) – 10 000 балл.
Тарау 3. 3-тарау. Отбасыларды (адамдарды) әл-ауқат деңгейі бойынша саралау
3-тарау. Отбасыларды (адамдарды) әл-ауқат деңгейі бойынша саралау
Тармақ 6
6. Отбасыларды (адамдарды) әл-ауқат деңгейі бойынша бөлу мынадай:
Әл-ауқат шкаласы
Анықтама
Сипаттама
Ұпай диапазоны
1
Төтенше қажеттілік
Тамақтануға қаражат жеткіліксіз..
Минус 500 000 ұпайдан аз
2
Қажеттілік
Тек тамақтану үшін жеткілікті, киім сатып алу қиын.
Минус 500 000 нан астам минус 50 000 ұпайдан аз
3
Салыстырмалы тұрақтылық
Тамақ пен киімге жеткілікті қаражат. Ұзақ мерзімді тауарларды сатып алу қиын.
Минус 50 000 нан астам 50 000 ұпайдан аз
4
Тұрақтылық
Азық-түлікке, киімге, ұзақ мерзімді тауарларға жеткілікті қаражат. Жаңа көлік сатып алу қиын.
50 000 нан астам 500 000 ұпайдан аз
5
Жайлылық
Автокөлік сатып алуға жеткілікті қаражат. Қосымша жылжымайтын мүлікті сатып алу қиын.
500 000 нан астам 1 500 000 ұпайдан аз
6
Жоғары әл-ауқат
Материалдық проблемалардың болмауы. Қосымша жылжымайтын мүлікті сатып алуға жеткілікті қаражат.
1 500 000-нан астам ұпай
Тармақ 7
7. Мемлекеттік қолдау шараларын қажет ететін отбасылармен (адамдарға) 1-ден 5-ке дейінгі әл-ауқат шкаласы бар отбасылар (адамдар) жатады.
Тарау 4. 4-тарау. Тәуелді жүктемені бағалау
4-тарау. Тәуелді жүктемені бағалау
Тармақ 8
8. Тәуелді жүктеме экономикалық белсенді отбасы мүшелерінің экономикалық белсенді емес мүшелердің қажеттіліктерін қамтамасыз ету қабілетін анықтау үшін бағаланады. Тәуелді жүктемені бағалау қаржылық тұрақтылықтың немесе отбасының (адамның) осалдығы мен өзін-өзі қамтамасыз ету әлеуетінің қосымша көрсеткіші ретінде пайдаланылады.
Тармақ 9
9. Тәуелді жүктеме экономикалық белсенді емес отбасы мүшелері (асырауындағы адамдар) мен жұмысқа орналастырылған мүшелердің (асыраушылардың) арақатынасы арқылы бағаланады, сонымен қатар жұмысқа қабілетті, бірақ жұмысқа орналаспаған отбасы мүшелері арасында әлеуетті асыраушыларды анықтауды қамтиды.
Тармақ 10
10. Отбасының құрамы еңбек мәртебесіне және экономикалық қажеттіліктерді қамтамасыз ету қабілетіне байланысты үш негізгі санатқа жіктеледі:
Тармақша 1
1) асыраушылар – үй шаруашылығының еңбекке қабілетті және жұмысқа орналастырылған мүшелері;
Тармақша 2
2) әлеуетті асыраушылар – еңбекке қабілетті, бірақ байқау кезінде еңбек әлеуеті бар жұмысқа орналастырылмаған мүшелер;
Тармақша 3
3) асырауындағы адамдар – өздерінің материалдық қажеттіліктерін өз бетінше қамтамасыз етуге мүмкіндігі жоқ отбасының еңбекке жарамсыз мүшелері (балалар, зейнеткерлер, мүгедектігі бар азаматтар).
Тармақ 11
11. Асырауындағы жүктемені (АЖ) анықтау бір және одан да көп асыраушының болу шартын негізге ала отырып, екі формуланың біреуі бойынша жүргізіледі:
Шарт: асыраушы > = 1 формула 2 бойынша:
АЖ = (асырауындағы адамдар + әлеуетті асыраушылар) / асыраушылар (2)
Шарт : асыраушы = 0 Формула 3 бойынша:
АЖ = (асырауындағы адамдар + әлеуетті асыраушылар) * -1 (3)
Тәуелді жүктемені бағалау бойынша үй шаруашылықтарының рейтингі:
АЖ нөлден төмен - жоғары тәуелді жүктеме;
АЖ 0-ден 3-ке дейін-қалыпты тәуелді жүктеме;
АЖ 3 – тен жоғары болған кезде-тәуелділіктің жоғары жүктемесі.
Басқа 2. Өтініш
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің цифрлық платформасында білім беру, халықты әлеуметтік қорғау, тұрғын-үй қатынастары және дене шынықтыру салаларындағы кейбір мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету бойынша пилоттық жобаны іске асыру кезінде мемлекеттік органдардың өзара іс-қимыл алгоритміне
2-қосымша
Нысан
__________________________
_____________ басшысына
азамат (ша) __________________
аты-жөні, әкесінің аты (бар болса) және
жеке сәйкестендіру нөмірі
өтініш берушінің мекен-жайы:
__________________________
(елді мекеннің атауы, тұрғылықты
жерінің мекенжайы, телефоны)
Өтініш
Менің
____________________________________________________________________
(жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымының атауы)
______ курсының, ________ тобында білім алатын ұлымды (қызымды)
____________________________________________________________________
(ТАӘ (бар болған жағдайда)
тегін тамақпен қамтамасыз етуді сұраймын.
Менің отбасымның құрамы:
№
Жеке сәйкестендіру номері
Өтініш берушінің отбасы мүшелерінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)
Туған күні
Туыстық қатынасы
Әлеуметтік мәртебесі
1
2
3
Менің дербес деректерімді, «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен, «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 50-бабының 4-тармағымен қорғалатын құпияны құрайтын, оның ішінде мемлекеттік көрсетілетін қызметті тағайындау немесе оны тағайындаудан бас тарту үшін қажетті ақпараттық жүйелерде қамтылған әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті органның ақпараттық жүйелеріндегі мәліметтерді пайдалануға келісімімді беремін.
Білім беру саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету құқығын айқындау, мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелеріндегі тиісті ақпаратты тексеру, сәйкестендіру және жаңарту, сондай-ақ мен көрсеткен мәліметтер мен ақпараттық жүйелерден алынған мәліметтерді пайдалану (беру) үшін отбасы құрамына кіретін адамдар туралы ақпаратты пайдалануға келісім беремін.
Ақпараттық жүйелерде қамтылған «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.
20__жылғы «___» __________ ________________________
азаматтың (-шаның) қолы
Басқа 3. Адамның (отбасының) әлеуметтік портретін жасау үшін Отбасының цифрлық картасында қалыптастырылатын мәліметтер тізбесі
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің цифрлық платформасында білім беру, халықты әлеуметтік қорғау, тұрғын-үй қатынастары және дене шынықтыру салаларындағы кейбір мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету бойынша пилоттық жобаны іске асыру кезінде мемлекеттік органдардың өзара іс-қимыл алгоритміне
3-қосымша
Адамның (отбасының) әлеуметтік портретін жасау үшін Отбасының цифрлық картасында қалыптастырылатын мәліметтер тізбесі
№
Мәліметтердің атауы
Мәліметтердің құрылымы
1.
Өтініш берушінің ЖСН
ЖСН ТАӘ (бар болған жағдайда)
2.
Әл-ауқат деңгейі
әл-ауқат деңгейі
3.
Отбасындағы адамдар саны
4.
Кіріс деңгейі
кіріс деңгейі
(жан басына шаққандағы орташа табыс – ЕТКД-нің 0-ден 70%-ға дейін,
жан басына шаққандағы орташа табыс – ЕТКД-нің 70%-нан 1 ЕТКД-ке дейін,
жан басына шаққандағы орташа табыс – 2 ЕТКД-нен 3 ЕТКД-не дейін,
жан басына шаққандағы орташа табыс – 3 ЕТКД-нен 4 ЕТКД-не дейін,
жан басына шаққандағы орташа табыс – 4 ЕТКД-нен жоғары)
5.
Кәсіпкерлік қызметпен айналысатын адамдар саны
саны
6.
Жеке қосалқы шаруашылық саны
саны
7.
Отбасының жұмыс істейтін мүшелерінің саны
саны
8.
Меншікті тұрғын үй, жай саны
саны
9.
Жеке тұрғын үй құрылысына арналған меншіктегі жер учаскесінің саны
саны
10.
Меншіктегі көлік құралдарының саны
саны
11.
Алименттер және (немесе) олар бойынша берешектері
12.
Әл-ауқат скорингі бойынша есептелген балл
Басқа 4. Мемлекеттік көрсетілетін
қызметті көрсету немесе көрсетуден бас тарту туралы шешім
№ ___________ 20___ жылғы «___» _______
____________________________________
(білім беру мекемесінің атауы)
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің цифрлық платформасында білім беру, халықты әлеуметтік қорғау, тұрғын-үй қатынастары және дене шынықтыру салаларындағы кейбір мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету бойынша пилоттық жобаны іске асыру кезінде мемлекеттік органдардың өзара іс-қимыл алгоритміне
4-қосымша
Мемлекеттік көрсетілетін
қызметті көрсету немесе көрсетуден бас тарту туралы шешім
№ ___________ 20___ жылғы «___» _______
____________________________________
(білім беру мекемесінің атауы)
Істің № ___________________________________
Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымында
өтініш берушіге _____________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
___________________________________________________________________
(көмек түрінің атауы)
көрсету немесе көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылданды.
Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту себебі
___________________________________________________________________
Өтініш беру күні 20___ жылғы «___» _____________
Баланың аты-жөні, әкесінің аты (бар болған жағдайда) _______________
___________________________________________________________________
______________________________________________________________
Баланың туған күні 20__ жылғы «___» _______
Уәкілетті органның басшысы
_____________________________________________ _____________________
(аты-жөні, әкесінің аты (бар болса) (қолы)
Шешім жобасы дайындалды:
Уәкілетті органның қызметкері
_____________________________________________ _____________
(аты-жөні, әкесінің аты (бар болса) (қолы)
Басқа 5. Өтініш
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің цифрлық платформасында білім беру, халықты әлеуметтік қорғау, тұрғын-үй қатынастары және дене шынықтыру салаларындағы кейбір мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету бойынша пилоттық жобаны іске асыру кезінде мемлекеттік органдардың өзара іс-қимыл алгоритміне
5-қосымша
нысан
__________________________
_____________ басшысына
азамат (ша) __________________
аты-жөні, әкесінің аты (бар болса) және
жеке сәйкестендіру нөмірі
өтініш берушінің мекенжайы:
__________________________
(елді мекеннің атауы, тұрғылықты
жерінің мекенжайы, телефоны)
Өтініш
Сізден
________________________________________________________________
(жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымының
атауы)
___ курсы _____ тобында білім алатын ұлым (қызым)
________________________________________________________________
(Т.А.Ә. (бар болған жағдайда)
тегін тамақтандыруды ұсынуды сұраймын.
Менің отбасымның құрамы:
№
Жеке сәйкестендіру номері
Өтініш берушінің отбасы мүшелерінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)
Туған күні
Туыстық қатынасы
Әлеуметтік мәртебесі
1
2
3
Менің дербес деректерімді, «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен, «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 50-бабының 4-тармағымен қорғалатын құпияны құрайтын, оның ішінде мемлекеттік көрсетілетін қызметті тағайындау немесе оны тағайындаудан бас тарту үшін қажетті ақпараттық жүйелерде қамтылған әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті органның ақпараттық жүйелеріндегі мәліметтерді пайдалануға келісімімді беремін.
Білім беру саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету құқығын айқындау, мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелеріндегі тиісті ақпаратты тексеру, сәйкестендіру және жаңарту, сондай-ақ мен көрсеткен мәліметтер мен ақпараттық жүйелерден алынған мәліметтерді пайдалану (беру) үшін отбасы құрамына кіретін адамдар туралы ақпаратты пайдалануға келісім беремін.
Ақпараттық жүйелерде қамтылған «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.
20__жылғы «___» __________ ________________________
азаматтың (-шаның) қолы
Басқа 6. Өтініш
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің цифрлық платформасында білім беру, халықты әлеуметтік қорғау, тұрғын-үй қатынастары және дене шынықтыру салаларындағы кейбір мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету бойынша пилоттық жобаны іске асыру кезінде мемлекеттік органдардың өзара іс-қимыл алгоритміне
6-қосымша
нысан
__________________________
_____________ басшысына
азамат (ша) __________________
аты-жөні, әкесінің аты (бар болса) және
жеке сәйкестендіру нөмірі
өтініш берушінің мекен-жайы:
__________________________
(елді мекеннің атауы, тұрғылықты
жерінің мекенжайы, телефоны)
Өтініш
Менің кәмелеттік жасқа толмаған баламды
__________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), туған күні)
жеке сәйкестендіру номері _______________,
___________________________________________________________ оқитын
(мектеп №, сынып № және литерін көрсету)
___________________ (оқу жылын көрсету)
үйде оқыту шығындарын өтеу бойынша төлем тағайындау үшін құжаттарын
қабылдауды сұраймын.
Менің отбасымның құрамы:
№ п/п
Жеке сәйкестендіру номері
Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)
Туған күні және жылы
Өтініш берушімен туыстық қатынасы
Тұрақты мекенжайы
1
2
3
Менің дербес деректерімді, «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен, «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 50-бабының 4-тармағымен қорғалатын құпияны құрайтын, оның ішінде әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметті тағайындау немесе оны тағайындаудан бас тарту үшін қажетті ақпараттық жүйелерде қамтылған әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті органның ақпараттық жүйелеріндегі мәліметтерді пайдалануға келісімімді беремін.
Әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету құқығын айқындау, мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелеріндегі тиісті ақпаратты тексеру, сәйкестендіру және жаңарту, сондай-ақ мен көрсеткен мәліметтер мен ақпараттық жүйелерден алынған мәліметтерді пайдалану (беру) үшін отбасы құрамына кіретін адамдар туралы ақпаратты пайдалануға келісім беремін.
Ақпараттық жүйелерде қамтылған «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.
20__жылғы «___» __________ ________________________
азаматтың (-шаның) қолы
Басқа 7. Өтініш
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің цифрлық платформасында білім беру, халықты әлеуметтік қорғау, тұрғын-үй қатынастары және дене шынықтыру салаларындағы кейбір мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету бойынша пилоттық жобаны іске асыру кезінде мемлекеттік органдардың өзара іс-қимыл алгоритміне
7-қосымша
нысан
__________________________
_____________ басшысына
азамат (ша) __________________
аты-жөні, әкесінің аты (бар болса) және
жеке сәйкестендіру нөмірі
өтініш берушінің мекенжайы:
__________________________
(елді мекеннің атауы, тұрғылықты
жерінің мекенжайы, телефоны)
Өтініш
Менің кәмелеттік жасқа толмаған баламды
___________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), туған күні)
жеке сәйкестендіру номері _______________,
____________________________________________________________ оқитын
(мектеп №, сынып № және литерін көрсету)
___________________ (оқу жылын көрсету)
_________________________________________________ (көмек түрінің атауы)
қамтамасыз етілетін білім алушылар мен тәрбиеленушілердің тізіміне енгізуді
сұраймын.
Менің отбасымның құрамы:
№ р/с
Жеке сәйкестендіру номері
Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)
Туған күні және жылы
Өтініш берушімен туыстық қатынасы
Тұрақты мекенжайы
1
2
3
Менің дербес деректерімді, «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен, «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 50-бабының 4-тармағымен қорғалатын құпияны құрайтын, оның ішінде мемлекеттік көрсетілетін қызметті тағайындау немесе оны тағайындаудан бас тарту үшін қажетті ақпараттық жүйелерде қамтылған әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті органның ақпараттық жүйелеріндегі мәліметтерді пайдалануға келісімімді беремін.
«Мемлекеттік білім беру ұйымдарының мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне және жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалып, отбасыларда тұратын балаларға, төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл жәрдемді талап ететін отбасылардан шыққан балаларға және өзге де санаттағы білім алушылар мен тәрбиеленушілерге қаржылай және материалдық көмек көрсетуге бөлінетін қаражатты қалыптастыру, жұмсау бағыты мен оларды есепке алу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 25 қаңтардағы № 64 қаулысына сәйкес отбасы құрамына кіретін адамдар туралы ақпаратты (табыстары, білімі, тұрғылықты жері, отбасылық жағдайы, банктік шоттар, қалдықтар және (немесе) олар бойынша ақша қозғалысы бойынша деректер) білім беру саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметті тағайындау құқығын айқындау, мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелеріндегі тиісті ақпаратты тексеру, сәйкестендіру және жаңарту, сондай-ақ мен көрсеткен мәліметтер мен ақпараттық жүйелерден алынған мәліметтерді пайдалануға келісім беремін.
Ақпараттық жүйелерде қамтылған «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін..
20__жылғы «___» __________ ________________________
азаматтың (-шаның) қолы
Басқа 8. Өтініш
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің цифрлық платформасында білім беру, халықты әлеуметтік қорғау, тұрғын-үй қатынастары және дене шынықтыру салаларындағы кейбір мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету бойынша пилоттық жобаны іске асыру кезінде мемлекеттік органдардың өзара іс-қимыл алгоритміне
8-қосымша
нысан
__________________________
_____________ басшысына
азамат (ша) __________________
аты-жөні, әкесінің аты (бар болса) және
жеке сәйкестендіру нөмірі
өтініш берушінің мекенжайы:
__________________________
(елді мекеннің атауы, тұрғылықты
жерінің мекенжайы, телефоны)
Өтініш
Мен __________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса),
____________________________________________________________________
жеке сәйкестендіру нөмірі, туған жылы) тұрғын үй иесі (жалдаушы), жеке
куәлігінің нөмірі, берген органның атауы
____________________________________________________________________
менің отбасыма тұрғын үйді күтіп-ұстауға және тұтынылған тұрғын үй-
коммуналдық қызметтерге ақы төлеу бойынша шығындарды өтеу үшін тұрғын
үй көмегін
____________________________________________________________________
мөлшерде тағайындауды сұраймын, _________ адам саны, тұрғылықты жері
мекенжайы:
___________________________________________________________________.
Менің отбасымның құрамы:
№
Жеке сәйкестендіру номері
Өтініш берушінің отбасы мүшелерінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)
Туған күні
Туыстық қатынасы
Әлеуметтік мәртебесі
1
2
3
Менің дербес деректерімді, «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен, «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 50-бабының 4-тармағымен қорғалатын құпияны құрайтын, оның ішінде мемлекеттік көрсетілетін қызметті тағайындау немесе оны тағайындаудан бас тарту үшін қажетті ақпараттық жүйелерде қамтылған әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті органның ақпараттық жүйелеріндегі мәліметтерді пайдалануға келісімімді беремін.
Тұрғын үй қатынастары саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету құқығын айқындау, мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелеріндегі тиісті ақпаратты тексеру, сәйкестендіру және жаңарту, сондай-ақ мен көрсеткен мәліметтер мен ақпараттық жүйелерден алынған мәліметтерді пайдалану (беру) үшін отбасы құрамына кіретін адамдар туралы ақпаратты пайдалануға келісім беремін.
Ақпараттық жүйелерде қамтылған «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.
20__жылғы «___» __________ ________________________
азаматтың (-шаның) қолы
Басқа 9. Өтініш
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің цифрлық платформасында білім беру, халықты әлеуметтік қорғау, тұрғын-үй қатынастары және дене шынықтыру салаларындағы кейбір мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету бойынша пилоттық жобаны іске асыру кезінде мемлекеттік органдардың өзара іс-қимыл алгоритміне
9-қосымша
нысан
__________________________
_____________ басшысына
азамат (ша) __________________
аты-жөні, әкесінің аты (бар болса) және
жеке сәйкестендіру нөмірі
өтініш берушінің мекенжайы:
__________________________
(елді мекеннің атауы, тұрғылықты
жерінің мекенжайы, телефоны)
Өтініш
Мен __________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса),
____________________________________________________________________
жеке сәйкестендіру нөмірі, туған жылы) тұрғын үй иесі (жалдаушы), жеке
куәлігінің нөмірі, берген органның атауы
____________________________________________________________________
менің отбасыма жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын үй үшін төлем
тағайындауды сұраймын, ______ адам саны, тұрғылықты жері мекен-жайы:
___________________________________________________________________.
Менің отбасымның құрамы:
№
Жеке сәйкестендіру номері
Өтініш берушінің отбасы мүшелерінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)
Туған күні
Туыстық қатынасы
Әлеуметтік мәртебесі
1
2
3
Менің дербес деректерімді, «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен, «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 50-бабының 4-тармағымен қорғалатын құпияны құрайтын, оның ішінде мемлекеттік көрсетілетін қызметті тағайындау немесе оны тағайындаудан бас тарту үшін қажетті ақпараттық жүйелерде қамтылған әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті органның ақпараттық жүйелеріндегі мәліметтерді пайдалануға келісімімді беремін.
Тұрғын үй қатынастары саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету құқығын айқындау, мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелеріндегі тиісті ақпаратты тексеру, сәйкестендіру және жаңарту, сондай-ақ мен көрсеткен мәліметтер мен ақпараттық жүйелерден алынған мәліметтерді пайдалану (беру) үшін отбасы құрамына кіретін адамдар туралы ақпаратты пайдалануға келісім беремін.
Ақпараттық жүйелерде қамтылған «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.
20__жылғы «___» __________ ________________________
азаматтың (-шаның) қолы
Басқа 10. Өтініш
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің цифрлық платформасында білім беру, халықты әлеуметтік қорғау, тұрғын-үй қатынастары және дене шынықтыру салаларындағы кейбір мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету бойынша пилоттық жобаны іске асыру кезінде мемлекеттік органдардың өзара іс-қимыл алгоритміне
10-қосымша
нысан
__________________________
_____________ басшысына
азамат (ша) __________________
аты-жөні, әкесінің аты (бар болса) және
жеке сәйкестендіру нөмірі
өтініш берушінің мекенжайы:
__________________________
(елді мекеннің атауы, тұрғылықты
жерінің мекенжайы, телефоны)
Өтініш
Сізден маған өмір бойы ай сайынғы материалдық қамтамасыз ету
төлемдері тағайындау мәселесін
________________________________________________________________
өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
________________________________________________________________
(жаттықтырушы үшін: дайындықпен спортшының тегі, аты, әкесінің аты
(болған жағдайда);спортшы / жаттықтырушы үшін: спортшының жетістігі
(спорт түрі бойынша бос емес орын), спорттық іс-шараның атауы (қала, ел,
өткізілген жылы)
________________________________________________________________
________________________________________________________________
қарастыруыңызды сұраймын.
Банк деректемелері:
Банктің атауы________________
Банкт шотыының №________________________________
Шот түрі ағымдағы___________________________
«Спортшылар мен жаттықтырушыларға өмір бойы ай сайынғы материалдық қамсыздандыруды төлеу» мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінің 8-тармақта көзделген заңмен қорғалатын құпияны құрайтын ақпараттық жүйелерде қамтылған мәліметтерді пайдалануға келісемін.
Өтiнiшке мынадай құжаттарды қоса беремiн:
1. __________________________________
2. __________________________________
3. __________________________________