О мерах по снижению негативного воздействия физических факторов на здоровье населения Қолданыста

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 15.07.2004. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Физикалық факторлардың халық денсаулығына теріс әсер етуін төмендету жөніндегі шаралар туралы Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 4 желтоқсандағы № 361-II ҚРЗ «Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы» Заңын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 9 маусымдағы № 878 «Қазақстан Республикасының қоршаған ортаның гигиенасы жөніндегі Ұлттық іс-қимыл жоспарын бекіту туралы» қаулысын орындау үшін және халықтың денсаулығын сақтау, еңбек ету, тұрмыстық және оқытудың қолайлы жағдайларын жасау мақсатында Қостанай облысының әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қалалар мен аудандардың әкімдері 2004 жылғы қазан мерзіміне дейін әкімият отырыстарында барлық мүдделі қызметтер мен ведомстволармен халыққа физикалық факторлардың (шуыл, діріл және электромагниттік өріс) қолайсыз әсер етуінен қоғау жөніндегі мәселелерді қарасын.
Тармақ 2
2. Қостанай облысының денсаулық сақтау департаменті 2004 жылғы қазан мерзіміне дейін диагностикалық, физиотерапиялық және өзге де емшараларды өткеру кезінде жұмыс істейтін адамдарға шуыл, діріл, электромагниттік және ультракүлгін сәулелендіру, электростатистикалық өрісі әсер ететін жұмыс орындарының тізімін жасасын. Физикалық факторлардың қолайсыз әсер етуіне байланысты халықтың науқастану жағдайының мониторингін жүзеге асырсын.
Тармақ 3
3. Қостанай облысының білім департаменті 2004 жылғы қазан мерзіміне дейін компьютерлермен жарақтандырылған мектептердің, орта және жоғары оқу мекемелерінің оқу орындарын есепке алсын. Физикалық факторлардың параметрлерінің өлшеуін өткізсін.
Тармақ 4
4. Қостанай облысының денсаулық сақтау департаменті мен Қостанай облысының білім департаменті 2004-205 жылдырға арналған алдың алу іс – шаралар жоспарын әзірлесін және оқу және жұмыс орындарын физикалық факторлардың қолайсыз әсерінен қорғау құрал-жабдықтарымен қамтамасыз етсін.
Тармақ 5
5. Қостанай облысының энергетика, өнеркәсіп және құрылыс департаменті мен Қостанай облысының мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаментімен бірлесіп физикалық факторларының әсер етуі жоғары объектілерді пайдалануға қабылдауға жол бермесін.
Тармақ 6
6. Қостанай облысының қаржы департаменті 2004-2005 жылдарда арналған жоспарды іске асыру жөніндегі қызметті 2004-2005 жылдарға арналған «Санитарлық-эпидемиологиялық сәттілікті қамтамасыз ету» бюджеттік бағдарламасы бойынша облыстық бюджетте қарастырылған қаржы шегінде қамтамасыз етсін.
Тармақ 7
7. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Қостанай облысы әкімінің орынбасары Б.Б. Баймағамбетоваға жүктелсін.